Материалдар / Көркем шығармадағы дарынды жән талантты балалар бейнесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем шығармадағы дарынды жән талантты балалар бейнесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды, талантты балалардың кемелденуін дәлелдермен негіздеу арқылы оқушыларды мотивациялау
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қажетерова Шынар Сырымқызы



Көркем шығармадағы дарынды жән талантты балалар бейнесі

Қоғамның күрт ілгері дамуы мен қоршаған ортадағы ақпараттың молая түсуіне байланысты қазіргі оқушыларды шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме берумен ғана шектеліп қызықтыру жеткіліксіз. Өйткені оқушылар әр көркем шығармадан өзіне қажет тың ақпарат пен тосын жайттарды күтеді. Өзіне үлгі боларлық образдарды іздейді және «сүйікті кейіпкерінің» қасиеттерін өз бойынан табуға, сіңіруге тырысады. Сондықтан да әдебиет сабағында көркем шығармамен танысу барысындағы маңызды қадам – ондағы дарынды балалар әлемін ашу. Ал сол дарынды балалар көркем шығармада қаншалықты кездеседі? Олардың дарыны мен таланты қалай көрініс тапқан?

6-сынып оқулығын қолға алып, парақтарын ақтара бастағанда-ақ ойға бірінші келетін ерекше бала – Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» хикаясындағы жіңішке дауыспен «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын», - дейтін Аян. Ол өз құрдастарымен салыстырғанда ой өрісі кең және қабылдау қабілеті ерекше, білімге деген ынтасы мен қызығушылығы жоғары деңгейде. Мұны автор былайша сипаттайды:

«Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келе күніне бір-екі әріптен ғана өткенімізге көңілі толмай:

  • Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен. Шіркін, ағама хат жазар едім, - деп күңкілдейтін.

Сөйтіп, бас-аяғы бірер айдың ішінде әріптерді егіс жаттап, бірлі-жарым сөздерді құрап жаза алатындай халге жеттік. Ал Аян болса кәдімгідей: «Аса жаннан артық көретін аға...» - деп бастап, хат жазатын болды. Ендігі оның қуанышында шек жоқ еді. Күнде сабақтан кейін үйіне келісімен төр алдына етпетінен түсіп, сиялы қарындашты тілімен жалап қойып, бет-аузын сия-сия ғып ағасына хатты үсті-үстіне жазатын да жататын. Күніне екі-үш хаттан жазады. Кейде әжесінің айтқанын жазса, кейде өз бетінше жаза беретін.

Біз – басқа балалар әлі де сөйлем құрастырып жаза алмайтынбыз. Сондықтан Аянға кеп:

  • Хат жазуды үйретші, - деп жата жабысатынбыз.

Аян бәлденбейтін. Жымың-жымың етіп күлетін де:

  • Мә, мына менің хатымды көшіріп жаз, тек менің ағамның орнына өз

ағаңның атын жаз, - деп қоятын».

Психологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, Аян дарынды балалардың ішіндегі интеллектуалды және ақыл-ой белсенділігі бар балалардың санатына жатады. Бұл балалар сөйлеу белсенділігінің жоғaрылығымен, сөздік қорының молдығымен, ойының ұшқырлығымен, бaйқaғыштығымен, мәселені шешуде жaн-жaқты жолды қaрaстыруымен, құрбылaрының aрaсындa көшбaсшы болуымен, есте сaқтaуының беріктігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ Аянның бойынан қиялдың саналы және жемісті түрі – активті қиялды байқауымызға болады. Бұл – адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Шығармаға назар аударсақ:

«Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар. Біз тым-тырыс боп тына қалдық. Бір сәтке дәл астымыздан – қораның ішінен жылқылардың күтір-күтір шөп жеп тұрғаны, пысқырғаны, тарпығандары, қасынғандары естілді. Бірақ біртіндеп Аянның ертегісі қызған сайын, әлгі дыбыстардың бәрі құлақтан шет қалып, төңіректі – бүкіл Ешкіөлмес баурайын, төмендегі терең құзды ғажайып бір тыныштық басты. Бұл дүние – ертегі қиял дүниесіне, сиқырлы дүниеге айналып, біз өзіміздің бар-жоғымызды да ұмытқандай болдық.

Ғажап ертегілер еді... Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұллық пен ақылдылық та, әйтеуір, адамға тән небір асыл қасиеттің барлығы сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегіні айтқанда, біз – алым-жұлым киінген қара борбай балалар, бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша ақыра шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді. Өмірімізде қосауыз мылтықтан өзге ештеңені көрмесек те, жарқ-жұрқ еткен көк семсер тұрғанда зеңбірек, пулемет дегендер айтар сөзге, көңілге олқы түсіп, ойыншық сияқты боп қалатын. Өйткені Аянның ертегілеріндегі батырлар сілтеген көк семсерге қызығып иланатынымыз сонша – оны қару біткеннің құдайы көретінбіз». Байқап отырғанымыздай, Аянның ертегілерінен кейін балалар өздерін ғажайыптар әлемінде жүргендей сезініп, «көк семсерлі» батыр тұлғасында елестетіп отыр. Яғни Аян өз ертегілері арқылы құрдастарының ырықты қиялын тудырып әрі жетілдіріп отыр.

6-сынып оқулығының парақтарын сәл алға қарай ақтарар болсақ, Қалмақан Әбдіқадыровтың повесінің бас кейіпкеріне айналған қайтпас қайсар Қажымұқанды көреміз. Екі иығына екі адам отырардай шымыр денелі зор күш иесін өзгелердің байқамауы мүмкін емес:

«Бала еңкейе беріп, кеспекті иығымен нығырақ тіреп қағып жіберді.

Астына салған ломдар мен қада ағаштар шатыр-күтір етіп, біріне-бірі қағысып, бастары шошаңдасты да, отыз пұт тоңмай құйған кеспек екі-үш қаққанда желге ұшқан ебелектей домаланып сарайдың есігіне барып та қалды. Шой табан екі завод атын жеккен жүк шанаға қалай барып түсіп қалғанын тұрғандардың көзі шалмай да қалды.

  • Ей, мынауың не істеп жіберді?

  • Не істегенін көрмей тұрмысың! Оның орнынан қозғай алмаған кеспекті шанаға апарып салып қойды.

  • Айтайын дегенім ол емес-ау, қожайын, тегі осы кәдімгі адам ба?..

  • Енді кім?

  • Бір жақтан келген дию ма, пері ме, бірдеңе шығар өзі.

  • Не де болса, оның көтере алмағанын бір өзі көтере салды, жарайды».

Алғашында «бұл қалай отыз пұт көтереді? Бойы жарым кез, салмағы 200 қадақ» деген жұрт сөзіне қарамай, алған бетінен қайтпаған Мұқан қарағайды қамыстай құлатып, үстіне шөпке қоса «ат» тиелген шананы жеті-сегіз шақырымдық жерге боранды күнде жалғыз сүйреп келіп, аңызға айналды. Мұқанның спортқа бейімділігінен бөлек, оның бойынан дарынды, талантты балаларға тән Макэлпайн мен Рид жасаған қасиеттер тізімі табылады. Олар:

  • жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады;

  • дербес;

  • мақсатқа ұмтылады және жеке мақсаттарын белгілейді;

  • міндеттерді шешуде дәйекті;

  • табанды және жұмыспен бар ынтасымен шұғылданады;

  • өзін-өзі сынауға және бағалауға бейім;

  • сенімді;

  • өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді;

  • пікір айтуда тәуелсіз;

  • спорттық іс-шараларда белсенді;

  • өзіне жауапкершілік алуға дайын;

  • игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!