Конструктор құрастырамыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конструктор құрастырамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

31- ұОқ. КОнстРуКтОР құРАстыРАмыз


мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту мақсаттары:

0.1.1.2. Шаблон/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану.

0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-шаблон бойынша жапсырмалар жасай алады;

-геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттарды қия алады;

-жапсырма материалдарын тиімді пайдалана алады.

тәрбиеленушілердің басым бөлігі:

-жапсыруға арналған заттарды тиімді пайдалана алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бастамасымен бейнелеудің әртүрлі әдістерін біріктіре алады.

тілдік

мақсаттар

дағдыларды дамыту.

-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;

-жұмыстың тәсілдері мен кезектілігін айту;

-түпкі ойды түсіндіру;

-сұрақтар арқылы заттардың құрылымдық ерекшеліктерін нақтылау;

-түстер мен пропорциялық қатынастардың ерекшеліктерін айқындау;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.

Көптілділік:

Шаршы – квадрат – square


негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-геометриялық фигуралар, конструктор, танграм, контур бойынша қию, фигураларды үлгі бойынша біріктіру.

талқылауға арналған сұрақтар:

Танграм деген не?

Оның элементтерінен не жасауға болады? Бөлшектерді суретке қалай дұрыс жапсыруға болады?

Алдыңғы білім

Геометриялық пішіндер туралы білім. Танграммен, колумб жұмыртқасымен жұмыс жасау білігі. Техникалық дағдылар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу. Орнына ештеңе талап етпей, Жақсы көңіл күймен бөліс.

Сәттілік пен ырыс тілей, Өзгеріс желімен бөліс. Бәріне, бәріне, бәріне, Ешкімді қалыс қалдырма, Көңіл күй, жақсылық тілеп, Сәтсіздікті болдырма.

Күзгі күнге де күлімде, Адамдардың бәріне де,

Күні бойы қуансын, жасы да, кәрі де. Қуанышпен бөлісуді кейінге қалдырма!

Педагог тәрбиеленушілерге өзінің де, өзгенің де көңіл күйін көтеруді ұсынады.

Музыкалық сүйемелдеу.

II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою 2–5 минут

(ұ) Педагог балаларға басқатырғыштардың үлгілерін көрсетіп, олардың не және не үшін керек екенін сұрайды. Бұлар басқатырғыштар! Басқатырғыш дегеніміз не! Балалардың болжамдарын тыңдайды.

Педагог балаларға жұмыс үстелінің дайындығын –клеенка, қайшы, желім, желімге арналған жаққыш, түсті қағаздар және қалдыққа арналған сауыттың бар-жоғын тексеруді ұсынады.

Басқатырғыш ойыншықтар.



III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут

(ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Тәрбиеленушілер суретке қарап, суреттегі балалардың немен айналысып жатқанын айтады.

Педагог Танграмның геометриялық конструктор екенін түсіндіреді. Оның фигураларынан жануарлар, адамдар, құстар, балықтар, көліктерді және т.б. құрастыруға болады.

Бір көңілді ойын бар, аты оның «Танграм».

Мұнда бес үшбұрыш бар: екі үлкен, екі кішкентай, орташаның жартысы.

Сондай-ақ, бір шаршы бар, Оған да сен таңғалма.

Сонымен қатар Танграмда Параллелограм да бар.

Балаларға бөлшектерден әртүрлі заттардың бейнелерін жинап, қағазға жапсыруды ұсынады. Қайшымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертеді.

(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.

Бас бармаққа қонаққа Бүгін келді бар саусақ:

Сұқ саусақ, ортаңғы саусақ. Қалмады аты жоқ саусақ, Ілесті шынашақ.

Достар қалай ажырамақ?

(ұ, Ж) Жапсырманы орындау технологиясы.

Балаларға үлгі бойынша жапсырма жасауды ұсыныңыз.

Бұл жұмыс уақытты талап ететін болғандықтан, фигураларды жасауды жұмыс қабілеті жоғары балаларға сеніп тапсыруға болады. Педагог балаларға жұмысты бастамас бұрын нені бейнелейтінін, қандай түсті қағаз қажеттігін, бөліктерді қандай тәсілмен қиятындарын және т. б. жасалатын жұмыстарды ойланып алуларын ұсынады.

Қайшының ашасы кең етіп ашылады. Ашаның орта бөлігімен қияды. Қағаз парағының үлкен бөлігін ұстап тұрып, кіші бөлігін қиып алады. Желім жапсырылатын бөліктерге жағылады. Желім шетінен ортасына қарай жылдам жағылады. Желім жағылған бөлік үстіне салынады, оның үстіне парақ жабылады және одан кейін шүберекпен оны ортасынан шетіне қарай мұқият тегістейді.

Әліппе-альбом.



Танграм үлгілері.





Музыкалық сүйемелдеу.









Түрлі-түсті қағаз, жай қарындаштар, қайшы, желім жаққыш, сулық клеенкалар, қоқыс салғыш.

IV. ұОқ

(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау.


қорытындылау.

Жұмыстар талданады және нәтиже қорытындыланады. Мазмұны бойынша

Символдық карточкалар.

Рефлексия.

бағалау: танымдық белгі – балалар өз жұмыстарын танымдық белгі


26–30 минут

(карточка, жетон, қимыл) арқылы бағалайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2021
834
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі