Көркем әдебиет "Айна" ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем әдебиет "Айна" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қатынас білім беру саласы, көркем әдебиет саласы бойынша "Айна" тақырыбына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі

Өткізу күні: 

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Айна» (ертегісі) _

Мақсаты: балаларды «Айна» ертегісімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік: балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету ;

Дамытушылық: сөздік қорларын молайтып, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: керік

Қостілдік компоненет: кірпі - ёж, керік – жираф, қоян – заяц

Ресурстармен қамтамасыз етукейіпкерлердің суреттері

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық ізденіс:

Мотивациялық-Қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Еліміз аман болсын !

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Бақшамыз гүлдене берсін!

Ғажайып сәт:

Мен жолда келе жатып, кішкентай ғана қорапша тауып алдым. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келеді ме?

2.Негізгі бөлім:

Жұмбақ жасырады:

Жылтырақ бір әйнек,

Қарайсың сәндене.

Күлсең бірге күледі,

Қайталап бәрін де.

Ол не?

Кіріспе әңгіме.

  • Балалар, менің қолымдағы қорапшаны ашып, қарап , оған жымияйықшы, ол не істейді екен.

  • Бүгін біз «Айна» туралы ертегімен танысатын боламыз.

Жалпы мазмұнын айта кетеді.

«Айна» ертегісі.

Бір күні орманда кірпі, қоян және керік келе жатады. Олар ағаштардың арасынан бір нәрсенің жылтырағанын көріп, қарамақшы болып барады.

Кірпі бірінші болып қарап: « Мынау кім? Өзінің үсті басы тікенек – тікенек , бойы да, құлақтары да кішкентай, мұрны үп – үшкір екен», - дейді.

Екінші боп қоян келеді. Ол қарап: «Жоға! Қарасашы оның құлақтары ұп – ұзын, өзі үлпілдеген, көздері қызыл , мойыны да қысқа ғой », - дейді.

Ең соңғы боп керік келеді. Ол қарап: «Қайдағы мойыны қысқа? Мойыны да, бойы да ұзын, құлақтары кішкентай ғой», - деген екен.

Ертегіні қайта оқып береді.

Әңгімелесу.

  • Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

  • Қоян не деді?

  • Кірпі не деді?

  • Ал керік ше?

  • Олар не тауып алды?

Сергіту сәті:

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем

Дұрыстап

Сәйгүлікше жүруді.

Бір! Екі! Бір! Екі!

(С. Қалиұлы)



3.Қорытынды:

Балаларға әртүрлі қимылдар жасатады:

Тікірейіп құлағы

Мене бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуады.

Диалогты сөздермен балаларға ертегіні рөлдер арқылы ойнатады

Балаларды мақтап, мадақтайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2022
610
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі