Материалдар / Көркемөнер негізінде рухани тәрбие берудің маңыздылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көркемөнер негізінде рухани тәрбие берудің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркемөнер негізінде рухани тәрбие берудің маңыздылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2018
451
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркемөнер негізінде рухани тәрбие берудің маңыздылығыҚай кезде болмасын, қай халық болмасын болашақ жастар тәрбиесіне ерекше көніл бөліп келеді. Ұлттың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары сан түрлі. Солардың ең бір ерекше түрі көркемөнер негізінде рухани тәрбие беру. Көркемөнер бейнелеу, ән, әдебиет, тарих, тіл негізінде тәрбие беру – бұл әрбір халықтың өткенін, өсіп-өркендеуін, мәдени деңгейін саралап, ақиқатын бүгінгі және келешек ұрпақ зердесіне ұялатып, таным-түйсігіне жол ашу деген сөз.Көркемөнер – адам баласының заманнан заманға рухани мұра ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Көркемөнер негізінде рухани тәрбие беру – бүгінгі күн үшін, яғни рухани жаңғыру жағдайында ерекше маңызды. Ұлтымыздың мәдениетімізді сақтап, ұлттық құндылықтарымызды келер ұрпаққа жетілдіріп жеткізу – өркениетке ұмтылу жолындағы басты мақсат. Бүгінгі таңдағы рухани жаңғыру, білім салаларындағы өзгерістер соның айғағы. Ұлттық игіліктер мен адамзатты мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, жаңа білім әлеміне ашуға мүмкіндік алуымыз керек. Технологиялық тәсілдер мен ақпарат құралдарын кеңінен қолдану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Халқымыздың сан ғасырлық асыл дәстүрі мен салтын насихаттап қана қоймай, оны мүмкіндігінше қолмен жасатып, суретін салғызып, мәні мен маңызын, шығу тарихын, аталуын, тұрмыстық қолданысын білгізіп, зерттеу жүргізуге бағыттағанда – шығармашылық, қолөнерге, әдет-ғұрыпқа сеніммен қарап, шеберліктің әсемдігін сезіну арқылы қабілеті артқан, ұлттық санасы қалыптасқан ұлтжанды тұлға қалыптасады. Көркемөнер негізінде рухани тәрбие берудің маңыздылығы сол өмірмен байланыстыра отырып, ой белсенділігіне, дербестікке тәрбиелеу. Р.Тагордың: «Адамға әсемдік сезімін дарытпайынша, одан нағыз азамат шығара алмайсың» деген сөзінің мәніне үңілсек, көркемөнердің адам тәрбиелеуде қандай орны бар екенін бағамдай аламыз. Біз «Мәңгілік Ел» болуға ұмтылған шақта, ұлттық құндылықтарымызды әлемге танытар тұста ұлы бабамыз ғалым Ш.Уәлихановтан басталған нағыз кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаған классик суретшілер Ә.Қастеев, Н.Г.Хлудов, О.Таңсықбаевтарды және бұлардан кейінгі буын ұрпақ суретшілері А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, Ү.Әжиев, Х.Наурызбаев, Б.Зәуірбекова, А.Дүзелханов, Д.Қасымов, Қожахмет, Құлахмет Қожықов, М.Қисамединов, Б.Ақанов, Қ.Әжібекұлы, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов, Ғ.Баянов, Р.Ақанаев, Б.Ақанаева, Қ.Телжанов, Е.Төлепбаев, М.Әмірханов сынды қазақтың талантты суретшілері – уақыт көшімен болашаққа керуен тартып келеді. Бейнелеу өнері әлемі өзінің бастау алған кезінен бастап, күні бүгінге дейінгі даму кезеңдерінде әр кезең суретшілерінің еңбектерінің, көркем сурет мұражайларының, халықаралық дәрежеде өткен көрмелердің, кешегі EXPO-2017 көрмесінің, шеберлік сыныптар, шығармашылық кездесулердің т.б шаралардың елімізді әлемге танытып келе жатқандығы ақиқат. Адамзатпен бірге жасасып келе жатқан бірнеше мыңжылдық тарихы бар бұл өнер түрі әлемдік өнердің бір бөлшегі болып көркемдік ерекшеліктермен кең танылған.Олай болса, көркемөнер адамның жан дүниесін байытып, әсемдікке, ізгілікке тәрбиелеудің таптырмас құралы. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар Қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуы тиіс»,- деген Елбасы сөзі әрбір азаматты жігерлендіріп, алға қойған міндеттерді іске асыруға жұмылдырары сөзсіз. Көркемөнерді, суретті, қолөнер бұйымдарын түсіну үшін кез келген адамға ұғым, түсінік беру, (не ағылшынша, не қытайша) тіл білу шарт емес. Бейнелеу өнері тәрізді қолөнер де – қол еңбегі, ол адам баласын еңбекке тәрбиелейді. Қазақ елінің топырағымен таралып, суын ішіп, жоғары дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген, талдау жасаған, бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұханов, Ә.Жәнібеков, К.Бәсенов еңбектері ерекше. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында кеңінен қолданылатын өру, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнер жиынтығын атайды. Бұл дүниеде бәрі де еңбекке тәуелді. Ұлы педагог Макаренконың «Еңбекке баулымайтын тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсіну мүмкін емес, сондықтан тәрбие жұмысында еңбек ең негізгі элементтерінің бірі болуға тиіс,-деген ұлы мақсаттарға жетелейтін сөзін қай кезде де естен шығармаған жөн. Әр адамды кәсіптік тұрғыдан өмір сүруге бейімдеу мақсатында біз білім алып жатқан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Университетінде шығармашылық қызмет ұйымдастырылуда. Бұл қарапайым нәрседен күрделі нәрсеге қарай сатылап, бұйым жасаудан бастап, экономикалық білімді дамытуға, бизнес жоба жасауға ықпал етіп, рухани жаңғыру жолындағы игі бастамаларды қалыптастырады. Бұған дәлел ретінде мынадай жұмыстарды атап айтуға болады. Мен өзім білім алып жатқан университет қабырғасында жүріп, Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы оқытушысы, магистр Хабадашев Нұрдаулет Асқарұлының жетекшілігімен саз балшықтан қазақи және әртүрлі нақышта қыш құмыралар, кәдесыйлар, сазсырнай тағы да басқа түрлі бұйымдар жасап, оларды кептіріп, сүтпен күйдіру процесін үйреніп жатырмын. Жалпы қыш ісі – адамдар мыңдаған жылдар бойы айналысып келген өте көне өнердің түрі. Қыш құюшылардың өнімдері көпқырлы танымалдылығымен ерекшеленеді. Түрлі құмыралар, сазбалшықтан жасалған кәдесыйлар ерекше көрінеді. Қыш ісімен айналысатын шеберлер бүгінгі күні көп емес, алайда өнімге деген сұраныс жыл сайын артуда. Мен осы құмыраларды жасау кезінде бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған жәдігерлер туралы ойға қалдым. Құмыра жасауда ең басты құрал – қышшы шеңбері. Оның пайда болғанына 7 мың жылдай уақыт болған. Бір қызығы сол уақыттан бері оны қолдану әдісі еш өзгермеген. Қазір де жетілген түрі – электрленген қышшы шеңбері қолданысқа енген. Әр ғасырдың ұлы шеберлері осы күнге дейін мақтаныш ететін қайталанбас туындылар қалдырып кеткен. Біздің оқу элементтеріміз, материалдық мазмұнға, оқушылардың қызығушылығына басқа факторларға байланысты әр түрлі көрініс тауып келеді. Адам үшін ең ғажап, ең қымбат нәрсе өмір, ал өмір сүруге бейімдейтін ерекше пән технология екендігі ақиқат. Қай кезде де «Адам атаулы ісіне қарап бағаланады» Сонымен бірге, мен бұны рухани жаңғыру жолындағы алғашқы қадам деп есептеймін. Бұндай істер әсемдік, өнердің бір бөлшегі болып, өркениетте лайықты орын алады деп білемін. Көркемөнер негізінде рухани тәрбие берудің ерекше мәнге ие екені ақиқат.Ұлттық өнер мен заманауи білімді қалыптастыра алсақ рухани жаңғыру жолындағы қадамымыз нық болатынына сенемін.

























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!