Сынып:
5
Сабақтың тақырыбы:
Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында сандарды
кескіндеу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға координаталық түзудің
анықтамасын түсіндіру, координаталық түзудегі оң бағыт пен теріс
бағытты ажырата алуға, координаталық түзу шкаласын салуға үйрету,
берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін
ұғындыру, координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандардың
кескінделуін көрсету.
Дамытушылық: Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және
ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте
сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Әр оқушының өздігінен еңбектенуге, ұлтжандылыққа,
шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ
- жауап, көшбасшылық
Сабақтың көрнекілігі: проектор, слайдтар, топтарға арналған
тапсырма
парақтары, үлестірме тапсырмалар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең. Бағдаршам тренингі, музыка ойнап тұрады
Жасыл түсті қол (амандасады қол алысып) Сары түсті қол (иықтарынан
қағады) Қызыл түсті қол (құшақтасады). Оқушылар соңғы қызыл түсті
бағдаршам түсін көрсеткенде екеуден құшақтасып қалады, сол жұптар
болады. Солайша 3 жұп құрамыз
2. Жаңа сабақ. Жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу. Алдымен
интерактивті тақта көмегімен оқушыларға екі баланың қарама - қарсы
жүріп бара жатқан суреті бойынша түсініктеме беріледі. Яғни Асан
мен Үсен бір жерден бір - бірінен қарама - қарсы бағытта жүгірді.
Асан 4м/с жылдамдықпен жүгірсе, Үсен 5м/с жылдамдықпен жүгірді.
Балалардың әрқайсысының1 секундтан кейінгі орындарын табайық.
Координаталық сәуле сызамыз.
Координаталық сәуленің санақ басы болатын О нүктесі - балалардың
жүгіруді бастайтын орны.
Асанның жүгіру бағыты «оң бағыт» деп есептеп, оның 1с – та жеткен
қашықтығына сәйкес нүктені табамыз.
Үсеннің жүгіру бағыты Асанның жүгіру бағытына қарама - қарсы
болғандықтан, координаталық сәулемен бір түзудің бойында жататын,
басталу нүктесі ортақ сәулені сызамыз.
Сызылған сәуленің бойынан Үсеннің 1 с - тағы жүгірген қашықтығына
сәйкес нүктені тауып, сол нүктенің координатасын теріс санмен
жазамыз. Сонда түзу бойындағы О нүктесінен оң бағытта оң санды,
оған қарама - қарсы бағытта теріс санды кескіндеуді үйрендік.
Түсіну Әр оқушыға үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған
сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып
бір - бірін тексереді. Талдау.
Түзу сызамын, оның бойынан О нүктесін белгіле, осы нүктені санақ
басы ретінде қабылдау керек. Бірлік кесіндіні (ОА) таңдап алу
керек. Оң бағытты көрсету керек. Мұндай түзуді координаталық түзу
деп атаймыз.
Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және
бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағытты көрсетілген түзу. О
нүктесі координаталық түзуді қарама - қарсы бағытталған екі сәулеге
бөледі.
Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен
кескінделеді. Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен
белгілеу
Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған.
Координаталық түзудің О нүктесінен оң бағытта оң сандар
кескінделеді, сол бағытта теріс сандар кескінделеді. Берілген санға
координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді.
Кезекті тапсырма жұпта мәтінмен жұмыс. Қажетті есте сақтайтын
мағлұматтарды қайталап оқытып, оқушыларға кейбір әріптері жоғалған
мәтінді тарату, деңгейлік тапсырмалар
А деңгейінің есебі - ақ түсті
В деңгейінің есебі - сары түсті
С деңгейінің есебі - көк түсті
Қосымша тапсырма - күлгін түсті
Дарынды оқушының жұмысын тексеру.
3. Бекіту
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету
Жұптарға тапсырма.
Қандай сандар оң сандар деп аталады?
Жауабы:
Оң сандар координаталық түзудің қай жағында
орналасқан?
Жауабы:
Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?
Жауабы:
Оң сандарға мысал келтір
Жауабы:
Қандай сандар теріс сандар деп аталады?
Жауабы:
Теріс сандар координаталық түзудің қай жағында орналасады?
Жауабы:
Теріс сандарға мысал келтір.
Жауабы:
5, 8, 9, 10, 12 сандарының қарама - қарсы бағыттағы сандарын атап
бер
Жауабы:
Координаталық түзу дегеніміз не?
Жауабы:
Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?
Жауабы:
Координаталық түзудің оң бағыты қай жақта орналасқан?
Жауабы:
Координаталық түзудің теріс бағыты дегеніміз не?
Жауабы:
4. Қорытынды. Үйге тапсырма беріліп,
бағаланады.