Материалдар / «Коррекциялық кабинет аясындағы психолог маманының аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының ерекшеліктері».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Коррекциялық кабинет аясындағы психолог маманының аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының ерекшеліктері».

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада аутизмнің туралы жазылған. Бұл мақала жас психолог, дефектолог мамандары және ата-ана үшін маңызды мәлімет болып табылады. Бұл мақалада осы ауытқушылықтың алдын – алу немесе ерте жастан түзету көмегін көрсету жұмыстары көрсетілген. Мақалада аутизмі бар балалармен жүргілілетін жұмыстың кезеңдері көрсетілген. Аутизм - бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Аутист бала – ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады, яғни ешкіммен қатынаспайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2022
624
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Коррекциялық кабинет аясындағы психолог маманының аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының ерекшеліктері».


М.Б. Жантелинова - жоғарғы дәрежелі педагог-психолог.

1 «Психолого-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ Талдықорған қаласы


Резюме: Мақалада аутизмі бар балалардың ерекшелігі және түзету жұмыстары мен жұмыс кезеңдері қарастырылған. Мақалада аутист балалармен жүргізілетін ойын түрлері берілген.

Аңдатпа: Бұл мақалада аутизмнің туралы жазылған. Бұл мақала жас психолог, дефектолог мамандары және ата-ана үшін маңызды мәлімет болып табылады. Бұл мақалада осы ауытқушылықтың алдын – алу немесе ерте жастан түзету көмегін көрсету жұмыстары көрсетілген. Мақалада аутизмі бар балалармен жүргілілетін жұмыстың кезеңдері көрсетілген.

Аутизм - бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы деп атайды. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса, оны – аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездесетін көрініс.

Тұқымқуалаушылық хромосамалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасының жүкті және туу кезінде алған жарақаттары, нейроинфекциялар, т.б. барлығының да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.

Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздерді, сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен, анасымен байланысты симбиотикалық (эмоционалды емес), сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ .

Аутист бала – ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады, яғни ешкіммен қатынаспайды.

Осындай ерте балалық аутизмі бар балалармен Талдықорған қаласының №1 «Психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті» КММ-нің психологы жұмыс істеуде.

Мен өз тәжірибемнен ерте балалық аутизмі бар баламен сабақ барысында жүргізілетін түзету жұмыстарының төрт кезеңін ұсынамын:

І-кезең. Қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамыту.

1. Көздері арқылы қарым-қатынас орнату үшін жүргізілетін іс-шаралар.

1.1. Атын атап шақырғанда - балаға қарама-қарсы отырып, атын атап шақырып, сонымен қатар сізге назарын аударуға тырысыңыз (көздерімен, қимылмен) стимуляторды көздерінің жанына әкеліп қойыңыз. Бала сізге қарағаннан кейін 1 секунд арасында сол затты балаға беріңіз.

1.2. 5 секунд бойы суреттелген әрекетті қайталаңыз, бірақ 5 секундтан артық стимуляторды ұстамаңыз.

1.3. Ойын кезінде – балаға ойыншықты беріңіз, столда ойнасын, қарама-қарсы отырып атын атаңыз. Өзіңізге қаратуға шақырыңыз. Бірте-бірте назарын аудару үшін қимылдарыңызды білдіртпеуге тырысу қажет.

2. Негізгі іс-қимылдарды имитациялау.

Балаға қарама-қарсы отырып назарын аударыңыз. «Мынаны істе» - деген нұсқаны беріп іс-қимылды көрсетіңіз. Балаға көмек көрсетіп, бірте-бірте көмекті азайту керек.

2.1. Столды тоқылдат 2.4. Қолыңды көтер

2.2. Алақаныңды соқ 2.5. Есікті тоқылдат

2.3. Қолыңды бұлға 2.6. Амандасып қолын ал \

3. Заттармен іс-қимылдарды имитациялау.

«Мынаны істе» деген нұсқамен бірге іс-қимылды орындай отырып балаға қимылды қайталатып, келе-келе көмекті азайту керек.

3.1. Кубикті шелекке сал 3.4. Аузыңды сүрт

3.2. Көлікті қозға 3.5. Ойыншықты сылдырлат

3.3. Сурет сал 3.6. Бас киіміңді ки

3.7. Ермексазды ал

4.1. Баламен тактильді, актуальді түрде жақындасып, жылы эмоционалды қатынас орнату.

4.2. Дыбыстарды іс-қимылдарды қайталауға дағдыландыру

4.3. Әртүрлі ойыншықтарды қолдану арқылы еліктету

4.4. Дыбыстарға еліктеу. (аф, мяу, му, иго-го, кукареку т.б.)

ІІ-кезең: Танымдылық қабілетін дамыту.

1. Сөздерді нұсқауларды ұғынуға үйрету.

Балаға қарама-қарсы отырып, зейінін тоқтатып «Мынаны істе» нұсқасымен бірге қимылды орындап балаға көмек көрсету керек.

1.1. Тұр 1.4. Қолыңды көтер

1.2. Отыр 1.5. Есікті аш

1.3 Мында кел 1.6. Қолыңды бер

2. Дене мүшелерін үйрету.

Балаға қарама-қарсы отырып «көрсет» (ұста) нұсқауларын бере отырып, керек мүшені іздеп табуға көмек көрсету қажет.

2.1. Дене мүшелерін атау.

Өз дене мүшеңізді ұстап көрсетіп, бұл не? деп сұраңыз.

2.2. Бұл не? Көрсет. 2.3. Аяқ

2.4. Мұрын 2.5. Іш

2.6. Көз 2.7. Қол

3. Түстерді сәйкестендіру.

Баланың алдына түрлі-түсті доптар қойып, «көрсет» деген нұсқасымен бірге бұл қандай түс деп сұраймыз, түсті атаймыз.

3 «Көрсет» не, «Бұл қандай түс?»

3.1. Көк 3.3 Қызыл

3.2. Сары 3.4 Жасыл

ІІІ-кезең. Суреттер бағдарламасы.

1.Суреттерді баланың алдына тізіп, «Көрсет» деген нұсқа бойынша «Бұл не?» сұрағын қойып, бірдей суреттерді таңдауға дағдыландырыңыз.

1.1 Анаңды көрсет1.2 Атаңды көрсет

1.3 Итті көрсет1.4Алманы көрсет

2. Танымал адамдарды көрсету.

Танитын адамдардың суреттерін көрсетіп «Мына адамдарды көрсет» нұсқасымен, жауаптарын белгілеу арқылы орындалады.

Егер бөлмеде танитын адам болса, балаға «Мына адамға бар» деп көмек арқылы қимылға әрекеттеу.

2.1. Анаңа бар, не анаңды көрсет

2.2. Әжеңді көрсет

2.3. Баланы тап

ІV-кезең Өзін-өзі және айналасындағы адамдарды қабылдау қабілетін дамыту.

1. Өзінің атына көңіл бөлу қабілетін қалыптастыру

2. Қоршаған ортадан жақындарын танып білуге үйрету..

3. Тұрып орындалатын қимылдарды имитациялау арқылы:

Балаға қарама-қарсы тұрып «Мынаны істе» деген нұсқамен бірге қимылды көрсету, қайталату керек.

3.1. Секіру.

3.2. Қолын алдыға қою.

3.3. Еденге отыру.

3.4 Аяғын көтеру.

4. Қимылмен бірге дыбыстау имитациялары; Столға бірыңғай заттарды қоямыз. «Осылай жаса» нұсқасымен бірге қимылды көрсете отырып дыбыстау қажет (көлікті итеріп мотордың дыбысын көрсету)

4.1. Қуыршақты ал, қуанышты дыбыс(күлкі)

4.2. Балғамен соқ: «бум, бум, бум».

4.3. Телефон тұтқасын ал, құлағына әкеліп «алло» де.

Жоғарыда аталған төрт этапты жұмыс бір кезеңде жүзеге асырылады. Бір кезеңдік оқыту үш айға созылады. Аталған төрт этап бойынша жүргізілген жұмыстарымның нәтижелерімен сіздермен бөліскім келеді.

Осы аралықта аталған этаптар бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде баламен маман арасында қарым-қатынас орнатылды. Бала сабаққа келгенде кабинетке өз еркімен кіріп, кабинеттегі ойыншықтарға, дидактикалық құжаттарға назар аударып, үстел басына отырып маман ұсынған тапсырмаларға көңіл аудара бастады.

«Қуаласпақ», «Доп тебу» ойындары арқылы баламен тактильді, актуальді түрде жақындасып, жылы эмоционалды қатынас орнатылды. Бала маманның жеңіл ұсыныстарын, нұсқауларын орындай бастады (ал, бер, отыр, аш, жап, көтер, итер, кел, қой, лақтыр, көрсет). Мысалы: алманы бер, допты лақтыр, есікті аш, машинаны итер,т.б. Қоршаған ортада бала өз жақындарын танып біле бастады. Фото сурет арқылы бала өз мамасын, папасын, апа, атасын саусағымен көрсете біледі. Сонымен қатар, бала ойыншықтарды (доп, машина), үй жануарларының (ит,мысық, сиыр, ат) мүсіндерін суреттерімен сәйкестендіріп қойып, олардың дыбыстарын дыбыстауға тырысады (аф-аф, мяу-мяу, му-му)[1].

Бала сабаққа келгенде, сабақтан қайтқанда маманмен қол алысып амандасып қоштасуды үйренді. Негізгі түстерді ажырата бастады, түрлі-түсті доптарды түсі бойынша алып, тиісті ұяларына салады. Іс-қимылдарды имитациялау арқылы бала алақанын соғуды, қолын көтеруді, үстелді тоқылдатуды, сылдырмақ сылдырлатуды, телефон тұтқасын алып, оны құлағына әкелуге және секіруге үйренді. Әр түрлі жаттығулар арқылы бала өз дене мүшелерін танып, көрсете біледі[3].

Аутист баланы кезең бойынша оқыту қажет, ата-ана балаға әр іс-қимылды бөлшектерге бөле отырып, бәрін көрсетіп, жүз рет қайталап, осы жұмысты апталап, айлап жүргізе отырып қана жоғарыда айтылған нәтижелерге жетеміз.

Балаңыздың әйтеуір бір күні сіздің еңбегіңізді ақтап, өз бетімен бір әрекет жасайтыны күмәнсіз. Балаңызды міндетті түрде мақтаңыз, тіпті ол үшін себеп болмаса да, оларды сыйлаңыз, олардың сезімдерін сыйлаңыз, баланы ол қандай болса да тура сол қалпында қабылдаңыз, оларды мынау қиын заманда қорғай біліңіз. Баланы оның қылығы үшін жазаламаңыз, олар әлі кішкентай ғой, оларға қамқорлық, мейірім және ата-ананың махаббаты қажет. Өзіңіздің жаман көңіл-күйіңізді көрсетпеуге тырысыңыз, ашуыңызды қорғансыз балалардан алмаңыз, өз өзіңізді ұстаңыз, әрине бұл қиын болғанымен өте маңызды, сонда ғана баладан нәтиже көре аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Нуриева Л.Г. Развитие речи у аутичных детей // Методическая разработка.

2.Никольская О.С., Баенская Е.Р., Либлинг М.М. Аутичный ребенок. Пути помощи. – М.: Теревинф, 2005.

3. Никольская О.С. Проблемы обучения аутичных детей.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!