Сабақтың
басы
10
мин
Сабақтың
ортасы
30
мин
|
Сабақты ұйымдастыру
кезеңі:
-Оқушылармен сәлемдесу, тізім
бойынша түгендеп, сабақты бастау.
Үй тапсырмасын
тексеру.
Оқушылардың үй тапсырмасын
орындауын тексеріп, бағалау.
Тақырып
ашу
«Кім
біледі?» әдісі.
Тақырып бойынша оқушыларға
сұрақ қою арқылы білімін тексеру.
Жаңа
ақпарат:
Эскиз деп өндірісте тек бір
ғана рет пайдалануға арналған конструкторлык документті айтады.
Эскиз нәрсенің кескіндерінен және басқа да нәрсе туралы
мәліметтерден тұрады. Эскизде нәрсені өзара перпендикуляр
жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау әдісімен кескіндейді, бірақ
ол қолдан сызба аспаптарының көмегінсіз салынады. Сондықтан эскизде
масштаб болмайды. Алайда кескінделетін бұйым бөліктерінің
арасындағы пропорционалдықты шамамен сақтай отырып, эскизді көз
мөлшері масштабымен орындау керек..Ғалымдар, инженерлер жаңа
машинаның жобаларын жасағанда эскиздерді кең түрде пайдаланады.
Алдымен эскиздік жоба жасалады, оған бірнеше рет өзгерістер
енгізіледі. Эскизді масштабсыз қолдан сызатын болғандықтан, оны
салу оңай. Көңілге ұнамаған нәрсенің эскизін қайта-қайта салу онша
қиындыққа соқпайды. Сондай-ақ эскиздер машиналарды жөндегенде, яғни
істен шыққан детальдың орнына жаңа деталь жасау қажет болғанда,
қолданылады. Бұл жағдайда эскизді істен шыққан детальдың өзіне
карап отырып салады. Кейде өндіріс орындарында детальды тікелей
эскиз бойынша жасайды. Сондықтан эскиз техникалық маңызы зор
конструкторлық документ болып есептеледі. Эскизде кеткен қателік,
оның сызбасына ауысады, ал одан кейін машинаның өзі де ақаулы болып
шығады.Эскиздер өмірде өте кең түрде пайдаланылады. Оны сызу
сабағынан баска пәндерде де орындайсыңдар. Мысалы, физика және
химия пәндеріндегі лабораториялық аспаптардың және құралдардың
эскиздерін салуға тура келеді. Геометрия есептерін шығармас бұрын,
есептің шартындағы геометриялық фигуралардың эскиздерін (техникалық
суреттерін) салып алу керек. Осындай зскиздер физиканы, химияны,
геометрияны, тіпті жалпы алғанда техниканы меңгеруге көмегін
тигізеді.Сонымен детальдың эскизі деп оның кескіндерінен тұратын
және детальды жасау үшін керекті маліметтер түгелдей бар
конструкторлық документті атайды. Детальдың сызбасы қандай міндетті
атқарса, оның эскизі де сондай міндетті атқарады.Эскизді, әдетте,
миллиметрше деп аталатын кағазға салады. Ал сендерге эскизді торкөз
дәптер бетіне салу қолайлы болады. Торкөз бойынша параллель және
перпендикуляр сызықтарды жүргізу, детальды кескіндегенде оның
бөліктерінің пропорционалдығын сақтау, қағазға сызықтар бойымен
түзу сызықтар жүргізу оңай.Эскизде шеңберлерді және олардың
доғаларын қолдан жүргізуге тура келеді. Бұл жұмыс бастапқыда
сендерге оңай болмайды. Сондықтан циркульді пайдалануға рұқсат
етіледі, бірақ кейіннен шеңберлер және оның доғалары қолмен
бастырыла жүргізілулері қажет.
Практикалық
жұмыс:
Киімнің дизайерлік эскизын
жасау.
-
Қағаз беттері таратылып, жұмыс
барысы түсіндіреді.
-
Киім түрін
таңдау.
-
Әр оқушыға нұсқаулық
таратылып, сол арқылы жұмыс жасайды.
-
Өз кретивті идеяларын
қосады.
Практикалық жұмысты
бағалау:
Дайын эскиздерге өзіндік
бағалау жүргізеді.
|
Оқушылар үй тапсырмасын
тексертеді.
Оқушылар берілген сұрақтарға
ойланып, дұрыс жауап беруге тырысады.
Берілген тапсырмаларды біріге
отыра орындайды.
|
|
А4 форматтық қағаз, қара
карандаш.
|