Қазақстан Республикасының
ғылым және жоғары білім
министрлігі
Ш. Уәлиханов
атындағы
Көкшетау университеті
«Мосттың
технологиялары»
Жұмысты oрындaушы:Бердаллин
Алишер Өтеген Нұрмұқасан
Жетекшiсi: Шуюшбаева Нургуль
Найзабековна
Көкшетaу-2024
жыл
Кіріспе:
Мосттар адамзаттың ежелгі
заманнан бері көлік қатынасын жеңілдету және елді мекендерді
байланыстыру мақсатында салынған маңызды құрылыс нысандарының бірі
болып табылады. Бүгінгі күні де көпірлер қала мен ауыл арасындағы
инфрақұрылымды нығайтып, елдер арасындағы экономикалық және мәдени
байланыстарды күшейтуде маңызды рөл атқаруда. Бұл мақалада
көпірлердің маңызы салу технологиялары және олардың заманауи
инженериядағы рөлі қарастырылады. Көпірлердің адамзат өміріңдегі
үлкең пайдасы туралы жазылғаң.
Мақсаты: Көпірдің адамзат үшің
пайдасы және олардың салу технологиясы. Көпірлердің арасыңдағы
айырмашылығы және түрлері.
Көпірлердің
маңызы: Көпірлер негізінен өзендер,
каналдар, аңғарлар және басқа да табиғи кедергілерді кесіп өту үшін
салынады. Бұл көлік қозғалысын жеңілдетіп, экономиканы дамытуда
үлкен ықпал жасайды. Көпірлер елді мекендерді бір-бірімен
байланыстыру арқылы халықтың қарым-қатынасын жақсартады және
аймақтық интеграцияға ықпал етеді. Көпірлердің екінші бір маңызды
рөлі – су тасқыны, жер сілкінісі сияқты табиғи апаттардан қорғау.
Су тасқыны кезінде көпірлер тек көлік қатынасын қамтамасыз етіп
қана қоймай, халықтың қауіпсіздігін сақтау үшін де маңызды құрылыс
болып табылады.
Көпір салу
технологиялары: Қазіргі заманда көпірлерді
салу үшін әртүрлі құрылыс материалдары және озық технологиялар
қолданылады. Мосттың түріне байланысты құрылыс әдістері де әртүрлі
болады. Мысалы, аркалы көпірлер, аспалы көпірлер, балкалы көпірлер
сияқты түрлері бар.
Аркалы
көпірлер:
бұл өте берік және тұрақты
құрылыс түрі. Мұндай көпірлер әдетте тас немесе бетон
материалдарынан салынады және өз салмағын тиімді түрде бөлетін доға
пішініндегі құрылымға ие. Аркалы көпірге топсалы тірек элементтері
бар жағалау тіректері және осы тіректерге тірелетін арка жатады.
Арканың икемді байламы бар, доғаның ұштарында топсалар деңгейінде
бекітілген, бірақ тіректер деңгейінен төмен орналасқан. Бекіту
доғаның тартылуын өтей отырып, оған ілінетін немесе оған сүйенетін
салмақ жүйесімен жабдықталған. Салмақтарды ұзындығы бойынша ілулі
элементтер түрінде жасауға болады немесе өтетін арнайы бар
элементтерді немесе тіректер немесе ілгіштер арқылы қосылған көпір
жолын пайдалануға болады. Бұл өнертабыс құрылымның өнімділігін
жақсарту және материалды тұтынуды айтарлықтай арттырмай
жүктемелерді қайта бөлу арқылы көпір аралығының ұзындығын арттыруға
мүмкіндік береді.
Аспалы
көпірлер:
бұл инженерлік шеберліктің
үлгісі. Көпірдің басты салмағы аспалы арқандарға түседі, ал олар
үлкен қашықтықтардан өтуді қамтамасыз етеді. Мысалы, Алтын қақпа
көпірі (Golden Gate Bridge) әлемдегі ең әйгілі аспалы көпірлердің
бірі болып саналады. Аспалы көпір бұл толығымен дерлік икемді
элементтерден тұратын жүйе. Негізгі жаяу жүргіншілер немесе жолдар
арнайы кабельдерге, шынжырларға немесе күшті кабельдерге ілінеді.
Аспалы көпірлер тұрақсыз және сынғыш болса да, олар әйгілі. Олар
барлық жерде орнатылады, себебі көпірдің бұл түрі ең ұзын аралықты
жабуға мүмкіндік береді.
Балкалы
көпірлер: бұл қарапайым құрылым түрі,
онда көпірдің салмағы тіке тіреуіштер арқылы теңестіріледі. Мұндай
көпірлердің құрылысы арзан әрі қарапайым болғандықтан, олар көп
қолданылатын көпір түрлерінің бірі.
Оны екі жағында тіректер
қолдайды. Шағын аралықтар үшін
қолданылады.
Көпірлердің заманауи
инженериядағы рөлі: Қазіргі уақытта көпірлерге арналған материалдар
жеңіл әрі төзімді, сонымен қатар құрылыс процесі жылдам әрі үнемді
болуға мүмкіндік береді. Сандық технологиялар мен
автоматтандырылған құрылыс әдістері көпірлердің қауіпсіздігін
арттырып, олардың ұзақмерзімділігін қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар, заманауи
көпірлердің дизайн жағынан эстетикалық маңызы да үлкен. Қала
инфрақұрылымындағы көпірлер тек көлік қатынасын қамтамасыз ететін
құрылыс нысаны ғана емес, сонымен қатар қаланың архитектуралық
көрінісін жақсартады.
Құрылғыға керекті материалдар:
Шприц, трубкалар, қаптама
Құрылғыға әсер еттетің
физикалық заңдар: Паскаль заңы арқылы шприцті басатың болса шприц
ішіңдегі ауаға түсірілетің қысым екіңші шприцті көтеріп мосты
көттеріп оны ашады.
Қорытынды: Көпірлер – адамзаттың
өркениетіне үлкен үлес қосатын маңызды инженерлік құрылымдар. Олар
табиғи кедергілерді жеңіп, көлік қатынасын дамыта отырып, елдер мен
халықтарды біріктіреді. Заманауи технологиялар мен инновациялар
көпір салудағы тиімділік пен қауіпсіздікті арттырып қана қоймай,
оларды қоршаған ортаға үйлесімді етуде. Сондықтан көпірлердің
маңыздылығы мен рөлі келешекте де арта
бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
(А.Б.Соколов «Проектирование и
строительство мостов»131бет
2001ж)
-
(В.Н.Демин«Мосты и
тоннели»35бет 2 абзац 2008ж)
-
(И.А.Игоревна«Мосты и тоннели»
статья
https://rep.bntu.by/bitstream/handle/data/131015/203-204.pdf?sequence=1)
-
(С.В.Степановтың «Инженерые
сооружения. Мосты и эстакады» мост түрлері
32-51бет 2011ж)
-
(И.В.Осипов«Мосты.
Строистельство и эксплуатация»72бет 1 абзац)