Материалдар / Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ежелгі адамдардың көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктерін түсіндіру.-Көшпелі және отырықшы өмір дегенді қалай түсінесіңдер? -Олардың өмір салты туралы білесіңдер ме? -Осы жайлы тереңірек білгілерің келе ме? -Ерте заманда адамдардың өмір сүру салты көшпелілер және егіншілер болып бөлінді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
487
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО ББ «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ

Пән: Дүниетану

Мұғалімнің аты-жөні: Тасынова Э.Ж.

Сынып

3 «А»

Жоспар бөлімі:

«Уақыт»

Сабақтың тақырыбы:

Көшпелілер мен отырықшылардың өмір салты.

Сабақта жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.1.1. Ежелгі адамдардың көшпелі және отырықшы өмір салттарының ерекшеліктерін түсіндіру.


Түзету мақсаттары

3.5.3.1.Көру анализаторын сақтау мен дамытудың гигиеналық дағдыларына баулу.

Құндылықтарға баулу






Еңбекке баулу, еңбек адамдарына деген құрметпен қарау.Патриотизмді дамыту, көне бабалар тарихын танып білу арқылы жүзеге асады.


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, әдебиеттік оқу, математика.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер


Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Негізгі бөлім




























Көзге арналған жаттығу

(1-2 мин)


















Жаңа сабақ.

«Есіңе түсір» әңгіме,сұхбат,талқылау.

-Көшпелі және отырықшы өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

-Олардың өмір салты туралы білесіңдер ме?

-Осы жайлы тереңірек білгілерің келе ме?

-Ерте заманда адамдардың өмір сүру салты көшпелілер және егіншілер болып бөлінді. Адамдардың шаруашылығы және өмір салты неге тәуелді болды, еске түсіріңдерші?

Оқушылардың жауабы: климатқа.

-Иә, үш мың жыл бұрын Қазақстан жеріне құрғақ ауа райының орнағанын білесіңдер. Жаңбыр сирек жауды, қатты ыстықтың салдарынан өсімдіктер қурады. Адамдар аштықтан өліп кетуі мүмкін еді. Тірі қалу үшін табиғат жағдайларына бейімделу керек болды. Біздің бабаларымыз көшпелі малшаруашылығына көшті. Көшпелі шаруашылықты жүргізіп отыру өте қиынға соқты. Көшпелі өмір салтын ұстанғандар көп нәрседен хабардар және көп нәрсеге қабілетті болуы керек.

Көрейік, көңілге тоқиық” бейне таспаны көру.

https://youtu.be/QSbOhTcMIpg



Оқулықпен жұмыс


- Елестетіңдер, сендер – егіншісіңдер. Егінші нені білу керек және қандай қабілеті болу керек? Егіншілер қандай дақылдарды өсіреді?

Атақты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да, сусыны да, киімі де малдан деп жазды. Ғалымның сөзін растау үшін мысалдар келтіріңдер

Көшпелінің азығы - ......

Көшпелінің сусыны - ....

Көшпелінің киімі - .......

Слайд бойынша жұмыс

Маусымдық жайылымдар қалай аталады?

Ол қай жыл мезгіліне сай келеді?

Дәптермен жұмыс

А.Кестені толтыр.Әр бағанға үштен артық мысал келтір.

Отырықшылар не өндірді?

Көшпелілер не өсірді?

«Сенесіңдер ме?» стратегиясы:

-Адамдар баяғы замандарда егіншаруашылығымен айналысатын отырықшылар деп және малшаруашылығымен айналысатын көшпелілер деп бөлінді ме? (иә);

-Көшпелілердің үш маусымдық жайылымдары болды ма? (жоқ, төртеу);

-Отырықшылар бидай, тары, жеміс ағаштарын өсірген бе? (иә);

Сергіту сәті

https://youtu.be/AiM_eKLm0_0

Рефлексия.

«Досыма бір пікір» әдісі

*Жарайсың?

*Жұмысыңа ризамын.

*Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің.

*Жауаптарың нақты болды.

Кері байланыс







Үйге тапсырма

«Алма ағашы » әдісі арқылы кері байланыс жасау.

32-33 бет түсініп оқу,әңгімелеу.

"Егіншілер не өсіреді?" немесе

"Малшылар не бағады?" тақырыбына сурет салу



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!