Материалдар / Көркем еңбектен элективті курс жазу үлгісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем еңбектен элективті курс жазу үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбектен элективті курс жазу үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Шілде 2024
241
1 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАҒДАРЛАМА

элективті курстары


«ӨНЕРЛІНІҢ ҚОЛЫ АЛТЫН»

7 сынып оқушыларына арналған


аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат


Г.Н.Жусипова

40 жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пән мұғалімі


Пікір жазғандар: Турганбаева Шахизада Саинбековна ҚазБСҚА Дизайн факультетінің деканы,

Өнертану докторы, ҚР Дизайндер Одағының мүшесі

Тұрапова Жадыра Әбдікәмілқызы Педагогика ғылымдарының магистрі,

ҚазБСҚА жанындағы лицей оқытушысы


Түсініктеме хат


Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында орта білім берудегі құндылықтардың идеялық негізі-«Мәңгілік-ел» ұлттық құндылықтары болып табылады. Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық азаматтық патриотизм мен жауапкершілік, құрметтеу, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу болып тағайындалды. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі-сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен икемділіктерін жан-жақты дамыту, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептердегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты. Өнерде шегара мен шектеу болмайтыны белгілі. Өнер туралы шексіз айтуға, оны зерттеуге болады.

Сәндік қолданбалы өнер «Өнерлінің қолы алтын» атты курсын оқушылардың эстетикалық талғамының дамуы мен шығармашылық бейімділіктерінің артуы мақсатында 7 сынып оқушыларына аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат, теория жағында, практикалық сабақ өтеді. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы кезінде балалардың алдын болжай білуді, жинақталуды, уақытты тиімді пайдалануды, іскерлік қатынасты талап етеді. Сабақ эскиз жасауда, құрал-сайманында және көбіне түрлі фетр материалында орындау қарастырылған эстетикалық талғамның дамуы мен шығармашылық бейімділіктерінің артуы, көркемдік іс-әрекеттерді орындауды өз бетімен жұмыс істеуге талпынуын қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың жалпы эстетикалық мәдениетін қалыптастыру және өз бетімен көркемдік әрекеттер орындау дағдыларын жетілдіру мақсатына жету үшін, мына міндеттерді шешу талап етіледі:

Мақсаты: Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы оқушыларға ұлттық түсінік қалыптастыру.

Міндеті: Оқушылардың ұлттық өнер туралы түсінігі кеңейіп, олардың бір сыпырасын өздері қолмен жасау арқылы олардың дүниетанымдық әрекеті тереңдейді.

Тұрмыста қолданылатын әр түрлі қарапайым материалдардан жасалған құрастырылатын сәндік бұйым түрлері мен танысып, олармен жұмыс жасауға үйренеді.

Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы), қол өнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейірімділік пен қоса кәсіби дарын, ізденімпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.

Тәрбиелік дағдысын жетілдіре отырып, еңбектену жұмысына төзімділігін қалыптастыру. Жаңа заман ғылымының мол жетістіктері мен қаруланған, мәдени дүниетанымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті дарынды оқушыларды тәрбиелеу. Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып), графикалық және технологиялық тұжырымдамалар орындау.

Қазақтың әр түрлі ұлттық бұйымдары мен сәндік қолданбалы бұйымдарын жасап, жүйелі оқыту мәселесі кеңейтіліп жаңа оқыту тәсілдерін меңгеруге қол өнердің түрлері мен әдістері әр түрлілігі 6-7 сыныптарда оқушылар өнер, қол өнер сабақтары қысқартылып, айналыспай қалуда. Соған байланысты 7 сыныптарға курс сабақтары өтіліп, өнерлерін әрі қарай шыңдай берсе.

Халқымыздың тұрмыста қолданып жүрген сәндік-қолданбалы өнердің інжу маржандары қазіргі жастардың көркемдік талғамын дамытуға дәнекер болғаны сөзсіз. Жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе, қазіргі кезде ауадай қажет. Уақыт талабына сай алған танымдық білімдерін жетілдіре түсіп, одан әрі өрістетеді.

Халықтың қол өнерге деген ынтасы жойылған жоқ. Сондықтан оқушылар талпынып, ынталанып, талаптанса көркем қол өнердің жан-жақты қыры мен сырын үйреніп меңгере алады. Тақырыпты және сарамандық жұмыстармен таныса үйрене отырып, оқушыларға тигізетін әсері мол.


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі


Оқытылатын бағдарламаның құрылымында келесі бөлімдер қарастырылған:

Сәндік қолданбалы өнер бөлімі. Барлығы 4 сағат: теория 2сағат, практика-2сағат. Кіріспе. Сәндік қолданбалы өнердің тарихы. Жұмыс орын ережелерімен таныстыру, қажетті материалдар әзірлеу. Үйірменің мақсаты мен міндеті. Техника қауіпсіздік ережесі. АКТ. Бұйымдарға композициялық тұрғыда нобай орындау арқылы дизайнерлердің идеялары мен тақырыптарын талдау, іс-тәжірибеде қолдану.

Этностиль. Дизайн. Барлығы-4 сағат, теория-1 сағат, практика-3сағат. Этностильдегі ұлттық киім үлгілерін стилизациясы. Нобай (эскиз) орындау. Қазіргі заман талабына сай жаңа дизайн үлгісінде жасалуының түрлері. АКТ. Композиция құрылымда әшекейлермен сәндеу жұмыстары.

Құрақ құрау. Барлығы-8 сағ., теория-2 сағат, практика-6сағат. Сәндік қолданбалы өнер элементтері, ою-өрнектерді мата бетіне түсіру. Эскиз орындау. АКТ. Өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдау мен бағалау жүргізу үшін критерийлерді қолдану. Қолөнершілер, дизайнерлер жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдау арқылы мата қиындылары құрақтардан «құрақ көрпеше» орындау.

Өрнектер аппликациясы. Барлығы-10 сағат, теория-2 сағат, практика-8сағат. Ұлттық өрнектер композициясын құру. АКТ. Ою симметриясын сақтай отыра қабатталған шұғаны ою ізімен қырқу, өңдеу. Өрнектердің композициялық құрылымын нақтылайды.

Ши тоқу, киіз басу. Барлығы-8 сағ., теория-2 сағ., практика-6 сағ. Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз басу) Әр түрлі ұлттық бұйымдар. АКТ. Құрал-саймандар мен материалдар. Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету.


Тақырыптың аты

Сағат саны

мерзімі

Өткізілу түрі

Білімдік қазынасы

1

Кіріспе. Сәндік қолданбалы қол өнердің тарихы.


1


Жұмыс орын ережелерімен таныстыру, қажетті материалдар әзірлеу.

Курстың мақсаты мен міндетімен таныстыру. Техника қауіпсіздік ережесі. Қазіргі заман талабына сай жасалу жолдарымен үйрену.

2

Бұйымдарға нобайлар дайындау. Композиция және оның мақсаты түрлері

1


Композиция құрастыру. Нобай орындау

Сәндік қолданбалы өнер элементтері, ою-өрнектерді мата бетіне орындау. Эскиз.

3

Сәндік қолданбалы өнер элементтері. Суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдау

2


Өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдау мен бағалау жүргізу үшін критерийлерді қолдану

Қолөнершілер, дизайнерлер жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдай отырып, жұмысты орындау

4

Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы

2


Этностильдегі ұлттық киім үлгілерін стилизациялау

Сәндік қолданбалы өнер элементтері, ою-өрнектерді мата бетіне түсіру.

5

Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу.

Шығармашылық жұмыстарды орындау.

2


Мата, былғары, фетр, өсімдік түрлерімен композициялау.

Шығармашылық жұмыстар орындау.

6

Бұйым дайындау. Құрақ құрау өнері. Тұрмыста қолданылуы. Нобайын даярлау

2


Геометриялық өрнектер композициясы, құрақты мата қалдықтарынан қиып дайындау.

Нобай (эскиз) орындау.өрнектер композициясын құрақта орындау.

7

Құрақ құрау. Түстер мен гоеметриялық өрнектерді үйлестіру. Құрақ көрпеше орындау.

2


Матаны қию жұмыстары. Түрлі геометриялық өрнектерді үйлестіріп орындау.

Түстерінің сәйкес болуы. Өрнектерді композициялық тұрғыда үйлестіру.

8

Құрақ түрлері. Құрақ көрпеше

2


Мата қиындыларымен жұмыс жасау. Үйлестіріп үйренейік.

Түстерінің сәйкес болуы. Өрнектерді композициялық тұрғыда үйлестіру.

9

Өңдеу жұмыстары.

Жұмысты қорғау

2


Мата қиындыларымен орындалған құрақты өңдеп, қорғау

Құрақ құрауда өңдеу жұмыстарымен шұғылдану.

10

Жапсырмалау жұмысы. Аппликация. Аппликация туралы түсінік. Ою-өрнектер композициясы

3


Ұлттық өрнектер композициясын құру

Өрнектер композициясын құру. Эскиз орындау

11

Аппликациялық қиылыстыру арқылы ою өрнектер композициясын құру

2


Екі түсті мата (фетр) оң жақтарын үстіне қаратып белгілеп, қию жұмыстарын орындау.

Өрнектердің композициялық құрылымын анықтау

12

Аппликациялық қиылыстыру арқылы ою өрнектер композициясын құру

2


Ою симметриясын сақтай отыра матаның қабатталған жағын ою ізімен қырқу.

Жіпті ширатып, шеткі жиектерін үйлестіру

13

Ою-өрнектерді біріктіру мақсатында детализациялау

3


Ою симметриясын сақтай отыра матаның қабатталған жағын ою ізімен қырқу, жүргізу.

Жіпті ширатып, ою жиегімен жүргізіп шығу.

14

Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз басу) Әр түрлі ұлттық бұйымдар.

Құрал-саймандар мен материалдар

2


Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру

Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын сақтауды жариялау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалану

15

Бұйымдарға нобайлар дайындау. Құрал-саймандар мен материалдармен жұмыс.

3


Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану

Материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалану

16

Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары. Өздері таңдаған бұйымды орындау (ши тоқу, киіз басу) Құрал-саймандар мен материалдар

3


Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

Түстерінің сәйкес болуын айқындап көрсету

Барлығы:

34










Нормативті бөлім


Р/С

Бөлім

Бөлімше

Тақырып

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім өнімі

Барлығы

Теория/


Тәжірибе/ практика


1 бөлім Сәндік қолданбалы өнер Барлығы 4 сағат: теория 2сағ.,, практика-2сағ.


1.1

Кіріспе. Сәндік қолданбалы қол өнердің тарихы.

Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау
Техника қауіпсіздік ережесі. Қазіргі заман талабына сай жасалуын меңгеруі

1

1


Қолөнер туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеп, сипаттап, орындайды

1.2

Бұйымдарға нобайлар дайындау. Композиция және оның мақсаты түрлері

Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау

1


1

Қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше сипаттайды, нобайын орындайды

1.3

Сәндік қолданбалы өнер элементтері. Суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдау

Өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдау мен бағалау жүргізу үшін критерийлерді қолдану

2

1

1

Критерийлерді қолдану арқылы, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талдайды, қолданады


2 бөлім Этностиль. Дизайн Барлығы-4 сағат, теория-1 сағ, практика-3сағ.


2.1

Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы

Сәндік қолданбалы өнер элементтері, ою-өрнектерді мата бетіне орындау.

2

1

1

Ою-өрнектерді мата(фетр) бетіне орындайды.

2.2

Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу.

Шығармашылық жұмыстарды орындау.

Шығармашылық жұмыстар орындау.

2


2

Туындыны әшекей заттармен сәндейді


3 бөлім Құрақ құрау Барлығы-8 сағ., теория-2 сағ., практика-6сағ.


3.1

Бұйым дайындау. Құрақ құрау өнері. Тұрмыста қолданылуы. Нобайын даярлау

Геометриялық өрнектер композициясы, құрақты мата қалдықтарынан қиып дайындау.

2

1

1

Геометриялық өрнектердің нобайын орындайды

3.2

Құрақ құрау. Түстер мен гоеметриялық өрнектерді үйлестіру. Құрақ көрпеше орындау.

Түрлі геометриялық өрнектерді үйлестіріп үйрену.

Техника қауіпсіздік ережесі. Қазіргі заман талабына сай жасалуын меңгеруі

2

1

1

Түстер мен өрнектерді үйлестіреді

3.3

Құрақ түрлері. Құрақ көрпеше

Түстерінің сәйкес болуы. Астарлап, бұйымды орындау.

2


2

Астарлап құрақ құрайды

3.4

Өңдеу жұмыстары.

Жұмысты қорғау

Мата қиындыларымен орындалған құрақты өңдеп, қорғау

2


2

Құрақ құрауды өңдейді.


4 бөлім Өрнектер аппликациясы Барлығы-10 сағат, теория-2 сағ., практика-8сағ.


4.1

Жапсырмалау жұмысы. Аппликация туралы түсінік. Ою-өрнектер композициясы

Ұлттық өрнектер композициясын құру

3

2

1

Ұлттық өрнектер композициясын құрайды


4.2

Аппликациялық қиылыстыру арқылы ою өрнектер композициясын құру

Өрнектердің композициялық құрылымы

2


2

Өрнектердің композициялық құрылымын орындайды

4.2

Аппликациялық қиылыстыру арқылы ою өрнектер композициясын құру

Ою симметриясын сақтай отыра қабатталған шұғаны ою ізімен қырқу.

2


2

Өрнектердің композициялық құрылымын орындайды

4.3

Ою-өрнектерді біріктіру мақсатында детализациялау

Ою симметриясын сақтай отыра қабатталған матаны ою ізімен қырқу.

3


3

Ою-өрнектерді біріктіру мақсатында детализациялайды


5 бөлім Ши тоқу, киіз басу Барлығы-8 сағ., теория-2 сағ., практика-6 сағ.


5.1

Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз басу) Әр түрлі ұлттық бұйымдар. Құрал-саймандар мен материалдар

Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру

2

1

1

Қазақтың ұлттық бұйымдарын орындайды.

5.2

Бұйымдарға нобайлар дайындау. Құрал-саймандар мен материалдар

Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану

3

1

2

Өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін практикалық тапсырмаларда қолданады

5.3

Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары. Өздері таңдаған бұйымды орындау (ши тоқу, киіз басу) Құрал-саймандар мен материалдар

Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

3


3

Бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін қолданады.

Барлығы:

34

9

25



Ақпараттық- әдістемелік бөлім


Болашақ іс-әрекеттерді анықтауда өздерінің алған білімдері мен тәжрибесін қолдана отырып шығармашылық әркеттерін жоспарлайды

  1. Қоршаған өмірді бейнелі қабылдау мен оның әсемділігіне сүйсінуге үйрету. Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастыру.

  2. Оқушыларды өнерге шеберлікке баулу, эстетикалық талғампаздықтарын арттыру.

  3. Әр халықтың өнеріндегі ізгілік негізді, өнердің ұлттық ерекшеліктерін көре білу дағдыларын қалыптастыру.

  4. Өрнектердің композициялық құрылымын орындауды үйрену. Түрлі геометриялық өрнектерді үйлестіріп үйрену

  5. Жолдастарының жасаған жұмыстарын бағалай білу. Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдарын жасауға талпыну (ши тоқу, киіз басу)

  6. Әр түрлі ұлттық бұйымдарды жасау. Құрал-жабдықтар мен материалдармен жұмыс түрлерін орындап машықтану.

  7. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

  8. Жұмыс орнын, құралдарды дайындау, пайдалану. Соңынан ұқыпты жинау және түрлі материалдармен жұмыс жасағанда тазалық гигиенасын сақтай білу.


Күтілетін нәтижелер:


  1. Оқушылардың физикалық және психологиялық күштері нығаяды;

  2. Бағдарламаны меңгеру бағытында әр түрлі ұлттық нышанда бұйымдарды орындау барысында жаңа білімді, икемділікті, дағдыны меңгереді;

  3. Оқушылардың шығармашылық шамасы, рухтандырушылық қасиеті артады,

  4. Композициялық шығармашылығы артады, қызығушылықтары оянады;

  5. Жолдастарының жасаған жұмыстарын бағалай біледі;

  6. Эстетикалық талғампаздықтары артады;

  7. Теориялық білімді практика жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастырады;

  8. Іскерлікке талпынады, жігерленеді;

  9. Басқаның да өзінің де еңбегін бағалауды біледі.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


«Основы Композиции» Турганбаева Ш.С. 2011.

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

Кайнбаева Ж.С. в системе культуры: учебное пособие.-Уральск,2004.

7 сыныбына арналған оқулық, Б.Ж. Дүйсенова, С.А.Жолдасбекова

Шебер қолдар,1988


Қосымша


Сәндік қолданбалы өнер. Сабақтан тыс жұмыс. Этностиль. Дизайн үлгілерінен. Композиция негіздері. Композициялық құрылым. Түстердің қанықтылығы. «Сызу пәнінің қажеттілігі» 9сыныпта Сабақтан тыс іс-шара.

«Құрақ құрау» геометриялық фигуралармен жұмыс орындау. Ши тоқу, киіз басу «Жіппен жұмыс жасай білесің бе?» презентация

«Өрнектер аппликациясы» түрлі-түсті қағазбен жапсырма жұмыстары.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!