Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы Зерттеу сұрағы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен Қазақстанның ежелгі тұрғындары шаруашылығының негізгі түріне айналды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қысқа мерзімді жоспар

5– сынып, 2-тоқсан №2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Бөлім:

5.2. Ежелгі көшпелілер өмірі

Педагогтің аты-жөні

Уалиева Индира Асылжановна

Күні:

15.11.2023ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Зерттеу сұрағы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен Қазақстанның ежелгі тұрғындары шаруашылығының негізгі түріне айналды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Көпшілік оқушылар үшін:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады

Бағалау критерийлері



Қазақстан аумағында көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу себебін түсіндіреді;

Көшпелі өмір салтының отырықшылықтан айырмашылығын анықтайды;

Көшпелі мал шаруашылығының маңыздылығын сипаттайды?

Тілдік мақсаттар


  • Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Құндылықтарға баулу

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, еңбегіне, тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! 1.Қызығушылықты ояту кезеңі. Капсула арқылы. Бастапқы стимул.

2. Бағалау картасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын капсулаларды алады.

Оқушылар фото суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бере отырып сабақтың тақырыбын ашады.

ҚБ Мұғалім кері байланыс береді.

«Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалау.

Тақырыптық суреттер



Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

Қолдану

Оқушыларға төмендегідей суреттер топтамасын ұсынылады. Олар бұрыңғы білімдеріне сүйене отырып мал шаруашылығы мен егіншілікті "өнімді еңбек" түрлері екендігін анықтап, терімшіліктің егіншілікке, аңшылықтың мал шаруашылығына алып келгендігін түсіндірулері керек. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады

  • Не көріп отырсыздар?

  • Қандай шаруашылық түрі бейнеленген?

  • Мал шаруашылығы қандай кәсіптен бөлініп шықты?

  • Егін шаруашылығы қандай кәсіптен бөлініп шықты?

  • Бұл шаруашылық түрлерін өнімді еңбекке жатқызуға болады ма?

Оқушылардың болжамдарын тыңдап, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады

Талдау

Зерттеу сұрағы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?

Оқушылар Берілген мәтінге, видеоға сүйене отырып, мынадай сұрақтарға жауап негіздеуді тапсырамын.

1аялдама (жеке жұмыс)

1. Көшпелі мал шаруашылығының дамуы адамдарға қандай мүмкіндіктер бергенін анықтаныздар.

2. Көшпелілер малдың қандай түрлерін өсірген?

Бағалау критерийі:

  • Көшпелі шаруашылықтың түрін талдайды

Дескриптор:

  • көшпелі мал шаруашылығы адамдарға қандай мүмкіндіктер бергенін анықтайды

Видеодағы мәтіннің мазмұнын түсінеді. Мәтіндегі ақпараттарды өмірмен байланысттырады. Қорытынды шығарады.

Оқушылар «ҚҚҚ» стратегиясы толтырады























Мәтіннің мазмұнын түсінеді. Мәтіндегі ақпараттарды өмірмен байланысттырады.Қорытынды шығарады.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



«Ең үздік жауап»

















ҚБ «Мен саған, сен маған»





Барлық археологиялық қазбалар

http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/excavations-madenimura/excavation/excavation-list/




Тапсырма 2: (жұптық)

«Климаттың өзгеруі неге әкеліп соқты?» - логикалық тізбекті құрастырыңыздар.

Бағалау критерийі:

  • Климаттың өзгеруінің нәтижесі анықтайды.

Дескриптор:

  • логикалық тізбекті құрастырады

  • шаруашылықтың түрлерін анықтайды

«Климаттың өзгеруі неге әкеліп соқты?» - логикалық тізбекті құрастырыңыздар

Бұдан 2 мың жыл бұрын табиғат жағдайы өзгеріске ұшырады---климат өзгерді--- көшпелі мал шаруашылығы дамыды----жартылай көшпелі----- отырықшы шаруашылық.


ҚБ Банкомат арқылы




3 аялдама (жеке жұмыс)

Картадан шаруашылық дамыған аймақтарды тауып, белгілеңіздер. Бұл аймақтарда малдың қай түрінің өсірілгенін анықтаңыздар.

Бағалау критерийі:

  • Картадан шаруашылық дамыған аймақтарды тауып, анықтайды

Дескриптор:

шаруашылықтың дамыған аймақтарын картадан тауып, белгілейді

  1. Көшпелі мал шаруашылығы – Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан.

  2. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Алтай мен Жетісу жері

  3. Отырықшы шаруашылық- Сырдария, Шу өзеніні, Оңтүстік Қазақстан

ҚБ Банкомат арқылы




4 аялдама (жеке жұмыс)

Кестені сәйкестендіріңіздер:

Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Олар суық пен ыстыққа төзімді.

Сиыр.

Тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға жем - шөп әзірлеуді қажет етеді.

Жылқы

Жүк көлігі ретінде пайдаланады, жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.

Қой.

Суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады.

Түйе

Бағалау критерийі:
  • Төрт түлік малды тауып, анықтайды

Дескриптор:

Төрт түлік малды тауып, белгілейді

Көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Олар суық пен ыстыққа төзімді.

Қой.

Тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға жем - шөп әзірлеуді қажет етеді.

Сыйыр

Жүк көлігі ретінде пайдаланады, жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.

Түйе.

Суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады.

Жылқы











Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Кері байланыс «ҚҚҚ »

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... қиындық туғызды

Маған ..... құнды болды.


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект




Үй тапсырмасы

  1. «Көшпелі мал шаруашылығы неліктен Қазақстанның ежелгі тұрғындары шаруашылығының негізгі түріне айналды» тақырыбына эссе жазу












1сұрақ

  • Не көріп отырсыздар?

  • Қандай шаруашылық түрі бейнеленген?

  • Мал шаруашылығы қандай кәсіптен бөлініп шықты?

  • Егін шаруашылығы қандай кәсіптен бөлініп шықты?

  • Бұл шаруашылық түрлерін өнімді еңбекке жатқызуға болады ма?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2024
525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12