Материалдар / Коррекциялық ойын-сабағы "Жүрек жылуы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коррекциялық ойын-сабағы "Жүрек жылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік педагогтерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
756
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жүрек жылуы» (коррекциялық ойын-сабақ)

Ойынның мақсаты: сыныптағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық ерекшеліктерді дамыту, топтағы өзара эмоционалдық күйді диагностикалау ерекшелігі және жағымды күйді қалыптастыру.

Түрі: коррекциялық ойын-сабақ
Қолданатын материалдар: Плакатқа салынған жүрек суреті, бөліктерге бөлінген жүрек суреті, әр түрлі тапсырмалар жазылған тартпалар, сыныпқа арналған хат.

Сабақтың барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Шаттық шеңбері.
Мұғалім балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:
— Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Қараңдаршы, біздің шаттық шеңберіміз қандай керемет! Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар (шеңбер бойымен алдын ала дайындалған айналар қойылған).
— Әрқайсыларың өз айналарыңды алып, артына қарасаңдар, бір құпия табасыңдар.
Егер күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз, алақан бейнеленсе қолымызды қысып амандасайық, күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесейік, жүрек бейнеленсе – құшақтасайық.

Сыныпты екі топқа бөлу: «Мозайка» әдісімен. Суреттерді бөліктерге бөлу, балаларға суырту, құрастырту. (Журек. Күн.) Құрастырылған суреттерге қарап, өз ойымызды айтайық.

Мұғалім: Балалар, ойын-сабағымызды бастамас бұрын, маған жаңа алыс жақтан бір хат келді. Қане, сол хатта не жазылған, соны бәріміз оқып көрейікші.
Оқушылар хатты оқиды: «Сіздердің класс жетекшілеріңізді қатыгез сиқыршы сиқырлапты. Сынып жетекшілеріңе көмектесу үшін менің тапсырмаларымды орындауларың қажет. Егер сіздер барлық тапсырмаларды жақсы орындай алсаңыздар, онда сынып жетекшілерің орталарыңа қайтып келеді.»
Мұғалім: Иә, ол сендердің класс жетекшілерің. Оны қатыгез сиқыршы сиқырлапты. Балалар сендер қатыгез сиқыршының қалай сиқырлайтынын білесіңдер ме? (оқушылардың жауабы тыңдалады)
Мұғалім: Ал, енді қараңдаршы, сынып жетекшілеріңнің жүрегі мұз тәрізді қатып қалыпты. Қалай ойлайсыңдар, жүректің мұздай болғаны дұрыс па? Сендер жүрегі мұз болған адамның жүрегін көрсетіңдерші.
Ал, енді сынып жетекшілеріңді құтқару үшін мына тапсырмаларды орындауларың қажет.

1-тапсырма «Жылы жүрек»
Балалар, әрбір адам мейірімді де, инабатты болуы керек. Олай болса, бір-бірімізге жылы жүрек сыйлайық. Мысалы, жұмсақ ойыншықты беру арқылы қасыңдағы оқушыға жылы бір сөз айтып беру. (Ақерке сен әдемісің, Мұрат сен – ақылдысың).
Тамаша, сынып жетекшілеріңнің жүрегіне не болғанын қараңдаршы? (Осы жерде жүректің бір бөлігі ілінеді.) бұл тапсырманы орындадыңыздар, енді келесі тапсырмаға көшейік.

2-тапсырма «Мені түсін» деп аталады.
Оқушылар мен қазір әрқайсыңызға бір суреттен беремін. Сол суретті бейнені сөйлемей, іс-қимылмен көрсетіп бересіздер. Мысалы, ренжіп тұрған адам, қуанып тұрған адам, қарны ашып тұрған адамның т.б. осы тапсырманы орындағаннан кейін, тағы да жүректің бір бөлігі ілінеді.
Осыдан кейін бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасаймыз.

Сергіту сәті «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», — десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.

3- тапсырма «Ертегі айтып берші»
І-топ: «Баяғы заманда екі дос болыпты…»

ІІ-топ: «Ерте, ерте ертеде екен, ешкі жүні келте екен, бір ата немересін мектепке әкеліпті» деген мәтіндер беріледі. Сол мәтінді әрі қарай екі топ өрбітіп жалғастырулары керек.
Тапсырманы орындағаннан кейін жүректің тағы бір бөлігі ілінеді.

4-тапсырма «Сиқырлы сөздер»
Енді ең соңғы тапсырма қалды, соны орындауларыңыз қажет. Оқушыларға қағазға өлең шумағы жазылған сөздер қиылған түрде беріледі. Сол сөздерді құрастырса, сиқырдың күшін жоятын өлең шумағы шығады. Әр сөздің арты нөмірленген, сол бойынша сөздерді құрастыруларың қерек.
І-топ: Бүгін біз көп еңбектендік
Қиындықты достықпен жеңдік
ІІ-топ: Бірге күресу күш екен
Керемет деген осы екен
Енді жүректің ең соңғы бөлігі ілінеді. Осы кезде мұғалімнің жүрегі жылып, оқушыларға өзінің жақсы көретіндігін көрсетіп, жақсы тілектерін айтады.

Талдау: Рефлексия: Балалардың пікірлерімен бөлісу.

Оқушылар  сабақ соңында өздерінің жүрек түпкірінен шыққан сезімдерін, ұстазына деген ризашылықтарын білдіреді.
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:

-
Сіздің қайрымды  жүрегіңізге рақмет!
- Сіздің мейрімді жүрегіңізге рақмет!
- Сіздің жылы жүрегіңізге рақмет!
- Сіздің жүрегіңіздің адамдарды жақсы көретініне рақмет!
- Сіздің жүрегіңіздің  қуана білетініне рақмет!
- Сіздің жүрегіңіздің жанашырлығына рақмет!

Мұғалім: - Сонымен, балалар, бүгінгі сабақта біз нені істей алдық, неге үйрендік?

Жүректен жүрекке. Балалар, шеңбер бойына жиналып, төмендегі өлең жолдарын бәріміз қосылып айтып, бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлап, амандық тілеп қоштасайық.
Ендеше, менен кейін мына сөздерді қайталаңыздар.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік





























Шөптікөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешені КММ






Коррекциялық ойын-сабақ


DrawObject1





























Өткізген: Әлеуметтік педагог Кадырова А.Ж





2020 – 2021 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!