Материалдар / КӨРКЕМ ШЫҒАРМА БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

КӨРКЕМ ШЫҒАРМА БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне арналған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
650
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КӨРКЕМ ШЫҒАРМА БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аяпбергенова Асем Сайрановна

«Парасат» мектеп – лицейі

Қызылжар ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы


Бүгінгі қоғам талаптары әдеби білімнің жаңа мазмұны, ұлтжанды ұрпаққа деген әлеуметтік сұраным қағидалары өткеннің өсиеті мен өнегесін,озық дәстүрін, терең философиялық дүниетанымын дұрыс түсініп, оларды өз қажетіне айналдыра алатын тұлға дайындауға де қойғызады. Олай болса, көркем шығармаларды оқыту барысында әр шығарманы көркем өнер үлгісі ретінде танытудың мәселелері айқындалуға тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, тұлғаның білімін тереңдетіп, оқырмандық мәдениетін көтерудің басты негізінің бірі әдеби – теориялық ұғымдарды шығарма табиғатынан туындата отырып, жүйелі түсінік қалыптастырукерек. Бұл тұлғаны шығармадағы оқиғалар мен процестердің ішкі себептерінен, сюжеттің заңдылықтарынан хабардар ету арқылы шешімін тапқызуға болады.

Әдебиет сабағында көркем шығарманы үзбей оқу қажеттілігіне тұлғаның көзін жеткізбесек, көркем шығарманы күнделікті оқытып отыру әдетке айналытына сенімдімін. Орта буында Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романынан «Жаңа достар» деген тақырыпта үзінді беріледі. «Қазақ солдаты» романын оқутуда тұлғаның қызығушылығын былайша арттыруға болады.

Мысалы: «Володяның жымиғаны жүрегіңді біреу пышақтап жатқандай тиеді. Володя үйдің әр бұрышына бір барып , ұмыт қалдырған бірдемесін іздеп жүргендей , үйіліп жатқан кірпіштерді аяғымен ысырып – ысырып қояды. Бір кезде бөлменің ортадеңгейіне тұра қалып, кірпіш сынықтары мен шаң топырақты көсіп – көсіп жіберді де , содан кейін алақанымен сыпырып күрең сырлыеденге жетті. Енді бірдемеге қуанып кеткендей, жасаураған көзі күлімдеп те кетті. Еденнің щаң – топырағын ерсілі – қарсылы сыпырып жіберіп:

  • Костя, көремісің? – деді.

  • Көремісің, Володя... Төгілген сия ғой, - дедім.

Еденге баланың алақанындай ғана болып қызғылт – көк сия төгілген екен.

  • Кішкентай қарындасым Танечка осы араға менің сиямды төгіп алып, қашан кеуіп болғанша алақанымен басып отыра беріпті... – деді Володя, қайғы - мұңын ұмыта қалғандай күлімдеп сөйлеп. – Мен, әрине, онша батырмай шапалақтап алдым... Бесте болса да жазуға құмар еді... Осы күні бекер шапалақтаған екенмін –ау деп өкінем...ылғи есіме түседі...

Володя енді өзін – өзі қамшылағандайтезірек сөйлеп кетті:

  • Ана пешке айырдың ұшымен тырнап жазған «П» әріпін көремісің? Ол папа дегені!.. «М» - мама дегені... анау бет – аузын шимайлап тастаған «В» менің атым... Әлгі шапалақтан кейін өкпелеп менің атымды өшіріп тастағандағысы... Майданға аттанарда ғана татуласқан едік Танечка екеуміз... – деп, Володя қатты мұңайып, маңдайын пешке сүйеп тырып қалды.туған – туысқанын есіне алуға бөгет жасамай, мен де үнсіз тұра бердім. Ағасының сиясын төгіп алып, алақанымен басып отыра қалған кішкене бір сары қыз көз алдыңа келеді...Қазір қайда екен десеңші ... Мұндай бүліншіліктен алыста жатқан өз үйіңді еске алуың, әрі салсаң – күнә, бері салсаң – күйректік сияқтанады.

Володя басын пештен тез жұлып алып, пештің үсті – басын тағы да тексере бастады. Тағы да бірдеме кездеспей, бұл арадан қозғала алмайтындай, бөгеліп тұр. – Костя,Костя! – дегенге жалт қарасам, Володя пешті жеңімен сүртіп жүріп, «В» әріпін тауып алған екен. Қатарынан үш рет жазылыпты. Бірінен – бірін сұлуырақ жазғысы келгендей, ағасын сағынған нәресте қара сырдың ең бір тегіс жеріне «В» әріпін қаз – қатар тізіп қойыпты.

  • Қайта - қайта қойыпты... сағынған ғой Танечкам...- деп Володя жылап жіберді. Екі жылдан артық бірге өткен өмірімізде Володяның босағанынын көргенім де осы еді. Егіліп жылады.»

Володяның жан күйзелісі, күлі көкке ұшқан поселка көрінісі және әр ұлт өкілінің украин ботольоны қазақ, өзбек,орыс деп айқайлаған жауынгерлердің жан даусы тұлғаға әсер етері хақ.

Тұлғалардың көркем шығарма бойынша шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру барысында "Алтын сақа", «Атажұрт», «Алтын қақпа» атты терең логикалық ойындарды ұйымдастыра білсек, сөз өнерін меңгеру барысында тұлға ешкімге, ешнәрсеге тәуелді болмай, өзіндік ой – пікірлері қалыптасады.

Мысалы: «Алтын сақа» ойынын өткізу үшін ең алдымен, тұлғаларға сұрақтар қойюымыз керек:

  1. Жерлес ақын – жазушыларымызды атаңдар.

  2. Жерлес ақын – жазушыларымызды қандайшығармаларымен таныссыңдар? т.б.

Еліміздің өміріндегі жаңару процестері мектеп бағдарламасына да елеулі өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Шығармашылыққа толық мүмкіндік беріліп отырған заманда, қандай да бір бағдарлама, әдістемелік еңбектер, инновациялық ізденістерді қатып қалған заң, өзгертуге, өз тәжірибеңе еркіндік беруге болмайтын құжат деп қарау әбестік болар еді. Сондай оң өзгерістер өзімнің қызмет істеп жүрген, ұстаздардың өз ізденістеріне тұсау салмай, керісінше соған жол ашатын білім ордасында, яғни «Парасат» атты мектеп – лицейін шаңырағында да өз өрнегін табуда. Тәуелсіздігін ту етіп көтерген еліміздің алдындағы басты мақсат – болашақта экономикасы мықты дамыған елге айналумен қатар, мәдениетті, сауатты, ғылымы, әдебиеті, көркемөнері де жоғарғы дәрежеде өркениеттіелге жету екені айдай анық. Шетелдермен тікелей байланыс, достық орнап жатқан жаңа заманда оның әдебиетінің інжу маржандарын білу, мәдениетті елдің, оның ұрпақтарының бір қасиеті болмақ, әдебиет – достықтың, тіпті бір елдің екінші елді тануының алтын көпірі. Міне, осы мақсатты негізге ала отырып бағдарламамда әдебиетті тереңдетіп оқыту жүйесін көздедім. Әлбетте, әдебиетті тереңдетіп оқыту жан – жақты білімді, жүйелі ізденісті, жанкешті еңбекті, жаңашыл, инновациялық ізденісті, педагогикалық технологияларды шебер меңгерген ұстазды талап етеді. Сондықтан бағдарлама құру барысы көптеген кәсіби ізденістер мен қажырлы еңбекті талап етті. Бұл менің кәсіби дамуыма себеп болды. Әрине, Шоқан Уалиханов еңбектеріне әдебиеттен өзге де сабақтарда, мәселен тарих, география пәндерінде азды-көпті болса да назар аударылуы айдан анық, дегенмен мен өз тәжірибемде Шоқан тұлғасын оқушыларға қалай танытып жатқаным жайлы бөліскенді жөн көрдім.

10-сынып Жаратылыстану – математика бағытын негізге ала отыра, әдебиетті тереңдетіп оқыту жүйесін ұстанып Шоқантану бөлімінде:

  • Шоқаның қазақ ғылымының сан – салалы негіздерінің ірге тасын қалауы, әдебиеттанушы, фольклорист, тарихшы, саяхатшы, географ, этнограф, заңгер, суретші, әскери барлаушы, демократ – ағартушы, философ, экономист,полиглот ретінде жан – жақты зерттеу арқылы

жан – жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

  • Оқушылырдың рухани дүниесін байыта отырып, патриоттық, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру.

  • Өмір талабына сәйкес алынған білімдерінің негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі іске асыруға, өзін – өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру іспеттес үлкен мақсаттар қойылды.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мынадай міндеттер жүктеледі.

  • Шоқанды танып – білуге деген қызығушылығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру.

  • Шоқан шығармаларын оқытуда шығармашылық, зерттеушілік сипатын күшейту, оқушылырдың өзіндік ізденушілігіне жүйелі педагогикалық ықпал жасау.

  • Өз ойын, сауатты айтып, жаза білуін, сөйлеудің ғылымилық тіл мәдениетін қалыптастыру және өз ойын дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды, шешен сөйлеуге баулу.

Алдыма қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Шоқантану бөлімін көлемді – көлемді 3 тақырыпқа шақтадым.

  1. «Жарқ еткен жарық бейне»

  2. «Жоңғария очерктері»

  3. «Шоқан - фольклортанушы»

Бөлім жұмысына кіріспе ретінде публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқытқанды Шоқанның ғылыми еңбектері таптырмас қазына екенін ескере отыра, хат жазудан бастаудың маңызы зор. Хаттар, естеліктер тарихтан сыр шертеді,оқушыларға беймәлім мәселелерге назар аудартады, суреткердің жеке өмірлері, қоғамдық іс – әрекеттері, көркем туындыны қалай жазғаны, оған не итермелегені жайында маңызды мағлұматтар алады.

Шоқан ұлылығын танытатын, оны биіктете түсетін нақты мәліметтердің бірі – өзі ерекше сүйіп бағалаған достарымен жазысқан хаттары. Осы хаттардың әрқайсысында Шоқанның азаматтық бейнесі ерекше таныла түседі. Өз халқының адал перзенті екеніне көз жеткізеді.

Осы орайда оқушыларымен зерттеу – шығармашылық жұмысын Шоқан тақырыбына көшпей тұрып берген тиімді. Себебі Шоқан тақырыбына оқушылардың қызығушылығын ояту және ізденіс жұмысы арқылы сабаққа Шоқан жайында ақпаратпен қамдану мұғалімнің осы тақырып бойынша жүйелі де жемісті жұмыс жүргізуіне үлкен оң ықпалын тигізеді.

Мұғалім оқушыларға Шоқан Шыңғысұлы мен Федор Михайлович Достоевскийдің достығы екеуінің Омбыда, Семей мен Петербургте бірге болған кездерінде бір үзілмейді, кейінгі алты жыл ішінде бұл достық хат арқылы нығая түскені жайлы ақпарат беріп, олардың алдарына Семейден кетіп бара жатып, Шоқанның Достоевскийге жазған хатын тастайды.

«...Сізбен бірге Семейде өткізген аз ғана күн маған сондай тамаша әсер етті. Ендігі менің бір ойым сізбен тағы да бір кездесу. Мен адамның нәзік сезімдері мен ақ ниеті туралы жазуға шебер емеспін. Менің Сізге қандай берілгендігімді және сізді қандай жақсы көретінімді, әрине, өзіңіз де білесіз».

«Хатқа Шоқанның досы қалай жауап берді деп ойлайсыңдар?» - деп проблемалық сұрақ қойылып, хатқа өзінің шын жүрегінен шыққан жылы сөздермен жауап қайыруды ұсынылады.Хат «Мейірман достым!..» деп басталып, өз жалғасын табады. Осы тапсырманы орындау үшін оқушылар ең алдымен Шоқан жайлы мәлімет алады. Екіншіден, сол кезеңдегі ахуал жайлы және Шоқанның достары, оның ішінде Достоевскимен қарым – қатынасы жайлы мейінше білуге тырысады. Қазіргі таңда оқушыдан ғылыми жоба жазуын талап етеміз емес пе? Осы орайда өз тәжірибемнің барысында үш оқушы ғылыми жобалар тақырыбын (екі тілдегі шығармалар ұқсастығы, өлкетану және екі ел мәдениетінің үндестігі тақырыптары жобасында) Шоқантану бөлімінің нәтижесінде, Шоқанды үлгіге ала отыра таңдап алды. Осы іспеттес жұмыстар оқушылардың ғылымилығын дамытатыны сөзсіз.

Әдеби құбылыстарды тарихи – қоғамдық мәселелер ауқымында қарастыруда, үлкен бір кезеңдегі тарихи дамулар мен жағдайларды қоғамдық сипаты, оның саяси – әлеуметтік бейнесімен бірге түсіндіруде шолу тақырыптарының маңызы ерекше болып табылады.

Бағдарламада берілген сағат сандарының аздығы, бірақ шолулардың ауқымдылығы, маңызы оны оқытудың өзіндік күрделілігін көрсетеді. Шолуларды ең алдымен тарихи-саяси мәселелер, қоғам дамуының жалпы сипаты беріледі, ары қарай мәдениет,әдебиет,өнерге олардың әсері сөз етіледі. Шоқан Уалиханов та өз дәуірі, өз қоғамының бел баласы, соның өкілі. Оның еңбектері, өзі өмір сүріп отырған қоғамды, оның тыныс – тіршілігін, бейнесін сөз өнерімен беруі, сол кезеңдегі сан салаға қосқан үлесі шолу түрінде берілген. Тарихи өзгерістер, өткен мен қазіргіге жаңаша көзқараспен қарау шолу тақырыптарын өтуде әдебиетті оқыту мәселесіне жаңаша қарау қажет. Мол да маңызды материалды мұғалім іріктеп, саралап, ең негізгі, ең маңызды мәселелердің дәнін, түйінін бөліп ала білу керек. Сабақтың тақырыбы берілген соң, «бүгінгі сабақтан нені міндетті түрде білу керек?» деген сұрақ арқылы оқушылар әр тақырыптың маңызын саралап, бағалап, салыстырады. Бұл әлбетте оқушылардың ойлау деңгейлерін жоғарғы деңгейге(Б.Блум бойынша) жетелейді.

Үлгі: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті

Бүгінгі сабақтың ең негізгі, мәнді мәселелері – сол кезеңдегі тарихи – әлеуметтік жағдай.

А) кең – байтақ қазақ өлкесі Ресей империясының құрамында. Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды ма?

Ә) әлеуметтік мәдени, әдеби байланыстар, оның прогрессивтік маңызы.

Б) әдебиетте ағартушылық, демократтық, гуманистік, азаматтық бағыттың өрістеуі.

Ғылымның, педагогикалың, мәдениеттің өрістеуі, олардың ірі өкілі – Шоқан Уалиханов – қазақтың ұлы ғалымы, қазақтың төл ғылымының негізін салушы, этнограф, тарихшы, тілші, әдебиетші, фольклорист, суретші, заңгер, географ, саяхатшы, ағартушы, демократ.

Шоқантану бөлімінің бірінші, тану сабағын шолу жұмыстарының жалғасы ретінде оқушыларды топқа бөліп өткізу тиімді. Осы орайда оқушылар алғашында Шоқанның Достоевскийге хаты бойынша зерттеу жұмыстарының нәтижесімен бөліссе, келесі кезекте оны жан – жақ қырынан тану жұмысын жүргізеді.

Үлгі: «Жарқ еткен жарық бейне» Шоқантану (1сабақ, негізгі бөлім Жұмыс сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Джиксо І» стратегиясы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Сыныпты топтарға бөліп алдын ала зерттеуге тапсырма бөліп беру.

1-топ: әдебиеттанушы, демократ – ағартушы, полиглот

2-топ :фольклорист, тарихшы, философ

3-топ: саяхатшы, географ, этнограф

4-топ: заңгер, суретші, әскери барлаушы, экономист

3

3

3

3


2

2

2

2



1

1




  1. Әр топ оқушылары өздерінің зерттеген тақырыптары бойынша алғашында жұппен, кейін топ болып пікір алысады.

  2. Келесі кезеңде әр топтан бір адамнан бір – біріне қонаққа барады. Соның нәтижесінде жаңа құрылған топта әр топтың өкілдері болды.

1

2

3

4


1

2

3

4



1

2

3

4


1

2

3

4

  1. Төртінші кезеңде әр топ өкілдері бір мезгілде өздерінің тақырыптары бойынша зерттеулерімен бөлісіп, басқа топ өкілдеріне түсіндіреді.

  2. Үйлеріне қайтады

Публицистикалық шығармаларды жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшелігі бар.Шоқан Уалихановтың маңызды мәселелерді көтерген мақалаларын сыныпта және сыныптан тыс уақытта оқытудың маңызы зор. Мәселен Шоқанның «Сот реформасы» туралы мақаласын оқытқанда, мынадай әдіс – тәсілдер тиімді болмақ:

А) мазмұнына қарай тақырыпшаларға бөлу

Ә)оқушыларды тезис – жоспар, жауаптарының тезистерін жасауға, үзіді, дәйектеме ала отырып, оны жауаптарына тиімді пайдалану.

Мәселен мына үлгіде тезис – аннотация жаздыру:

Тезис

Аннотация

Экономикалық әлеуметтік реформаның қажеттілігі.

«Әрбір адам, адамзат баласы, түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат – өзінің тұрмысын жақсарту. Прогресс – дегеніміздің өзі – осы. Реформа да сол үшін керек»

Б) жауаптарының тезистерін жасаттыру.

В) ең басты, мәнді мәселелерін бөліп ала білу, тұжырымдап айта білу, жауабының ішінде дәйектемелеп, үзінділер келтіріп отыру.

Г) негізгі мәселелерге орай, тұжырымды, мәнді сұрақтар ұйымдастыру және Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау. 1-Білу (нақты фактілерді, негізгі ұғымдарды біледі),

2-түсіну (оқушы өтілген тақырыптан шығатын салдарды болжап, суреттейді),

3-қолдану (жаңа жағдайларда ұғымдар мен қағидаларды пайдаланады),

4-талдау (біртұтастың бөліктерін белгілеу: олардың өзара байланысын айқындау; жасырын болжауды көрсетеді, қисынды ойлаудағы қателері мен кемшіліктерін көрсетеді),

5-топтау(тұтастыққа қол жеткізу үшін жаңаша элеметтерді қиыстырып, құра білу),

6-білімді бағалау(материалдыңжазбаша мәтін түрінде құрылу қисындылығын бағалап, тақырып бойынша шағын зерттеу жүргізе білу)

Д) баяндама, лекция, реферат,т.б. жазу; «Шоқан – тұңғыш заңгер» немесе «Шоқанның заң туралы демократтық, гуманисттік, ағартушылық көзқарасы» тақырыбында дөңгелек стол өткізу; Шоқан заңдарын қолдана отыра тіл тазалығы жөнінде «Тіл – күре тамыр» атты сот процесін (сабақтан тыс іс – шара ретінде) ұйымдастыру.

Ең бастысы мұғалім оқушыларды мақала жазуға баулып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға талаптандыру болып табылады.

Мысалы: «Тұңғыш заңым – тәуелсіздік айғағы » (жаңа конституция бойынша), «Тіл туралы заң – ар туралы заң» тақырыптарына мақала жаздыру тек икем – дағдыларын жетілдіріп қоймай, ең бастысы, қоғам, өмір сүріп отырған ортасының өміршең мәселелеріне селсоқ қарамай, азаматтық үнін естірте білуге баулиды.

Қазақ әдебиеті сабақтарындағы өзекті мәселенің бірі – әдеби сын – зерттеу еңбектерді оқыту. Сын –зерттеулерді оқыту – тереңдетіп оқытудың ең маңызды бір саласы.

Мәселен, Шоқанның еңбектерін оқытуда сын – зерттеулердің маңызы:

  • Тақырыпты тереңдетіп беру, білім мазмұнын байыту, ғылыми мақалаларды (Жоңғария очерктері) жан –жақты терең түсінуде, танымын дамытады;

  • Ойлау белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейтеді. Өз бетімен жұмыс істеу, қорытынды шығару (жазбаша) дағдыларын жетілдіреді.

  • Мақала жайында оқушылар бірнеше пікір, баға , сын, болатынын түсінеді,әрі сол туынды туралы ғылыми шындыққа көз жеткізеді. Өзіндік пікір айта білуге немесе жаза білуге (сын пікір) бауланады.


Ойымды қорыта келе, «мектепте ғылымға бағытталған жұмысқа , ережені жаттауға қабілеті аз адам, өз қызығушылығын оятатын белгілі бір іс – әрекет саласында өте дарынды және қабілетті болуы мүмкін. Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек»,-деп Л. Выгодтский айтпақшы әдебиетке, тақырыпқа оқушылар бар ынтасымен кіріскенде ғана жемісті жұмыс болады. Бүгінгі мектеп партасында отырғандырдың барлығы болашақ әдебиетшілер емес. Шоқанды қайта айналып оқу, оқымауы екіталай. Ал өркениетті ел болу үшін, ең бастысы, ғылыми сауатты, рухани бай болудың орны ерекше. Ал ол үшін оқушылардың әрбір өзі ізденген, шығармашылықпен келген жұмысы жүрегінің түбінде із қалдырары сөзсіз. Сондықтан мен өзіме дейінгі қалыптасқан дәстүрлі әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, Шоқан мұраларын оқытуда өзіндік соны ізденістерге талпыныс жасадым. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

Бұл лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деген оймен өз баяндамамды тәмәмдаймын.









































Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Қанафияұлы Н. Шоқан – әдебиетші, публицист. – Алматы: Қазақстан 1998. – 182 б.

  2. Стрелкова И. Шоқан. – Алматы: Жалын, 1985. – 320 б.

  3. Сәтбаева Ш. Қ. Шоқан Уәлиханов – филолог. – Алматы, 1987. – 222 б.

  4. Әбен Е. Дүйсенбайұлы Е. Дала даналары. – Алматы: Қазақстан даму институты. 2001- 380-399 б

  5. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – Алматы: қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті – 2000ж

  6. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі – Алматы, Рауан 1997ж

  7. Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы, 1972. – 35-36 б.

8.. Марғұлан Ә. Шоқан Уәлихановтың әдеби мұралары // Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы: 1958, №6; Мұқанов С. Әдебиетші Шоқан. 114-134 б. // Жарқын жұлдыздар. – Алматы: Мектеп, 1964. – 352 б.; Ахметов 3. Шоқан Уәлиханов - әдебиетші ғалым //Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. Серия общественных наук. Алматы: Наука, 1965, вып. 3. - 25-33 б. ж.т.б.\

9. Уәлиханов Ш.Ш. Бес томдық шығармалар жинағы. Собрание сочинений в пяти томах. 1961-1972. ІҮ т. – Алматы: Ғылым,1968. – 782 б.

10. Дала уәлаятының газеті (әдеби нұсқалар). Алматы: Ғылым, 1989.– 656 б.

11. «Қазақ» газеті (жинақ). Алматы: Қазақ энциклопедиясы бас редакциясы, 1998. – 560 б.

12. Шоқан Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы. 4 т. – Алматы: 2010.

13. Марғұлан Ә. Шоқан және «Манас». – Алматы: Жазушы, 1971.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!