400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Координаталары бойынша жазықтықта нүктелерді кескіндеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың тік бұрышты координаталар жүйесінде нүктелерді сала білу,центрлік және осьтік симметрияға қатысты фигураларды кескіндей білу білім-білік, дағдыларын жетілдіру. Алған білімдерін бекіту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Координаталары бойынша жазықтықта нүктелерді кескіндеу

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары:Білімділік:Оқушылардың тік бұрышты координаталар жүйесінде нүктелерді сала білу,центрлік және осьтік симметрияға қатысты фигураларды кескіндей білу білім-білік, дағдыларын жетілдіру. Алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың симметрияның сұлулық пен әсемдікке деген қатысы туралы түсінігін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмаларды орындау

Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже:

- координатасы бойынша нүктелерді кескіндей алады;

-түзуге қатысты симметриялы фигураларды сала біледі;

-нүктеге қатысты симметриялы фигураларды сала біледі

Сабақтың түрі:Бекіту сабағы

Сабақтың кезеңдері:

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

Мұғалімнің іс-әрекеті

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар.Өткен сабақтарда қандай тақырыптарды өтіп, нені үйренгендігімізді есімізге түсірейік.

-Бүгін сабақта координаталық жазықтықта әр түрлі фигураларды кескіндеуді үйренеміз.Сендерге шығармашылық табыс тілеймін.

Сабақты топқа бөлім өткіземіз.Топ жетекшілерін анықтайық.Бағалау әдісін айтып өтейік.

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар симметрия түрлерін атайды.Сабақта күтілетін нәтижені анықтайды. Бағалау әдісін айтады.

"5" "4" "3"

2. Оқушылардың алған білімдерін еске түсіру

"Үшбұрыштар" әдісі бойынша топтар бір-біріне сұрақтар қояды.Әр топтан бір оқушы қойылған сұраққа жауап береді.

2.Практикалық кезең (Игерген білімді қолдану)

"Кім жылдам"

Кестеде координаталары бойынша әріптер жазылған. Әріптерді ретімен орналастырғанда француз математигінің аты-жөні шығады.

Д(-8;6) Е(-6;4)

Н (0;3) Е(-3; 7)

Р(0;11) А(-4;10)

Т(5;12) Р (6;1)

Е(8;2) К(7;9)

Жауабы: Рене Декарт

Есептер шығару

Әр топқа жеке-жеке тапсырма беру.

1-топ.

Есеп. Мына нүктелерді координаталық жазықтыққа орналастыр:

А (-4;2), В(2;2), С(2;-3) , D(х;у).

а) D(х;у) нүктесінің «х» пен «у»-ін мәндерін тап.

ә) А мен В-ні түзумен қос, В мен С-ні түзумен қос, С мен D-ні түзумен қос,

А мен D-ні түзумен қос.

б) Пайда болған тіктөртбұрыштың ауданын тап.

2-топ

Мына нүктелерді координаттық жазықтыққа орналастыр:

A(-4;2), B(х;у), C(2,-3), D(-4;-3).

а) В(х;у) нүктесінің «х» пен «у»-ін мәндерін тап.

ә) А мен В-ні түзумен қос, В мен С-ні түзумен қос, С мен D-ні түзумен қос,

А мен D-ні түзумен қос.

б) Пайда болған тіктөртбұрыштың ауданын тап.

3-топ

Координаталық жазықтықта төбелері А(- 2;-1), В(-2;3), С(4;3) нүктелері болатын АВС үшбұрышын салып, оның ауданын табыңдар. Бірлік кесінді

1см-ге тең.

4-топ.

Координаталық жазықтықта төбелері А(0;-2), В(6;-2), С(6;4) нүктелері болатын АВС үшбұрышын салып, оның ауданын табыңдар.Бірлік кесінді 1см-ге тең.

Зерттеу-есебі

Екі топқа ортақ тапсырма беріледі, олар бір-бірін тексереді.

1-тапсырма. Берілген фигураға координата басына қатысты симметриялы фигураны салып беріңдер.

2-тапсырма. Фигураларды салыстырыңдар.

Қорытынды жасаңдар. Ордината осіне қарағанда симметриялы фигураны кескіндеңдер.

Сергіту сәті. Слайд көрсету.

Слайдта симметриялы фигуралар көрсетілген.Оқушылар симметрияның қандай түрі көрсетілгенін анықтайды.

Шығармашылық жұмыс.

Нүктелерді тізбектей қоса отырып фигураны салыңдар.

1-топ

1) (-4;1) , (-6;1), (-6;2), (-3;5), (3;7), (1;5), (2;4),

(4;3),(5;2), (6;2), (8;4), (8;-1), (6;0), (0;-3),

(2;-6), (-2;-3), (-4;-2), (-5;-1), (-6;1)

2) (-4;-2) (-2;0), (-2;2), (-3;5)

3) (-3;3)

Балықтың суреті

2-топ

1) (-8;1), (-6;2), (-2;0), (1;2), (5;1), (7;-4), (9;-3)

2) (-2;6), (0;8), (3;7), (5;5), (7;7)

3) (1;2), (3;9), (4;8), (5;8), (6;9), (6;10), (5;11), (4;11), (3;10), (3;9)

Адамның суреті

3-топ

(-3;12), (2;11), (5;18), (9;16), (6;16),

(6;10),(7;5),(6;2), (2;2), (0;-8),(2;-10),

(-2;-10), (-2;2), (-4;1), (-9;-5), (-8;7),

(-9;7), (-10;11), (-9;11), (-3;12).

Түйеқұстың суреті

4-топ

(6;5), (7;4), (8;3), (8;2), (8,5; 1),(6,5; 0),

(5,5; 0,5), (5;0), (9;-7), (10;-7), (10;-8),

(8;-8), (3;-3), (1;-4), (-4;-4), (-6;-3), (-7;-5),

(-8:-6), (-8;-7), (-7;-7), (-7;-8), (-9;-8), (-10;-6),

(-10;-2), (-12;-5),(-13;-5), (-13;-4), (-13;-3), (-13;-4),

(-12; -4), (-10;2), (-1;2), (1;3), (4;3), (6;5)

Жолбарыс суреті

Қорытынды. Сонымен біз бүгін әр түрлі фигуралардың суретін салып, алған білімімізді шыңдадық.Координаталық жазықтықта әр түрлі фигураларды кескіндеу арқылы математиканың кереметтілігіне көздеріңді жеткізген шығарсыңдар.

Бағалау: Жинаған фигуралар бойынша бағаланады.Оқушылар жинаған ұпайларын санайды.

20-25 ұпай «5»

16-20 ұпай «4»

13-15 ұпай «3»

Қорытынды баға қою.

Рефлекция.Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.

Үйге тапсырма:Кез-келген фигураны жазықтықта салу, координаталарын жазу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі