Көркем еңбек сабағында оқушыларды қолөнер арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем еңбек сабағында оқушыларды қолөнер арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Көркем еңбек сабағында оқушыларды қолөнер арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу" атты мақала көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы







Семей қаласы бойынша білім бөлімінің

21 жалпы орта білім беретін мектеп

Көркем еңбек пәні мұғалімі

Рыгебаев Паргат Ишманович


Көркем еңбек сабағында оқушыларды қолөнер арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.

Өнер көзі халықта, халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ. Оны жаңғыртып іске асыру-біздің басты парызымыз». Қазақ халқы талғампаз халық.Ұрпағына өнеге қалдырған мұрасы-тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған, халықтың өміршең тәжірибесі толы.

Ұлттық қолөнерде білім беру жүйесін әлемдік өлшемдерге жақындату, ұлттық тәрбиегеұштасу қажет .Кез-келген оқушының көркем дүниені қабылдауы, эстетиккалық талғамы, сезінуі әртүрлі болады. Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі тұрмысқа сән берумен қатар адамдарға рухани ләззат әкелген.

Қазақ қолөнерінің барлық түрінде кеңінен қолданатын қолөнер туындылардың көркемдік-эстетикалықмәнін ашып, әшкекейлеп, айшықтай түсетін өнер. Сондықтан оқушының жеке дара қабілетін ескеріп, өз білімімен ізденуіне, ойын жеткізе білуге, шығармашылық жұмыс жасауына жағдау жасауымыз керек. Осы бағытта оқушыларды еңбекке баулу арқылы эстетикалық тәрбие беру маңызды ірі қызмет атқарады.

Қазақ халқы – кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші.

Тарихымызға үңілсек, ұрпағын жан-жақты тәрбиелеуде, ақын-жырауларымыз, ойшылдарымыз, мәдени мұрамыз, ұлттық мәдениетіміз, өнеріміз, музыкамыз қай дәрежеде дамығанынан байқай аламыз. Оларды әлемдік денгейге көтере отырып, дүние жүзіне таныта да, таңқалдырып келе жатқандығы әрбір қазақтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялататыны сөзсіз. Тұңғыш Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты жариялаған мақаласында тарихтан сыр шертетін ұлттық құндылығымызды, қолөнерімізді атап көрсетті. Қазақ даласында қолөнердің кеңінен тарағандығын және ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп қалдырғаны жайлы айтады. «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндігіміз бар- дей отырып, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуды жолға қоюды міндеттеді.

Мектепте көркем еңбек сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы ерекше. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетті айналу үшін еңбек ету талабын қалыптастырудың зор маңызы бар. Бұл міндет адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігі мен мүддесіне сай келетін және моральдық қанағаттану сезімін беретін іспен шұғылданып жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу – еңбекті дұрыс таңдап алумен тығыз байланысты.

Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен іске кіріседі.

Көркем еңбек сабағының мақсаты: қолөнердің барлық салаларын бағдарламаға енгізіп, ұлттық педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен өнегелі тәрбие берудің тиімділігін көрсету тиіс. Көркем еңбек пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз: еңбекқорлыққа, ұлтжандылыққа, рухани мәдениетке, іскерлікке, табандылыққа, шыдамдылыққа, ізденімпаздыққа және жаңашылдыққа.

Қолөнердің тәрбиелік мәні арқылы оқыту кезеңінде өнерге, өзіне деген көзқарасын, білімін, біліктілігін арттырып, шығармашылыққа баулимыз. Әр оқу пәні оқушы алдында мүмкіндігінше еңбек пен мамандықтар әлемін ашады. Бұл мүмкіндік әсіресе технология пәнінде жүзеге асырылады. Қөркем еңбек – шеберлік, іскерлік, білгірлік мектебі.

Көркем еңбек сабақтарында оқушылар жан-жақты дүниетанымын қалыптастыра отырып, болашақта өмірге, өндіріске қажетті мамандық алып шығады, саналы, заман талабына сай өмірге бейімделген, еңбекті бағалайтын, үнемшіл ұрпақ тәрбиеленеді. Еңбек сабағында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізіледі. Қолөнерге ұштастыра білім мен тәрбие берудің түрі – шығармашылыққа баулу. Ал қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ, оқушы шығармашылықпен іске кіріседі.

Қимыл-қозғалыс жұмыс барысында бірден пайда болмайды, сол себепті ең алдымен қолөнермен айналысу техникасы мен орындау технологиясын оқытып, үйрету қажет. Ұлттық қолөнерде білім беру жүйесін әлемдік өлшемдерге жақындату, ұлттық тәрбиегеұштасу қажет. Кез-келген оқушының көркем дүниені қабылдауы, эстетиккалық талғамы, сезінуі әртүрлі болады.

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Итальяндық физик Галилео Галилей:- «Баланы бір нәрсеге қайталауға үйреткенше, жаңалық ашуға мүмкіндік бер!»- деген екен. Яғни, педагог баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені ақиқат.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2022
4733
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі