Қарашатау орта мектебі
«Кімде – кім ана
тілін жақсы білсе,
сол жақсы физик те
бола алады»
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
(зияткерлік ойыны)
(10 сыныптар үшін)
Өткізген:
Мамырова К.
Құмқұдық селосы
2008/2009 оқу жылы
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін тиянақтау.
Сабақ міндеттері: 1. Оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу
қабілетін ойын арқылы жетілдіру;
2. Пәнге қызығушылығын арттыра отырып, еске сақтау, жаңғырту,
дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын дамыту;
3. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа, төзімділікке, тапқырлыққа,
ұйымшылдыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ойын сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, проблеманы іздеу, ізденушілік.
Пәнаралық
байланыс: Математика, информатика, қазақ тілі, орыс тілі,
ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Кім жылдам.
-
Тіл - өнер.
-
Ғажайып үштік.
-
Егер мен болсам.
-
Бәйге.
-
Қорытынды.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгін физика пәні бойынша «ХХІ ғасыр
көшбасшысы» атты кешімізге қош келдіңіздер! Бұл сайысқа физика
пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ.
Шақырамыз келіңіздер
жарысуға
Күш, өнер, біліммен
сынасуға
Бар өнерді салайық
ортамызға.
Қанеки, кім шығады
сайысуға.
І бөлім.
Келесі сайыс түрі: «Кім
жылдам?» Ойын шарттары түсіндіріледі.
Сұрақтар:
-
Зат неден тұрады?
(молекуладан)
-
Қысымның өлшем бірлігі
(Паскаль)
-
Алғашқы конденсатор қалай
аталған (лейден)
-
Плутонның серігі
(харон)
-
Жарық жылдамдығын алғаш рет
өлшеген кім? (дат ғалымы Ремер, 1676 жылы)
-
Қай планетаның сақинасы
бар?
-
Спектр құблысын ашқан кім
(Ньютон)
-
Трансформаторды алғаш ойлап
шығарған кім (Яблочков)
-
Қозғалысқа қарама-қарсы
бағытталған күш қалай талады? (Үйкеліс күші)
-
Зат өте ұсақ бөлшектерден
құралғандығын болжаған кім? (Демокрит)
-
Элементар зарядтың мәні
неге тең? (е═1,6 · 10 Кл)
-
Диффузия құбылысы қандай
күйде тез өтеді? (газда)
-
Будың сұйыққа айналу
құбылысын қалай атайды? (конденсация)
-
Сүт қанша градуста
қайнайды? (100ºС)
-
Бір центнерде қанша кг.
бар? (100кг)
ІІ бөлім
«Өзге тілдің бәрін біл, өз
тіліңді құрметте» - демекші, «Тіл - өнер» бөлімі бойынша берілген
жұмбақтардың шешуі айтылып, оның орысша, ағылшынша аудармалары
айтылуы керек.
1.Жұрттың бәрі соны
сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
(күн, солнце, sonne)
2.Бар ма, жоқ па оны анық
білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп
жүрмейсің. (ауа, воздух, air)
3.Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от,
огонь, fier)
4.Жоқ өзінде бас та, қас
та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында
(сызғыш, линейка, ruler)
5.Өмірдің бұл шырағы
Әрі жүйрік көреген. (көз,
галаза, eyes)
6.Алты қырлы, алты сырлы.
(қарындаш, карандаш, pensl)
7.Ел құлағы нешеу? (елу,
пятьдесят, fivty)
ІІІ бөлім. «Ғажайып
үштік»
Айыра біл жақсы менен
жаманды
Айыра біл қарындаш пен
қаламды
Айыра біл соқпағында
өмірдің
Айыры біл тапсырмаңды
алдағы – деп, төмендегі кесте ішінде ұпай көрсетілген сандар бар
оның астында сұрақтар берілген, оны бір оқушы таңдап, сұраққа жауап
береді.
20 ұпайлық
сұрақтар:
1. «Люминесценция» латын
сөзінен аударғанда қандай мағнаны білдіреді? (Жарқырау)
2. Ядро неден тұрады?
(протон, нейтрон)
3. Ядроны айналып
қозғалатын қандай бөлшек? (электрон)
30 ұпайлық
сұрақтар:
1. Еркін түсу деп - ?
(дененің тек бір ғана күштің – ауырлық күшінің әрекетінен болатын
қозғалысын айтады.)
2. Айналмалы қозғалым үшін
Ньютонның екінші заңы? (ε═М/j Айналмалы
қозғалыстағы
дененің бұрыштың үдеуі денеге түсірілген күштердің қорытқы
моментіне тура пропорционал, ал дененің инерция моментіне кері
пропорционал болады.)
3. Менделеев – Клайперон
теңдеуі? (pV ═ m/M RT)
40 ұпайлық
сұрақтар:
(Мақал – мәтелдерді
физикалық тақырыптарға, құбылыстарға сәйкес келетінін табуға
тиіссіздер).
-
Тонның жылуы терісінен
емес, жүнінен, астарлы шапан тоңдырмас, көсеу ұзын болса, қол
күймейді (Жылу өткізгіштік)
-
Отты үрлеген жағады,
теректің жануында мін жоқ, бірақ жануында мән бар, азықсыз адам,
алысқа бармайды (Отын энергиясы, энергияның сақталу заңы).
-
Тау мен тасты су бұзады, ,
адамзатты сөз бұзады, Отқа салса темір де балқиды.
(Заттың агрегаттық күйлері)
ІҮ бөлім. «Егер мен
болсам...»
Үстел үстінде тас, жіп,
стаканда су тұр. Ежелгі грек ғалымы Архимед өзінің заңын былай
ашқын деп түсіндіреді. Түсіндіру кезінде қазылар алқасы оларға
шешіміне сай баға береді.
Ү бөлім. «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге
еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім
беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар шығарар
Бәге, бәйге, бәйгені бір
көріңіз.
Берілген 10 сұраққа жауап
беру шапшаңдығына сәйкес 10 ұпай беріледі.
1. Дененің массасы неғұрлым
көп болса, оны қыздыруға кететін жылу мөлшері соғұрлым... (көп
болады)
2. Энергияның газдың немесе
сұйықтың ағыны арқылы тасымалдануы... (конвекция)
3. Ішкі энергияны өткізудің
тәсілдері.... (жұмыс істеу, жылу берілу)
4. Денелердің қозғалыс
энергиясы? (кинетикалық)
5. Массаны өлшейтін құралы?
(таразы)
6. Зарядттың өлшем
бірілігі? (Кулон)
7. Көлемін ғана емес,
пішінін де сақтайтын дене? (қатты)
8. Кинетикалық энергияның
формуласы? (Е═mv²/2)
9. Оттегі Менделеев таблицасында нешінші орында тұр?
(8)
10. Авагадро қай елдің
ғалымы? (Италия)
11. Атомның моделін құрған
кім? (Резерфорд)
12. Ом заңы? (I═U/R)
13. Судың тығыздығы
(1000кг/м³)
14. «Уақыт және кеңістік»
туралы жаңа ілімге сәйкес постулатты тағайындаған кім?
(Эйнштейн)
15. Қуаттың өлшем бірлігі?
(Ватт)
Қорытынды.
Физика!
Ғылымдардың нақтысы,
Жалқаулықты сүймейтін,
Оңайлықпен имейтін,
Көп оқымасаң миыңа
кірмейтін,
Жалпылауды білмейтін
Пәннің қиын да жақсысы -
деп, бүгінгі зияткерлік ойынымызды аяқтаймыз.
20 ұпайлық
сұрақтар:
1. «Люминесценция» латын
сөзінен аударғанда қандай мағнаны білдіреді? (Жарқырау)
2. Ядро неден тұрады?
(протон, нейтрон)
3. Ядроны айналып
қозғалатын қандай бөлшек? (электрон)
30 ұпайлық
сұрақтар:
1. Еркін түсу деп - ?
(дененің тек бір ғана күштің – ауырлық күшінің әрекетінен болатын
қозғалысын айтады.)
2. Айналмалы қозғалым үшін
Ньютонның екінші заңы? (ε═М/j Айналмалы
қозғалыстағы
дененің бұрыштың үдеуі денеге түсірілген күштердің қорытқы
моментіне тура пропорционал, ал дененің инерция моментіне кері
пропорционал болады.)
3. Менделеев – Клайперон
теңдеуі? (pV ═ m/M RT)
40 ұпайлық
сұрақтар:
1
Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен, астарлы шапан тоңдырмас,
көсеу ұзын болса, қол күймейді (Жылу өткізгіштік)
-
Отты үрлеген жағады,
теректің жануында мін жоқ, бірақ жануында мән бар, азықсыз адам,
алысқа бармайды (Отын энергиясы, энергияның сақталу заңы).
3.Тау
мен тасты су бұзады, , адамзатты сөз бұзады, Отқа салса темір де
балқиды.
(Заттың агрегаттық күйлері)