Материалдар / Көп тіл білсең көк жиегің кең болар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көп тіл білсең көк жиегің кең болар

Материал туралы қысқаша түсінік
"Көп тіл білсең көк жиегің кең болар" оқушылардың химия пәнін ағылшын тілінде меңгеруге үйрету .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
536
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көп тіл білсең көк жиегің кең болар


Қазақстан әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көп тілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін , белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын , өз ойы мен пікірін айта алатын полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Оқушылардың химия пәнінен ең негізгі білімін алып шығып, оны жоғары деңгейде қолдануы және термин сөздердің мағынасын жетік түрде аша білетін, ағылшын тілінде өз ойын еркін білдіре алатын химиялық сауатты тұлға шығару. Осы орайда 8-ші сыныпта химия пәнінен негізгі ұғымдарды ағылшын тілінде меңгеру бағытында қосымша «Қызықты химия» элективтік курстан сабақтар өтуде.

Мақсатым оқушылардың ағылшын тілі пәні бойынша білімдерін тереңдету арқылы бейорганикалық химия бөлімі бойынша алған білімдерін, негізгі ұғымдар мен терминдерді, химиялық тілін ағылшын тілінде меңгерту үшін сөздік қорларын молайтып, тілдік орта қалыптастыру. Химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды сауатты жəне көптілді, кретивті, шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту болып табылады.

7 сыныпта «Сұйылтылған қышқылдардың металдармен реакциясы» -«Reactions of dilute acids with metals» қазақ және ағылшын тілінде ашық сабақ өткіздім. Оқушылар ACID –Қышқылдар және BASE- Негіздер болып екі топқа бөлінді. Сабақта оқушылар реакция теңдеулерін жазып ағылшын тілінде айтты. Тест сұрақтары да ағылшын тілінде берілді мысалы: Metals with acids reaction products:

  1. metal oxide and water

  2. salt and hydrogen gas

  3. salt and water

  4. salt and oxygen

Қазіргі уақытта алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігін оқушы түсінді. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығып, сөйлеу дағдысы қалыптасты. Сабақ барысында қосымша берілетін химиялық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді.


Химия және биология пәндерінің мұғалімі Шынарбекова А.Н.

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп –интернаты» КММ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!