Материалдар / көркем еңбек авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

көркем еңбек авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қосымша білім беру жаңартылған тұжырымында баланың шығармашылық өркендеуінде тұлғалық қажеттілікке сай жағдай туғызуы маңғаз анықталған. «Ағаш құпиясы» білімдік бағдарламасы оқушылардың нақты мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын есепке ала отырып, олардың мүмкіндік пен қызығушылық әрекетерін қамти отыратындай құрылғанын, баланың өзіндік бағалы және әрекетті ұстанымын қалыптастыруына көмек беретінін, өздігінен білім алуға жағдай туғызатынын, кәсіби өз тағдырын өзі шешуіне және тұлғаның іске асыруына мүкіндік туғызатынын іс әрекет тәжірибеге негізделе айқындайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2024
718
4 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









«Ағаштың тылсым түйіні»



Үйірмелік қосымша білім берудің авторлық бағдарламасы



























































2020 жыл























































































Пікір жазушылар:

  1. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі , біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман, аудандық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, білімі – жоғары.

  2. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісінің жөніндегі орынбасары







Жұмағұлов Д.А.

Көркем еңбектен орта жастағы мектеп оқушыларына арналған «Ағаштың тылсым түйіні»

Үйірмелік қосымша білім беру бағдарламасы./ Д.А. Жұмағұлов - Қызылорда, 2020. – 155 б.







Курс мазмұны технология курсының бағдарламасын қайталамайды және мектеп технология курсындағы білімді терендетуге бағытталған. «Ағаштың тылсым түйіні» қосымша білім беру бағдарламасы оқушылардың нақты мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын есепке ала отырып, олардың мүмкіндік пен қызығушылық әрекеттерін қамти отыратындай құрылғанын, баланың өзіндік бағалы және әрекетті ұстанымын қалыптастыруына көмек беретінін, өздігінен білім алуға жағдай туғызатынын, кәсіби өз тағдырын өзі шешуіне және тұлғаның іске асыруына мүмкіндік туғызатынын іс әрекет тәжірибеге негізделе айқындайды.

Бағдарламаны іске асырушылардың жас шамасы ескеріледі 11-16 жастағы оқушыларының кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі және осы жастағы оқушылардың білім деңгейлеріне сай жасалған. Бұл жас шамадағы балалардың берілген тапсырмаларды орындау қабілеттері жоғары деңгейде.













Қызылорда облысы, Қазалы ауданы № 17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектеп
































































«Ағаштың тылсым түйіні» қосымша білім берудің авторлық бағдарламасы


Түсінік хат


Балаларға қосымша білім беру жаңартылған тұжырымында баланың шығармашылық өркендеуінде тұлғалық қажеттілікке сай жағдай туғызуы маңғаз анықталған. «Ағаштың тылсым түйіні» білімдік бағдарламасы оқушылардың нақты мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын есепке ала отырып, олардың мүмкіндік пен қызығушылық әрекетерін қамти отыратындай құрылғанын, баланың өзіндік бағалы және әрекетті ұстанымын қалыптастыруына көмек беретінін, өздігінен білім алуға жағдай туғызатынын, кәсіби өз тағдырын өзі шешуіне және тұлғаның іске асыруына мүкіндік туғызатынын іс әрекет тәжірибеге негізделе айқындайды. «Ағаштың тылсым түйіні» авторлық бағдарламасы жалпы білім беру мектебінің «Көркем еңбек» типтік бағдарламасының негізінде құрастырылған. Бағдарламаның бағыты. «Ағаштың тылсым түйіні» көркем мазмұндығы жағынан-эстетикалық; функционалды арнауы-қолданбалы; ұйымдастыру құрылымы-үйірмелік; іске асыру уақыты бойынша-екі жылдық. Орта мектеп жас шамасындағы балаларды дизайн элементерімен сәнді-қолданбалы өнерімен таныстыру негізінде құрылған бағдарлама. Бағдарламаның жаңашылдығы. Шығармашыл дарынды балалармен жұмыс жасаудың әдістері мен қалыпсыз сабақтар өткізілу түрлерінің қолданылуы-еркін шығармашыл элементтерімен толықтырылғандығы. Жалпы білім беру мектебіндегі технология сабақтарында баланың алған білімдерінен үйірмеде алғандары тереңірек, кеңірек болып, баланың ішкі дүниесі байиды және бос уақытын пайдалы өткізуіне себеп болады. «Ағаштың тылсым түйіні» білімдік бағдарламасы қазіргі білім технологияларымен құрастырыла отырып, келесілерді қамтиды:

  • оқыту ұстанымдары (жекелік, түсінушілік, сабақтас, нәтижелік);

  • оқыту әдістері мен түрлері (қашықтық оқытудың белсенді әдісі, дифференциялық оқыту, сабақтар, сайыстар, байқаулар, топсеруендер, саяхаттар);

  • білім беру үдерісінің басқару және бақылау әдістері (тестілеу, байқаулардың нәтижелері, т.б);

  • оқыту амалдары (дидактикалық, көрнекілік, үлестірмелі, құралдар, құрылғылар, жабдықтар).

Мақсаты мен міндеттері: сәнді-қолданбалы өнер амалдарын жеке және шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуы, баланың жеке қоғамды-тұлғалық дамуы, эстетикалық тәрбиелігі, коммуникативтік өнерінің биіктігі, кәсіби бағдарлығы; көркем-шығармашыл әрекетінің тұрақты қызығушылығын дамыту, ағаш бұйымдарды ауыстыру немесе құрастыруға үйрету, ұқыпты-лыққа және жұмыстық іждағаттыққа тәрбиелеу, бастаған істі аяқтауға үйрету, ұжыммен бірлесе жұмыс жасауға, ассоциациялық, қиялдық, кейіптік, логикалық ойлау қабілеттілігін дамытуға үйрету.

  1. «Ағаштың тылсым түйіні» бағдарламасы басқа күнейтілген бағдарламалар аясынан бірнеше айырмашылық ерекшеліктері бар;

  2. Баланың жеке тұлға ретінде түрлі жағдайға бейімделулігі білім беру үдерісінің оралымды жүйеде ұйымдастырылуында.

  3. Тура бағдарлама болғандығынан, біраз тақырыптар екі жылдай қарастырылды.

  4. Бұл бағдарлама келесі мәселерді шешуге, әр үйрме қатысушы жеке өзіндік ізденіс пен жаңа білім «ашу» жүйесінде енгізілген.

  5. Ағашпен жұмыс жасау әдістері мен тәсілдері кең қолданыс тәжірибеге бағытталған.

  6. Тәжірибелік тапсырмалар балалардың шығармашылық мүмкіндіктер-інің дамуын, авторлық үлгілерді жасау шеберліктерін туғызады.

  7. Шығармашылық тапсырмалардың түрлілігі оқушылардың үйірме жұмыстарына жоғары қызығушылық деңгейлерін артады, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын кеңейтеді.

  8. Бағдарламада берілген жылдық жоспары қатаң бірізділік сақталуын қажет етпейді.

  9. Мәліметтерді үйрену көбіне тәжірибелік шығармашылық әрекет жүйесінде танылады.

Оқыту-шығармашылық және тәрбиелік жүйелілігінің ұйымдастырылуы мен өткізілуі әр баланың жеке және жас шамасының дамуына байланысты болады. Оқушылармен бағдарламаны ұғыну барысында оның арнайы мүмкіндігі мен құзыреттілігі еспетеледі, жеке өзіндік жұмыс жасау қабілеті ескеріледі. Сабақтардың тақырыптылығы әр оқушының қызығушылығына байланысты құрылады, қажетті жағдайда қосымша жаттығулар өткізіледі. Бағдарламаны іске асырушылардың жас шамасы ескеріледі 11-16 жас аралығы. Бұл жас шамадағы балалардың берілген тапсырмаларды орындау қабілеттері жоғары деңгейде. Бағдарлама бір жылдық оқытуды қамтиды. Оқыту жылы – 10 баланы, аптасына 1 рет 1 сағаты қажет етеді, әр сабақтың өткізілуі – 40 минут талап етеді. «Ағаштың тылсым түйіні» бағдарламасы кезең-кезеңмен іске асады, әр кезең – үйір-менің бір жылы. Бірінші кезеңде оқушылар қауіпсіздік ережемен, құрал-саймандармен, олармен жұмыс істеу әдістерімен танысады. Ағаш өндеудің әдісі мен тәсілдерін меңгереді: егеу, кесу, жабыстыру; үлгімен жұмыс істеуді үйренуді, өлшеу құралдарын қолдана отырып сызбамен жұмыс жасайды, ұсақ моториканы меңгерудің амалдарымен танысады. Бұл кезіңде оқушы ұжыммен жұмыс істеуді үйренеді, бір-біріне көмектеседі. Ағаштан жеңіл және оңай бұйымдар жасауды мұғалім көмегімен үйренеді. Екінші кезеңде ағаш өңдеу әдістерімен танысуды жалғастырады, білімін толықтыра кеңейтеді, үлкен жауапкершілікпен өзіндік жұмыс жасаудың ереже мен әдістерін тәмамдайды. Оқушының тіл байлығы қамданады. Механикалық әдіс арқылы ағаш өндеудің күрделі әдістері үйретіледі, ұлттық өнерге деген көзқарастары қамтылады. Ағаш бұйымдарын өңдеу және безендіру оқушының кейіптеу және кеңістік ойлауын дамытады, композициялық тапсырмаларды орындауға үйретеді. Осы әдістерді қолдану барысында оқушы екі қолыменде жұмыс істеуді үйренуді, саусақтарымен құралдың үнін анық сезеді. Үйірме қатысушылардың жұмыстары қоғамдық маңыздылыққа ие бола бастайды: оларды көрмелерге қояды, кабинеттерді безендіреді. Жаттығулардың құрылымы:

  • сабаққа қатысушылардың санына, қолдан жасау әдісі мен құралына байланыста – жекелік, фронтальдық және топтық;

  • оқушы мен педагог арасындағы коммуникативтік ерекшелігіне байланысты – іскерлік ойын, тренинг, сайыс, ойын, шеберхана, зертхана, практикалық, оқушылардың жұмыстарын қарау және талқылау көрмесі, ата-аналармен ашық сабақтар. Көрнекілік құралдар, технологиялық карталар, тірек сызбалар, оқулық элементтерінің кеңінен пайдалануын қажет етеді.

  • дидактикалық мақсатқа байланысты – кіріспе сабақ, білім тереңділігі, практикалық сабақ, білімдерінің жалпылығы мен жүйелілігі, бақылау сабағы, кіріктірілген сабақтар.

Оқыту әдістері: 11-16 жастағы балаларды әр түрлі құралдармен (ағаш, фанера, тақтай) жұмыс жасауға, оның күрделілігін ұғындыруға оқытудың келесі әдістері қолданылады:

  • Іс әрекеттің түріне қарай: түсіндіру-суретті әдіс-ауызша не жазбаша тіл арқылы, сонымен қатар көрнекілік құралдар, байқау заттары;

  • Суретті қалыпты әдіс практикалық сабақта қолданылады – мұғалім көрсетеді, оқушы қайталайды, бұл шығармашылық жобалар жасауда қолданылады. Келесі мәселе мазмұндылығы немесе жартылай ізденісті әдіс – оқушылардың ізденушілік қабілеттерін артады, қойылған мәселелер өзіндік конструкторлық білгірлігін, ойлау мен әрекет жасау мүмкіндіктерін ашуға үйретеді.

  • Хабар беру ақпаратқа байланысты: сөздік-түсіндіру, ереже, әңгіме, дәріс; қызығушылық – суреттер, сурет көрмесі, жасалған жұмыс фотосы; практикалық – оқушылардың тәжірибелік жұмыстарына негізделген, олардың мүкіндіктері мен әрекеттерін қалыптастырады.

Қазіргі педагогикалық қатынасқа сай қажет ететін үйірме сабақтарына өнердің өзіндік ерекшелігі мен қабылдау әдістері қолданылады. Бағдарламаның өндірілуі шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін оқушылардан теориялық білімдерінің жинақтылығын, оларды тәжірибеде дұрыс қолдануын талап етеді. Үйірмеге қатысушы күрделі нобай жасауда өзіндік ерекшелігімен, айқындығымен, қайталанбастығымен орындау керек, сонда ғана оның жұмысы авторлық болып саналады. Оқу жылының қорытындысы бойынша. 

Оқушылар білуге тиіс: құрал түрлерін, олардың негіздерін, атауларын, өндеудің әдісі мен керектігің, қауіпсіздік ережелерін; жеңіл – желпі бұйымдардың жасау реттігін; өлшемін, кесуін, жинақтығын, безендіруін; бөлшектердің желіммен жалғануын, бұрандалы шегемен, шегелермен, қозғалмалымен ұштастыруы мен жалғануын; қалып байқаудың әдістерін; терминдер сөздігін; ағаш өңдеудің барлық оқылған әдістерін. Бұйым жасаудың алғашқы нұсқадан соңына дейін жасалу технологиясын; құрастыру мен сән мөлшерінің ұстанымын; терминдер сөздігін; орындық жасаудың материал түрлерін; ағаш өндеудің технологиясын; ағаш қасиетін.

 Оқушылар істеуге тиіс: жұмыс кезінде жұмыс орнын ұйымдастыра отырып, тәртіп сақтау; үлгі, сурет, технологиялық карта бойынша бұйымдар жасау; бағдарламаға сай құралдар мен мәліметтермен өзіндік жұмыс жасау; бір қолөндірісін жасауда түрлі қажетті заттарды қолдану; бөлшектерді ұштастырарда түрлі әдістерді қолдану; ағаш өндеудің барлық оқылған әдістерін қолдану және педагогтің жетекшілігімен бұйымдарды саралау; сурет, бұйым үлгісімен практикалық жұмыс бақылауын жүзеге асыру; жеке және топпен жұмыс жасау. Сызба бойынша бұйымдар жасау; сызба, көрнекі құрал, кесте арқылы бұйым пішінің қорытындылау; қол бұйымның бөлшектерінің орналасу жері мен қарапайым түрлендірін; ағаш өңдеудің негізгі амалдарын орындау; жасалған бұйымдардың сапасын бақылау. 

Оқушылар білуге мүмкін: бағдарламада көрсетілмеген материалдан бұйымдар жасау әдістерін; осы кезеңде оқылмаған құралдар мен құрылғылардың қолданылуын. 

Оқушылар істеуге мүмкін: үлгісіз қарапайым бөлшектерді өз бетімен кесу; бағдарламада берілмеген материалдармен безендіруді қолдану; бұл кезеңде үйретілмеген құралдар мен құрылғыларды қолдана білуге. Күтілетін нәтиже жас шама тобы ерекшелігі мен бағдарламаның меңгеру кезеңіне сай болып табылады.


Бағдарламаның ерекшелігі: Өткiзiлетiн сабақтардың барысында балалармен жұмыс жүргiзудiң әр түрлi әдiс-тәсiлдерi пайдаланылады: әңгiмелеу, әңгiмелесу, практикалық жұмыстар, өзiндiк жұмыстар, әр түрлі жарыстар.

Оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда балалар жасы 10 16 жас аралығы, бұл аралықта оқушының белсенді іс - әрекеті оқушының ой жүйесінің, көңіл көкжиегінің кеңеюіне әсер етеді. Әсемдікті өз қолымен жасай алатынына көзі жетіп, өзіне деген сенімі артады

Сабақтың түрі мен тәртібі: Үйірме сабақтары негізінен – даралап, топтап, шағын топтар және көпшілік топтарға жүргізіледі

Оқу тәжірибенің жүзеге асуы: Оқушылар қызығушылығы артып, қабілетіне қарай мамандық таңдауына, өмірден өз орнын табуына ықпал етуде.

Күтілетін нәтиже

  1. Танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау)

  2. Интеллектуалдық ортаны қалыптастыру – ойлай білу, көрнекі - шынайылық, көрнекі - бейнелік, сөздік - логикалық, шығармашылық ойлау.

  3. Шығармашылық жобаны таңдап, орындап, қорғай алады.

«Ағаштың тылсым түйіні»

Үйірмелік қосымша білім берудің авторлық бағдарламасы

күнтізбелік жоспары

Тақырыптары

Сабақтың мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

1-2

Кіріспе сабақ. 

Ағаш материалдарының қасиеттері. Ағаш мүкістерімен танысу


Халық өнерінің теориясы мен тарихын ескере отырып, оқушылардың сұлулықты түсіну қабілетін дамыта отырып, эстетикалық тәрбие беру;

ағаштарды түрлеріне қарай олардың қасиеттерін білу; ойлау, қиялдау арқылы шығармашылық қабілеттерін, әсемдік сезімдерін дамыту; табиғат сұлулығын, байлығын бағалай отырып, оларды қорғай білуге тәрбиелеу

2


3-4

Ағаш құралдары, желімдерінің түрлері.

Құралдар мен желім түрлері және оның алынатын технологиясымен танысу, оқушылар тақырыпты тыңдар кезінде тұрақты зейінділікке, жұмысты орындау кезінде дәлдікке, желімдеп жасап отырған бұйымға ілтипатпен қарауға тәрбиелеу, желім түрлерін тани білу және желімді даярлау дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту

2







5-6

Бөлшектерді шегемен, бұрандалармен біріктіру


Оқушыларды шегемен, бұрандалармен жұмыс жасауға, ағашты біріктіре білуді үйрену, оның жасалатын бұйымға әсерін анықтап білуі.

Ағашты біріктірудің түрлерін білуі, одан арылудың жолдарын техникасын меңгеруі.

2


7-8

Ағашты механикалық өңдеу

Заманауи технологиялық машиналармен қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын білу және түсіндіру

Жобаланатын нысанды дайындау барысында конструкциялық, табиғи және жасанды материалдардың физикалық, технологиялық және механикалық қасиеттерін анықтау және салыстыру

Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

2


9-10-

11

Ағашты аралау, сүргілеу, бұрғылау әдістерімен жұмыс жасау.

Ағашты аралауды, сүргілеуді және бұрғылау әдістерімен өңдеуді үйрену.
шеберлікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.


3


12-13-14-15

Ағашты көркем өңдеп, тұрмыстық, ас үй аспаптарын жасау

Ағашты көркем өңдеу технологиясын меңгеру, тұрмыстық, ас үй аспаптарына өрнек түсіруді үйрету

4


16-17-18-

19

Дайын аспаптарды күйдіріп әрлеп, өрнектеу

Ағаш материалдарының үлгілерімен, ең қарапайым электркүйдіргіштің құрылысымен таныстыру.

Сыни тұрғыдан сұрақтар қою арқылы ой қозғау

Оқушыларды ұлттық ою-өрнектер композициясын құру шеберліктерін дамыту,нүктелік күйдіру тапсырмасын орындау барысында эстетикалық талғамға,ұқыптылыққа үйрету

4


20-21-22-

23-

24

Ағаштан мүсін жасау


Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту.
Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, тақтай бетіне өрнек түсіруді үйрену.

Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.

5


25-26-27-28

Ағашты ою. Ағаштан сувенирлік бұйымдар дайындау

Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту

Өз беттерінше ізденуге қалыптастыру, оқушылраға эстетикалық ақыл – ой және еңбек тәрбиесін беру.

4


29-30-31-32-

33

Ағаштан жасалған зергерлік бұйымдар

Оқушыларды ағаштан жасалатын зергерлік бұйымдармен және олардың түрлерімен таныстырып, бұйым жасауды үйрету.

5


34

Көрме

Оқу жылы бойынша оқушылардың жасаған бұйымдарымен көрме ұйымдастыру.

1




БАҒДАРЛАМАНЫ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Пайдаланған әдебиеттер.



1. «Технология», 6 сынып оқулығы, Алматы, «Атамұра», 2002 жыл.

2. «Технология», 7 сынып оқулығы, Алматы, «Атамұра», 2003 жыл.

3. «Технология», 8 сынып оқулығы, Алматы, «Мектеп», 2008 жыл.

4. Бешенков А.К. Техникалық және оқушыларға арналған проектік тапсырма.

Москва: Дрофа 2004.

5. Мұғалімдерге арналған проектер жинағы, Москва, «Вентана Граф»,

2004 жыл.

6. В.М.Чупрахин «Геометриялық ою 22 сабақ», Санкт-Петербург, 2004 жыл.

7. Н.Д.Беляков, А.И.Покровская, Н.Е.Цейтлин «Үйірме «Шеберлі қол»

мектепте», 1957 жыл.



Балаларға арналған әдебиет.



  1. Рихвк Э.В. «Мектеп шеберханасында ағашты өндеу»

  2. Шепелев А.М. «Ағаш шеберінің жұмысы»

  3. Тхоржетский Д.А. «Ағашты өндеу»

  4. «Шеберлі қолдар үшін», Киев,1958 жыл, Техникалық әдебиет баспасы.

  5. В.В.Попов «Жұқа тақтайдан ою жасау» Шығару 1, Санкт - Петербург, «Кристалл»,1998 жыл.



Қосымша әдебиет.



  1. М.Ш.Омирбекова « Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті», Алматы, Кітап, 2004 жыл.

  2. Тхоржетский Д.А. «Техникалық еңбек сабақтары»









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!