400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көпшілік арасында достық туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Құндылық жазылған индикатор бойынша түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Көпшіліктің арасында».


Біргеміз, берік іргеміз.


Мақсаты: Қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

Құндылық: «Талап»

Индикатор: Дұрыс қарым-қатынас орната білу;

Күтілетін нәтиже:

  1. Айналадағы адамдарға құрметпен қараудың мәнін түсінеді

  2. Адамдар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айыра біледі

  3. Бала көпшіл болуға тырысады


Ресурстар: Дара диаграмма, Венн диаграммалары сызылған кестелер. Флипчарттар, маркерлер, т.б.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру. Жағымды ахуал туғызу

Интерактивті тақтаға жүрек, алақан, күн, күлегештер кезегімен шығады. Жүрек шыққанда балалар бір-бірімен құшақтасады. Алақан шыққанда бір-бірімен қол ұстасып амандасады. Күн көрінгенде қолдарын жоғары көтеріп қуанады.

  • Иә, балалар, көңіл-күйлерің қалай?

  • Керемет!

  • Сабаққа дайындықтарын қалай?

  • Тамаша!

  • Онда сабағымызды бастайық. О-О-О (бас бармақтарын көрсетеді) Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Көпшілік арасында».

  1. Мен араласатын адамдар. Балалар топта «дара диаграммаға» кімдермен араласатынын жазып шығып, олармен қалай қарым-қатынас жасайтындарын түсіндіреді. (әр топтан бір адам)



Shape1

Ата-анам

Shape2

туыстарым

Shape3



мен

Shape4

достарым

Shape5

сыныптастарым














  1. Радио ойыны. Мұғалім үйден әр баланың ерекше қылығын жазып, дайындалып келеді. Балалар шеңбер құрып бір-біріне қарап отырады. Мұғалім ортаға немесе тақтаның алдында тұрып, хабарлама оқиды: «Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Бір кішкентай қыз /ұл/ жоғалып кетті (мінезін, оны өзгелерден бөлектеп тұратын ерекшелігін, онымен қалай сөйлесу керегін, т.б. нақты айтады) Сол баланы көріп тұрсаңдар, маған жіберіңдер немесе мені естіп тұрса өзі келсін» дейді. Балалар тыңдап болған соң бір біріне қарайды. Кім туралы айтылып жатқаны анықтап соның атын атауға тиіс. Осы ойын арқылы балалар бір-бірін тереңірек біле түседі.

Shape6


















Осы ойыннан кейін балалар адамдардың бір-біріне қандай ұқсастықтары, қандай айырмашылықтары барын жазып, қорытынды жасап, Венн диаграммасына түсіреді. Шеңберлердің айқасқан жеріне ортақ қасиеттерін жазады.

Shape7 Shape8

айырмашылықтар

ұқсастықтар











Қорытынды: Бір-бірімізге ұқсағанымызбен айырмашылықтарымыз көп екен.


  1. Біздің арамызда кикілжің тууы мүмкін бе? Адамдар арасындағы келіспеушіліктер неден туады? (Балаларға жазғызуға немесе айтқызуға болады) Ондай жағдайда не істеуіміз керек? Мысалы:

  1. Мектепке келе жатып досыңмен ренжісіп қалдың. Аяғы неге соқтыруы мүмкін?

  2. Сыныпта ойнап жүріп сыныптасыңды қағып, құлатып кеттің. Соңы дауға ұласты, не істейсің?


  1. Кикілжіңдер күнделігі. Балалар өз бастарынан кешкен немесе куә болған кикілжің жағдайларды, оның қалай шешілгені, кімдердің араласқаны т.б. туралы жазады. Мұғалім жазба жұмыстарын жинап алып, қажет деп тапса, оңаша кері байланыс береді. Соңына дейін шешілмеген, қайта тұтануы мүмкін кикілжіңдер болса, бақылауда ұстап, алдын алуға әрекет жасауы керек.


  1. «Мен кіммін?» жаттығуы

Мектепте –

Үйде –

Автобуста –

Кітапханада –

Дүкенде –

Театрда –

т.б. оқушы РАФТ-стратегиясын пайдалана отырып осындай жерлерде өзін қалай ұстайтыны туралы «әдеп әліппесін» (таныстырылым) жазады. Әр топтан таңдаулы бір жазба оқылып, кері байланыс беріледі.



Қорытынды: Сабақтың соңы. Біз мына әлемде жалғыз емеспіз, айналамызда әртүрлі адамдар бар. Сондықтан өзіміздің оғаш қылығымызбен олардың мазасын алмауымыз керек. Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ. Біздің ұрынымыз: «Біргеміз, берік іргеміз!»

Кері байланыс: «Әлеуметтік желілер»












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі