Материалдар / Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы" сабақ жоспары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Бөлім: Сәндік-қолданбалы өнер

Мұғалімнің аты-жөні: Дуанбекова Г.М

Күні:

18.11.2022ж

Сынып: 7 Г

Қатысушылар саны: 12

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.1.2.1-Тарихи және мәдени шығутегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау

7.1.3.1-Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

Сабақтың мақсаты:

  • көркемдік жазба түрлері, жазбалардың тәсілдері мен техникасы, материалдары және құралдарымен танысады;

  • тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттауды үйренеді;

*шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолданады (оның ішінде АКТ )

Құндылықтар

  • Теория мен практиканы ұштастыра отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Патриотизм және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру;

  • Оқушылардың бойында мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Ұйымдастыру



Сәлемдесу.Түгендеу. психологиялық ахуал орнату.

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға,

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға көңіл бөлу қажет.

Оқушыларға слайдтан орыс халқының киімдері және өлеңдері қосылады. Сол арқылы жаңа сабағымызды тақырыбын ашамыз.


Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.


Оқушылар көрсетілген суреттерге , әуенге жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Слайд



Жаңа білім





Сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі көркемдік жазба және оның түрлерімен танысу.

Батик сөзі яван тілінен аударылғанда - ыстық балауызбен сурет салу деген мағына береді. Бұл матаны ерітілген балауызбен әшекейлеу әдісі.
Өнердің бұл түрімен әлемнің көптеген халқы (үндістер, қытайлықтар, мысырлықтар, перулықтар) ежелден айналысып келген, соның ішінде, суреттің қанықтығы мен көркемдігі және техникалық жетістігі жағынан ең жоғары деңгейге жеткен - явандықтар болды.
Яван батиктері көркемдігімен, әдемілігімен бүкіл әлем халқын таң қалдырды, ал индонезиялықтар үшін бұл қарапайым ғана өрнек. Өйткені, батик – индонезиялықтар үшін Ява, Бали және басқа аралдардың тұрғындары үшін – ер адамдар да, әйелдер де киетін жай ғана ұлттық киім. Қолөнердің бір түрі батик өнері. Батик өнерінің Отаны Қытай және үнді елі. Бірақ бұл батик өнері ХVII ғасырда Индонезия елінде Ява және Бали аралдарында дамып, бүкіл әлемге тараған өнер.

Батиктің үш түрі бар: ыстық батик, суық батик және түйінді батик. Негізі «Батик» сөзінің аудармасы «ыстық балауызбен сурет салу». Яғни матаға суретті түсіру үшін ерітілген балауызды қолданған.
Батикке салынатын өрнектер алуан түрлі – он мың астам түрі бар. Көпшілігі ежелден келе жатқан өрнектер. өте кең тараған - өмір қуанышы өрнегі: құстарды, көбелектерді, гүлдерді, жемістерді бейнелегенде, бояу ерекше үйлесім тапқан. Сондай - ақ батиктерде – мифтік Гаруд құсының бейнесі көбірек кездеседі.
Батикке салынған суреттер бірнеше түрге бөлінеді: геометриялық, түрлі денелер, өсімдіктер бейнесіндегі өрнектер.

Гжель керамикасы — орыс халқының қолөнерінің дәстүрлі керамика жасау әдісі. Өзінің ерекшелігімен, стилімен айқындалады. Көп ғасырлар бойы Ресейде бұл өнер "гжель" деген атпен аталып келе жатыр. Қазақ өнеріндегі саз балшықтан жасалынған көзешілік өнері сияқты, бұл өнер түрі де дəл осы жолмен жасалады.

Гжель бұйымдарның бояуы көк және ақ түсті болады. Бұл тамаша түстер ерекше қанық болады. Кез-келген жанды қайран қалдыратын гжель өрнектері бір-біріне ұқсамайды. Оның əрбір салынған бөлігі бірін-бірі айқындап, əрлеп, байыта түседі. Гжель бұйымдары көбіне өсімдік өрнектерімен əшекейленеді.









Хохлома – ағашқа салынған сәнді өрнек. Дәстүрлі хлхлама өрнегі – өсімдіктерді: қойбүлдірген мен шетен жидектері, бүршік атқан бұтақтарды бейнелейді. Құстар, балықтар және т.б бейнелер сирек кездеседі.

Хохлома мәскеулік икона жазушы дарынды шебердің арқасында пайда болды деген аңыз бар. Ол патша игілігне қызмет еткен, ал патша болса, одан сый-сияпатын аямаған. Алайда шебер еркіндікті аңсап, жасырын орманға қашып кеткен. Сол жерде тұрақтаған шебер енді халқына қызмет етуді ойлайды, өз туындыларында орыс халқының жаны мен туған жерінің әсемдігі көрініс тапқанын қалайды. Соның нәтижесінде сәнді гүлдер мен қылдырықтай бұтақтармен көмкерілген алғашқы хохлома шыныаяқтары пайда болды.

Көркемдік жазбаларының бейнелері бар (мысалы, гжель, хохлома, батик және т.б.) 3 түрлі карандаштар қолданып топтарға біріктіру.

*ою-өрнектік композициясының ерекшелігі (ою-өрнек түрлері, халық шығармашылығындағы мотивтер);

*тарихи және мәдени қалыптасуына байланысты жазбаның түстік шешімі;

*көркемдік жазбаның негізін, орындалу жазықтықтары (мысалы, жостов жазбасы металл үстінде, ағаш бетіндегі хохлома және т.б.)

Көркемдік жазба техникасында жұмыс істейтін замануи суретшілер мен СҚӨ шеберлерінің шығармашылығымен таныстыру.

Мысалы, Юлия Исмамбетованың, Гульжанат Кабижанованың, Елены Ракованың, Галина Скоблеваның және т.б. батигі.

Тапсырма.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. 3 түрлі карандаштарды оқушыларға ұсынып топқа бөлемін.

1 топ – Батик ( матаға бояумен сурет салу)

2топ – Гжель ( тарелкаға актиль бояуымен сурет салу)

3топ – Хохлама ( гуашь бояуымен тақтайға сурет салу)






Оқушыларға слайд көрсетіледі соны мұқият тыңдап өз ойларымен бөліседі
























































































Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі



Оқушылар топпен бірігіп берілген тапсырманы орындайды

Дискриптор

жазбалардың тәсілдері мен техникасы, материалдары және құралдарымен танысады.

шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдануды үйренеді.
























































http://www.artvek.ru/dekor.html


Сәндік-қолданбалы өнер

Көркемдік жазба

http://sabaqtar.kz/suret/4430-sndk-oldanbaly-ner-gzhel-ner.html

Сәндік-қолданбалы өнер. Гжель өнері

http://decormaster.kz/st/kazaxskij_ornament.php - ежелгі ою-өрнектің шығу тарихы мен символикасы

ttps://kk.wikipedia.org/wiki/Гжель_керамикасы

Гжель керамикасы

http://fb.ru/article/138795/vidyi-rospisi-hudojestvennaya-rospis-hudojestvennaya-rospis-po-derevu










слайдтан гжель

өнерімен айналысатын суретшілердің, шеберлердің суреттері мен олардың жасаған шығармаларының суреттері көрсетіледі












слайдтан

хохлома

өнерімен айналысатын суретшілердің, шеберлердің суреттері мен олардың жасаған шығармаларының суреттері көрсетіледі



















көк, сары, қызыл карандаштар


тарелка, тақтай, мата, гуашь, акриль бояуы, батик, қылқалам


Бекіту





Кері байланыс


Лазерлі құрсау( обруч) әдісі арқылы кері байланыс аламын.

Лазерлі құрсау арқылы оқушылардың не үйренгенін, нені түсінгенін, не білді соны анықтаймын.



Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады



Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!