400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көнерген сөздер. Қазақтың қайсар қыздары

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып қазақ тілі пәні бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

5-бөлім. Тарихи тұлғалар

Педагогтің А.Ә.Т.

Хайрушева Мира Шайхуллиевна

Күні

29.11.2023

Сынып

6 «ә»

Сабақ тақырыбы

Көнерген сөздер Қазақтың қайсар қыздары. (1-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.4.3.1 Көнерген сөз, эвфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Сабақ мақсаты

Көнерген сөз, эвфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата біледі.

ЕБҚ: Жұбының көмегі арқылы, жеке жұмыс барысында көнерген сөз, эвфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата біледі

Сабақтың уақыты/кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

Ресурс

Ұйымдастыру

3 мин





Сабақтың басы

3 мин



  1. Оқушылармен амандасу

  2. Сабаққа назар аударту

  3. Үй жұмысын тексеру.


Жұпқа бөлу: «Тикеттер » әдісі арқылы жұптастырамын.


  1. Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру, талқылау.


«Суреттер легі» арқылы жаңа тақырыпты ашу. ( қару-жарақ, кебеже, М.Мәметова, Х.Доспанова, т.б.)


Мұғаліммен байланысқа түседі, сұрақтарға жауап береді


Мұғалімнің кері байланысы

Оқулық

6 - сынып



Сабақтың ортасы


  1. Тыңдалым. Оқушыларға көнерген сөздер туралы түсінік беріледі.


Көнерген сөздер – тілдегі қолданыстан шығып қалған сөздер. Мысалы: болыс, отарба, найза

Тарихи сөздер: колхоз, совхоз, т.б.

Архаизм сөздер: тілмаш, желек, т.б.


  1. Берілген мақал-мәтелдерге тиісті көнерген сөздерді қойыңыздар.


1.Жауға ... барма, (жарақсыз)

Қаруыңды күтпей қапы қалма.

2.Батыр болсаң , ... тисін, ( найзаң жауға) .

.. болсаң, халыққа пайдаң тисін. ( Бай)

3.Бақа көлінде ... ,

Балық суында патша

Жігіт елінде патша.

  1. Өзге елде ... болғанша, ( сұлтан)

Өз еліңде ... бол. ( ұлтан)

5. Ер азамат белгісі-түзде ... ,

үйде ... ( мырза, құл)

6. Ынтымақ-оқ өтпес ... ,

татулық – тамаша ... . ( сауыт, сауық)


3.Оқулық бойынша 4-тапсырма: Берілген сөздерді топтастырыңдар. (Футбол ойыны)

Архаизм Историзм

Патсайы, асадал, сауын айту, түмен, жебе, болыс, кебеже, қызыл әскер, сауыт, айбалта, ханзада, адырна, би, торсық, найза, дүрия, ұрын бару, саптаяқ, жазушы, старшын, батырақ, қалқан, сүңгі, шәйі.


  1. Берілген сөйлемдерден көнерген сөздерді табыңыздар. Сөйлемдерден көнерген сөздерді теріп жазыңдар. Көнерген сөздің түрін анықтаңдар:


  1. Қаламқас орта бойлы , ақ құба, отты қара көзді бойжеткен. Ақ шәйі көйлектің сыртынан қызыл бешпет киіпті.


2. Аяғына кигені- әмірхан мәсі. Басында- құндызбен ұсталған сәукеле. Шашына күмістен шашбау таққан. (Архаизмдер)


3. Исатайдың сол күнде Ақтабан аты астында, Дулығасы басында...(архаизм сөз)


4. Биенің сүтінен қымыз дайындау үшін оны саба аталатын көн ыдысқа жылы күйінде емес, салқындаған қалпында құяды. (Архаизм)


5. Төстік бір күні ауылдың арасында отырған тарғақты садақпен тартып қалады.


6. Ақ сырмалы сауытты сұрағаным , Ер Төстік ер еді, сол кисін деп едім. Қырық уәзір үш күншілік жерге шығарып салып қайтады. (Тарихи сөздер) («Ер Төстік»ертегісінен)


7. Алмас қылыш сартылдап Алтынды жүген жарқылдап Найзасы аумай қолынан, Желі тұрып оңынан... (Тарихи сөздер) Бір қыз кетіп барады, Қара жорға мінгені, Қара торқа кигені... -Білегінің шырайы айбалтаның сабындай .


8. - Көш алдында сұлудың Он қыз нөкер қасында. («Қыз Жібек») (Тарихи сөздер)


9. Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар кебеже, әбдіре, жүк аяқ, жастық ағаш. (Архаизмдер)

6. Көнерген сөздердің орнын дұрыс орналастырыңыз. WORDWALL арқылы орындалады.


Кебеже

Хан

Ханшайым

Совхоз

Тілмәш

Көкек

Жебе

Саба

Найза

Садақ


Оқушылар ұсынылған тапсырманы орындайды.


Оқулық

6-сынып

Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы

1 мин

Бағалау бойынша қорытынды жасалынады


Кері байланыс орнатылады. «Әліпби» әдісі арқылы жүзеге асырылады


Бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлерін білдіреді




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі