Материалдар / «Көшбасшы биолог» интеллектуалды ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Көшбасшы биолог» интеллектуалды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
«Көшбасшы биолог» интеллектуалды ойынның жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2024
291
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Көшбасшы биолог» интеллектуалды ойын
Мақсаты:
Білімділік. Қызықты мәліметтер арқылы оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жүйелеп, өз бетінше тұжырымдауға дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелілік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты, сауатты жеткізуге жаттығу, оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жануарлардың суреті.

Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Биологияға қызығушылар
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар!

Алдарыңызда тапқырлықты сынға салатын «Көшбасшы биолог» интеллектуалды ойыны!

Бірқатар мамандардың пікірінше оқымысты болу үшін көп оқу тіпті де қажет емес көрінеді, ең бастысы оқыған әрбір кітабыңнан пайдаға жарайтындай білім ала алсаң болғаны дейді. Бүгінгі сайыскерлеріміз дәл сондай оқыған, көңілдеріне тоқыған оқушылар деп ойлаймыз ендеше оны ойын көрсетсін. Қош келдіңіздер!

І – «Білгірлер» тобы 7 «А» сыныбы
ІІ – «Тапқырлар» тобы 7 «Б» сыныбы
ІІІ – «Ойшылдар» тобы 7 «В» сыныбы

Қошеметтеріңіз!

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1.

2.

3.


Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп,
Ойын шарттарымен таныс болыңыздар! Интеллектуалды ойынымыз 5 кезеңнен тұрады:
1 кезең: «1001 мақал»

2 кезең: « Танисың ба?»

3 кезең: «Кім жылдам»

4. кезең: «Қызықты мәлімет»

5. кезең: «Ойлан, тап!»



Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды – деп бүгінгі қатысушыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық!

1 кезең: «1001 мақал». Ойыншылар экрандағы суретке қарап, мақал құрастыру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Ойынды бірінші топ бастайды. Ол топ таба алмаған немесе қателескен жағдайда басқа топ жауап беруге болады. Қай топ бірінші көтереді сол топ жауап береді.

1 топ:

2 топ:

3 топ:

Жақсы! Қошеметтеп қояйық!


2-кезең:

Әрдайым тың тақырыпты зерттеп, жаңа іспен шұғылдану адамның ой-өрісін кеңейтіп, мидың жұмысын жақсартады екен, ендеше «көшбасшы биолог» ойыны бақ сынайтын қатысушыларға да, ойынды тамашалайтын көрермендерге де пайдалы деген үміттеміз!

Ендеше келесі кезеңді бастайық! Бұл кезең «Танисың ба?» деп аталады.

Бір ойыншы ортаға шығып экранға теріс қарап тұру керек. Ал қалған екі ойыншы суреттегі бейнеге қарап мағлұмат айтады. Егер теріс қарап тұрған ойыншы суреттегі бейнені дұрыс тапса 2 ұпай беріледі. Әр топқа 8 суреттен жасырылады.

1 топ: бастайды. Топтан бір ойыншы ортаға шықсын.

2 топ:

3 топ:

Жақсы! Қошеметтеп қояйық!


3 кезең:

Ғалымдардың анықтауынша ойдың ұшқырлығына дене жаттығулары да әсер етеді. Кез келген қозғалыс ағзадағы қанайналымды жақсартып, ми жасушаларын оттегімен байытады екен. Ал бүгінгі ойыншыларымыз да әрдайым сергек жүретін жандар деп ойлаймын! Ендеше келесі «Кім жылдам !» кезеңін бастаймыз. Әр топқа сұрақтар оқылады. 1мин ішінде жылдам әрі дұрыс жауап беру керек! Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.


4 кезең: «Қызықты мәлімет» деп аталады. Мен сіздерге қызықты мәлімет оқимын, сол мәлімет бойынша экранда берілген 3 суреттен бір дұрыс жауапты табу керек! топ таба алмаған немесе қателескен жағдайда басқа топ жауап беруге болады. Қай топ бірінші көтереді сол топ жауап береді.

Жақсы! Қошеметтеп қояйық!


5 кезең: «Ойлан, тап!» Тақтада берілген әріптерден көбрек құс, аң, және өсімдік аттарын құрастырыңыздар! Әр дұрыс сөзге 1 ұпайдан беріледі. Сіздерге 3 мин уақыт беріледі. Бастаймыз!

Уакыт аяқталды; қаламымызды қоямыз! 1 топ оқиды!

2 топ оқиды!

3 топ оқиды!

Осы кезеңнің қорытындысын жасасақ, 1ші топта

Жақсы! Қошеметтеп қояйық!


Әділ қазыларымыздың қорытындысы дайын болғанша көрермен сіздермен «1001 жұмбақ » ойынын ойнайық. Мен сіздерге жануарлар туралы жұмбақ жасырамын; кол көтеріп жауап береміз!



Сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.


Сонымен бүгінгі «Көшбасшы биолог» интеллектуалды ойынымыз өз мәресіне жетті Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер!Қош сау болыңыздар!





























Көрермендермен ойын

Жануарлар туралы жұмбақтар


 
Апан-апан,
 
Ескі шапан.
 
Иір қобыз,
 
Жарық жұлдыз. (Түйе)
 

Кішкентай ғана бойы бар,
 
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
 

Асты тас,
 
Үсті тас,
 
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)
 

Кезікті бір жануар,
 
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
 

Тастамайды бір елі,
 
Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)
 

Тікірейіп құлағы
 
Менен бұрын тұрады.
 
Бойын жазып керіліп,
 
Беті-қолын жуады. (Мысық)
 

Еркін самғап ұшсын деп,
 
Мәпелейміз,баптаймыз.
 
Бейбітшілік құсы,- деп,
 
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)
 

Қанаты бар ұшпайды,
 
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)
 

Күндіз соқыр не деген?
 
Түнде қалай көреген? (Үкі)
 

Білесін мекен даласын,
 
Бірден тауып аласың,
 
Салыр алып дорбаға,
 
Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)
 

Жер бетінде жатқан арқан,
 
Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)
 

Қара арғымақ мінгенім,
 
Қыр айнала жүргенім.
 
Сегіз найза сенгенім,
 
Он екі қылыш ілгенім. (Бүркіт)
 

Өзі ширақ, өзі қу,
 
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
 

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
 
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)
 

Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
 
Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ. (Есек)
 

Белестен шапқан бесті ат,
 
Бүкір келген желісті ат.
 
Бейғам елде іздейді,
 
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)
 

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
 
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)
 

Орманда жоғары
 
Ғашқа қонады.
 
Тұмсығын балға етіп,
 
Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)
 

Орманда сайрайды,
 
Сайраудан талмайды (Бұлбұл)
 

Бір топ жынғыл ішінде,
 
Бір жапырақ қызыл гүл. (қырғауыл)
 

Ай астында ақ мамық
 
Жатыр суды жастанып (Аққу)
 

Таусылама, қарандар, 
Табиғаттын қызығы? 
Суық жақтағы жануар – 
Бұтақ-бұтақ мүйізі. (Бұғы) 



Туа сала мұрт өсірген мырза, 
Пеш түбінде жатқанына ырза. (Мысық) 

Үстінен тоны түспеген, 
Сонда да араз қыспенен. (Аю) 

Санай алмай шаршадым – 
Найзасы бар қанша мың. 
Батыр емес бірақ та, 
Қашып жүрер жыраққа. (Кірпі) 

Бітімі, тұрқы – 
Аумаған жылқы. 
Мәйкесі жолақ – 
Айыбы сол-ақ. (Зебра) 

Басында көп-ақ бұтағы, 
Адамды көрсе зытады. (Бұғы) 

Тастай қатты бұл шапан, 
Қалай жуып жұмсартам? (Тасбақаның сауыты) 

Тұмсығы дөңгелек, 
Денесі он бөлек. (Шошқа) 

Жұмыр тасты төрт аяқ 
Көтеріп тұр, көп таяп. (Тасбақа) 

Доп пішіндес тасты 
Бауырына басты (Жұмыртқа басқан құс) 






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!