Материалдар / көркем еңбек 6 - сынып 2 тоқсан 2024ж
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

көркем еңбек 6 - сынып 2 тоқсан 2024ж

Материал туралы қысқаша түсінік
көркем еңбек 6 - сынып 2 тоқсан 2024ж жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
163
1 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.2.1-Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету

Сабақтың мақсаты:

  • Тоқу өнерімен танысу.

  • Ілмекпен тоқудың ерекшеліктерін қарастыру.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы



Оқушылармен амандасу. Мектеп құндылықтары мен ереже-тәртіпті еске түсіру. «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар мақал-мәтел, өлең шумақтарын айту.

3-сабақ: көзге арналған жаттығу;

7-сабақ: дене жаттығуларын орындау.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы суреттер





Ортасы





Оқушылармен қазақтың ұлттық және әлемдік мәдениетіндегі сәндік қолданбалы өнерінің түрлері мен техникаларын қарастыруға болады. Сұрақтарға жауап бер:

  • СҚӨ түрлерін білесіңдер?

  • СҚӨ бұйымдарын жасау барысында қандай материалдар қолданады?

  • СҚӨ қандай техника түрлерін білесіңдер?

1 тапсырма:

Оқушылар тоқыма техникасында (ілмек және шалма біз) орындалған бұйымдарының түрлерімен танысады.

1.Тоқыма түрлерін зерттейді;

2.Өз ойынан оқыған мәліметке таныстырылым жасайды;

Оқушылар танысқан материалдарымен өзге де сыныптастарын таныстыруы керек. Осылайша оқушылар арасында білім алмасу жүреді.


2-ші тапсырма

Үш топқа екінші тапсырма ретінде «Тоқыма өнері» деп аталатын қалыптастырушы тапсырма беріледі.Оқушылар зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде постер дайындайды.

1-топ үшін: «Қазақ ұлттық өнерінде тоқыма өнерінің алатын орыны» атты тақырыбы

2-топ үшін: «Киімдердегі тоқыма өнерінің көрініс табуы» атты тақырыбы

3-топ үшін: «Инерьердегі тоқыма өнерінің көрініс табуы» атты тақырыбы

Бағалау жұмысы: Сағат тілімен жүреді. Топтар бір-бірін бағалайды.


Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, төмендегі сұрақтарға жауап береді.


Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Портрет жанрының түрлерін оқушылар мысал негізінде қарастырып өтеді.


Дескриптор

Тоқу өнерінің түрлерін біледі.

Қазақ және әлем мәдениетіндегі ілмекпен тоқу өнерінің ерекшеліктерін қарастырды.



Үлестірме материалдар


http://www.tarmpi-innovation.kz/index.php?view=dastur&t=oyu_ornek_turleri_men_ataulari – ою-өрнектер түрлері

https://www.youtube.com/watch?v=-NNx3CS0UYU - Қазақтың ұлттық ою-өрнегі

Иллюстрациялық материалдар: ою-өрнектердің орындалу сызбасы, сандық фотосуреттері.


Аяқталуы



Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмыстарын әрқайсысына төмендегі сұрақтар арқылы бағалау.

  1. Бейнелеу өнерінің түрлері қандай?

  2. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрының айырмашылығы?

(Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.


















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

6.1.4.2-Материалдық шығынды анықтау (сандық көрсеткіштер)

Сабақтың мақсаты:

  • Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолданады.

  • Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдени элементтерін пайдаланады.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.Назарын аудару үшін оқушыларға түрлі техникада орындалған суреттер тарату. Осы арқылы оқушыларды топтарға бөлінеді.

Топқа бөлінген оқушылар түрлі техникада өрілген суреттерді байқайды. Осы арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ой қозғайды, ойларын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту және назарын аудару үшін слайд шоу көрсетіліп, тоқыма түрлері туралы, жайлы таныстырылады.

Слайд-шоу көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен оқу мақсатының қандай екендігін біліп алу үшін «Сократ» деген белсенді оқыту әдісін қолданып,сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз.Бұл белсенді оқыту әдісін қолдану үшін, 1-2-3-4 деп санау арқылы, оқушыларды төрт топқа біріктіріп аламыз. Біріктірудегі негізгі мақсат,оқушылардың топпен жұмыс жасаудағы дағдыларын дамыту.Сократ әдісінің тәртібі бойынша, бүгінгі тақырыпты негізге ала отырып, мәліметпен жұмыстарының суреттері баспадан басылып, әрбір сурет белгілі –бір бөліктерге кесіп алынып, кеспе қағаздар оқушылардың назарына ұсынылады.Олар топта берілген материалдарды оқып шығып, мәліметті рет ретімен құрастырады, сағат тілімен бір топ келесі топтың жанына барып, айнала тұрып мәліметпен таныстырады.

Оқу мақсаттары айтылып болған соң,міндетті түрде қауіпсіздік ережелері айтылады:

  • Құрал –жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;

  • Сабақ барысында қолданатын заттарды бір-бірне лақтырмау;

  • Ережеге сай жұмыс жасау;

Жеке жұмыс: Ары қарай шығармашылық жұмыс жасау үшін, оқушылар скетч буктеріне нобай салады. Ол үшін төмендегі бағалау критерийлері беріледі.

1.Өз қиялынан бір бұйымның нобайын жасайды;

2.Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;

3.Бұйым нобайы форматта дұрыс орналастырады;(А4 )

4.Бұйымды жасауда қандай материалдар қолданатынын біледі, көрсетеді;

5.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Picture 3

Бағалауға қойылатын талаптар:

  • Жақсы, мықты тұстарын айту;

  • Сын айтқымыз келсе, көмектесу мақсатында ұсыныс,сұрақ ретінде айту;

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі






Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. Оқушылар күрделілігі әртүрлі тапсырмалар орындағандықтан, талантты және дарынды балдармен де жұмыс көрініс табады. Жасалынып болған шығармашылық жұмысты оқушылар жұпта бағалайды.

Дискриптор

1.Өз қиялынан бір бұйымның нобайын жасайды;

2.Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;

3.Бұйым нобайын форматта дұрыс орналастырады;(А4 )

4.Салынған бұйымда қандай материалдар қажет екендігін біледі;

5.Тоқыма өнерін кезеңдермен орындауды біледі;

6.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Иллюстрациялық материалдары: көркем https://youtu.be/4MawBxU9OiU Кесте өнері

https://youtu.be/QFb8NqjAOgQ

Қазақ сәндік-қолданбалы өнер – Кесте және ою-өрнек (RU)

http://www.trozo.ru/cat/video-uroki/vyshivanie-lentami – баумен кестелеу және т.б. қолөнер шеберлік сағаттары бойынша видео сабақтары.

http://www.trozo.ru/archives/


Аяқталуы




Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?

Оқушылар сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.


















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 3-4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен (ілгекпен) тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы). Бірінші кезен

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.6.4-Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

Сабақтың мақсаты:

  • нобайға сәйкес тоқыма бұйымын жасайды.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Оқушылармен сәлемдесу. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме қозғау.

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын айтпас бұрын оқушыларға презентация көрсетіледі. Презентацияда тоқыма бұйымдарының мысалы, сулықтар, сөмкелер және ұялы телефон қаптары т.б. заттардың фотосуреттері көрсетіледі.

Слайдтар көрсетіліп болған соң оқушыларға тақырыпты бекіту мақсатында төмендегіше сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  1. Тоқыма жұмыстары үшін қандай материалдарды қолдануға болады?

  2. Табиғи материалдардан қандай бұйым тоқуға болады?

  3. Тоқу яғни сәндік қолөнер бұйымын жасаудың адам өміріне және ағзасына қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын ілмек бізбен тоқылған бұйымдарды қарастырып, сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Қарастыр:

Сұрақтарға жауап бер:

* бұйымды қандай техникада тоқыды?

*Бұйымды немен толықтырар едің?

*Осындай бұйымдарды жасау үшін қанша уақыт қажет?

Сұрақтарға жауап бер:

*Ұялы телефонға арналған чехолдардың қайсысының түстік гаммасы ұнамды? Неліктен?

Сұрақтарға жауап бер:

  • Бұйымдарда сенің ойыңша тоқыманың қандай түрі қолданылған?

  • Телефонға, планшетке, құтыға арналған бұйымдар қандай жіптерден тоқылуы қажет?

  • Осындай бұйымдарды тоқу барысында неге(бұйымның өлшеміне, жіптерге, түстерге) назар аудару қажет?

Тәжірибелік жұмыстың күнделігін жүргіз:

* Ілмекпен тоқудың қандай түрлерін білесіздер?

* Ілмекпен тоқуда қандай құралдар мен материалдар қолданылады?

Оқушылар ілмекпен тоқу барысында альбомдарына тәжірибелік күнделік жүргізу ұсынылады.

Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға жауап бере отыра, қиындықтарды жеңе алады.

Тоқуды баста:

1. Қадам: Қатар жасау. Қарапайым шалулар арқылы қатар жасау.

2.Қадам: Ілмекті шалуға кіргізу.

3 Қадам: Шалуды байлау.

4. Қайта бұрылатын шынжыр орындау.

  • 5.Өз кестесі бойынша тоқуды жалғастыру.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі












Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсетіп, мәселелерді шешеді;

шығармашылық шешімдерін жүзеге асыра отырып, экспериментке көңіл бөледі;


Презентация

1,2,3,4,5 слайдтар

https://www.youtube.com/watch?v=MSwiuVj5Bx4

hurnal.rykodelniza.ru/neobyknovenno-krasivye-salfetki-vyazanie-kryuchkom/

Тоқу түрлерімен танысу http://infourok.ru/urok-vizanie-klass-740635.html

Шыбықтан бұйым тоқу шеберханасы

http://baq.kz/news/kogam/elordada-shibiktan-buiim-toku-sheberhanasi-ashildi-foto-74496



Аяқталуы



Кері байланыс

Оқушылар рефлекциясы :

Мен не білдім ?

Не үйрендім ?

Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды ?


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.


















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 5-6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу. Безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;

Сабақтың мақсаты:

  • Ілмекпен тоқылған бұйымды қазақ ұлттық мәдениетіндегі әсемдеудің үлгілерін қарастырады.

  • Тәжірибелік жұмысты аяқтайды.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. Мұғалім оқушылармен «тәуелсіздік және отаншылдық» тақырыбында ой қозғау.Оқушыларды фотоколлаж туындыларымен таныстыру.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушылар ой қозғайды, ойларын айтады,

сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер





Ортасы





Зерттеу жұмысы.

Ілмекпен тоқылған бұйымды әсемдеу үшін безендірудің түрлері мен тәсілдерін зерттеп қарастырған жөн.

Ол үшін оқушыларға ілмекпен тоқылған бұйымдарды әсемдеудің тәсілдерін қарастырып шығу қажет.

Техникалардың атаулары:

1. Рачий шаг.

2. Пико

3. Ракушка

4. Гүлді кайма


Оқушылар схема түрінде берілген техникаларды қарастырып ең оңтайлысын таңдап алу қажет.

Бұйымды қазақ ұлттық ою-өрнектермен де әсемдеуге де болады. Ол үшін ірі бисер, маржандар, жіптер, ленталар және т.б.

Таныстырылым:

Ілмек бізбен тоқылған бұйымды презентациялау. Оқушылар ілмекпен тоқылған жұмыстарын презентациялайды.

*Идея іске асты ма?

*Жұмысыңда не сәтті шықты?

*Қандай қиындықтар пайда болды?

*Оларды қалай шешуге тырыстың?

*Ілмек бізбен тағы да не тоқуға болады?

*Ілмек бізбен тоқу қандай дағдыларды дамытады?

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі







Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Бұйымды қазақ ұлттық мәдениетіндегі әсемдеудің үлгілерін сай безендіреді.

Тәжірибелік жұмысты аяқтайды.

Презентация

Материалдар дидактикалық материалдарда көрсетілген.

Қажетті материалдар:

Тоқыма жіптері, ілмек біз, ине - жіп, бисер, маржандар, түймелер, ленталар, қазақтың ою-өрнектері бейнеленген шаблондар және т.б.

Тоқу түрлерімен танысу http://infourok.ru/urok-vizanie-klass-740635.html


Аяқталуы



Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

* не үйрендім?

*не түсініксіз қалды?


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.


















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 7-8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Шалма (тоқыма) бізбен тоқу. Шалма (тоқыма) біз және олардың түрлері. Тоқу тәсілдері мен техникалары. Бұйымның нобайын дайындау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

6.1.4.2-Материалдық шығынды анықтау (сандық көрсеткіштер)

Сабақтың мақсаты:

  • оқушылар сәнді бұйымның нобайын орындауды үйренеді;

  • материалдардық шығынды есептейді;

  • нобайды түстік шешімде орындайды;

  • бір-бірінің жұмыстарына ұсыныстар жазады, оқушылар ұсыныстар арқылы қорытынды және нәтиже шығарады, өзара бағалау жүргізеді.

Құндылықтарды дарыту

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • мемлекеттің тарихи және мәдени мұрасын, дәстүрлерін, мерекелерін құндылық ретінде бағалау;

  • мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбы айтылады.

Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушыларға ауызша бірнеше сұрақтар қойылады.

  1. Тоқыманың қандай түрлерін білесіздер?

  2. Орындалу әдістері қандай?

  3. Шалма біздің қандай түрлері бар?

Оқушылардан біршама жауаптар алынғаннан кейін шалма бізбен тоқылып жасалған бірнеше бұйымдардың, бас киім, ойыншықтар, үстел жапқыштар слайды көрсетіледі.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

Слайд 1-4

11-20 мин




Ортасы






21-35 мин












36-75 мин

Презентация көрсетіліп болған соң оқушыларға тапсырма беріледі.

Тапсырма:

Шалма бізбен тоқу үшін бұйымның нобайын орындаңыз. (мысалы, жұмсақ ойыншықтар, мойынорағыш, үшкіл орамал, ұялы телефондардың қабы т.б.)

Дескриптор:

  1. Бұйымды анықтай алады;

  2. Нобайды салады және түсте орындай алады;

  3. Қажетті материалын және өлшемін анықтай алады;

  4. Нобайын көрмеге қояды;

Тапсырманы оқушылар өз қабілеттеріне, интеллектісіне қарай таңдап алады.

Мысалы: Говард Гарднер әдісі бойынша оқушының интеллектісне сәйкес:

  • Визуалды-кеңістіктік; (көру, қолмен ұстау, сезу арқылы бейнелеу)

  • Натуралистік; (шынайы бейнелеу)

  • Дене кинестетикалық; (шынайы денені, затты ұстап көру арқылы бейнелеу);

. Ол үшін оқушылар интернет желісін пайдаланса болады. Нобайды түстік шешімде орындайды және қажетті материалдарын, өлшемін анықтап нодбайда көрсетеді. Түстік шешімде орындау үшін акварель, гуашь бояуларын немесе түрлі-түсті қаламдарды қолданады.

Жұмыстарын өзара бағалау үшін екі оқушыға көк және қызыл түсті маркер беріледі. Көк түсті маркерді алған оқушы салынған нобайдың біреуін көрсетіп қызыл түсті маркердегі оқушыға сұрақ қояды.

Сұрақ: 1. Осы нобайға қосатын қандай ойыңыз немесе ұсынысыңыз бар?

Қандай түсте орындауға кеңес бересіз?

Қызыл маркердегі оқушы сұраққа жауап беріп болған соң ол нобай ортадағы көрмеден шетке алынады да, екі оқушы да қолындағы маркерлерін өз қалауларымен басқа оқушыға береді.

Кері байланыс алу үшін оқушыларға ұялы телефонның суреті бар парақша таратылады..

Мұғалім сабақты қорыту үшін нобайы дескрипторге сәйкес шыққан оқушыларды атап өтеді және толықтыруға ұсыныс айтылған оқушыларға тағы да еңбектену қажет екендігін айтады.

Нобайды аяқтау, қажет жеріне өзгерту жасау, практикалық жұмыс орындауға қажетті материалды алып келу.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Оқушылар өз sketchbook – тарына яғни сурет дәптерлеріне болашақта тоқылатын бұйым нобайын салуды бастайды Оқушылар салған нобайларынан көрме ұйымдастырады

Сабаққа 1-9 аралығында ұпай беру үшін астындағы тор көзге тиісті санды жазып бүгінгі сабақты бағалайды. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін және ойын өз досына немесе құрбысына смс яғни хат жазу арқылы жеткізеді.

Дискрипторшалма бізбен тоқу үшін бұйымның нобайын дайындай алады;

нобайды түстік шешімде орындай алады;

қажетті материалды анықтай алады және шығынын есептей алады;

жұмыстарын жақсарту үшін ұсыныстар жаза алады;

Иллюстрациялық материалдары: көркем кестемен сәнделген бұйымдар т.б. СҚӨ заттары.

Нобай салуға қажетті ресурстар:

sketchbook (сурет дәптер), қалам, өшіргіш, акварель немесе гуашь бояуы.

76-80 мин

Аяқталуы


Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.


Оқушылардың жауаптарына пікір қалдыру.
















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 9-10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы). Материалдарды дайындау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.1.6.4 -Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

- шалма бізбен тоқу техникасын меңгереді;

- бұйымға шалма бізбен тоқуда түрлі өрнектер түсіре біледі;

- бұйымның формасын анықтайды;

  • - бұйымның түстік, реңктік қасиеттерін анықтап, талдау жасауға дағдыланады;

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Назарын аудару үшін оқушыларға түрлі техникада орындалған суреттер тарату. Осы арқылы оқушыларды топтарға бөлінеді.

Топқа бөлінген оқушылар түрлі техникада өрілген суреттерді байқайды. Осы арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

«Джигсо» әдісі

Топқа біріктіру

2 минут

Сабақ тақырыбын анықтау

1 минут


Сабақтың тақырыбын анықтау үшін шалма біз, тоқыма орамал, жіп орамасы, өрнектің суреттері басылған карточкалар таңдау арқылы сынып үш топқа біріктіріледі. Әр топ өз таңдаған тақырыптарына шолу жасап, талқылайды.

Талқылау критерийі:

  1. Түрлері

  2. Қолданылу аясы

Әр топтан бір-бір спикер тағайындалып, үшеуі де бірден ортаға шақырылады және өз бұйымы жөнінде сынып алдында баяндайды.

Баяндап болған соң төртеуіне ортақ жоғары деңгейлі сұрақ беріледі:

Сіздер баяндағ ан заттарды біріктіретін Осы сіздер біріктіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаңыздар.

Спикерлер түрлі нұсқалар айта келе ортақ шешімдерін шығарады. Немесе сыныптың көмегіне жүгіне отырып, сабақ тақырыбы анықталады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі




Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Дискриптор

Шалу арақашықтығының біркелкілігін сақтайды;

Тоқылатын жіптердің түстік шешімін анықтайды;

Өрнектерді сәтті орналастырады;






Презентация

3 минут

Интербелсенді тақтадан «Шалмабізбен тоқу өнері» атты презентация көрсетіледі.



Презентация «Шалма бізбен тоқу өнері»

Сабақтың ортасы Сындарлы зерттеулер

5 минут

Әр топқа түрлі ілмек түрлері беріледі.

  1. Беттік шалу

  1. Теріс шалу

  2. Бұрама шалу

  3. Шырмаулы шалу



Зерттеу үшін ресурстар: Үлестірме материалдар


Бейнеролик көрсету

7 минут

Және шартты белгілер бойынша суретке қарап шалулардың түрлерін ажыратуға машықтанады.

Шалмабізбен тоқудан интербелсенді тақтадан мастер-класс бейнеролигі көрсетіледі

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.



www.youtube.com/watch?v=awp0Y95D17g



Практикалық кезең

20 минут

Тапсырма: Шалмабізбен қуыршаққа арналған қалпақ тоқыңыз. Гүл, түйме т.б. заттармен әсемдеңіз.

Практикалық жұмысты оқушылар бейнероликтен алынған мәліметтер бойынша жаттыққан шалу түрлерін қолдана отырып жеке-жеке орындайды.

Критерий:

  • Шалу арақашықтығының біркелкілігін сақтайды;

  • Тоқылатын жіптердің түстік шешімін анықтайды;

Өрнектерді сәтті орналастырады;



Практикалық ресурстар:

Түрлі-түсті жіптер, қайшы, шалма біз

Сабақтың соңы

Кері байланыс

5 минут

Оқушыларды топтарға біріктірер кезде таратылған қағаз тілігі сабаққа кері байланыс кезінде қызмет етеді. Оқушылар қағаз тілігінің екі бетін толтырады.



Практикалық ресурстар:

Түрлі-түсті жіптер, қайшы, шалма біз

«Идеялар дәлізі»

2 минут

«Идеялар дәлізі» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне қарап екі қатарға орналасады. «Сіздердің достарыңыз Халықаралық конференцияға жүргелі тұр. Конференцияда бүгінгі өткен тақырып бойынша баяндама жасамақшы, соған әрқайсымыз бір-бір идея тастап, досымыздың қоржынын толтырып жіберейік» деген сауал тасталады

Оқушы ортамен жүріп отырып, әр оқушының идеяларын тыңдап соңына дейін жүріп өтеді.




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Шалмабіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.

7. Шалмабізді қорабымен алып жүру қажет.




Сабақты бекіту

3 минут

1.Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?

2.Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар.

3.Сапасы және түсі әр түрлі талшықтарды араластыру жолымен алынатын қандай иірімжіпті білесіңдер?

4.Иірімжіп зат белгісіне қарап ұсынылған ілмебіздің номерін қалай білуге болады?

5. Шалудың қандай түрлері бар?

6. Классикалық тоқу түрі дегеніміз не?




Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

www.youtube.com/watch?v=awp0Y95D17g



Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 11-12

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы). Бұйымды орындау

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Қауіпсіздік техникасын сақтай отыра, шығармашылық жұмысты орындау барысында материалдар мен құралдарды қолданады.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ұйымдастыру бөлімі:Оқушыларды орналастыру, амандасу, құралдарын дайындау.

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады.

«Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау. Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. Ой қозғайды, ойларын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін–бірі бағалау.


11-20 мин



Ортасы




21-35 мин


Оқушылар нобайларына сәйкес шығармашылық жұмыстарын орындауды жалғастырады.

Рефлексивті күнделікті жүргізеді.

Сұрақтарға жауап бер:

*Интерьерді тоқылған бұйымдарды әсемдеудің қандай үлгілерімен таныссыңдар?

* Тоқылған бұйымдармен интерьерді қалай әсемдер едіңдер?

*Үйіне не тоқыр едің?

Бейнематериалды тамашала

"Вязаные вещи для домашнего декора".

Шеберлік сағаты: Меринос жүнінен үлкен ілмекті плед тоқу.

Эксперимент жүргіз.

Қолмен кішігірім бұйым тоқып көр. Ол үшін шалма біздің қажеті жоқ.

Рефлексивті күнделікті толтыр.

Жұмысыңды аяқта.

Келесі сабақта дайын бұйымыңды әсемдеп, сыныптастарыңа таныстырасың. Дайын бол!

Қажет болуы мүмкін қосымша материалдар.

Безендіру үшін түймелер, ленточкалар, бисерлер, ине мен жіп және т.б.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды

Дискриптор

қауіпсіздік техникасын сақтады. шығармашылық жұмысты орындау үшін материалдар мен техниканы таңдады.

жұмысты аяқтау.

Альбом, түрлі түсті қарындаштар, қаламсап, тоқыма жіптері, шалма біз және т.б.

бейнематериалдар дидактикалық материалдарда берілген.

Аяқталуы



Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

* не үйрендім?

*не түсініксіз қалды?

Жұмысты аяқтау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.



















Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 13

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу. Безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;

Сабақтың мақсаты:

  • бұйымдарды безендіру барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланады.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме қозғау.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Назарын аудару үшін оқушыларға түрлі техникада орындалған суреттер тарату. Осы арқылы оқушыларды топтарға бөлінеді.


Топқа бөлінген оқушылар түрлі техникада тоқылған суреттерді байқайды. Осы арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер







11-20 мин




Ортасы





21-35 мин


Бұйым тоқылып аяқталған соң, безендіруге кіріседі.

Безендіру үшін бірнеше идеялар қарастыр.

  • бисер;

  • түймелер;

  • маржандар;

  • термостразы;

  • ленталар.


Бұйымды әсемде.

Бейнематериалды тамашала. Бұйымды әсемдеу туралы бейнематериалды тамашала.


Бұйымды әсемдеудің тәсілін анықтап, жұмысыңды көрмеге дайында.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі




Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

қауіпсіздік техникасын сақтады;

бұйымын әсемдеді.

Альбом, түрлі түсті қарындаштар,

қаламсап, тоқыма жіптері, шалма біз және т.б.



https://www.youtube.com/watch?v=Lx9RxSMR0Uo

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.


































Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 6 сабақ 14

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Жұмыстардың көрмесі

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

6.3.1.1. Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру

6.3.4.1. Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша сындарлы пікір мен негізделген ұсыныстарды қабылдау

Сабақтың мақсаты:

  • Шығармашылық жұмысты таныстырады;

  • Жұмысты жетілдіру үшін сындарлы пікір білдіреді.

Көрме ұйымдастырады.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды орналастыру, амандасу, құралдарын дайындау. Мұғалім оқушылармен «тәуелсіздік және отаншылдық» тақырыбында ой қозғау.Оқушыларды фотоколлаж туындыларымен таныстыру.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

(Ұ) Мұғалім оқушыларға шығармашылық көрменің ұйымдастыру кезеңдері менмақсатын таныстырады. Сонымен қатар, көрме оқушылардың өз шығармашылығында идеяларының берілу жолдарын көрсетеді.

Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулық, құрал-жабдықтар






6-20 мин




Ортасы



21-30 мин





30-40 мин

Шығармашылық жұмысты таныстырылымға дайындау.

  • не атқарылды?

  • шығармашылық жұмысты орындау барысында сәтті шыққан не?

  • қандай қиындықтар туындады?

  • рефлексивті күнделік жүргізудің тиімділігі болды ма?

  • идеяны іске асыра алдыңыз ба?


Сыныптастарыңа жұмысыңды таныстыр

  • Таныстырылымға әрбір оқушыға 2 минуттан беріледі.

  • Бұйымның идеясын іске асыра алдың ба? Болмаса, неге?

  • Бұйымыңда нені түрлендірер едің?

  • Ілмек және шалма бізбен тағы да не тоқыр едің?


Көрме ұйымдастыр

  • Көрме өтетін орынды дайында;

  • Афиша,шақыру билеттерін дайында;

  • Көрменің атауын қой;

  • Келушілерден кері байланыс алу үшін рефлексия парағын дайында.


Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі



Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.


Дискриптор

Шығармашылық жұмыстарды рәсімдей алады;

Өз жұмыстарына аннотация жаза алады;

Көрме ұйымдастыра алады.

http://www.kakprosto.ru/kak-49296-kak-oformit-detskuyu-vystavku#ixzz44GFZf9er - Балалар көрмесін қалай ұйымдастырады?

Презентация «Көрме»

Альбом, түрлі түсті қарындаштар, қаламсап, тоқыма жіптері, шалма біз және т.б.

5 мин

Аяқталуы



Көрме шолу;

- орындалған жұмыстарды бағалау;

- оқушылардың жұмыстарына талдау жасау.

Жұмыс орнын тазалау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!