Материалдар / «Көшбасшылықты дамыту – білім беру жүйесіндегі жаңаша әдіс»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Көшбасшылықты дамыту – білім беру жүйесіндегі жаңаша әдіс»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда білім беру жүйесі – аса күрделі, тым жауапты жүйе. Соның ішінде білім беру мекемесін басқару – саналы ұрпаққа сапалы білім беру үшін әрбір педагогті ортақ мақсатқа жұмылдыру белгілі нәтижеге, жетістікке жеткізу. Жалпы көшбасшы деген жауапкершілігі жоғары, бастаған ісін нәтижелі аяқтау, мақсатқа жету, мәселені шешуде сенімділік, қоғамға қажетті әсер ету қабілеттілігі басым, талапшыл, аса белсенді тұлға. Алдымен көшбасшылық белгілерді дағдыландыру керек. Дағдыға айналдыру үшін 3 бағытта жұмыс істеу қажет етеді: 1)Таным/болмыстың өзгеруі; 2)Үздіксіз кемелдену; 3)Ашық мінез [1].
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2024
269
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Көшбасшылықты дамыту – білім беру жүйесіндегі жаңаша әдіс»


Айшуаков Мерлан Адилович,

БҚО Теректі ауданы

КММ «Покатиловка жалпы орта білім беретін мектебінің»

директордың оқу ісі орынбасары


«Өзіңізді күн сайын өсуге бейімдеңіз»

Мерлан Айшуаков

«Жолы бар жерге барма, жолы жоқ жерге барып із қалдыр»

Ральф Эмерсон


Қазіргі таңда білім беру жүйесі – аса күрделі, тым жауапты жүйе. Соның ішінде білім беру мекемесін басқару – саналы ұрпаққа сапалы білім беру үшін әрбір педагогті ортақ мақсатқа жұмылдыру белгілі нәтижеге, жетістікке жеткізу.

Жалпы көшбасшы деген жауапкершілігі жоғары, бастаған ісін нәтижелі аяқтау, мақсатқа жету, мәселені шешуде сенімділік, қоғамға қажетті әсер ету қабілеттілігі басым, талапшыл, аса белсенді тұлға. Алдымен көшбасшылық белгілерді дағдыландыру керек. Дағдыға айналдыру үшін 3 бағытта жұмыс істеу қажет етеді:

1)Таным/болмыстың өзгеруі;

2)Үздіксіз кемелдену;

3)Ашық мінез [1].

Көшбасшылық нәтижесінде педагог жұмысының сапасы артады, бағалауға, талқылауға және талдауға үйренеді. Командалық жұмыста бір-бірінің қолдауын қабылдап, өздеріне деген сенімдері артады. Осылайша оқу әдістерін жетілдіреді, тәжірибені жақсартуда өзгерістер енгізеді, мұндай іс-әрекет мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің өсуіне септігін тигізеді. Мектебіміздегі басқарушылық жайы сапалы білімге, саналы тәрбиеге басты назар аударады. Білім сапасын көтеру үшін, білім берудегі сапаны басты санаймыз.

Мәселен, әр мектептің өзінің саясаты, қалыптасқан қағидасы, жарғысы болатыны белгілі. Десек те, оқытудың тиімді болуы үшін жылдар бойы жинақталған тәжірибені қолдана отырып және заманауи талапты ескеріп, мектеп жұмысына уақытылы өзгеріс енгізіп отыру қажеттігі туындайтыны сөзсіз.

Мектепті басқарудың әлемдік тәжірибесі қазіргі уақытта ұстаздар арасындағы көшбасшылықты дамытудың маңызын байқатып жүр. Австралиядағы Куинслендте білім беру саласының сапасын арттыру мақсатында «Сабақ берудегі біліктілік – оқыту стандарттарын жоғарылату, жақсы жұмыс үшін марапаттау және білікті мамандарды жоғарылату» және «Мектептің өздігінен жұмыс жасауын дамыту – мектеп көшбасшыларын және мұғалімдерін басқа оқушылардың білімін жетелеуге шақыру» бағыттарын негізге ала отырып реформа жоспарланған [2]. Бұл жерде көзделген басты мақсат – жұмымын жаңа бастап жатқан мамандардың өз мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету, көшбасшылықты дамыту, сол арқылы мектептің өздігінен жұмыс жасау қабілетін күшейту. Сондықтан білім беруді басқару қызметінде тамаша нәтижеге қол жеткізу үшін көшбасшылардың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып білім берудегі менеджмент біліктілігін арттырып отыру қажет. Бұл мақсаттарды айқындауда шалыс баспауға, жұмысты жан-жақты талдауға көмектеседі, жаңа идеялар туындауына септігін тигізеді. Сол себепті педагогикалық талдаудың мектепті басқару функциясы ретіндегі негізгі қызметі, Ю.Коперневскийдің пікірінше, педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерін обьективті бағалап, соның негізінде басқарылатын жүйені жақсарту туралы ұсыныстар дайынау болмақ [2]. Ал бұл процестер өз кезегінде өзгерістің тиімділігін дамытады.

«Мектепті басқарудағы жаңаша көзқарас» атты әдістемелік құралда «барлығы басқарады деген ұғымға баланып, қарапайымдалып кетсе, көшбасшылықты бөлу кері нәтиже беруі мүмкін. Теориялық тұрғыдан алғанда, бөлінген көшбасшылық ұйым аясында барлығына көшбасшы болуға мүмкіндік береді және барлығы көшбасшы болуға қабілетті дегенді білдіргенімен, тәжірибе тұрғысында көшбасшылық ұйымның қажеттіліктеріне қарай дамиды... Бұл ортаға, қажеттіліктер мен мүмкіндікке байланысты» [3].

Жалпы, қорыта келе мұғалімнің біліктілгі артуы, құзыреттілігі қалыптасуы тек техникалық дағдылардың қалыптасуымен келмейтінін түсіну керек. Жаңа идеялар және олардың оқу мен оқытуды жақсартуға ықпалы туралы үнемі ұжыммен талқылай отырып, көшбасшы мұғалімдерді жұмыс нәтижесін насихаттай отырып, қабілетті мұғалімдерді ынталандаруға, ал басқалардың ортақ жұмысқа тартылуына түрткі болу әбден мүмкін.

Көшбасшылықты дамыту мәселесінде мәдениеттілік пен этиканы да естен шығармуымыз керек. «Мектепте ынтымақтастық мәдениетін құру тәсілдерінің бірі мұғалімдерге көшбасшы ретінде танылуға мүмкіндік беріп, оларды мектепті дамытуды жоспарлауға және іске асыруға тарту» [3]. Осы орайда басшының жеке ұстанымының мәдениеттен, педагогикалық этикадан тыс болмауы маңызды. Бұл жай ғана сыпайылық сақтау емес, шығармашылықпен мәдени мінез-құлықтың, білімділік пен парасаттылықтың, іскерліктің жиынтығы. Осы аталған қағидалар қолданылса, мектеп мұғалімдері жай қызметкерлерден бір саты ілгерілеп мектепті дамытушыға айналдырары сөзсіз.



  1. «Жасампаз жандардың 7 дағдысы». Стивен Кови, 412-бет;

  2. С.Бабаев,. А.Құдярова. «Педагогика», Алматы «Дарын» әлеуметтік гуманитарлық институты, 2004ж 241-бет.

  3. С.Ахметбекова. Мектепті басқарудағы жаңаша көзқарас: әдістемелі құрал. «НЗМ» ДББҰ. ПШО 2015ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!