Материалдар / Конференция ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Конференция ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

Материал туралы қысқаша түсінік
Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың білім және біліктілік деңгейін қалыптастыру, білім сапасын арттыру. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Елбасы бастамасымен «Үштұғырлы тіл » мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2018
775
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ



Білім-теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін,

сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ.

Ондай адамды дайындайтын мұғалім.

В.А.Сухомлинский

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында“Біз өзіміздің болашағымызды”, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келсе,осыны айқындап алатын уақыт жетті”,- деп көрсеткен. Сондықтан да еліміздегі ұлттық қоғамдыкемелдендіру, ел болашағы – жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып қалыптастыру қажет.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Физика пәнін оқытуда инновациялық технология - білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Үлкен іске үн қосу әрбір азаматтың басты міндеті және парызы болып табылады. Сондықтан да жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыла жұмыс істеуіміз қажет.

Мақсаты: Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың білім және біліктілік деңгейін қалыптастыру, білім сапасын арттыру.
Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру –педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Елбасы бастамасымен «Үштұғырлы тіл » мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр. Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті болып отыр.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» екендігін баса айтып өткен болатын. Ол үшін қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеру керек.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: оқушыны ізгілік тұрғысынан қорғау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту,оқушының танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту,әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Білім беру технологияларының озық әдістерінің бірі болып табылатын, кәсіптік білім беруге жақсы әсерін тигізетіні – ойын әдісі. Білім беру жүйесінде инновациялы технологияның түрі болып табылатын әрекетті технологиялары қолданылуда. Осындай технологиялардың басты мақсаты – «Іскерлік ойын» әдісі.

Ойын әдісі оқушының материалды ұғынудың барлық амалдарын, қабылдаудың барлық түрлерін қолдана отырып, қанағаттандырады. Модульдік классификация бойынша ойын бағдарламасы дайындалады. Материалды меңгеру үшін әр бөлімге оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Сол оқушылар берілген материал бойынша дайындық жүргізеді де оны жүзеге асырады. Олардың басты мақсаты - оқу материалын тереңдей өз бетімен талдауға көмектесетін ақпаратты берудегі және басқа да құралдарын барынша пайдалану. Ойын дайындау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қоса қосымша бейстандартты ойлау мүмкіндігіне ие болады. Топтар арасындағы бәсекелестік ойын әдісінің тиімділігін арттырады. Ойын әр модульге ерекше, айрықша болады.

Менің проблемалық тақырыбым:

Жаңа технологияны қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге, тұжырымдауға баулу”.

Мен “Сын тұрғысынан ойлау” технологиясының әдіс-тәсілдерін сабақта қолданып жүрмін.“Сын тұрғысынан ойлау” бағдарламасының ерекшелігі мұғалім- “үйретуші”, оқушы- “үйренуші”емес, мұғалім мен оқушының теңдігі.

Сын тұрғысынан ойлау” бағдарламасында мына мәселелерге назар аударамын:

*Әр оқушының еркін жауап беруіне жағдай жасау;

* Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау;

*Қиялын дамыту үшін “Менің ойымша”, “меніңше” деген жауапқа дағдыландыру;

*Тіл байлығын дамыту үшін жауапты соңына дейін тыңдау;

*Оқушының жауабын нақтыламауға, қайталамауға тырысу;

*Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау;

*Жеке тұлға ретінде “Мен” деген ролін көтеру, өз пікірін қалыптастыру;

Сабақ құрылымында 3 кезеңді қолданамын:

1. “Ой қозғау”. Бұл кезеңде оқушылардың қызығушылығын ояту үшін әртүрлі жұмыстар беріледі.

2. “Мағынаны тану” кезеңі. Мұнда мәтінді жан-жақты және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүргізіледі.

3. “Ой толғаныс” кезеңінде оқушылар сабақ кезінде алған мәліметтерін қорытындылап, ойларын тұжырымдап, әрекет жасайды.

Бұл жұмыстар бар стратегиясына қатысты жүргізіледі. Бірінші сатысы- жеке жұмыс. Екінші сатысы- жұптық жұмыс. Үшінші сатысы- топ аралық жұмыс. Бұл технологияның тиімділігі сабақ үстінде оқушылардың еңбек атқаруын талап етіп, оларды ізденіске, өз ойларын жеткізуге ынталандырады.Физика сабағында бұл технологияның тиімділігі неде?- деген сұрақ тууы мүмкін.

1.Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, зерттеу жұмыстарын жүргізуі, ізденуі;

2.Жұптық, топтық жұмыс барысында өз білімін, біліктілігін көрсете алуы;

3.Сөйлей білуге, тыңдауға және тыңдай білу дағдысына үйрету;

4.Сабақ үстінде өзін еркін сезінуге, ойын еркін айтуға үйрету;

5.Қателесуден қорықпауға үйрету;

6.Өз ойын дәлелдеуге мүмкіншілік беру;

7.Жазба және ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Адам баласы есту арқылы сөйлеп үйренеді. Көру,сезу, салыстыру арқылы дамиды. Осы орайда “Сын тұрғысынан ойлау” бағдарламасының ассоциялық кластер құрап, Венн диаграмма, т.б. стратегия жаңа сабақты үйренуде, бекітуде, қайталауда жазба жұмыстарына дайындық ретінде өте тиімді.

Мен физика сабағында осы СТО технологиясын қолдана отырып, бірнеше сабақтар бердім. Атап айтқанда, 7-сыныпта “Кинетикалық және потенциялық энергиялар”, “Жұмыс,Қуат ” тақырыбын өтуде, 9-сыныпта“Импульстің сақталу заңы”, “Тербелістер мен толқындар” тарауын қайталау, 11-сыныпта “Ядролық энергияны қолдану”, “Ядролық қару” тақырыбын өткізгендегі осы технологияның өте қолайлы, тиімді екендігіне көз жеткізе отырып, оқушы белсенділігін, қызығушылығына үлкен жол ашады деп сенімді түрде айта аламын. Жаңа технологиялардың басқа да түрлерін қолдана отырып, сабақ өткізу мұғалімнің шеберлігін шыңдайды, оқушының қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.

Физиканы меңгеруде қосымша сабақтардыңда ықпалы өте зор. Осыған байланысты қолданбалы курстар 10-11 сыныптарда өткіземін. “Физикадан есептер шығару практикумы”10 -11сыныптар . Факультативтік сабақтар “Күрделі есептерді шешу”9 сынып.

.Интерактивті тақтаның оқытушы мен оқушыға тиімділігі.

Оқытушылар үшін тиімділігі

Білім алушылар үшін артықшылығы

Жаңа материалды сыныптың ортасында тұрып түсіндіруге, үлкен аудиториямен жұмыс істеу мүмкіндігі.

Сабақты қызықты етеді және мотивацияны дамытады.

Кез-келген қосымшаның жоғарғы жағына өз ойын жазуға, сурет салуға мүмкіндік береді және импровизация мен икемділікті мадақтайды.

Ұжымдық жұмысқа қатысуға көп мүмкіндік береді, жеке және әлеуметтік дағдыны дамытады.

Сабақ барысында кез-келген сөзді сақтауға тақтадан көрсетуге және материалдың меңгеру деңгейін жеңіл тексеру мүмкіндігі

Материалдың анық, тиімді және серпінді берілуі нәтижесінде күрделі сұрақтарды тез қабылдайы және игереді.

Оқытушылар дайын материалдарымен алмасуға және оларды қайтадан пайдалану мүмкіндігі.

Білім алушылар өз-өздеріне сенімді болады және шығармашылықпен жұмыс істейді.

Оқытушыларды оқытудың жаңа жолдарын іздеуге ынталандырады, кәсіби жағынан өсуге ұмтылдырады.

Оқушылар жекелеген қажеттілікке сәйкес белгілі бір ресурстарға сүйеніп, оқудың түрлі әдістерін қолданады.

Мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD,CD-ROM және интернет ресурстарын қолдана алады.

Интерактивті тақта – оқытушыға оқыту үрдісін оңтайландыруға, білім алушының танымдық белсенділігін дамытып, мазмұнды және көрнекі тапсырмалар құруға, сабақты құрылымдауға, сабақ барысы мен қарқының жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялық құрал екеніне көз жеткіземіз.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі.

*Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

*Алған білімді жүйелеу;

*Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

*Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру.

Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «маған айтшы- мен ұмытып қаламын, маған көрсетші- менің есімде қалады, өзіме істетші- мен сонда түсінемін» делінген.

Яғни, оқушылардың көпшілігі естігенінің 5%-н және көргенінің 20%-н есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!