Материалдар / корем енбек
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

корем енбек

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
347
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар: Көркем өнер

Сабақ : № 1Бөлім : Визуалды өнер



Мектеп : Тараз қаласы Физика –математика Бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектеп



Күні:


Мұғалім : Матжанова Ляззат Катипхановна




Сынып 6








Сабақ тақырыбы


Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан) материалдардан орындалған портрет)




Оқу мақсаты:



Ортамерзімді жоспардан:

6.1.6.2-Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау



Сабақ мақсаты

  1. Сызықтық портретке эксперименттер жүргізу.

  2. Сымдардың көмегімен бет әлпетті шығару.

  3. Көркем материалды ұқыпты пайдалану, бір-бірінің жұмыстарын талдау, бағалау жүргізу.





Бағалау критерилері




  1. Материалдармен эксперименттер жүргізе алады;

  2. Сымның көмегімен бет пішіннің көңіл-күйін дәл көрсете алады;

  3. Көркем материалдарды ұқыпты қолдана алады;

  4. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

  5. Бет мүшелерін дұрыс орналастыра алады;

  6. Жұмыстың сапалы орындалуы;

  7. Өзінің және өзгенің жұмыстарын талдау жасай алады.





Құндылықтарды білу.





  • Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.

  • Оқушылар арасында жақсы қарым-қатнас орнату.

  • Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.

  • Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.



Пән арасындағы байланыс.

зерттеу барысында теориялық білімдерін тарих пәнімен және өнермен байланыстыру.



АКТ –ны пайдалану дағдылары.


Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .



Алдын алу білімі

Оқушылар білімдерін әр кезеңде,әр бағытта орындай білетін дағдыларын қолдана білу.

2-Д жұмыстарында тәжиірбелерін көрсетіп қолдана алады.Мысалы: Маркер,фломастер,постер қағаздары акварель бояуы, акрил, гуащь,майлы бояу,немесе аралас заттармен.қағаз, желім,журнал,каталогтармен,қайшы,3-А форматы.т.з



Тіл мақсаты.

Оқушылар орындай алады:

Критерийлер бойынша орындалған жұмыстарына пікір айтады.

Көркем жұмыстардың мағынасы мен орындау үдерісін түсіндіреді.

Өзінің және өзгенің жұмыстарын жетілдіру, бейімделу үшін қажетті тәсілдерді және идеяларды ұсынады.



Пәндік сөздік қор /Пәндік лексика және терминология

форма, сызық, сым. интерпретировать;

біріктіру, құрастыру, жасау, білдіру.

тәсілдер, идеялар, визуалды элементтер.

құрдастарының бағасы, мықты тараптар, жетілдіру.

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

…….бейнелеу барысында ……. қолда-нылды.

Бұл шығарма ...... көмегімен орындал-ды.

Менім ойымша қолданылған материал ….. әсерлі, себебі…

Мықты тараптар ….. болып табылады.

Жұмысты… көмегімен жетілдіруі мүмкін





Дереккөздер





Ұйымдастыру кезеңі

2-мин





1-тапсырма

Өткен сабақты еске түсіру не жасалып, не қарастырғаны жайлы еске түсіру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу

Сұрақ қойыңыз:

- осы жұмысты орындау барысында қандай қиындықтар туындады?

- осы жұмысты орындау барысында қандай сезімде болдыңыз?









https://www.google.kz/search?q=%D0%9F%D0%BE%D1%80%D1%82%D1%80%D0%B5%D1%82+%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D0%BA%D0%B0+%D0%9A%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B0&rlz=1C1GGRV_enKZ758KZ759&tbm=isch&source=iu&pf=m&ictx=1&fir=jINpN4CQb-


Практикалық

материалдар, сымдар, желім, альбом








18мин

2-тапсырма








Практикалық тапсырма

Оқушыларға келесі тапсырмаларды орындауды ұсыңыз:

Негізгі тапсырма:

Қажетті құралдарды пайдалана отырып сымннан портрет немесе портрет орындаңыз.

Практикалық жұмысты жұппен орындауға болады.

Сыммен қалай қауіпсіз жұмыс жасау керек екендігін көрсетеміз. Ыңғайлы жұмыс жасау үшін сым жұмсақ және бөліктерге бөлінуі керек. Арнайы құралдар көмегімен сымдарды қиюға болады. Мұғалім жұмыстың әсерлі және нәтижелі болу үшін оқушыларға әртүрлі қосу тәсілдерін көрсетуге болады. Оқушылар алғашында қысқа бөлшектермен жұмыс жасап, одан әрі бір- біріне жалғауға болады. Олар бір- бірін көмек беру үшін жұпта жасауға болады. Керек болған жағдайда мұғалім оқушыларға көмек берулері керек. Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау керек.

Оқушылардға қорғау көзілдіріктерін кию ұсынылады.

Өздерінің орындаған жұмыстарын бақылай отырып, сымнан жасалған портретттің қаншалықты эмоциясын дұрыс берілгенің қарастырыңыз. Жұмыстың мықты жақтарын және жетілдіру тәсілдерін сиппатаңыз.





Сабақты бағалау

2-мин



















2-минут










Оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырып түсіндіріп кетеді.

Оқушылар ой бөліседі.

Бір-біріне сұрақтар қою арқылы талқыланады.

Оқушылар бір –бірінің жетістіктерін бағалайды.

Практикалық тапсырма нәтижелерін талқылау:

Жұмысты бағалау үшін қойылатын сұрақтар:

-портретте/автопортретте эмоция қаншалықты жақсы берілген?

-сызықтың көмегімен қаншалықты форма жақсы берілген?

- жұмыстың әлде де жетілдіретін тұстары барма? Егер бар болса, қандай?

Сұрақ қойыңыз:

Қай тәсіл сізге қиындық туғызды?

Не себепті?

Оқушылар өз жұмыстарын көрсетіп сұрақтарға жауап береді. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарына өз пікірлерін айтады

- Сіздің портретіңізде идея ретінде не түрткі болды?

- Қандай қиындықтар кездесті.

Ұсынысыңыз бар ма?

Кері байланыс

Екі ұсыныс бір тілек.

Үйге тапсыма беру. Өнер материалдарын әкелу.

Кері байланыс:

  • Не білдім нені түсіндім?

  • Түсініксіз не болды.?

  • не жетілдіруіміз кажет?

  • Қандай қиыншылықтар болды

  • Не оңай болды?

  • Болашақ сабақтарда не көргілері келеді.?






Қосымша ақпарат


Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

Келесі сабақтың мақсаттарын белгілейді

Өздерінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды.


.





Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?




Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз




Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?



Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!