«Халық ауыз әдебиетін
білмейінше,
еңбекші халықтың нағыз
тарихын білу мүмкін емес»
Балалардың жас ерекшелігіне
орай көркем шығармалар шамамен іріктеліп, ұсынылды. Балалардың
жасына лайықты көркем шығармаларды оқып беру, оқылған шығарма
мазмұнын әңгімелетіп айтқызу, мақал – мәтел оқу, жұмбақ жасыру
жүйелері қарастырылған.
Мұғалім тіл дамыту, сөйлеуге үйрету, сауат ашу сабақтары кезінде
бұл шығармаларды балаларға оқып, әңгімелеп мазмұнын өздеріне
айтқызады. Жаттауға ұсынылған шығармаларды түсіндіріп, жаттау
арқылы қабылдау, есте сақтау қабілетін дамытады. Көркем
шығармалармен таныстыру арнайы сабақтармен қоса тіл дамытуға
берілген білімдермен іске асырылады, ал, жұмбақ шешу
мақал-мәтел, жаңылтпаш оқу жұмыстары әр сабақтың мазмұн, мақсатына
қарай таңдап алынып сабақ жоспарларында көрсетіледі. Түрлі
заттармен іс-әрекетке байланысты мұғалім балаларға өздігінен жұмбақ
құратып айтқызады. Әдеби шығармалармен таныстыра отырып, мұғалім
балаларды шығарма жанрларын ажырата білуге үйретеді. Олардың тілін
ширатып көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып, адамгершілікке
тәрбиелейді.
Мұғалім тіл дамыту, сөйлеуге үйрету, сауат ашу сабақтары кезінде
шығармаларды балаларға оқып, әңгімелеп мазмұнын өздеріне айтқызады.
Жаттауға ұсынылған шығармаларды түсіндіріп, жаттау арқылы қабылдау,
есте сақтау қабілетін дамытады .
Көркем шығармаларды оқу барысында балаларды ауызша сөйлеуге
үйрету, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға, тілдің фонетикалық
және грамматикалық ерекшеліктерін, үйренген сөздерін жекеше, көпше
заттың атына байланысты септеп, жіктеп, тәуелдеп айтудың
қарапайым тәсілдерін меңгеру, байқағыштық ойлау қабілеттері
мен дүниетанымын дамыту, оларды ана тілін сүюге, құрметтей білуге
тәрбиелеуде мұғалімдердің атқарар жауапкершілігі зор екені мәлім.
Яғни, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл
байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің орны ерекше.
Мұғалім көркемсөз оқушы – ол тыңдаушысын толғандырып, балаларды
өзімен бірге күлдіріп, қуанта білуі шарт. Мұның бәрін
мұғалім өзінің орындаушылық, көркемсөз оқу құралдарымен жүзеге
асырады. Сонда ғана шығармадағы әрбір кейіпкер «тіріліп», оларға
«жан бітіп», тыңдаушының жанына, жүрегіне жақындай түседі,
көркемдік және идеялық жағынан әсер ететінболады. Көркем
шығармаларды әңгімелеп берудің оқып
беруден айырмасы әңгі-меші мәтінді
сөзбе-сөз емес, еркін айтып
береді.Мұғалім өзі беріле әңгімелесе балалар
да үн шығармастан тыңдайды.
Мұғалім мәнерлеп оқуға даярлану үшін алдымен сөйлеу техникасына
жаттығу, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеру керек. Мұғалім
көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшін алдымен өзінің
дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір тіл дыбысы
қалай жасалады, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы
қажет. Баланы ана тілінде анық, таза, сөйлеуге үйрету ісінде
жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегі айтқызудың маңызы зор
екендігін зерттеу нәтижелері дәлелдеген. Мысалы: Жаңылтпаш.
Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, сөздіқ қорын
молайтып, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап
шығарған. Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры
молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала
айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын
дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып,
жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін
болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана
тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы
дамиды, сөздік қоры молаяды.
Жұмбақ. Нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту
арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді
ой-қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық
пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ
жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған. Отбасында балаларға жұмбақтар
үйретіп, жұмбақ айтысуды ұйымдастырып, олардың тапқырлығын сынау,
жұмбақ айтысуда жеңіп шыққан балаларды мадақтап отыру – бұрыннан
қалыптасқан дәстүр болатын.
Мақал мен мәтел: Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан, оған
айтатын ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай
мәнді болу керек. Сол мәнді сөздер – мақалдар мен мәтелдерді орынды
пайдаланған ата-ана ой қозғап, ақылға қонымды сөздер айту арқылы
баланы тәрбиелейді және санасын арттырады.
Ертегі: Алғашқы қауымнан
бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап
шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ
ертегілері (төрт мыңға жуық) сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы
ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты
ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып,
бала шақтың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға
тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял-ғажайып ертегілері. Халық
педагогикасындағы балалардың бірден жадында қалатын қысқы-қысқа
тақпақтар, оларды тақпақ айтуға ынталандырады, еңбекке,
адамгершілікке, Отанын сүюге, өнерге тәрбиелейді.
Көркем әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер
дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық
тудырады және сөздік қорын байытады. Көркем шығарма кейіпкерлерімен
бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің
төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды.
Оларда адамгершілік сезім – қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке
қарсы тұру қабілеті ояна бастайды. Бұл – принципшілдік, адалдық,
нағыз азаматтық қасиеттердің қалыптасу
негізі.
Шығыс Қазақстан
Облысы
Күршім
ауданы
Маралды орта
мектебі
Баяндама
Баяндама
тақырыбы: «Көркем әдебиет арқылы
балалардың тілін дамыту»
Бастауыш сынып мұғалімі ӘБ-не
дайындаған:
Қожақова
Б.А.
2019-2020 оқу
жылы