Материалдар / «Көркем жазуды қалыптастыру – бастауыштан басталады» Бастауыш сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Көркем жазуды қалыптастыру – бастауыштан басталады» Бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушының жазуын қалыптасытруда көп қиналады.Оның әр түрлі себептері бар.Бірі сол қолмен жазады.№енді бірі мүлдем даярлық тобында болмаған бала.Дұрыс жаза білу үшін мұғалім көп қиналады.Ең алдымен оқушының дұрыс қалам ұстауына,оның қаламына да мән берген жөн.Қазіргі шығып жатқан түрлі қаламдардың жазуға кері әсер ететінін бірі білсе,бірі біле білмейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2018
473
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көркем жазуды қалыптастыру – бастауыштан басталады»

«Адамзат ақыл - ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді.» - деген Әбіш Кекілбаев ағамыздың сөзін мақалалардың бірінен оқи отырып,қазір аз жазатынымыз, бәрі компьютер көмегімен, хаттың өзі телефон арқылы жазатынымыз жазу тарихының біршама ұмытылып бара жатқанының дәлелі. Көркем жазу – жазу тарихымен байланысты.Ежелгі адамдардың өз ойын келер ұрпаққа жеткізу үшін түрлі заттарды қолданып,тасқа,металға,ағашқа жазған екен.

Көркем жазу деген сөзді естігенде ең алдымен көз алдымызға көлбеу,бір сызық бойында орналасқан әріптерді маржандай етіп тізген жазуды елестетеміз. Осындай жазуды қалыптастыру үшін біраз еңбектенуді қажет етеді. Балаға хат танытып,оған оқу мен жазуды үйрету мұғалімнің негізгі мақсаты. Балаға тек қана әріпті жазып үйрету емес,оған әр әріптің элементін дұрыс сақтауға,дәптерде оңға қарай көлбе жазуға,анық жазуға машықтандыру міндеті тұр.Көркем етіп жазуға баладан талап етіп,күнделікті сабақта жүргізіліп отыратын жұмыстардың мұғалім үшін мақсаты мол.Ең алдымен көркем етіп әріптерді салуы ол жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді.Әдемі жазуды талап етіп отырсақ, әсемдік сезімін оятады, жауапкершілікке,тыңғылықты болуға үйренеді.Көркем жазу арнайы пәндер ретінде жүргізілген уақытта болды.Қазіргі бағдарламада ол болмағандықтан, бір сабақтың көлемінде көркем жазуды қамтуды қажет етеді.

Жазу процесінің өзі дұрыс отыруды,партада отыруда көзбен дәптердің арасында 30 см болуы шарт.Жарық сол жақтан түсуі қажет. Ұзақ жазу баланы шаршатады.Сол себепті сергіту жаттығуларын,саусақ жаттығуларын жасап отыру керек. Сонымен қатар, жазу құралының дұрысын таңдаған жөн. Қазір түрлі көз қызықтырар қаламдар толып жатыр.Әсіресе түрлі иіс шығаратын, жіңішке-жуанды қаламсаптар мен жуандығы ересек адамдарға ұстауға қиындық туғызатын қаламсаптар сатылымда көптеп толып жатыр. Бағасына емес, оның сапасына мән берген дұрыс болар.Оқушылардың қаламының жуан болмауы шарт. Бастауыш буында оқушының жазуын қалыптастыру үшін негізгі мына қағидаттарды есте сақтаған жөн:

  1. Мұғалім әріптің жазылуын,оның элементтерін дұрыс үйрету;

  2. Оқушының жазылған жазуына міндетті түрде анализ жасау;

  3. Жеке ерекшеліктерін ескеру,көз нашарлығын,жүрек ауруын,т.б. ерекшеліктерін ескеріп отыру керек.

  4. Әр оқушының жас ерекшеліктерін ескеруі шарт,біреуі жақсы жазады,біреуі нашар жазады,нашар жазатын оқушымен жеке жұмыс жасау;

Мұғалім каллиграфиялық жазуды қалыптастыруда мына әдістерді ескерген жөн:

  1. Оқушыға тақтада қайта-қайта жазып көрсетіп отыру;

  2. Әуеде жазу. Қолдың қимылынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл оқу үрдісін жандандырады.

  3. Жазылған әріптердің үстінен басу, көшімесін түсіру әдісі;

  4. Көшіру әдісі. Мұғалімнің жазғанымен салыстырады;

  1. Әріптерге анализ жасау. Әріптің неше элементтен тұратынын үйрету;

Осы тарапта отбасында да ата-аналар баланың жазуының дұрыс қалыптасуында жеке ерекшеліктерін ескергені дұрыс.Біріншіден, жазуға деген ынтасының болуы.Оқушының түрлі аурулардан: көз ауруы, невроз т.б. ата-аналардың уақытылы хабардар етуі. Қазіргі мынау заман талабына сай,ақпараттық технологиялардың даму қарқынының басымдылығы соншама,жазу компьютермен орындалуда.

Көркем жазу ешқашан қалыс қалмауы қажет.

Көркем жазу – сауаттылықтың нышаны. Көркем жазуды қалыптастыру - бастауыштан бастау алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!