Материалдар / Коучинг Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың ойлау дағдысын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың ойлау дағдысын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг тақырыбы Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың ойлау дағдысын дамыту.Мұғалімдерге әсіресе жас мамандарға көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
796
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні

Өткізуші:Алтыспаева Арайлым Ануарбековна


Өткізілетін орны

Тақырыбы

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Мақсаты

Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру диалогтік оқыту әдіс-тәсілінің тиімділігін үйрету және іс-тәжірибеде қолдану.

Нәтижесі

Диалогтік оқыту сипаттамасын түсінеді және әдіс-тәсілдерін біледі,оқу үдерісінде қолданады. Диалогтік оқыту-оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал екенін түсінеді.

Қосымша оқу

Мұғалімге арналған нұсқаулық.Диалогтік оқыту. (71 бет)

Интернет желісі материалдары.

Өткізу кезеңдері

Мазмұны

Оқыту барысы

Басы.

3мин


7 мин





















Ортасы

20мин


















Соңы:

15мин









Бағалау:


Ұйымдастыру: Аудиторияға жағымды ахуал туғызу. «Құбыр»

Түрлі қағаздарды таңдау арқылы құбыр жолын бейнелеу.Бірлесен жұмыс арқылы табысқа қол жеткізуге шақыру.Таңдаған түстер арқылы топтарға бөліну.

1.«Тыңдап отырған үштік» әдісі

Мақсаты: «Диалогтік оқыту» ұғымының мәнін ашу.

Оқу нәтижесі:

-Мұғалімдер «Диалогтік оқыту» әдісіне сипаттама береді,мәнін ұғынады.

Тапсырма

А) Баспалдақты тапсырма орындатамын.

Үлестірмелі қағаздағы жазуды оңынан бастап алғашқы әріпке дейін сызыңыз.

СЕНІМ

ӨМІР

ЗАҢДА

Алғашқы әріптер құрайтын сөзді жазыңыз.(Сөз)

Ол не үшін керек деген сұраққа жауап беріңіз.(Сөйлеу үшін)

Ә)Ғаламторда көрсетілген әңгіме туралы суреттер топтамасына қатысты деп санаған сөздерді жазыңыз.( Әр топқа үш суреттен белгіленіп беріледі және суретке қатысты сөздер жазылған үлестірме парақ таратылады).Топтар өз жауаптарын дәлелді қорғап,түйіндейді.

-Өз тәжірибемізде бұл әдіс қалай аталады?(Диалогтік оқыту)

Ғаламтордан «Диалогтік оқыту» әдісіне байланысты шағын таныстырылым жүргізіп,сабақта оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін диалогтік әңгіменің түрлері аталады.

1.Әңгіме-дебат. 2.Кумулятивтік әңгіме. 3.Зерттеушілік әңгіме.


2.Үш түрлі әңгіме барысында байқалатын жайлар бойынша әңгіменің түрін анықтаңыз.

Мақсаты:Диалогтік оқытудағы әңгіменің түрі мен ерекшеліктері арқылы түсіну мен білім берудегі мәнін ашу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Диалогтік оқытудағы әңгіменің міндеттерін ажыратады;

  • Диалогтік оқытудағы әңгімелердің мәнін ашады. Оның түрлерін сипаттайды.

  • Бөлініс түріне сәйкес әңгімелердің ерекшелігін анықтайды.

Тапсырма

(Мерсердің зерттеуін анықтайтындай бір бейнебаян көрсетіледі.)

[Үлестірме парақтарға жазылған әңгіменің үш түрі беріледі.МАН 71-73 бет]

-Көрген бейне жазбадағы диалог арқылы әңгіменің барысын бақылаңыз.

-Үлестірме парақтың көмегімен әңгіменің түрін ажыратыңыз.

-Әңгіме барысында байқалатын жайлардың мәнін ашыңыз.

- Кеңейтілген диалогтерге қатысуға мүмкіндік береді деп тұжырымдаған әңгіме түрін таңдап постер қорғаңыз.

Сергіту сәті: «Пух-пах»

3. «Стоп - кадр» әдісі

Мақсаты:Талқылауды демеу үшін кинестетикалық әдіс арқылы диалогті қолдануды іске асыру жолдарын меңгеру.

Күтілетін нәтиже:

Диалогтік әңгіме арқылы әңгіменің түрін ажыратады.

Әңгімені талқылау барысында әңгіменің түрін тірек сөздер арқылы дәлелдейді.

Тапсырма: Әр топ әңгіменің 5 түрі арқылы жұмыс жасап,әңгіме түрін анықтайды.Диалогтің қай әңгіме түріне жататынын тапқан топ «Стоп-кадр»деп тоқтадады.Егер дұрыс тапса марапатқа ие болады.

Топтарға бағалау парағының үлгісі беріледі.Тапсырмалар

Сабақтан кейінгі рефлексия

5 мин



Кері байланыс орындалады. «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті.Сатының 1 1-ші баспалдағы «Мен.............. білемін», 2-ші баспалдағы «Мен ................. түсінемін», 3 - ші баспалдағы,«Мен....................жасай аламын»



.

Коучинг – сабақтың рефлексиялық есеп

Менің коучинг сессиясында алып отырған тақырыбым «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру».Бұл тақырыпты алғандағы мақсатым оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру диалогтік оқыту әдіс-тәсілінің тиімділігін үйрету және іс-тәжірибеде қолданбақшымын..Аталған тақырыпты алу себебім,тәжірибеден өткелі отырған мектебімде көптеген жас мамандар жұмыс жасайды.Сол жас мамандарға бұрын болмаған ,яғни өздеріне таныс емес әдіс-тәсілдерді уйретіп және іс-тәжірибеде қолданса деген ниетпен алдым. Ғылыми зерттеулер нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосқандығын атап көрсетеді.(МАН 71 бет)

Мектептегі әріптестерімнің коучинг сабағыма қатысуға ниеттері болған әріптестеріме мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайын екенімді айтамын, өзімнің оқыған кезде алған біліміммен қоса жаңа білім негізінің талаптары мен міндеттері туралы ой бөлісемін.

Сабақты мұғалімдер ұжымына психологиялық ахуал орнатудан бастаймын. Түрлі қағаздарды таңдау арқылы құбыр жолын бейнелеу.Бірлесен жұмыс арқылы табысқа қол жеткізуге шақырамын.Таңдаған түстер арқылы топтарға бөлінуді сұраймын.Мұғалімдер таңдау түстері бойынша топтарға бөлінеді.

Келесі кезекте топта бірлесе отырып қалай диалогтік орта құруға болатынына көз жеткізу мақсатында үлестірмеде берілген баспалдақты тапсырманы “Тыңдап отырған үштік” әдісі бойынша орындайды. Бұл тапсырма көзге оңай көрінгенімен ойлануды қажет етеді және бірден қатысушыларды қызықтырып,белсенді жұмыс істеуге жетелейді. Тапсырманы толық орындау арқылы коучинг сабақтың тақырыбын анықтайды.Диалогтік әңгіменің өздеріне таныс екендерін айта келіп,оқушылардың арасында диалогтік орта қалыптастыру жолдарын үйренсе деген ұсыныстарды айта кетемін. АКТ қолдану арқылы диалогтік оқытудың басты ерекшеліктері мен және Мерсердің әңгіме түрлерін атап өтемін.

Келесі тапсырманы орындау үшін жан-жақты қажетті деп есептеген ақпараттар таратылады.Үлестірмедегі әңгіменің үш түрімен танысқаннан кейін мұғалімдер ерекше табысты деп есептейтін әңгіме түріне постер қорғайды.

Бейнежазба арқылы «Алтын қарбыз» мультфильмінен үзінді көрсетемін.Мұғалімдер үзінді барысындағы диалог түрінің қай әңгіме түріне жататынын табады. Әріптестерім тапсырмаларды орындауда жақсы көңіл- күймен белсенділік танытады деп ойлаймын.Өз сабақтарында әңгіменің үш түрін де тиімді пайдалану сапалы білім берудің бірден –бір жолы екендігіне көздерін жеткіземін.

Жаттығулар арасында әріптестердің көңілін көтеру мақсатында сергіту сәті жүргізіледі.( «Пух-пах»)

Топтық әңгіменің бес үлгісі бойынша берілген тапсырма «Стоп - кадр» әдісі арқылы орындалады.Мұнда топ мүшелері диалогтік әңгіменің түрін мәтіндегі тірек сөздерді мысалға ала отырып дәлелдейді. Кері байланыс орындалады. «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті.Сатының 1-ші баспалдағы «Мен.............. білемін», 2-ші баспалдағы «Мен ................. түсінемін», 3 - ші баспалдағы,«Мен....................жасай аламын»

Коучинг сабақ барысында әріптестерім топқа бөлу, постер жасап , оны қорғау, диалогтік оқыту тәсілдерін тез қабылдайды деп ойлаймын. Берілген тапсырмаларға аса жауапкершілікпен қарап , қолдарынан келгенін көрсете біледі деген ойдамын.

Сабағымның нәтижесінде менің әріптестерім тек диалогтік оқыту ғана емес, сонымен қатар оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыруды диалогтік оқыту әдіс-тәсілінің тиімділігін үйренеді және іс-тәжірибеде қолдануды, сабақ соңында балаларға кері байланыс ұсынуды, сергіту сәтін ұйымдастыруды, жағымды атмосфера орнату барысында психологиялық тренинг өткізуді, оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдерін қолдануды үйренеді деп үміттенемін.Оқу нәтижесіне жетемін деп ойлаймын.

Болашақта осы осы тақырыпта тағы да коучинг жоспарлайтын болсам, мен нені ұсынар едім?

-Диалогтік оқыту әдісі бойынша теориялық білімімді толықтыру;

-Әңгіме түрлерін сабақтарыма енгізіп, әріптестерімді сабақтарыма қатыстырып, іс-тәжірибеде көрсету;

Жаңашылдыққа жаны құмар, білсем, үйренсем деген әріптестеріме ақпарат жеткізудің ең тиімді тәсілі коучинг сабағы деп ойлаймын. Осы коучинг-сабағымды жоспарлай отырып әріптестерімнің өз тәжірибелерінде өзгерістер енгізу керектігіне септігін тигізеді деп ойлаймын, кішкене болса да үлесімді қоссам мен үшін бір қуаныш болар еді. Өзімде әріптестерімді үйрете отырып көп нәрсені үйренетініме көзім жетеді.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!