Көрінбейтін ауа

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көрінбейтін ауа

Материал туралы қысқаша түсінік
Көрінбейтін ауа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Таным, Шығармашылық

Білім бөлімі: Жаратылыстану, Сурет салу

Тақырыбы: «Көрінбейтін ауа»

Мақсаты: Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру, өлі табиғат нысандары туралы білімдерін байыту. Балаларға ауаны байқау тәсілдерін көрсету. Ауаның қасиеттері мен, оның адам, жануарлар және өсімдіктердің өміріндегі рөлімен таныстыру. Балалардың тәжірибені өткізуге деген қызығушылығын дамыту өз ойлары мен ұсыныстарын айта білуге үйрету.

Көрнекіліктері:АКТ, плакаттар.

Қажетті құрал-жабдықтар:мөшек, желпуіш, түтікшелер, жүзім, су, газды су, үлкен және кішкентай ыдыстар.

Алдын-ала жұмыс: «Ауа» түсінігі мен таныстыру.

Билингвальді компонент: Ауа-воздух, жел-ветер, көрінбейді-невидимный.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:









- Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?

- Ал көктемнің қай айы?

-Далада ауа – райы қандай болып тұр?

Армысыз, қайырымды аспан-ата,

Армысыз, мейірімді Жер-ана.

Армысыз, шұғылалы нұрлы күн,

Армысыз, балабақша, дос-жаран.

Здравствуй, солнце золотое,

Здравствуй, небо голубое.

Здравствуй, ветер-ветерок,

Здравствуй, мой-дружок.


-Көктем мезгілі.


-Наурыз айы.

-Балалардың жауаптары.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар біз оқу қызметімізді бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ

Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан.


Аяғы жоқ, қолы бар,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасақ – қорып тек,

Барша тіршілік құрғайды.


Түсі бар көрінбейтін,

Бір тұтас бөлінбейтін.

Тынысы ол тіршіліктің,

Ешқашан көрінбейтін.


Дұрыс таптыңдар балалар.

Күннен біз жылу аламыз, сусыз өмір жоқ. Ал ауамен біз демаламыз.

-Ауа қандай?

-Біз оны көремізбе?

-Қолымызға ұстай аламыз ба?

-Ауа көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін табиғат сыйы. Бүгін сол көзге көрінбейтін, өмірге қажетті ауаны тәжірибе арқылы бақауға тырысамыз. Ол үшін біз бірнеше тәжірибе жасаймыз.

-Ендеше мен зерттеуші ғалым боламын, ал сендер менің көмекшілерім боласыңдар, жарай ма?

1- тәжірибе. «Ауаны ұстап алайық».

- Үстел үстіндегі дорбаны аламыз.Оны ауамен толтырып, аузын қысып ұстаймыз.Дорбаны таяқпен тесіп, бетімізге жақындатып қысамыз.

Балалар не сездіңдер?

Нәтиже- ауа көрінбейді, оны дорбамен ұстап, байқаймыз сеземіз.

2 – тәжірибе.«Ауаны сезейік».

-Алдымызда желпуіш тұр. Соны қолға алып, жәймен қозғап, желпіп көреміз. Біз ауаны көрмейміз, бірақ оны сеземіз. Нәтиже-ауа қозғалысы ол – жел.

3 – тәжірибе. «Судың астындағы ауаны

байқау».

-Бәріміз дем шығарайық. Түтікшені алып үрлейміз. Енді алақанымызға үрлейміз. Демімізді түтікше арқылы суда шығарайық. Нәтиже-ауа суда көпіршікке айналды, ауа судан жеңіл болғандықтан судың бетіне көтеріліп ұшып кетеді. Ауа судан жеңіл, бірақ ауадан да жеңіл зат бар. Ол газ. Қазір сол газдың ауадан жеңіл екенін дәлелдеуге тәжірибе жасаймыз.

4 – тәжірибе. «Құтқарушы көпіршіктер».

-Ыдысқа газдалған су құямыз. Енді бір жүзім алып, газдалған суға саламыз. Бақылаймыз, жүзімге жабысып жатқан көпіршіктер не деп ойлайсыңдар? Міне, газдың жеңіл екенін тағы да дәлелдедік.


Сергіту сәті:

Жақсылықты қолдаймыз, Табиғатты қорғаймыз, Гүл егеміз бақтарға, Айналасын қоршаймыз


Табиғат біздің анамыз,

Жер–Ана біздің панамыз.

Таза болса табиғат

Біз де аман боламыз.


Бұтақтарды сындырмай,

Тазалықты сақтайық.

Гүл өсіріп, су құйып,

Табиғатты қорғайық.


5 – тәжірибе. «Таза ауа».

Адамның тыныс алуы үшін таза ауаның қажеттілігіне көз жеткізу. Балалар көздерін жұмып тұрады. Тәрбиеші иіссуды ауаға шашады. Балалар көздерін ашып, ауаның бұзылғандығын сезеді. Ауа бұзылғанда не істеу керек?


-Дұрыс айтасыңдар. Таза ауа болу үшін тағыда біз бөлме гүлдерін көбірек өсіру керек екенбіз.

6 – тәжірибе. «Өсімдіктерге ауа қажет пе?»

-Өсімдіктерде мұрын, ауыз жоқ, бірақ олардың жапырақтарында мыңдаған тесіктер бар. Олар сол арқылы дем алады. Біз ол тесіктерді тек микроскоп арқылы көре аламыз. Егер біз бір өсімдіктің яғни гүлдің бір жапырағын ауа жібермей байлап тастасақ ол солып қалады. Себебі оған ауа бармайды. Нәтиже-өсімдіктер де дем алады.

-Біздер таза ауамен дем аламыз.

Ал бізге ауаны тазартуға не көмектеседі?


Ой – қозғау. Байлығымыз табиғатты қорғап, ұрпағымыз үшін сақтап қалу-аса маңызды мәселенің бірі. Кейінгі ұрпаққа өнегелі мұрағат болар, балалар үндеуіне құлақ түрсеңіздер.











































-Ендеше біздер қоршаған орта табиғатын қорғайық, ағаштар және гүлдерді көп егейік, оларды күтіп баптайық.


Шығармашлық жұмыс:

Ал, балалар біз білімімізді одан әрі шыңдау үшін шығармашылық орталықтарында

Бірінші топта отырған балалар эбру әдісімен сурет салып көрсетеді.

Екінші топта отырған балалар табиғи бояудың көмегімен сурет салады.

Үшінші топта отырған балалар мақта таяқ арқылы қамыр бояумен сурет салады.

Төртінші топта отырған балалар көпіршікті бояу арқылы сурет салады.







-Ауа түссіз

-Жоқ

-Жоқ










-Жарайды.








-Ауаны сездік.








-Ауа жел болып бізге келіп жатқанын сездік.
















































-Терезені ашып, топқа таза ауа толтыру керек.



















-Өсімдіктер.








1. Таза ауа –денсаулық кепілі. Адам ауасыз бір минутта өмір сүре алмайды. Адамға тынысту үшін таза ауа қажет. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру. Әр адам көгалдандыруға ісіне ат салыссын.

2. Табиғат –ол өсімдік. Өсімдік – ол таза ауа. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда –дәрі. «Бір ағаш кессең – он ағаш ек» - «Жасыл ел» бағдарламасына ат салысайық.

3. Су-адамзаттың тіршілік көзі. Су-табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі. «Судың да сұрауы бар» - суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз.

4. «Қазақстанның Қызыл кітабы»- Қазақстан Республикасы аумағында сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

Рефлекциялық түзетушілік

-Балалар бүгін біз оқу қызметімізде не істедік?

-Қандай заттарға тәжірибе жасадық?

-Тәжірибе жасадық.

-Ауаға тәжірибе жасадық.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2680
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі