Материалдар / Көп оқы, көп білуге ұмтыл!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көп оқы, көп білуге ұмтыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Авторы:
07 Маусым 2023
520
27 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:


Тәрбие сағаты

Күні: 13.02.2022

Класы: 2 Б

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясы

Тақырыбы: Көп оқы, көп білуге ұмтыл!

Мұғалімі:

Сабақтың мақсаты

Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу; оқушының бейімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Рәсімдеу

Әр білім алушы білу керек:

1. Білім алу;

2. Көп оқып, кітапты сүю;

3. Жауапкершілік болу;

4. Жан-жақты болу;

5. Туған жеріне қызмет ету;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Қанатты сөздер, бейнематериалдар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Интерактивті тақта Компьютер

Үлестірмелі материалдар

Кітап көрмесі. Дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздері. «Кітап – жаз азығы», «Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай, өмірді білу, білім алу мүмкін емес». Серке Қожамқұлов.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» Абай Құнанбаев.

Эпиграфтар

Кітапта алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін

Құндылық

Жауапкершілік, адамгершілік, білімділік, сауаттылық

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Бейнекөрсетілім

Дайындыққа арналған әдебиет

http://bilimsite.kz/bastaush/2079-kogam-otbasy-otbasy-musheleri.html

Сабақтың басы ширату

Ой – қозғау сәті.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгінгі «Көп оқыған, көп біледі» кітап сағатына қош келдіңіздер. Осы тәрбиелік шараны Ахмет Байтұрсынұлының мына өлеңімен бастағалы тұрмын.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер іздеп, тауып алалық та!

Кітапханашы: Бүгін біз кітаптар елінде қонақтамыз. Айналамызға қарасақ, бізді қоршап тұрған кітаптар. Бұл елдің өз атауы бар. Ол - кітапхана.

Оқушылар кітапханада өз-өзіңді қалай ұстау керек?

(Кітапхананы пайдалану ережесі слайд көрсетіледі.)

Сабақтың ортасы

Кітапты пайдалана біл

1. Кітапты қайыруға, кітап беттерін бүктеуге болмайды.

2. Кітап арасына қалам, қарындаш, дәптер салуға болмайды.

3. Кітапқа сызуға,жазушы болмайды.

4. Кітапты кір қолмен ұстауға болмайды.

5 Кітапты тек тазы үстелге ғана қою керек.

6. Кітап парақтарын жоғарғы оқ жақ бұрышын ұстап ашу керек.

Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқа оқырмандарға кедергі келтіресіз;

Кітапты уақытында қайтарыңыз, әйтпесе басқа оқырмандар күтіп қалады;

Кітапты жоғалтуға болмайды.

Ал, енді, балалар, қазір сіздерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңыздар. Дұрыс жауабына жи тон беріледі.

1.Көп әңгімем өлеңім,

Күнде ақыл беремін,

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін. (кітап)

2. Үндемес серік, ақылы берік. (кітап)

3. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

4. Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып,

Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық. (кітап)

5. Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң - шешен,

Ақылы асқан көсем. (кітап)


«Ертегілер еліне саяхат.» ойыны ойналады. Дұрыс жауабына жи тон беріледі.

Осы суреттер қай ертегілерде кездеседі? Қасқыр мен егінші, Алдар Көсе мен ұры, Жыл басына таласқан хайуанаттар, Үйшік, Бауырсақ, Шалқан, Қаңбақ шал, Арыстан мен тышқан, Алдардың тууы, Ақылды лақ, Ақшақар және жеті гном, Адам итпен қалай достасты, Қызыл телпек, Қасқыр мен лақтар, Шұбар тауық, Ұр,тоқпақ.

Ойын: «Ия - жоқ»

Кітап нені жақсы көреді?

Тілшені (ия)

Қар мен жаңбырды (жоқ)

Лас қолды (жоқ)

Тазалықты (ия)

Еденде жатқанды (жоқ)

Таза қолды (ия)

Төбелескенді (жоқ)

Көп оқитын балдарды (ия)

Балмұздақты (жоқ)

Кітапханашы: Бүгін сіздер кітапхананың пайдалану ережесімен таныстыңыздыр, кітап туралы жұмбақтар, викторина, «Ертегілер еліне саяхат» ойындарда өз біліктеріңізді көрсеттіңдер.

Сіздер естерінізге сақтадыңыз ба кітап пайдалану ережесін?

Қане, қайталайық.

Қазір мен сіздерге өлең сұрақтар оқимын, сіздер маған жауап бересіңдер.

Құрметті достар! Егер сіз менімен келіссеңіз «Бұл мен, бұл мен және менің достарым» - дейсіз.

Ал егер қарсы болсаңыз үндемейсіз, тек қол шапалақтайсыз.

Мұқият болыңдар.

1.Кім екен бұл балақан,

Кітапханамен достасқан.

2. Кім екен көп кітап оқыған,

Ештеңе есінде қалмаған.

3. Кім жыл бойы өзінің,

Кітабын таза сақтайтын.

4. Кім айтады қанекей қаламайтынын,

Кітапты бүлдіруге болмайтынын.

5. Кім кітаппен ойнайтын,

Суретін ғана қарайтын.

6. Кім тәртіпті бұзатын,

Кітапты қару қылатын.

7. Кім көңілге тоқиды,

Ертегі - өлең оқиды.

Сабақтың соңы

Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарымен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы құрал - кітап. Кітап – қарым - қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. Кітап - білім бұлағы деп бекер айтылмаған.

Қош, сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!