Материалдар / Көркем еңбек пәнін зерттеу арқылы тиімді ұйымдастыру жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем еңбек пәнін зерттеу арқылы тиімді ұйымдастыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада оқушыларды еңбекке баулу, болашақта экономикалық табыс табу жолдарын үйрету тәсілдері баяндалған
Авторы:
15 Қаңтар 2024
823
53 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Көркем еңбек сабағын зерттеу арқылы

тиімді ұйымдастыру жолдары

Қамардин Азат

Д.А.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектептің

Көркем еңбек пәні мұғалімі

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылы

Алдымен мұғалім жас ұрпақтың алдында жауапты әрі сауапты қызмет атқаратынын сезіну керек. Өзін нағыз кәсіби мұғалім сезінген адам ғана алдына айнымас мақсат қойып жұмыс істей алады

Еліміздің дамуына, бүгінгі білім алушыны қажетті деңгейде білім нәрімен сусындатып, бәсекеге қаблетті маман дайындап шығару әрбір ұстаздың парызы болып табылады.Сондықтан мұғалім өзін бір бағытта ғана жетілдіріп қана қоймай, өз мамандығының кәсіби шебері, психологиялық тәсілдерді меңгерген, қоғамның жаңа үрдісіне бейім, тұлғаның даму деңгейін саралай білетін педагог болуы тиіс.

Қоғамымыздағы жүріп жатқан әлеуметтік-экономиялық жаңғырулар нәтижесі Жаңа Қазақстанның білім мен ғылым сласына жаңаша бағыт-бағдар беріп отыр. Қазіргі кезде білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер шешімін табуда. Осы орайда Көркем еңбек пәнін табысты оқыту ұстаздың кәсіби тәжірибесі мен құзіретіне байланысты. Қоғамның қай кезеңінде де, қандай мемлекет қай бағытты ұстанса да, адамзат баласы еңбексіз нәтижеге жету, одан қол үзу мүмкін еместігіне көз жеткізген. Сол себепті көркем еңбек пәнінің өзі кең көлемді ұғым қалыптастырумен қатар, заманауи мамандықтар мен кәсіби мамандықтар салаларын тығыз байланыстырып жатқан үлкен ғылым.

Көркем еңбек пәнінің ерекшелігі теориялық білімді практикалық сабақтармен ұштастыратындығында. Ресурстарды нақты пайдаланып бұйымдар құрылымын құрастырады әрі жасайды. Демек, білім алушылардың танымын, білімін, ізденімпаздығын, қабілетін, еңбекқорлығын, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамын, алдағы уақытта кәсіптік салаларын таңдауларына мүмкіндік туғызатын пән. Баланың ерекшеліктерін қалыптастыруға оны кәсіпке бейімдеудің бірден-бір тиімді жолы мектеп базасында шеберханалардың заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталуы сұраныс туғызады. Шығармашылық пен тәжрибе жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс шеберліктерін шыңдауға өндірістік шеберханалардың жетілдірілген үлгілері ықпал етеді. Шығармашылық қаблеттерін көрсетіп, шығармашыл ойларын жүзеге асыруына, қажетті материалдар мен түрлі техниканы өз беттерінше анықтап, таңдап, оларды үйлестіріп, бірігіп тәжірибе алмасуларына мүмкіндік туады. Сапалы білім негізі оқыту бағдарламасының жүйелі қалыптасып, білім берудің жаңа моделін туындатады. Баланы еңбекке баули отырып, оқытып тәрбиелеу, үйрету, ортаға қалыптасуына және өзіне тән ерекшеліктерді жетілдіруді мұғалім басты назарда ұстауы керек. Мұндай жағдайда оқушының өмірге деген құштарлығы оянып, еңбектенуге ынталанып, болашаққа деген көзқарасы дұрыс қалыптасып, үйренуге талаптанып, өз бетінше іздену дағдысы туындайды.

Дегенмен де, әр оқушының өзіндік қабылдайтын немесе көңіл бөлмейтін пәндері болады. Ал, технология пәні ақыл-ойды іс-қимылмен тұтастыратын бірден-бір пән болғандықтан білімділікке, іскерлікке, шығармашылық қабілетті арттыруға, техниканың соңғы жаңалықтарымен танысуға, игеруге, өзара тәжірибе алмасуға, өзін толық және жан-жақты жетілдіруге мүмкіндігі мол екеніне көз жеткіздіруіміз қажет.

Білім алушыны көркем еңбек пәніне қызықтыру үшін педагогикалық қағиданы ұстана отырып қарапайымнан күрделіге, бірте-бірте көшу тәсілін қолдану тиімді болып табылады. Алдымен баланың еңбек туралы ой-өрісін, көзқарасын төмендегі бірнеше сауалдарды қою арқылы бақылаймыз:

  1. Баланың еңбекке деген түсінігі қандай?

  2. Үйде еңбек етуге бейіл ма?

  3. Еңбекке құлшынысы қалай?

  4. Еңбектің қандай түрлері қызықтырады? (ой еңбегі, қол еңбегі, дене еңбегі және т.б.)

  5. Жалпы, еткен еңбекті бағалай ала ма?

  6. Кәсіби еңбек туралы түсінігі қандай?

Білім алушының осы сауалдарға берген жауабын мұқият тыңдап, еңбекке

деген қаблеттілігін байқап білеміз. Одан соң мұғалім өз тәжірибесіне сүйене отырып, баланың еңбекке деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын ояту мақсатында логикалық шеберлігін пайдалануы керек. Баланың ойы мен зейінін еңбек талабына бейімдеу оқытудың мынадай тиімді тәсілдерін құрайды:

  1. Оқушының білімге деген психологиялық көзқарасын саралай отырып анықтау, сабаққа бейімдеу оқу процесі кезеңін тиімді әрі әсерлі өтуге септігін тигізеді.

  2. Әрбір сабақты, ұйымдастыру бөлімінде оқушының еңбекке деген ынта деңгейіне бақылау жасап отыру керек. Себебі, барлық оқушы ынталы, жігерлі, талапты болып келмейтінін ескеруіміз қажет (психологиялық ахуал, әлеуметтік жағдай және т.б.).

  3. Мұғалімде жан-жақты байланыстыратын қаблеттілік пен ой ұшқырлығы болғаны ләзім. Мысалы, себеп пен салдарды, бір ойдың элементін екіншісімен байланыстыру, қиынды жеңіл түрде қиыстырып құрау комбинациясы т.с.с.

  4. Өтілетін материалдарға қызығушылығын арттырып, білімді игеруге дағдыландыру. Мұнда, тақырыпта қамтылатын мәселелерді білім алушының ақпараттары мен алмаса отырып сабақ мазмұнын ашу оқыту процесінің тиімді әдіс-құралы болып табылады.

  5. Тапсырманы жаңа сабақ мазмұнымен қызықты тартымды ақпарат-тармен байланыстыруды көздеу. Бұл баланың өз бетінше ізденімпаздық пен қызығушылық функцияларын арттырады деген сөз.

Әрине, оқыту технологиясында көзделген мақсатқа жетуде оқушылардың

пән бойынша білім дәрежесі дайындық деңгейлері де ескерілуі тиіс. Мұғалімнің сабақ барысында қандай әдіс-тәсілді пайдалануы өтілетін тақырыптң мақсаты, міндеті, мазмұнына және сол тақырып бойынша оқушыларда қалыптастырылуы тиіс болатын білім мен тәрбиенің дағдыларына байланысты іріктеледі.

Мұның бәрі, инновациялық-педагогикалық технологияны оқыту арқылы еңбекке тәрбиелеп бүгінгі заман адамын іскерлікпен өмір сүру тәсіліне бейімделуін қамтып, оқытудың мынадай міндеттері мен мазмұнын қалыптастырады:

  1. Білім алушының таңдау тұлғасынан нәтиженің шығуы.

  2. Білім алушыны іскерлікке бейімдеу.

  3. Білім алушының шеберлігін қалыптастыру.

  4. Білім алушының кәсіптік деңгейін жетілдіру.

  5. Оқушының талабын, ынтасын көтермелеу.

  6. Шығармашылық еңбекпен айналысуға баулу.

  7. Кәсіби пайдалы еңбекке бейімдеу (ұмтылдыру).

  8. Өз бетінше ізденімпаз болуға жетелеу.

  9. Өз бетінше тәжірибе жинақтауға бағыт-бағдар беру.

  10. Экономикалық табыс жолдарын көздей білуге даярлау.

«Еңбек еткен адамның жаны да, дені де сау болады» - деген халық. Адамдар күні бүгінге дейін қоғамның қай болмысын таңдаса да ақыл-ойдың күшімен бірін-бірі алмастырып отыратын жаңа ғылыми техникалар мен тех-нологияларды жаңартуы, адамдардың үздіксіз еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!