Материалдар / Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. 6 сынып. Математика. ҚМЖ
Авторы:
03 Мамыр 2023
311
10 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Бөлім:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Педагогтің аты-жөні:

Қуанбай Н.Р.

Күні:

02.03.2023ж

Сыныбы: 6 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Координаталық жазықтық ұғымын атап бере алады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Тік бұрышты координаталар жүйесін сала алады.

Кейбір оқушылар үшін:

реттелген сандар жұбы тікбұрыштыкоординаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбын біледі

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

3. Оқушыларды топқа бөлу. Координата, абсцисса және ордината тобы

Үй жұмысын тексеру. Интерактивті тақтада

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және тапсырма түрлері беріледі.

1.Координаталар жүйесі орналасқан жазықтық - қалай аталады. ?

2. Ох осі қалай аталады?

3. Ширек дегеніміз не?

4. Оу осі қалай аталады?

5. Тік бұрышты координаталар жүйесінің неше ширегі бар?

6. І,ІІ,ІІІ, ІV ширектердің таңбасы қандай?

7. С(-5; 4) нүктесі координаталық жазықтықтың қай ширегінде орналасқан?

8. Д( -4;-5) нүктесі координаталық жазықтықтың қай ширегінде орналасқан? Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Мадақтау, кейбір оқушыларға кері байланыс беру

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.

ДК экраны





Үш түсті қима қағаздар

Өз ойын дұрыс мағынада білдірген оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

8 мин.

«Кел бірге» әдісі. Топтық жұмыс

А деңгейі

1 топ

Координаталық жазықтықта төбелерінің координаталары бойынша үшбұрышты салыңдар:

А (–3; –1); В (2; 4) және С (6; –2)

2 топ

Координаталық жазықтықта төбелерінің координаталары бойынша тік төртбұрышты салыңдар: А (–2; –2); В (–2; 1); С (4; 1) және D (4; –2)

3 топ

Координаталық жазықтықта төбелерінің координаталары бойынша шаршыны салыңдар: А (–3; –3); В (–3; 2); С (2; 2) және D (2; –3)

Ерекше білімді қажет ететін оқушыға арналған тапсырма.

Оқушылар топтық жұмысты орындай отырып, постер қорғайды

Дескриптор:

Білім алушы:

- координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салады

- нүктелер арқылы кесінді жүргізіп, фигураларды салады


Слайд, постер,

А3 парақ

Жұптық жұмыс

10 минут

«Жұбыңмен кеңес» әдісі Жұптық жұмыс

В деңгейі

Оқулықтағы №1092 есеп

Ұштарының координаталары бойынша АВ және СD кесінділерін сызыңдар.

А(–1;6); В(4;–4) және С (4;5) D(–4;–3).

Координаталарымен жазыңдар:

1) АВ және СD кесінділерінің қиылысу Е нүктесін;

2) 2) АВ кесіндісінің ординаталар (Оу) осімен қиылысу L нүктесін;

3) СD кесіндісінің абсциссалар (Ох) осімен қиылысу K нүктесін.

Оқушылар берілген тапсырмаларды жұбымен шешіп, координаталарымен жазады

Дескриптор:

Білім алушы:

- координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салады

- нүктелер арқылы кесінді жүргізеді

- қиылысу нүктелерін тауып, координаталарын жазады

Слайд, постер,

парақ

Өздік жұмыс

10 минут

Жеке жұмыс

С деңгейі

Оқулықтағы №1096 есеп

Координаталық жазықтықта ABCD тік төртбұрышының А(–2; –2),

В(–2; 2) және С(4; 2) төбелері бойынша оның D төбесінің координаталарын анықтаңдар. Берілген тік төртбұрыштың периметрін

есептеп табыңдар. Бірлік кесінді 1 см-ге тең

Оқушылар өздік жұмысты орындайды

Дескриптор:

Білім алушы:

- нүктені координаталары бойынша салады

- белгісіз нүктенің координаталарын анықтайды

- нүктелер арқылы кесінді жүргізіп, фигуралар салады

- фигураның периметрін табады

ДК экраны

6-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бас бармақ» әдісі

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын Padlet қосымшасына жазу арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


https://padlet.com/kuanbainazira00/padlet-yz6dh9r5glulvlc7




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!