Материалдар / Конфликт
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Конфликт

Материал туралы қысқаша түсінік
Конфликт түсінігі
Авторы:
28 Сәуір 2024
62
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Конфликт



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздегі бірінші классикалық университет және барлық қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының алғашқы иегері.Университетте еліміздің барлық аймақтарынан, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден келген 40 мыңнан астам студент білім алуда. Біздің университет студенттерінің 80%-ға жуығы «Алтын белп» белгісінің иегерлері және республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары.ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы 2500-ден астам адам, оның ішінде 400 ғылым докторлары, профессорлар және 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер, 200 отандық және шетелдік философия докторлары (PhD) бар.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану, бакалавриат, аспирантура, докторантураның техникалық мамандықтары бойынша мамандықтардың кең спектрін ұсынады.

Ал енді негізгі тақырыбымызға көшсек. Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы  позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.

Конфликті анықтамасының бір варианты оның философиялық мағынасына негізделген, осыған сәйкес ол «қарама-қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі» деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт «қызығушылықтарының, мақсаттарының, даму тенденцияларының  қарама-қайшылықтарына немесе арасындағы айырмашылықтарына байланысты әр түрлі әлеуметтік бірліктердің – кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың қақтығыстарынан көрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі». Әлеуметтік конфликті мәселесіне байланысты фундаментальді отандық монографияның авторы А.Г.Здравомыслов «конфликт – қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерінің маңызды жағы, әлеуметтік тұрмыстың клеткасы», - деп жазған. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттің потенциалды және актуалды субъектілерінің арасындағы қатынастардың формасы, қарама-қайшы құндылықтар және нормалар, қызығушылықтар мен қажеттіліктерге негізделген мотивация. Осы пікірден келесідей сұрақ туындайды: бұл қарама –қайшылық объективті ме, немесе қатысушы жақтардың бағалауларынан туындаған субъективті болып табылады ма? Әлеуметтік конфликтіні зерттеуші, танымал, батыстық Р.Дарендорф оған «объективті («латентті») немесе субъективті («айқын») қарама-қайшылықтар арқылы сипаттауға болатын элементтер арасындаға кез келген қатынас» деген анықтама береді. Яғни, қарама-қайшылықтардың объективті-субъективтілігі, саналы-санасыздығы маңызды емес, дегенмен де «кез келген қатынас» деген түсініксіздеу.

Қорытындылай келе тақырып өте өзекті. Себебі осы конфликт арқылы тікелей адамдар арасындағы ара-қатынасты білуге болады. Міне осы психология саласында конфликтті зерттеп,оны түрлерге бөліп, ашып, әрі оны нақты көрсеттік.





Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Cтасюк  А.А.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Кошимхан Е.,1-курс студенті

Мемлекеттік қызмет мамандығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!