Материалдар / Көңіл-күйіңе ықпал ет

Көңіл-күйіңе ықпал ет

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандардың жұмысқа деген ынталарын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
508
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Ақмола облысыЦелиноград ауданыҚызылжар ауылы









Психологиялық сабақТақырыбы: Көңіл күйімді жақсартуға ықпал ету





Педагог-психолог: Муканбеталина Баян Сапаргалиевна























Мақсаты:1. Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық  ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген  сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.           2.Жас мамандарға кәсіптік шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін,әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын арттыру.Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала-бір жұлдыз.                              Жарқырауына көмектес!»Өлең шумағын оқу.                  Данышпан да, дана да оқып сенен,Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!    Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді – өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.  Ұстаз үшін шәкіртінің білім әлемінде құлашын кеңге жайып, елінің абыройлы азаматы болғанынан артық бақыт жоқ..    Бүгінде мұғалімдік сара жолға қадам басқан жас мұғалімдерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Психологиялық кеңес: ( Жас ұстаздарға ұсынылады).Біздің топ. Нұсқау: Әр қатысушыға қағаз беріледі, қағазда ән шумақтарының жалғасы арқылы бір –бірін табу.Тест: І бөлім. “Сіз қандай жұмысшысыз? тесті.(Слайдтан жылқының силуэті көрсетіледі).Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз –осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды, жайлы жасаңыз.



ІІ бөлім. Сергіту сәті «Менің мамандықтағы образым»Әрбір мұғалім «Сәлеметсіңдерме, балалар!» деген фразаны жестпен, позамен, бет әлпет қимылмен көрсету. Сәлем беру кезінде елжіреген сезім мен құрметтеу белгісі байқалған дұрыс. Дауыс ырғағы сыпайы, сыйласымды болу керек. «Баға» жаттығуы. Әрбір мұғалім бір позитивті және негативті баға айтуы қажет. Мысалы, «отыр екі». Сөздің интонациясын, мәндерін қолдану керек. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады. «Өте өкінішті, Анар. Бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр. Жақын күндері өзіңнің екіңді жөндейтініңе сенемін». ІІІ бөлім "Жақсы сабақ дайындау рецептісі". Әрбір сабағыңызға:         12 порция ақылдылық         11 порция шыдамдылық         10 порция батылдық         9 порция жұмысқа қабілеттілік         8 порция оптимизм         7 порция өз ісіңізге берілушілік         6 порция ойлануды         5 порция мейәрәмділік         4 порция  демалыс пен денсаулық туралы ойды         3 порция юмор         2 порция такт         1 порция әр балаңызға үміт қосыңыз Ескерту: Өз сабағыңыздың  дәмді және тәтті болуы үшін, 1 қасық жақсы көңіл- күй, бір шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы мейірімді әзілді себіңіз. Өз тағамыңызды жайдары күлкіңізбен, қуаныштың белгісімен әрлеңіз. Осы рецептіні үнемі қолданыңыз. Астарыңыз дәмді болсын, қымбатты әріптестер!  Мұғалім еңбегіне  және  және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын.

ІҮ бөлім. «Жануарлар әлемі»Қазір ойыңызға келген 10жанур немесе аң, құсты жазыңыз.Енді тыңдаңыздар:
  • Үйде кімсіз
  • Өзіңізбен өзіңіз қалғанда кімсіз
  • Дәл қазір кімсіз
  • Киімсіз кімсіз
  • Түкі тамақтан кейін кімсіз
  • Сіз туралы басқалар не деп ойлайды.
  • Түнде кімсіз
  • Өзіңіз жайлы не деп ойлайсыз
  • Достарыңызбен кімсіз
  • Шын мәнінде сіз кімсіз.
V бөлім. «Балалық шақтан қызықты оқиға» Мақсаты: эмпатияны дамыту. Қорапшаға билеттер салынады. Ол билеттердің арасында «балалық шақтан қызықты оқиға» деп жазылған. Кімге «балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақта бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.Өздеріңізді қалай сезінудесіз? бөлім. «Менің алған әсерім». Бүгінгі тренингтің мақсаты мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.Құрметті, Жас Ұстаздар! Сіздердің алғашқы Ұстаздық қадамдарыңызға нұр жаусын! Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық – білім мен тәрбие. Ал, сол құндылық мұғалімнің уысында. Сондықтан да, осы Ұлы мамандықтың иесі болған сіздер бақыттысыздар! Биік мақсаттарыңыздың шыңына шығыңыздар!Жұмыста әр  күндеріңіз сәтті өтсін!

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ