Материалдар / Көңілді тапқырлар ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көңілді тапқырлар ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні мұғалімдеріне үлкен көмек.себебі жаңартылған бағдарламасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі: А.А.Аманғалиева

Күні:13.04.2016 Пәні: информатика

Сыныбы: 6-7.

Тақырыбы: «Көңілді тапқырлар» сайысы

Мақсаты:Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық сауаттылығын дамыту.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: топқа бөлу, тренинг.

Оқып үйренудің нәтижесі:

А: информатика пәні бойынша теориялық және практикалық білімдерін өмірлік жағдайларда пайдалану дағдыларын жетілдіру;
В: информатикадан өткен тақырыптар бойынша білімдерін қосымша танымдық ақпаратпен толықтыру;
С: топтық жұмыс барысында өз ойын білдіру және оны қорғау дағдыларын дамыту
Барлығын қосқанда:Топқа бөлу, тренинг, , тапсырмалар.

Негізгі дерек көздері: тапсырмалар, үлестірме карточкалар.

Кіріспе бөлім.

Оқушылармен амандасу. 

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

6-7 сыныптар арасында «Көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса бүгінгі «Көңілді тапқырлар» сайысына қатысатын оқушылар:

Сайыс 7 турдан тұрады:

  1. Бәйге

  2. Мақал – сөз мәйегі

  3. Кім жылдам?

  4. Сөзжұмбақты шеш.

  5. Жұмбақ сөз

  6. Санау жүйесі

  7. Көрермендер сайысы

Мұғалім:

Білімнің ұшқырлығын танытатын,

«Бәйге» тур да сайыскер жаңылмағын.

Уакыт деген зымырап, өтіпкетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын -дей келе бірінші турымыз

«Бәйге» жарысы. (Дұрыс жауапқа 10 балл)

1-топқа:

  • 1. Белглі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны.

  • 2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі?

  • 3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым

  • 4. Компьютердің басты бөлігі, миы

  • 5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты?

  • 6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см?

  • 7. 1М байтта қанша К байт бар?

Жауаптары:

  1. Файл

  2. Себет

  3. Информатика

  4. Процессор

  5. Әл-Хорезми

  6. 60-70 см

  7. 1024 Кбайт


2-топқа:

  1. Буып-түйілген файл

  2. Енгізу пернесі?

  3. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша

  4. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар?

  5. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады?

  6. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші?

  7. Paint қандай редактор

Жауаптары:

  1. Архив

  2. Enter

  3. Курсор

  4. 12

  5. Backspase

  6. Сканер

  7. Графикалық



2-тур: «Мақал – сөз мәйегі» (Дұрыс жауапқа 10 балл)

1 топқа:

  1. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды ( Досы күштіні - жау алмайды )

  2. Күлсең ескірген компьютерге күл. (Күлсең кәріге күл)

2-топқа:

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

  2. Білмесең, «анықтамадан» сұра(Білмесең білгеннен сұра)



3-тур: Кім жылдам? (Әр дұрыс сөзге 5 балл)

Жауабы: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус

4 - бөлім. (Дұрыс жауапқа 10 балл)
Сөзжұмбақты шеш

1 топқа:


Picture 2

2 топқа:

Picture 3

Жауабы:

  1. Сурет

  2. Принтер



5 – бөлім.“Жұмбақ сөз” (Дұрыс жауапқа 10 балл)

  1. Қоршаған ортадан алынатын және берілетін мәліметтер жиыны(ақпарат)

  2. Терезені жабу батырмасы - жабу

  3. Дүниежүзілік компьютерлік желі – интернет

  4. Экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы - Терезе

  5. Жол дар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпараттар тізімі - кесте

  6. Компьютердің жұмысын басқаруды жеңілдететін құрылғы-тышқан

  7. Ақпаратты өңдеудің негізгі құралы - Компьютер

  8. Ең алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды? - 1946

  9. Компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы - Пернетақта

  10. Бір байт неше битке тең? - 8

  11. ЭЕМ-нің көмегімен аұпараттарды жинау, сақтау,, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым -Информатика

  12. Компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы - Монитор

  13. Компьютердің “миы” - процессор



6 –бөлім.Санау жүйесі (Дұрыс жауапқа 20 балл)

Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен... 10001 мектептің 1001 г сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

Жауабы: 15,7,71,9,25

7 –бөлім.Көрермендер сайысы (Дұрыс жауапқа 10 балл)

Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын

Әр топ бағаланып, женімпаз топ анықталады.


Мұғалім: осымен бүгінгі 6-7 сынып оқушылары арасындағы «Көңілді тапқырлар» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға көп рахмет.

























Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп – балабақша кешені





Тақырыбы:



Shape1

(сайыс сабақ)























Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі

Турганалиева Ж.Г

Сыныбы: 6 - 7

Пәні: Информатика







2015 – 2016 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!