Материалдар / "Көшпелілер тарихы" авторлық бағдарламасының 34 сағатқа арналған тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көшпелілер тарихы" авторлық бағдарламасының 34 сағатқа арналған тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған авторлық бағдарламада жалпы білім беретін мектептерде көшпелілер тарихы туралы терең білім беруді мақсат етеді. Бағдарламамен қатар ұстаздарға дайын 34 сағатқа негізделіп жасалған тапсырмаларды ұсынамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қырқүйек 2024
485
17 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Бекітемін: Келісемін: Әдістемелік бірлестік

Мектеп директоры: Оқу ісі жөніндегі отырысында қаралды

____________ орынбасары:________ _______Хаттама:№1

«___»___________ «___»___________ «____»____________













Көшпелілер тарихы

Элективті курс

Құрастырған: Хамыткожаева Л.Ж





















2023-2024 оқу жылы

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы

«Н.Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі» КММ

















Бағдарлама

Элективті курс, мектеп оқушыларына арналған

Тақырыбы «Көшпелілер тарихы»

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

Хамыткожаева Лаура Жумановна















2023ж, Ұзынағаш



ТҮСІНІК ХАТ

Көшпелілер тарихы адамзат баласын әрқашанда қызықтырған. Жылдар өткен сайын бұл мәселе өз ортасында қызықты пікірлер, кейде қарама-қайшы анықтамаларды қалыптастырды. Көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз-негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөріс көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті. Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін антикалық тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Олардің бірі "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы"деп көрсетсе, ал енді біріне табиғаттың төл баласы сияқты өмірі таза, қулық - сұмдықтан, отырықшы - қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.

Көшпелілер тарихы, Қазақстан территориясындағы көшпелілік тарихы, мектеп тарихының ең қызықты, білім алушылардың танымдық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттыратын бөлімі. Көшпенділік- қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің діңгегі, ұлттың тарихи өзіндік санасының өзегі болып саналады. Бүгінгі күнде көшпенділік құбылысы- философия мен ғылыми әдіснамадағы басы ашылмаған «ақтаңдақтардың» бірі.

Ұсынылып отырған авторлық бағдарламада жалпы білім беретін мектептерде көшпелілер тарихы туралы терең білім беруді мақсат етеді. Көшпелілер тарихы арқылы халықтың тарихы мен өткені туралы білім берудің, патриотизмге тәрбиелеудің жаһандану жағдайында қажеттілігі артып отыр.

Сонымен қатар білім алушылар бұл курста көшпелілер тарихына байланысты шығармашылық тапсырмалар орындайды. Жер бетіндегі көшпелілірдің тарихын Ұлы Жібек жолымен байланыстыра отырып, картаға түсіреді. Жоба қорғайды. Бұл бағдарлама білім беру мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан тарихы пәнінің оқу бағдарламасына бейімделіп, 34 сағатқа негізделіп жасалған.

















1-сабақ

Тақырыбы: Кіріспе. Көшпелілер тарихы.

Концепт: Дәлел

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «5 саусақ» әдісі.

Тапсырма-1. Суретке қарап, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына ықпал еткен факторларға ең кемінде 5 дәлел келтіріп жаз.

1._________________________________________________________________

2._________________________________________________________________

3._________________________________________________________________

4._________________________________________________________________

5._________________________________________________________________



Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Графикалық органайзер»

Тапсырма-2. Кестені толтыр.

Қай аймақта тұрасың?

Шаруашылықтың қай түрі басым?

Неге?

Дәлелде













2-сабақ.

Тақырыбы: Көшпелілер өркениетінің зерттеу мәселелері.

Концепт: Дәлел

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Сәйкестендіру»

Тапсырма-1. Көшпелілер туралы антикалық ғалымдар мен ойшылдардың көзқарастары мен пікірлерін сәйкестендір.


Ғалымдар


Көзқарастар, пікірлер

1

Геродот

A

"көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы"

2

Ф. Гегелъ:

B

"Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды"

3

Орта ғасырлық ойшылдар

C

"тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы"

4

Еуропа ғұндар туралы

D

скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды

5

Көне қытай деректерінде

E

табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада

6

Кант

F

"әділетті, теңдікті қоғам"

7

Монтескъе

J

философ "Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды

8

Адам Смит

K

"Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ"



1-

2-

3-

4-

5-

6-

7-

8-



Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «эссе»

Тапсырма-2. Көшпелілер туралы антикалық ғалымдар мен ойшылдардың көзқарастары мен пікірлеріне өз ойыңды жаз. (ең кемінде 150 сөз)



3-сабақ.

Тақырыбы: Көшпелілер туралы антикалық ғалымдар мен ойшылдардың көзқарастары мен пікірлері.

Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Маңызды және маңызды емес ақпаратты іріктеу кестесі»

Тапсырма-1. Мәтінді оқып, ақпараттарды іріктеңдер, қорытынды ой жазыңдар.

Аммиан Марселлиннің ғұндарды сипаттауы өте тым асыра айтылған. Ғұндардың жеткілікті дамыған материалдық мәдениеті және әскери техникасы жоғары деңгейде болды, бұл оларға жақсы қаруланған қарсыластарын талқандауға және бекіністі қалаларын алуға мүмкіндік берді. Бірақ Еуропаға келген тайпалардың Орталық Азиядағы ата-бабаларына тән көптеген экономикалық, әлеуметтік және мәдени сипаттағы жетістіктерінен айырылғаны даусыз. Еуропалық ғұндардың жеке өндіргіш күштері отырықшы халықтарға аздап шабуыл жасау, олардың еңбек өнімдерін тартып алу, қолөнершілерді тұтқындау және құл ету олар үшін өмірдің игілігін алудың негізгі көзіне айналды, ал ғұн қоғамы толығымен жабайы болды. Мұның бәрі кейінгі кезеңде дала халқы Рим империясының шекарасын бұзып өтіп, олардың басшысы Аттила Еуропада Ғұн империясын құрған кезде ерекше күшпен көрінді. Мұның бәрін, әрине, шежірешілер атап өтті. Көшпелілер туралы ғылыми зерттеудің бірінші кезеңі көне дәуірді, бірақ ішінара мұрагерлік жолмен және ерте орта ғасырларды қамтиды. Көшпелілер бұл уақытта тұрақты, бірақ әдетте тынышсыз және отырықшы халық үшін көбінесе жағымсыз фактор болды, көптеген зерттеушілер көшпелілер арасында егіншіліктің жоқтығын және олардың мал шаруашылығымен қозғалысын шөп пен судың болуына байланысты сипаттады. Мұндай мәліметтерді грек, рим, қытай авторлары сөзбе-сөз қайталады.

Маңызды ақпарат

Маңызды емес ақпарат












4-сабақ.

Тақырыбы: Көшпелілер туралы кеңес дәуірі кезіндегі зерттеулер, көзқарастар мен пікірлер.

Концепт: Интерпретация.

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «ПТМС» формуласы

Тапсырма-1. Берілген көзқарастар мен пікірлердің бірін таңдап, ПТМС формуласын қолданып, өз ойыңды жаз.

А) А.П.Чулошников: «Көшпеілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды».

Ә) П.Кушнер: «Көшпелілерде рулық мемлекет, феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды».

Б) С.П.Толстов: «Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты, алдымен құлиеленушілік, содан соң ғана феодалдық қоғамды басынан өткізді».



П-позиция (мен солай санаймын…)



Т-түсіндірме (себебі…)



М-мысал (мен мына мысаол арқылы дәлелдеймі...)



С-салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын)













5-сабақ.

Тақырыбы: Көшпелілер туралы қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері, көзқарастар мен пікірлер.

Концепт: Ұқсастық пен айырмашылық

Оқыту түрі: топтық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Т» кестесі»

Тапсырма-1. Мәтінді оқып, көшпелілердің артықшықтары мен кемшіліктерін ажыратып жазыңдар.

60—70-жылдардағы зерттеулер. XX ғасырдың 60—70-жылдарынан бастап жекелеген ғалымдар көшпеліліктің географиялық-экологиялық себептерін қайта мойындай бастады. Осы ғалымдардың пікірінше, көшпелілік дегеніміз, кейбіреулер айтқандай, "адамзаттық өркениеттің сара жолынан адасу" емес, керісінше, шаруашылықтың, мәдениеттің ерекше даму түрі. Олардың пікірі бойынша: "Көшпелілер далалы, шөлді, шөлейтті табиғатта өз шаруашылығын қалыптастырған, олардың негізгі күнкөріс көзі мал болған, мал басы өскен сайын жайылым айырбастау қажеттілігі туған, сөйтіп жылжымалы өмір салты қалыптасқан". Көшпелі халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына ерекше мән берген тарихшы Л.Н.Гумилев болды. Ол Еуразия көшпелілерінің бұл құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары бағалады. Дегенмен Л.Н.Гумилев: "Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор үлкен рөл атқарады" деп санады. Оның ойынша, "бүкіл тарихи үдеріс географиялық, биосфералық өзгеріске тікелей және толығымен тәуелді". Л.Н. Гумилевтің осындай көзқарастары кезінде сыналған да еді. Осы ғалымдардың пікірінше, көшпелі жұрттар өз бетімен таптық қоғамның ең алғашқы сатысына жетеді, ал олардың өрі қарай дамуы отырықшы халықтардың ықпалымен ғана іске асады. Көшпелі қоғам — бұл даму болашағы шектеулі қоғам. Кейінгі кезде көшпелі қоғамның ежелгі замандағы, орта ғасырлардағы мәдени, әлеуметтік-саяси оңды жақтары, артықшылықтары мойындалып келеді. Көшпелі өркениеттің адамзат тарихындағы заңды құбылыс, шаруашылықтың, мәдениеттің, өмір тұрмысының ерекше бір түрі екендігін көпшілік ғалымдар мойындай бастады.

көшпелілердің артықшықтары

көшпелілердің кемшіліктерін







6-сабақ.

Тақырыбы: Көшпелілер туралы еуропалық ғалымдардың көзқарастар мен пікірлер.

Концепт: Дәлел

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Ақиқат немесе жалған»

Тапсырма-1. Көшпелілер туралы еуропалық ғалымдардың көзқарастар мен пікірлерінің ақиқат жалған екенін анықта. https://e-history.kz/media/scorm/264/313/text/text.htm



ақиқат

Көзқарастар мен пікірлер

жалған


Кант:"Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды", — деген



"Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ", — деп есептеген Адам Смит



Ф.Гегель:"Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды.



Көшпелілер қоғамын "әділетті, теңдікті қоғам"-деп айтқан Монтескье




Оқыту түрі: топтық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Дебат»

Тапсырма-2.Көшпелілер қоғамы «әділетті, теңдікті қоғам» болды ма? сұрағына екі жақты дәйектер мен дәлелдер келтіріңдер.(Білім алушыларды екі топқа топтастырып, шағын дебат ұйымдастыру)











7-сабақ

Тақырыбы: Көшпеліліктің шығу тегі.

Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: топтық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «5 R»

Тапсырма-1. Мәтінді оқып, кестедегі сұрақтарға жауап беріңдер.

Ұзақ уақыт бойы Еуропа мен Ресейде еуроцентризм теориясы үстемдік етті. Түріктердің адамзат тарихындағы рөліне деген тәкаппар және менсінбеушілік бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Көрнекті шығыстанушы Л.Н.Гумилев Оңтүстік Сібір мен Орталық Азияда жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалар бұл пікірді жоққа шығарып, Еуразия халықтарының 3000 жыл бойы жасампаз эволюциядан өткен көшпелі өркениетінің болғаны туралы нақты тұжырымға келгенін жазды. Л.Н.Гумилев өз еңбектерінде көшпелілердің әлемдік өркениеттің дамуына өз үлесін қосқанын дәлелдеген. Ол былай деп жазды: «Көшпелі қоғамда техникалық прогресс мүмкін емес деп ойлау шындыққа жанаспайды.

Көшпенділер... қазір адамның күнделікті өміріне қарапайым нәрсе ретінде енген заттарды ойлап тапты. Киімдегі алғашқы жақсартулар - шалбар - ежелгі дәуірде жасалған. Үзеңгі... көшпелілердің алғашқы арбасы... қисық қылыш, ең соңында дөңгелек киіз үй ол заманда тұрғын үйдің ең тамаша түрі саналған». Бұл ретте Л.Н.Гумилевтен кейін археологиялық қазба материалдары негізінде КСРО Ғылым академиясының академигі А.П.Окладников Сібірдегі түркі халықтарының өркениетін ашты. «Ежелгі түркі Сібірі» деп жазды А.П. Окладников Шығысқа қарағанда Батыспен тығыз байланысты болып шықты. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан әлдеқайда бай және жанды».

Гумилев шығармаларының сөзсіз артықшылығы – орыстардың мәдениеті мен этногенезін қалыптастырудағы түркі мемлекеттерінің маңызды рөлін мойындау. Ол былай деп жазды: «Сібір мен Орта Азияның ежелгі халықтарын Қытай мен Иранның көршілері ретінде қарастыруды доғаратын кез келді... Бүгінгі күннің, тіпті болашақтың бастауы өткеннің қойнауында жасырынып жатыр, соған қарамастан ежелгі түріктер. Кеңес Одағының көптеген халықтарының ата-бабалары». Көшпелілердің өркениетке араласуына қарсылар «варварлар тұрақты, ұзақ мерзімді әлеуметтік және саяси институттар құруға қабілетті емес» деп санайды. Өркениеттің басты белгілерінің бірі – жазу. Ұлы түркітанушы Л.Н.Гумилев Фунанға (қазіргі Кампучияға) сапар жасаған Қытай елшісі Кан Тайдың «...кампучиялықтардың кітаптары бар, оларды архив қоймасында сақтайды. Олардың жазуы синну жазуына ұқсас. Ғұндардың жазба тілі болмаса, Қытай елшісі Кан Тай фуна жазуын немен салыстырар еді? Дала өркениеті аң стилінің ең бай өнерін, металлургияның ең көне орталығын жасады. Ол әлемге империяның кең аумағын басқару жүйесін берді. «Көшпелілер өркениеті әлемге, - деп мақтанышпен және таңданыспен жазған Ш.Ч.Уәлиханов, - жерлеу рәсімдерінің архитектурасын, руникалық жазулары бар көрнекті ескерткіштерді, Гомер шығармаларынан кем түспейтін бай эпосты берді».

Л.Н.Гумилев – планетарлық ойлаудың тұлғасы. Ұлы Дала көшпелілері туралы ғылыми ізденістерімен, ашқан жаңалықтарымен адамзат ойының әлемдік қазынасына орасан зор үлес қосты.



Есте қалатын

Бұны есте сақтайды ма?

Кім?

Қайда?

Нәтижелі

Бұл оқиғалар неге алып келді?

Жағымды немесе жағымсыз нәтижелер?

Айрықша/ мәнді

Нақты сол ауқытта қандай көрініс тапты?

Бұл оқиғаны маңызды немесе бірегей деп санады ма?

Резонансты

Бүгінгі күнде бұл оқиға біздің мәдениетте қандай көрініс тапты?

Бүгінгі күні қоғамның қалыптасуына бұл оқиға өз әсерін тигізді ме?

Адамдар бұл оқиғадан сабақ алды ма?

Айқындайтын\ басқа да қырларды түсінуге жол ашатын

Берілген оқиға сол уақыттағы адамдардың ой-пікірі мен іс-әрекеттері туралы қандай ақпарат бере алады?









Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «ПТМС» формуласы

Тапсырма-2: Көшпелілер үшін ауа райын болжау қаншалықты маңызды болды?- деген сұраққа ПТМС формуласы арқылы жауап бер.

П-позиция (мен солай санаймын…)



Т-түсіндірме (себебі…)



М-мысал (мен мына мысаол арқылы дәлелдеймі...)



С-салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын)































8-сабақ.

Тақырып: Көшпеліліктің даму эволюциясы.


Концепт: интерпретация

Оқыту түрі: ұжымдық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Бір сөйлем» әдісі

Тапсырма-1. «Малшылықтың алғашқы түрі», «Құдықтың пайда болуы» мәтіндерді оқып, жаңа ақпаратпен бөліс. https://zhatpa.kz/koshpendiler-ekonomikasy/k-shpelilik-alaj-pajda-boldy/

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%B4%D1%8B%D2%9B

Тапсырманы орындауға нұсқаулық:

1-нұсқа: Мәтінді оқиды. Оқып болған соң шеңберге отырады, алған білімімен өзара бір сөйлемнен айтып бөліседі. Бірін-бірі қайталамайды.

2-нұсқа: Ойын ретінде орындатса да болады. Ақпаратпен бөлісе алмаған оқушы шеңберден шығып отырады. Ең соңында қалған оқушы жеңімпаз болады.

3-нұсқа: Білім алушыларды 2 топқа бөліп, әр топтың кез-кеген мүшесі кезек кезегімен жаңа ақпаратпен бөліседі

Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Оқиға картасы» әдісі

Тапсырма-2. Мәтіндегі тарихи оқиғаны өзгеріс реттілігімен көрсет.

Shape6 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape1

Оқиға,

оқиға мәліметтері, сурет

Оқиға,

оқиға мәліметтері, сурет

Оқиға,

оқиға мәліметтері, сурет

Оқиға,

оқиға мәліметтері, сурет

Оқиға,

оқиға мәліметтері, сурет

Оқиға,

оқиға мәліметтері, сурет





9-сабақ

Тақырыбы: Жабайы жануарларды қолға үйрету.

Концепт: Өзгеріспен сабақтастық

Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Өзгеріс пен сабақтастықты анықтау кестесі»

Тапсырма-1. Адамадардың жабайы жануарды қолға үйретуін уақыт пен кеңістікте талдап, баға беріңдер. https://www.youtube.com/watch?v=OHw5AVF6V8o



Уақыт кезеңі

басындағы сипаттамалар


Елеулі өзгерістер,

бетбұрысты кезеңдер

немесе оқиғалардың

мысалдары (негізгі

даталарды қоса алғанда)

Уақыт кезеңі

соңындағы

сипаттамалар





1.

2.



Мәнді/маңызды

сабақтастықтар



1.

2.


Орын алған өзгерістер

мен сабақтастықтардың себептері

1.

2.


Жаһандық контекст







Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «4 таңдау»

Тапсырма-2. «Жануарларды қолға үйрету» тақырыбында берілген

4 тапсырманың бірін орында.

a) Сурет сал.

b) Әңгіме құрастыр .

c) Көшпeндiлeрдiң тaрихи дaму процeсiн сызбада көрсет.

d) Эссе жаз (кемінде 150 сөз)










































10- сабақ.

Тақырыбы: Алғашқы арбалар тарихы.

Концепт: Өзгеріс пен сабақтастық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Галереяны шарлау»

Тапсырма-1. «Көшпелілердің алғашқы көліктері» суреттерді даму

ретімен орналастырып, бүгінгі күнгі арбалар қызметіне баға беріңдер.



Shape12 Shape8 Shape7 Shape9 Shape10 Shape11

3

2

4

5

6

1



Өте ерте заман

Ерте заман

Аталар заманы

Жаңа заман

Қазіргі заман







Қорытынды ой.






Оқыту түрі: Топтық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Деректі талау»

Тапсырма-2. Берілген суретке қарап, деректерді талдаңдар.







Shape15 Shape14 Shape13 Shape18 Shape16 Shape17

Қалай және неліктен бұл дерек пайда болды?

Ол бізге қандай ақпарат береді?Бұл қандай дерек?

Бұл қандай дерек?





Shape21 Shape20 Shape19


Ақпараттың контексті түсіндірмеге қалайша әсер етті?

Идеология?

Құндылықтар?

Ұлт?

Жеке тұлға?

Тарихи кезең?



Нені баяндайды немесе айқын не жасырын түрде көрсетуде? стилі? интонациясы?)



Деректің мақсаты не болды (және қандай аудиторияға бағытталды)? Мысалдар:

Сендіру?

Ақпараттандыру?

Есте сақтау үшін?

































11-сабақ.

Тақырып: Қазақстан жеріндегі көшпеліліктің қалыптасуы


Концепт: Өзгеріс пен сабақтастық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «5 саусақ»

Тапсырма-1. Бейнежазбаны көріп, 5 маңызды ақпаратты және қорытынды ой жаз.

«Көшпелі мал шаруашылығы» бейнежазба (https://www.youtube.com/watch?v=QSbOhTcMIpg)

1-ақпарат__________________________________________________________

2-ақпарат__________________________________________________________

3-ақпарат__________________________________________________________

4-ақпарат__________________________________________________________

5-ақпарат__________________________________________________________

Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «РЕТТ»

Тапсырма-2. Сұраққа жауап беріп, кестені толтыр.

Р Pace (Қарқын) формуласы ұсынылады – Өзгерістер қаншалықты жылдам жүрді?

Жылдам, баяу, бірізді, бірізсіз?;


Е Extent (Масштаб) – өзгерістер қаншалықты елеулі/ауқымды болды?

Елеулі, елеусіз, жаппай, революциялық?;


Т Turning points (Бетбұрысты сәттер) – сабақтастық табиғатынан өзгеріс сипатына

ауысатынқандай да бір сәттер бар ма?;


Т Trends (Үрдістер) – ұзақ уақыт кезеңінде прогрестен регреске қарай

өзгеру үрдісі болды ма?);


Сұрақ: Қазақстан жерінде ежелден бастап ХХ-ғасырдың басына дейін қалыптасқан мал шаруашылығы қандай өзгеріске ұшырады?



12-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің төл кәсібі


Концепт: Өзгеріс пен сабақтастық

Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «ментальды карта»

ТShape22 Shape23 апсырма-1. Көшпелілердің төл кәсібін ментальды картадан көрсетіңдер.

Shape25 Shape24

Аңшылық

Ұсталық





Shape28 Shape26 Shape27

Көшпелілердің кәсібі



Shape31 Shape32 Shape30 Shape29

Қолданбалы өнер

Зергерлік





Shape34 Shape33





Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: эссе

Тапсырма-2. Тақырыптардың бірін таңдап, эссе жаз. (эссе көлемі 150 сөз)

  1. «Көшпелілердің төл кәсібінің бүгінгі сабақтастығы»

  2. «Аң стилі бірегей теңдесіз мұра»

  3. «Ұсталық өнер- көне мұра»

  4. «Көшпелілердің зергерлік өнері»

  5. «Көшпелілердің қолданбалы өнері»

  6. «Аңшылық-ата кәсіп»

















13-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің баспанасының ерекшелігі.


Концепт: Ұқсастық пен айырмашылық.

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «семантикалық карта»

Тапсырма-1. Кестені толтыр.

атауы

көрік

қумай

сықырлақ

қорамса

жоңғы

Киіз үй






аңшылық






зергерлік






ұсталық






тері өңдеу






Ағаш өңдеу








Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «венн диаграммасы»

Тапсырма-2. Көшпелілердің баспаналары мен қазіргі заманғы үйлердің арасындағы ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.

Shape35 Shape38 Shape37 Shape36

Айырмашылығы









Ұқсастығы



Айырмашылығы































14-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің дәстүрлі тағамдары


Концепт: Ұқсастық пен айырмашылық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «семантикалық карта»

Тапсырма-1. Көшпелілердің дәстүрлі тағамдары мен қазақ халқының дәстүрлі тағамдарын салыстыр, қорытынды ой жаз.

атауы

Көшпелілердің тағамдары

Қазақ халқының тағамдары

Ет өнімдері






Сүт өнімдері






Ұннан жасалған өнімдері






Дәнді-дақылдардан жасалған өнімдер



Қорытынды ой.


Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: Дебат

Тапсырма-2. «Көшпелілердің тағамдары денсаулыққа пайдалы ма? екі топқа бөлініп пікірталас ұйымдастырыңыздар.







15-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің дәстүрлі киім кию мәдениеті.


Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: топтық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «галереяны шарлау»

Тапсырма-1. Суреттің бірін таңдап, көшпелілердің дәстүрлі киімдерінің жаңғырған үлгісін ұсыныңыздар.

Галереяны шарлау арқылы кері байланыс береді.



Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Графикалық органайзер»

Тапсырма-2. «Көшпелілердің киім кию мәдениеті» тақырыбындағы кестені толтырыңыз, өз ойыңызды жазыңыз.

Атауы


Киім атаулары

Ерлердің киім кию мәдениеті



Әйелдердің киім кию мәдениеті



Балалардың киім кию мәдениеті



Салт-жоралғыларға байланысты киім кию мәдениеті




Қорытынды ой.






16-сабақ.

Тақырып: Білімді бекіту.


Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Ыстық орындық»

Тапсырма-1. Өткен тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Көшпелілік қалай пайда болды?

  2. Көшпелілік пен отырықшылықтың арасында қандай айырмашылық бар?

  3. Көшпелілер үшін ауа-райын болжау қаншалықты маңызды болды?

  4. Көшпелілердің мәдениетке қосқан үлесі қандай?

  5. Бүгінгі күні көшпелілердің қандай тағамдарын пайдаланамыз?

  6. Не себепті көшпелілер негізгі асты түскі аптап ыстық қайтқан кезде қабылдаған?

  7. «Аң стилі» қандай стиль?

  8. Көшпелілердің баспанасының ерекшелігі неде?

  9. Киіз үйдің тарихы туралы не білесің?

  10. Көшпелілер туралы ақпаратты қандай дерекетерден алдық?

  11. Антикалық ғалымдардың қандай көзқарастары сені ойландырады?

  12. Көшпелілер туралы тағы зерттеу қажет пе?

  13. Көшпелілер туралы қандай зерттеулер қажет деп ойлайсыз?

  14. Алғашқы арбалар қашан пайда болды?

  15. Бүгінгі күнде арбалар сұранысқа ие ме?

  16. Көшпелілер үшін арба қаншалықты маңызды болды?

  17. Көпелі халықтардың киім кию мәдениеті неге байланысты болды?

  18. Көшпелілер өркениетке киім киюде өз үлесін қоса алды ма?

  19. Көшпелілердің киімінің артықшылығы неде?

  20. Көшпелілердің қандай киімдері трендте?

  21. Көшпелілер өмірінен не қызықтырады? Неге?

  22. Көшпелілер туралы көзқарастар сен үшін қаншалықты маңызды?

  23. Көшпелілер өркениет жасаушы деген пікірмен келісесің бе? Неге?

  24. Көшпелі өмір салты бүгінгі күнде қажет па?

  25. Көшпелілер бізге қандай мұра қалдырды?









17-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің дәстүрлі мерекелері, ойын-сауықтары.


Концепт: Өзгеріс пен сабақтастық.

Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «графикалық органайзер»

Тапсырма-1. Берілген кілт сөздерді кестеде дұрыс жіктеңдер, қорытынды ой жазыңдар.

Тоқым қағар, соқыртеке, орамал тастау, тұзақ құру, аңшылар, ақ байлақ, қырықаяқ, ұшты-ұшты, сақ құлақ, бүркіт, әуе таяқ, арқан тарту, теңге ілу, түйілген орамал, білектесу, айгөйлек, шертпек, тобық, сақина тастау, көрші ойыны.

Көшпелілердің ойындары

Жануарлар дүниесіне, аңшылыққа байланысты ойындар

Ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары

Дене шынықтару спорт ойындары






Бүгінгі күнге жеткен ойындар




Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «4 қадам», «жарнама»

Тапсырма-2. Берілген тақырыптардың бірін таңдап , қалаған тапсырманы орында.

Тақырыптар: «Маусымдық мерекелер», «Ұлыстың ұлы күні», «Әдеби көркемөнерлік сайыстар», «Спорттық сайыстар», «Ойындар».

Тапсырма түрлері:

  1. Сурет сал

  2. Әңгіме құрастыр

  3. Хат жаз

  4. Эссе жаз







18-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің діни наным-сенімдері.


Концепт: Өзгеріс пен сабақтастық.

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Инсерт»

Тапсырма-1. Мәтінді оқып, ақпараттарды кестеге жікте. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%80%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96%D2%A3_%D0%BD%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D0%BC-%D1%81%D0%B5%D0%BD%D1%96%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D0%B4%D1%96%D0%BD



V

Бұрыннан білемін

+

Мен үшін жаңалық

-

ойладым

?

Сұрағым бар










Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Т кестесі»

Тапсырма-2. Берілген мәтіннен көшпелілердің дүниетанымы ерекшеліктеріне байланысты ашық және жабық сұрақтар құрастырыңдар.

Shape39 Shape40



















19-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің жазуы.

Концепт: Өзгеріс пен сабақтастық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақтар арқылы заттай деректерді талдау»

Тапсырма-1. Суретке қарап, кестедегі сұрақтарға жауап бер.

Бақылау сұрағы:

Бұл не?

Талдау сұрақтары:

Кім жасаған?

Неден жасалған?

Қай уақтта жасалған?

Қалай жасаған?

Салмағы қанша?

Мәселені шешетін сұрақ:

Не үшін керек?

Не үшін пайдадаламыз?

Қайда қолданамыз?

Кімге керек?

Айрықша сұрақ.

Болашақта қайдан көре аламыз?

Қиял-ғажайып сұрақ:

Егер осыны тауып алсаң не істер едің?































Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Маңызды және маңызды емес ақпаратты іріктеу кестесі»

Тапсырма-2. Мәтінді оқып, ақпараттарды іріктеңдер, қорытынды ой жазыңдар.

Ескі түркі жазу ескерткіштерін, шартты болса да, үш түрлі топқа бөліп жүрміз. Бірақ осы бөлісте тек территориялық қана емес, қолдану мерзімі, тілі, жазудың стиліне байланысты да өзгешеліктер себеп болған болу керек.

Енисей ескерткіштері деп Енисей өзенінің бойынан және тува республикасынан табылған ескерткіштер тобы аталады. Олар елудің үстінде. Бұлардың алғашқылары - ғасырдан –ақ белгілі болғандар. Енисей екерткіштері көлемі жағынан шағын болып келеді. Үлкені 10-15, кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Енисей ескерткіштері бір ғана қырғыз тілінің көріністері деуден гөрі тарихтың ескі дәуіріндегі жалпы түркілік тілдің ескерткіші деген дұрыс.

Орхон ескерткіштері. Орхон ескерткіштері деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан табылған ескерткіштер тобы аталыпжүр. Орхон ескерткіштерінің тілі, тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі Енисей ескерткіштерінің таңбаларынан гөрі Орхон ескерткіштерінің таңбалары жетілген, жақсы сақталған. Ең көлемдісінің бірі – Онгин ескерткіші. Орыс географиялық қоғамының мүшесі Н.Ядринцев осы ескерткіштерді табады.

Талас ескерткіші. Талас өзенінің бойынан табылған ескерткіштер. Талас жазуы Орхон жазуынан гөрі Енисей жазуына көп жақын. Зерттеушілердің шамалауынша, Талас ескерткіштері 5 ғ. қойылуы мүмкін.



Маңызды ақпарат

Маңызды емес ақпарат







Қорытынды ой

















20-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің археологиялық ескерткіштері.

Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «5саусақ әдісі»

Тапсырма-1. «Көне түркілердің ескерткіштері» бейнежазбаны көріп, тапсырманың бірін орында.

https://www.youtube.com/watch?v=e2eO_Xkkw6c

  1. 5 маңызды ақпаратты жаз.

  2. 5 сұрақ құрастыр.

  3. 5 бет слайд-презентация жаса


Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «графикалық органайзер»

Тапсырма-2. Суреттерді пайдаланып көшпелілердің археологиялық ескерткіштерінің ерекшелігін анықтаңдар.











Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «эссе»

Тапсырма-3. «Көшпелілердің ескерткіштерінің тарихи маңызы» тақырыбында эссе жаз. (эссе көлемі 150-200 сөз)









21-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің салт-дәстүрлері

Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: топтық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «графикалық органайзер»

Тапсырма-1. Көшпелілердің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын талдап, қорытынды ой жазыңдар.


Әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер

түрлері

Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптары


Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы



Жасы үлкендерге құрмет көрсету




Тамырлық әдет-ғұрпы




Қоныс таңдау әдет-ғұрпы




Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер




Бата беру




Бала тәрбиесі



Қорытынды








Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Т кестесі»

Тапсырма-2. https://vk.com/wall-88222541_72 мәтінмен танысып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың ерекшелігін анықтаңдар.


Shape42 Shape41 салт-дәстүр әдет-ғұрып










Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Тест»

Тапсырма-3.Тест тапсырмасын орында.

1. Маусымдық шөп шабу кезінде көмекке келгендерге берілетін ас:

А) назыр

Ә) Үме

Б) Ілу

2. Үйлену тойы кезінде айтылатын тәрбиелік маңызы бар дәстүрлі жыр:

А) бесік жыры

Ә) Аушадияр

Б)Сүндеташар

3. Қонақтар сойылған қой етін тауысып жемесе, екі қой төлейтін қазақтың дәстүрі қандай?

А) жолдық

Ә) Жарысқазан

Б) Деңгене

4. Жесір қалған әйелдің қайын аға не қайын інісіне некелесуі:

А)әмеңгерлік

Ә) некелік

Б) құдалық

5. Аңшы не саятшыдан олжасын сұрау дәстүрі:

А)Салбұрын

Ә)Шашыратқы

Б)Сыралғы




22-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердегі туыстық қатынастар.

Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл»

Тапсырма-1. Суретке қарап, көшпелілердің туыстық қатынастарының ерекшелігіне сипаттама бер, ең кемінде 5 тұжырымдама жаз.



Оқыту түрі: топтық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Ментальді карта»

Тапсырма-2. «Көшпелі қоғамдағы туыстық жүйеге негізделген саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастардың» ментальді картасын жасаңдар







23-сабақ.

Тақырып: Көшпелілер тұрмысы-көш.

Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «ПТМС формуласы»

Тапсырма-1. ПТМС формуласы арқылы сұраққа жауап бер. «Көшпелілерге көшіп-қонуға географилық ортаның әсері мен климаттың өзгеруінің әсері болды ма

П-позиция (мен солай санаймын…)

Т-түсіндірме (себебі…)

М-мысал (мен мына мысаол арқылы дәлелдеймі...)

С-салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын)



Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Тарихи деректермен жұмыс»

Тапсырма-2. Суретке қарап, көшпелілердің көшіп-қонуының ең кемінде 5 себебін анықта.








24-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің басқару жүйесі. Көшпелі қоғамдағы түрлі топ қызметтері.

Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «графикалық органайзер»

Тапсырма-1. Төмендегі ақпаратты қолдану арқылы қазақ даласындағы хандардың басқару жүйесін ретімен орналастырып, сипаттама бер.

Ақпараттар

Реттілігі

Сипаттамасы

1

Ауыл



2

Жүз



3

Хандық



4

Ұлыс



5

Ата-аймақ



6

Арыс



7

Ру




Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «графикалық органайзер»

Тапсырма-2. Суретке қарап, тұлғаны анықта, ел басқарудаға ерекшеліңтерін сипаттап, қорытынды ой жаз.







Қорытынды ой.




25-сабақ.

Тақырып: Көшпелілердің ұлы шайқастары


Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «семантикалық карта»

Тапсырма-1. Көшпелілердің ұлы шайқастарының мерзімі мен нәтижесін анықтап, қорытынды ой жазыңыздар.

Шайқас атауы

мерзімі

орны

нәтижесі

Томирис пен Кир шайқасы.





Қаталун шайқасы.





Атлах шайқасы.




Отырар шайқасы.




Орбұлақ шайқасы.




Бұланты шайқасы.




Аңырақай шайқасы.




Шаңды жорық.





Қорытынды ой.



Оқыту түрі: топтық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Жарнама»

Тапсырма-2. «Көшпелілердің Ұлы жауынгерлік шайқастары» слайд-презентация жасаңдар.







26-сабақ.

Тақырыбы: Көшпелі және отырықшы мәдениеттер арасындағы өзара байланыс.

Концепт: Ұқсастық пен айырмашылық

Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Графикалық органайзер»

Тапсырма-1. Көшпелі және отырықшы мәдениеттер арасындағы өзара байланыстыанықтаңдар.

атауы

мәдени

шаруашылық

саяси

Көшпелілер







Отырықшылар










Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Венн диаграммасы»

Тапсырма-2. Көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы ерекшеліктерді

анықта.

Shape43 Shape46 Shape45 Shape44

Отырықшылар









Ұқсастығы



Көшпелілер



























27-сабақ.

Тақырып: Ұлы Жібек жолы –ынтымақтастық жолы


Концепт: Өзгеріс пен сабақтастық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «семантикалық карта»

Тапсырма-1. Бейнежазбаны көріп, 5 маңызды ақпарат жаз. Ұлы Жібек жолы – YouTube www.youtube.com › watch

1.___________________________________________________________________________________________________________________________________2.___________________________________________________________________________________________________________________________________3.___________________________________________________________________________________________________________________________________4.___________________________________________________________________________________________________________________________________5._________________________________________________________________


Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Ментальды карта»

Тапсырма-2. Шығыс пен Батыс арасындағы әлеуметтік, шаруашылық, мәдени және саяси қатынастарды талдаңдар.





28-сабақ.

Тақырып: Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің пайда болуы және оның ерекшеліктері.

Концепт: Себеп пен салдар

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «PESTLE талдауы»

Тапсырма-1. Шыңғысхан империясы. Қазақ мемлекеттілігінің пайда болуы себеп-салдарын анықта.


талдау

Шыңғыс хан империясы

Қазақ хандығы

P – саясат






E – экономикалық






S – әлеуметтік-мәдени






T – технологиялық






L – құқықтық






E –этникалық факторлар












29-сабақ.

Тақырыбы: Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің тал бесігі

Концепт: Өзгеріс пен сабақтастық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Графикалық органайзер»

Тапсырма-1. Кілт сөздерді пайдаланып, көшпенділердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін анықтаңыз, 2 дәлел, 2 дәйек келтіріңдер.

Кілт сөздер: металл игеру, жылқы, компас, петроглифтер, киіз үй, оқ дәрі.

1-дәлел



1-дәйек

2-дәлел



2-дәйек



Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Деректерді талдау»

Тапсырма-2. Археологиялық олжаларға қарап, көшпелілердің өркениеттің дамуына қосқан үлесінің маңызын сипаттаңыз.







30-сабақ.

Тақырып: Көшпелі халықтардың әлемнің материалдық мәдениетіне қосқан үлесі.

Концепт: маңыздылық

Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «маңызды, маңызды емес ақпаратты талдау»

Тапсырма-1. Берілген ресурсты пайдаланып, маңызды және маңызды емес ақпараттарды жіктеп, қорытынды ой жазыңдар. https://egemen.kz/article/180002-alemdik-orkenietke-qosqan-ules



Маңызды ақпарат

Маңызды емес ақпарат











Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «ПТМС формуласы»

Тапсырма-2. Көшпелі халықтар әлемнің материалдық қосқан үлесі қаншалықты маңызды?



П-позиция (мен солай санаймын…)



Т-түсіндірме (себебі…)



М-мысал (мен мына мысаол арқылы дәлелдеймі...)



С-салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын)




31-сабақ.

Тақырып: Көшпелі халықтардың әлемдік рухани мәдениетке қосқан үлесі.

Концепт: маңыздылық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «графикалық органайзер»

Тапсырма-1. Берілген археологиялық деректің маңыздылығына 4 дәлел келтір.

1дәлел____________________________________________________________


2дәлел____________________________________________________________


3дәлел____________________________________________________________


4дәлел____________________________________________________________


Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «4 қадам», «жарнама»

Тапсырма-2. https://e-history.kz/media/scorm/271/319/text/text.htm Берілген ресурсты пайдаланып, кестені толтырыңдар.

Қазақ даласының даналары

Өмір сүрген уақыты

еңбектері

Махмұд Қашқари



Жүсіп Баласағұни



Әл- Фараби



Қадырғали Жалайыри



Қожа Ахмет Йассауи



Мухаммед Хайдар Дулати






32-сабақ.

Тақырып: Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.


Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «графикалық органайзер»

Тапсырма-1. Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағыттарын ретімен орналастырып, маңыздылығын анықтаңдар. https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy



бағыттар

маңызы

 Бәсекелік қабілет



Сананың ашықтығы



 Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы


Ұлттық бірегейлікті сақтау


 Білімнің салтанат құруы


Прагматизм





Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «эссе»

Тапсырма-2. «Рухани жаңғыру-рухани даму» тақырыбында эссе жаз. (Эссе көлемі 150-200 сөз)













33-сабақ.

Тақырып: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Тарихи сананы жаңғыру. Қорытынды.


Концепт: Маңыздылық

Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «ЕНАРА»

Тапсырма-1. Мәтінді оқып, ақпараттарды кестеге жікте. https://bugin.kz/12561-uly-dalanynh-dgeti-qyry



Есте қалатын


Нәтижелі


Айырықша мәнді


Резонансты


Айқындайтын/

басқа да қырларын түсінуге жол ашатын






Оқыту түрі: жұптық жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «ПТМС»

Тапсырма-2. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттық сананы жаңғырту жолында қаншалықты маңызды?

П-позиция (мен солай санаймын…)



Т-түсіндірме (себебі…)



М-мысал (мен мына мысаол арқылы дәлелдеймі...)



С-салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын)




34-сабақ.

Тақырып: Білімді бекіту.


Оқыту түрі: жеке жұмыс

Әдіс-тәсілдер: «Ыстық орындық»

Тапсырма-1. Өткен тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Көшпелілердің қандай мерекелері бүгіінгі күнге дейін жеткен?

  2. «Ұлыстың ұлы күні» деп қай күнді атаймыз? Неге?

  3. Отқа табыну рәсімі қазақ халқының салт-дәстүрлерінде кездесе ме?

  4. Көшпелілердің қандай наным-сенімдері бүгінгі күнге жеткен?

  5. Көне түрік жазуларының құпиясы ашылды ма?

  6. Енисей және Талас жазба ескерткішетінің ерекшелігі неде?

  7. Көшпелілер қандай мұра қалдырды?

  8. Көшпелілер өркениеттің дамуына қандай үлес қосты?

  9. Әлеуметтік жіктелу дегеніміз не?

  10. Рулық қанынастар қаншалықты маңызды?

  11. Көшпелілер не себепті көшіп-қонып жүрген?

  12. Көшпелі қоғамдағы өзін-өзі басқару қалай іске асырылды?

  13. Қазақ даласында басқару жүйесі неге негізделген?

  14. Қазақ хандарының қоғамдағы рөлі қандай болған?

  15. Көшпелілердің ұлы шайқастарын ата

  16. Көшпелілердің Ұлы шайқастары Еуразия даласында қандай өзгерістер әкелді?

  17. Көшпелі халықтар мен отырықшылар арасында қандай байланыстар болды?

  18. Ең алғаш көшпелілер туралы деректер қайда пайда болды?

  19. Ұлы жібек жолының маңызы қандай?

  20. Ұлы жібек жолының жандануына қандай себептер білесің?

  21. Еуразия даласында алғаш мемлекеттердің пайда болуына қандай факторлар әсер етті?

  22. Еуразия даласынан табылған археологияық олжалардың табылуы қаншалықты маңызды болды?

  23. Көшпелілердің рухани мәдениетінің ерекшелігі неде?

  24. Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мәні неде?

  25. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының маңызы қандай?

1. Ұлы Даланың ұлы мұралары.

2. Қазақстан жеріндегі ертедегі көшпелілердің рухани мәдениеті

3. Ұлы Дала көшпелілер өркениетінің тал бесігі

4. Көшпелілердің төл кәсібі

5. Шежіре жүргізудің маңыздылығы

6. Еуразия даласындағы көшпелілер өркениеті

7. Әлeумeттiк-aдaмгeршiлiк үлгiдeгi өсиeттeр

8. Көшпелілердегі отқа табынушылық

9. Туған жерге туыңды тік

10. Туған өлкенің тарихи ескерткіштері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!