Материалдар / Көркем еңбек сабағында материалды терең игеруге ықпал етуді құрастыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем еңбек сабағында материалды терең игеруге ықпал етуді құрастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің жазған еңбегім ұстаздарға әдістемелік көмек ретінде пайдалануға арналады. Мұнда ұстаздар көркем еңбек сабағын өтудің сегіз тезисі бойынша сабақ өткізуге болатынын үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2021
248
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныпта оқуды үйрететін білім ортасын құру үшін қажетті сегіз тезис ҚР педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша көркем еңбек сабағында материалды терең игеруге ықпал етуді құрастыру

Мұғалім қызметі қызық та, қиын да құрметті мамандық. Шебер мұғалім білім мен баланың арасындағы «алтын көпірді» тұрғызушы әрі оқу үдерісіне балаларды белсенді қатыстырып, оқу материалын терең меңгеруге қол жеткізуші. Өз тәжірибемде 5 сыныптағы көркем еңбек сабағындағы «ою- өрнек түрлері мен қысқаша тарихы» - атты сабағымды, қазақ халқының ұлттық ою- өрнегі ( түрлері, стильдеу, мотивтері) сабағын, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының мұғалімдерге арналған нұсқаулығында көрсетілген мұғалімдердің жұмыс үдерісінде мақсатқа жету үшін сәйкестендірілген сегіз тезис бойынша өтуді жоспарладым.Сабақты өтуден алдын аздаған шегініс жасап, түсіндіре кетейін. Алғаш еліміз егемендік алғанда қазақтың ұлттық киімдерігі ою-өрнектер де «өзіміз дорба арқалағандай» күй кешті. Базарлардағы қошқар мүйіз оюын оңды - солды шатпақтап тіккен шапандар мен камзолдардың тігілуі, өнердің құнын құдалықта «сапар шегетін» маталардың деңгейіне дейін түсіріп тастады. Кестелейтін машиналардың қолжетімділігі ұлттық оюлардың қайта тірілуіне жол ашты. Қазақ оюларында өзіне тән сезім пайда бола бастады. Оларды сөйлететін дизаинерлер пайда болып ою- өрнектер мән- мағынасына сәйкес пайдалана бастады. Қазақта қыз балаға салынатын ою –өрнектер, ұл баланың өрнегінен бөлек болатыны айшықтала түсті. Мамандығым бала тәрбиелеу болғандықтан, сабағымның басты мақсаты, халқымыздың мәдени даму шежіресі ою- өрнек өнерін, ұлттық ерекшелігіміз туралы білім нәрін беру болды. Осы мақсатта бірінші тезисте: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты. Білім беру мақсатындағы сабақтың кіріспе бөлімінде, өткенді пысықтау әдісі бойынша топтарға бірігу үшін қолданбалы сәндік өнердің көркем құралдары: «Күн мен түннің теңелуі» сырмағы, «Ұлттық киімнің жібек кестелі өрнегі», «Аяққап. Ыдыс салатын киіз қап», « Басқұр. Киіз үйдің сәндік бұйымы» таратылып берілген болатын.Таратылған иллюстрациялар бойынша « Менің білетінім және түсінетінім» тапсырмасы бойынша топтар сәндік- қолданбалы өнердің өзіне тән ерекше, бейнелі тілі бойынша ою- өрнектерді сөйлете отырып, өз ойларын топшылайды. Егерде мүғалім оқушыларға ою- өрнек тілін түсінуді жеңілдеткісі келсе, сызықтардың өз ерекшеліктері мен мінез құлқы және түстер гаммасының көңіл күйін еске түсіріп, дайындық жұмыстарын жүргізу арқылы суретшінің өз шығармаларында қандай көңіл күйді көрсеткісі келгенін анықтау, ою- өрнек тілін жылдам түсініп, оларды мағыналы сөйлету тапсырмаларын нәтижелі орындауға қол жеткізер еді.

Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады. Екінші тезис бойынша бастапқы білім мен дағдыларды өрістету мақсатында қазақтың ою- өрнектері әншейін әшекей ғана емес олардың астарында терең мағына, мән, оқиғалар жатқандығын түсіндіру мақсатында Сағатбек Медетбекұлының «Ою хан мен Жою хан» ертегі туралы видео - ролигінің көрсетілімін көрсетемін. Видео роликті көрсетудегі мақсат – ұлттық тәрбиенің мәні болған ою- өрнектер тәрбие-тəртіпке, әдет-ғұрыпқа, салтанат-сәндікке лайық туындағанын, халықты көшпелі тұрмыс жағдайында «адамгершілік», «ибалылық», «мейірімділік», «әділеттілік» деген ұғымдарды халқымыз өз ұрпақтарына осындай дүниелер арқылы түсіндіріп отырылғандығын ұғындыра отырып ою – өнектерді халық суретшілерінің шығармалары арқылы сөйлету болатын. Оқушыларға Салихитдин Айтбаевтың «Бақыт», Гулфайрус Исмаилованың «Қазақ вальсі», Айша Ғалымбаеваның «Дастархан» шығармалары ресурс ретінде таратылды. Сонымен бірге, дайын кестеленген ою элементтері оқушыларға ұсынылды. Суретші Айтбаевтың « Бақыт» шығармасының ойын ою-өрнек арқылы жеткізгісі келген оқушылар сабырлы қазақы ұлттық гамманы таңдады,олар қошқармүйіз, айшық, бітпес сияқты оюларды пайдаланды, ал суретші Г. Исмаилованың «Қазақ вальсі» шығармасын таңдаған оқушылар ашық бояу гаммасын және ойнақы, көңілді сызықтарды пайдаланды ою-өрнекте олар: гүл оюларын, өсімдік оюларын пайдалану арқылы ою- өрнекпен сөйлесе алды.

Үшінші тезис: Білім байланыстарын дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет бөлімінде белгілі бір сюжетке, уақиғаға құрылған көлемді композицияны құрылымдау тапсырмасын беремін. Әр топ өзіне шығарманы таңдап ою арқылы суретші шығармаларының айтар ойын жеткізе білу қажет тапсырмасы орындалады. Төртінші тезис: Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз бөлімінде оқушылар топтық жұмыстар орындайды. Қажетті ресурстармен қамту үшін оқушыларға ою- өрнектер библиотекасы сыныпта құрылып, қазақ халқының ою-өрнектері қалай сөйлейді? Қай ою қандай мағына білдіреді? анықтама қағаздары, интернет желілерімен қамтылған ноутбук планшеттер қарастырылған.

Бесінші тезис: Оқушылардың бір- бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз. Біздегі басты қателік оқушыларды қателеспеуге тырысуымызда, керісінше бала қателікпен өседі. Қателіктер миға сигнал беріп, екінші рет қайталамауды ескертеді. Мұғалімдердің ашық сабағында көп қателесетін тұстары да осы жерде. Бесінші, алтыншы тезистерде материал көлемі шектеулі және олардың ақылдасуына уақыт жеткілікті болу керек. Мұғалімдер сабақтарда баяндауға көп уақыт жоғалтып, баланың ойланар, ақылдасар кезеңінде мәреге жақындаған көкпаршыдай бол- болдың астына алады. Өйткені, материал көлемі мен уақыт ескерілмей қалып жататын тұстар кездесіп жатады. Сабақтың осы тұсында балаларды бақылап емес, елемегендей басқа іспен айналысып, балалардың білім алуына тәуелсіздік берілу қажет. Өйткені, қарқынды дамып жатқан өмірге тәуелсіз бейімдеу қажеттілігі бүгінгі өмір талабы болып тұр.

Жетінші тезисте мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс делінген. Жетінші тезис бойынша бүгінгі сабаққа ойластырылған дискрипторлар өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесетіндей құрылымдау керек.

Сіздің ойластырған композицияңыз бен шығарма авторының ойы үйлеседі ме? Неліктен деп ойлайсыз?

Сіз таңдаған шығарманың айтар ойын қандай оюлар арқылы сөйлете алдыңыз?

Үш шығарманы біріктіріп жалпы қалай атауға болады? Неліктен?

Құрастырылған дискрипторлар оқушылардың ойын тұжырымдауға негізделген. Дискрипторларға толыққанды жауап бере алған топ мүшелері өз білім деңгейлерін өздері бағалап, келесі топтың жұмыстарын да толық бағалай алу қасиетін меңгереді, бұл оқушылардың тақырыпты тереңірек меңгеруіне ықпал етеді.

Сегізінші тезисте қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болу керек. Аздап шегініс жасап өз басымнан өткен оқиғаға тоқтала кетсем, білім жетілдіру институтында қызу сабақ болып жатқан, бір сұраққа бәріміз тосылып қалдық, қолымды көтеріп өз ойымды білдірдім. Мұғалім ризашылығын білдіріп менің кітабымның бетіне кішкентай жұлдызша жапсырып кетті. Сол жұлдызша менің кітабымның бетіне емес жүрегіме жапсырылғандай әсерде болдым. Мен үшін қолайлы оқу парағы ашылды. Үлкен адамға кішкентай жұлдызша қаншалықты әсер еткенде, алдымыздағы ойын баласына мақтау мен мадақтаулардың қаншалықты қажет екендігін ойлай беріңіз. Сондықтан да мұғалім түрлі деңгейдегі балалардың, түрлі деңгейдегі жетістіктерін назардан тыс қалдырмай, дер кезінде бағалай білу қажеттілігі балаларда қолайлы оқу баспалдағын құра алады деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!