Материалдар / "Көсбасшы" тақырыбындағы сыныптан іс - шара.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көсбасшы" тақырыбындағы сыныптан іс - шара.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан -жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
726
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

32 жалпы орта мектебінің

жас маманы С.Қалдарбекованың

9 – сынып оқушыларымен

өткізетін «Көшбасшы»

тақырыбындағы сыныптан

тыс іс – шарасының


ЖОСПАРЫ:


Тақырыбы: «Көшбасшы» 

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан -жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын-сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсені тақта


Барысы:

1. Мұғалімнің сөзі:

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда - дегендей, бүгінгі зиякерлік ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Яғни, бүгін біз 9 сыныптар үш топқа бөлініп «Кқшбасшы» төс белгісін алу үшін бақтарын сынайды. Олай болса, сайысымызды бастайық.



«Көшбасшы» зияткерлік сайысымыздың өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:
Ойын 5 айналымнан тұрады.

1. Бірінші айналым: «Тездет, бірақ қателеспе!»

2. Екінші айналым: « Полиглот»

3. Үшінші айналым: « Ойлы болсаң, озып көр»

4. Төртінші айналым: « Кім жылдам?» ойыны

5.Бесінші айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Ең соңында сайысымызды қорытындылаймыз.

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады.

Ойынға 3 топ қатысады. Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады. Ендеше сайысқа түсер үш топпен танысайық.
а) Топтармен танысу: ортаға бүгінгі сайыскерлерді «Білімділер», «Ойшылдар» және «Болашақ» топтарын шақырайық.


I - « Білімділер» тобы.

Біздің тобымыздың ұраны: « Білімдіге- дүние жарық, білімсіздің күні- кәріп»


II - «Ойшылдар» тобы.

Біздің тобымыздың ұраны: « Оқу- білім бұлағы, білім -өмір шырағы»


III - « Болашақ» тобы.

Біздің тобымыздың ұраны: « Болашақтың ұл -қызымыз,көркейтеміз елді біз».

Мұғалім: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Сайыстан тыс қалмаңыздар.

Мұнда қызық табылар

Білім нұры шашылар

Ақыл, тілі дамыған,

Үлгі алайық баладан.
Енді ойынымыздың I- айналымын бастаймыз.


I-айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!»

Әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Үш топтың да жауабы тыңдалады.


«Білімділер» тобы.

1.Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді.)

2.Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (Иә)

3.Жалқы есімдер кіші әріппен жазылады. (Жоқ. Бас әріппен )

4.Аласа сөзіне қарама-қарсы сөз биік .( Иә)

5.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау деп атайды. (Иә)

6. Хабарлы сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады (Жоқ. нүкте)


«Ойшылдар» тобы.

1.Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.( Жоқ. Кім? Не?)

2.Әдемі сөзіне жуық мәндес сөз сұлу ( Иә)

3.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. (Иә)

4.Қазақ тілінде 40 әріп бар. ( Жоқ. 42 әріп бар)

5.Үш биді ата. Олар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. (Иә)

6. Сұраулы сөйлемнің соңына нүкте қойылады (Жоқ)


«Болашақ» тобы.

1. Етістік Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұраққа жауап береді. ( Жоқ. Не істеді? Не қылды? Қайтты? )

2. Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді (Иә. Жуан және жіңішке)

3. Сөйлем әріптен құралады (Жоқ. Сөзден)

4.Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады. (Иә.)

5. Тұрлаулы мүшеге бастауыш пен баяндауыш жатады.(Иә)

6. Батыр сөзіне жуық мәндес сөз адам (Жоқ)


II – айналым. «Полиглот»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын. Жасырынған жұмбақтарды шешіп, жауап сөзін үш тілге аударып, айтасыңдар. Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!


«Білімділер» тобы.

1.Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (ауа – воздух - air)
3.Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - Language)
4.Керемет бір ит бар
Үй күзетеді үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5.Бұл үйге көзсіз болып кіресің,
Бұл үйден көреген болып шығасың (мектеп – школа - school)

«Ойшылдар» тобы.

1.Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян - заяц – rabbit)
2.Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
3.Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (мысық - кот - cat)
4.Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - cloock)
5.Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - sun)


«Болашақ» тобы

1. Қолы мен қаламы жоқ.

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз – frost)

2. Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег – snow)

3. Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква - letter )

4. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка - line )

5. Жеп көріп ем өзің мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук – onin)

Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады. Келесі айналымға өтелік.


III-айналым «Ойлы болсаң, озып көр»

Бұл кезенде екі негізгі пәндер бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 10, 20, 30, 40, 50, 60 ұпайларымен бағаланады. Жауап дұрыс болмаса қарсыластар жауап береді. Қарсыластардың жауабы дұрыс болса, ұпай солардың еншісінде.


Әдебиеттік оқу

10

20

30

40

50

50

Қазақ тілі

10

20

30

40

50

50


1. Әдебиеттік оқу.

10 - ұяшық: Төрт түлікті ата. (түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі)

20 - ұяшық: Әліппенің атасы кім? (А. Байтұрсынов)

30 - ұяшық: Абай Құнанбаевтың шын аты кім? (Ибраһим)

40 - ұяшық: Мәншүктің соғыстағы қаруы? ( пулемёт)

50 - ұяшық: Тұнғыш ұстаз, ағартушыны ата? ( Ы.Алтынсарин)

60 - ұяшық: Отан, туған жер туралы екі мақалды айт (Отан – оттан да ыстық. Туған жерге, туыңды тік)


2. Қазақ тілі.

10 - ұяшық: Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. (у)

20 - ұяшық: Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір. (Заттың санын білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Мысалы бір, жиырма бес)

30 - ұяшық: Етістіктің неше шағы бар? Қандай? (Үш шағы бар. Өткен шақ, осы шақ, келер шақ)

40 - ұяшық: Сөз құрамына не жатады? (түбір мен қосымша)

50 - ұяшық: Ұяң дауыссыз дыбыстарды атап шық. 60 - ұяшық: Қанша дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс бар? (12,25)


ІV - айналым  «Кім жылдам?» ойыны.

Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Ең көп құрастырған топ жеңімпаз атанады. 
«Білімділер» тобы:  «Қызғалдақ» - қыз, ал, дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ.

«Ойшылдар» тобы : «Жауқазын» - жау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу.

«Болашақ» тобы: «Қазақстан»- қазақ, ақ, таза, тана, ата, ас, астана, қаз, аз, нан, қанат, ат, тас, ана.

V- айналым. «Тапқыр болсаң, тауып көр».

Ойынымыздың соңғы айналымы «Мақал-мәтелдің жалғасын тап» . Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.


І топ:

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

  2. Бал тамған тілден ... (у тамған).

  3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар).

  4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

  5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)

  6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).

  7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер).


ІІ топ:

  1. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

  2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

  3. Тіл қылыштан ... (өткір).

  4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

  5. Тілден артық ... (қазына жоқ).

  6. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).

  7. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде).


ІІІ топ:

  1. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).

  2. Өнер алды - ... (қызыл тіл).

  3. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).

  4. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).

  5. Басқа пәле - ... (тілден).

  6. Білім кілті - ... (тіл).

  7. Тілге құрмет - ... (елге құрмет).


Қорытынды:

- Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Әр топтың жинаған ұпай сандары әділқазылар есептеп, бүгінгі сайыс сабағымыздың қорытындысын шығарайық.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.


Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін берейік.

Осымен «Көшбасшы» сайысы аяқталды. Бәріңізге көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен көп рахмет айтамын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!