Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Көркемдік кестемен бұйымды безендіру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
Е.Бозғұлов атындағы 249
мектеп-лицей
Көркем еңбек №7 |
Мектеп: Е.Бозғұлов атындағы 249 мектеп-лицей |
||||||
Күні: 25.11.2021жыл |
Оқытушының аты-жөні: Сералиева Г.К. |
||||||
Сынып: 5 «Е» |
Қатысушылар саны: 9 |
Қатыспағандар: |
|||||
Бөлім: |
Сәндік қолданбалы өнер |
||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Көркемдік кестемен бұйымды безендіру |
||||||
Сабақтың түрі: |
Аралас сабақ |
||||||
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары |
5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану 5.2.3.3- Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану 5.2.6.1-Материалдар мен құралдарды техника қауіпсіздігін сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау |
||||||
Сабақтың мақсаты: |
Кестенің шығу тарихын білу; Көркем кесте түрлері мен тәсілдерін ұғыну; Кестені матаға кестелеп дайындау; |
||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушы мақсатқа жетті,
егер: -түрлі материалдармен қарапайым бұйымды көркемдеп кестелей білсе; -термин сөздерді меңгерсе; -материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылылығын сезіне; |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Кесте,
кестелеу-Вышивка-Embroidery |
||||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-бірін құрметтеуге, ауызбіршілікке, патриоттыққа тәрбиелеу. |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Музыка, математика, тарих. |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта |
||||||
Сабақтың барысы |
|||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушылардың әрекеті |
Бағалау
|
Ресурстар |
|||
Басталуы |
Ұйымдастыру кезеңі. Интерактивті тақтада кесте туралы видео көрсетіледі. Оқушылар видеоны көріп болған соң мынадай сұрақтар қойылады. 1. Видеодан не көрдік? 2. Кесте дегеніміз не?
3. Кестеде
қандай ерекшелік бар? Сабақтың оқу мақсатын хабарлау Оқу
мақсаты: Кестенің шығу тарихын
білу; Кестені матаға кестелеп дайындау; Жаңа топ құру Оқушыларға гобелен мен ришельенің суретін таңдату арқылы екі топқа бөлу. |
Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар видеоға назар аударады. Оқушылар гобелен мен ришельенің суретін таңдап, ГОБЕЛЕН және РИШЕЛЬЕ болып екі топқа бөлінеді |
3 түсті
алмалар арқылы бағалаймын. |
Оқулық Интерактивті тақта Видео сабақ. Суреттер |
|||
Ортасы |
Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен төсек-орын жабдықтары, қалыңдық пен күйеудің, батырлар мен сауыққойлардың (салдардың) бас киімі, белбеуі, киімнің жең-жағалары мен балақтары әр түрлі жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол жорық, үй-іші мүліктері кесте өрнегімен жиі безендірілетін. Халық салтында мұндай өрнектеудің кейбіреулері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Оның себебі әдемі ұнасымды кесте ою-өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді. Міне осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу деп атайды. өнер қазынасының сарқылмас мұхиты халық «адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем» деп келіп, «кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» деп қорытқан. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері:біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады. Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген зататрға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Инемен тігілетін кестені керіп, инеге сабақталған жіппен алуан түрлі мәнерлеп тігіп кестелейді. Ол үшін кесте салынатын матаға әуелі өрнек түсіріп алады да, сол өрнек ізімен тігеді. Кесте тігетін инелер молтақ, көздері кең болғаны жөн. Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші бір жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отыроады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр. Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады.тесік арасын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өткермелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұдай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар, әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастархандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді. Ал кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою-өрнек, мәнерлі бұдырлар кестеленеді. Мұндай тігу түрін орындағанда әуелі үлгі бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қағаз, картон салынып, кестенің жіптерін, сол зататрды бастыра шалып тігеді. Соның нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне қарай бірнеше түсті жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестені көп жуа беруге болмайды. Оларды көп реттерде шаң сорғышпен, киім шөткесімен тазалайды. Көптеген шеберлер бедердің астына қағаз, картон салмай, маталардың қиықтарын, мақта, жүн сияқтыларды салып тігіп жүр. Оны ыстық суға салып жуса да бүлінбейді. Үлгі бойынша сызылған өрнектің үстіе мәнеріне қарай тізіліп алынған әртүрлі ұсақ маржандар, моншақтар бастырып тігуді маржандап кестелеу деп атайды.
Үш тұғырлық Әшекейлеу, безендіру-Декарирование-Decoration Оқушылар үш тілдегі
сөздіктерді айтады және дәптерлеріне жазып алады. -жұмыстың басы және
аяғында инелер мен түйреуіштерді санап, қорапқа салып қою
керек. Практикалық жұмыс Оқушылар жұмысты орындаған кезде мына талаптарды ұстануы керек -жұмыстың композициялық шешімін табуы -жіптердің түстерін үйлестіре білуі -жақсы безендірілуі -таза,ұқыпты орындалуы |
Оқушылар сабақты тыңдайды. Оқушылар сөздікті барлығы бірге айтады. Оқушылар дәптерге сөздікті жазады. Оқушылар қауіпсіздік ережелерін ұстанады. Оқушылар жұмыс жасау талаптарына назар аударады. Оқушылар өз топтарына берілген жұмысты орындайды. |
|
Интерактивті тақта, оқулық, дәптер, қаламсап.
Кестелеуге қажетті құралдар. |
|||
Сергіту сәті
|
«Тамаша
сурет» |
Оқушылар көздерін жұмып отырып қағазға аққаланың суретін салады. |
|
Ақ қағаз, қалам. |
|||
Аяқталуы |
Бағалау Гобелен тобы мен ришелье тобының жасаған жұмыстарын мадақтау әдісі арқылы бағалаймын. Кері байланыс «Алма ағашы» әдісі. • Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі. • Сары алма – мен тапсырманы толықтырамын, көңіл күйім орташа. • Қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым , көңіл –күйім жоқ.
Үй жұмысы Оқушылар үйден аналарына арнап кестелі орамалды кестелеп түрлі заттармен көркемдеп тігіп келеді. |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |