Материалдар / Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары сабақта қолдануға арналған. 5-сынып математика сабағынан Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік тақырыбында 130-бұйрық бойынша жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
645
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп:«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Бөлімі:

5.1А Натурал сандар және нөл саны

Педагогтің аты-жөні

Досай Ұлбосын Бақдаулетқызы

 Күні:

Пәні: математика

Сынып: 5

 Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Координаталық сәуле. Натурал сандарды салыстыру. Қос теңсіздік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.1.1 өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;

5.5.2.2 натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақтың мақсаты

 өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін біледі және координаталық сәуледегі бірлік кесінді ұғымымен танысады және натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндейді.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Сәлеметсіңдерме?

Математика пәнінен келесі сабағымызды бастаймыз.

Сабағымыздың тақырыбы: «Координаталық сәуле. Натурал сандарды және нөл санын координаталық сәуледе кескіндеу»

Бүгінгі сабақта:

Сенің меңгеретіндерің

-координаталық сәуленің бойындағы бірлік кесіндінің не екенін;

-натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеуді.

Тақырыппен танысады.

 

 

 

 

Сабақтың ортасы


Алдымен, координаталық сәуле дегеніміз не? деген сұраққа жауап беріп көрейік:

 

мұндағы, О нүктесі – санақ басы деп аталады.

Анықтама. Сәуленің О басталу нүктесі санақ басы ретінде алынған, бірлік кесіндісі берілген, бағыты белгіленген сәуле координаталық сәуле деп аталады.

 

Координаталық сәуледегі берілген нүктеге сәйкес сан сол нүктенің координатасы деп аталады.

Мысалы, О(0), А(1), В(2), ...

Оқылуы: «О нүктесінің координатасы 0-ге тең», «А нүктесінің координатасы 1-ге тең», «В нүктесінің координатасы 2-ге тең», ...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма №3. Суреттегі А, В, С, D нүктелеріне қандай сандар сәйкес келеді?

 

Тапсырма №4.

А, В, С, D нүктелерін бірлік кесіндісі 4 см-ге тең координаталық сәуленің бойында кескінде. Сонда AD және ВС кесінділерінің ұзындығы неше сантиметрге тең?

 

 

Сұраққа жауап береді

Тапсырма №1.

Координаталық сәуледегі нүктелерді координаталарымен жаз:

 

Жауабы:

А(3), В(2), С(5), D(6)

 

Тапсырма №2.

Бірлік кесіндісі 1 см-ге тең болатын координаталық сәуле сызып, мына А(9), В(4), С(7), D(1) нүктелерді координаталық сәуленің бойында кескінде. Осы сәуленің бойынан D нүктесінен 2 бірлік кесінді қашықтықта орналасқан Е нүктесін кескінде. Пайда болған Е нүктесінің координатасы неге тең?

 

Жауабы:

 

 

  2 бірлік кесінді

 

Е(3)

 

 

Жауабы:

а) бірлік кесінді 2-ге тең:

 А(4), В(8), С(10), D(14);

ә) бірлік кесінді 7-ге тең:

 А(7), В(28), С(42), D(56).

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы:

А және D нүктелерінің арақашықтығы 1 бірлік кесіндіге тең, ендеше АD=4 см;

В және С нүктелерінің арасы 7 бірлік кесіндіге тең, ВС=28 см.

 

 

Әрбір дұрыс жауап 1бал

 

 

Оқулық

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

Рефлекия: «Бес саусақ» әдісі. Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызады. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойын білдіре отырып, жан-жақты қарастырады.

1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......

2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.

3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.

4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...

5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді.

 

 

 

Сабаққа кері байланыс береді, сөйлемді аяқтайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

 

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!