Сарсенгалиева
Гулжахан Мухимовна. Мұғалім партфолиосы. А2-есебі
1-топ. ПҚМК.
Атырау қаласы. 09.2016жыл.
Коучинг- сабақ арқылы
әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлекциялық
есеп.
«Педагогикалық қоғамдастықтағы
мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы мұғалімдерге
кәсіби деңгейлеріне қарамастан жаңалықты жаңаша әдіс-тәсілдермен
пәнге енгізуді коучинг арқылы жұмыс жүргізу жолдарын
қарастырады.
Коучинг-(ағылшын coahing)
сөзбе –сөз аудармасы-тәлім ету,дайындау, жаттықтыру.Бұл әріптестер
арасында оқыту тәжірибесін бірлесе ойластыру,мұғалімдердің
жекелеген салаларын жетілдіру,білімді шәкірт тәрбиелеуде дағды мен
тәжірибені жетілдіру.1
МАН,ПҚМК.87-бет.Бағдарлама тәжірибелі
мұғалімдерді өз мектептерінде табысты коуч өткізуге
даярлайды.Ондағы мақсат тәжірибе арқылы оқу мен оқытуда табысты
білім мен білікті ұйымдастыру.
Коучинг кезінде қолданатын
дағдыларға тоқталып өтсем:Тыңдалым-бұл ақыл-ой үдерісі,яғни
естігеніңді түсіне білу.Соның ішінде терең тыңдалымды ұйымдастыра
білу коучтің шеберлігін білдіреді. Мұғалім өз мектебіндегі
әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын
дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып
отыруға мүмкіндік алу мақсатында коуч мұғалімге көмек
көрсетеді.1
МАН,ПҚМК.88-бет.
Сұрақтар-бұл коучингтегі
қарым-қатынастың негізгі нысаны.Сұрақтардың бірнеше түрлері бар сол
сұрақтарды тиімді орынды пайдалана білу керек.Коучингте
қарым-қатынастың басқа дағыларын сипаттасам:
Қайталау/көрсету-эмоциялық күнгірттік туындағанда осы тәсілді
қолданған пайдалы.Қысқаша қорыту-мұғалім айтқан сөздің мағынасын
аша білу керек.Қайта тұжырымдау жаңа көзқарастар мен идеялардың
тууын қамтамасыз етеді.Топтау –диалог кезіндегі байланысты анықтау
арқылы
Бұл ретте мұғалім нәтижеге қол
жеткізу үшін өткізетін тақырыпты ұжым ортасында зерттеп алып
мақсатқа қол жеткізу жолында жұмыстанады деп
ойлаймын.1
МАН,ПҚМК.89-бет.
Коучинг өткізуге тақырып
таңдау үшін көп іздендім, өзім сабақ беретін М.Сиранов атындағы
орта мектеп мұғалімдерімен пікірлескен уақытта ұстаздар қысқа
мерзімді жоспар дайындауда қиыншылық кездесуде екендіктерін
баяндады.Осы пікірді негізге ала отырып коучингтің тақырыбын:
« Дұрыс құрылған жоспар-
мақсатқа жетудің кепілі» деп алуды жөн көріп және осы тақырыпта
коучинг жоспарын құрдым. Тақырыпты ашу үшін мынадай мақсат қойдым:
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруда сабақ құрылымын ұтымды
ұйымдастырып,жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерту,оқушылардың сол
тақырыпты толық меңгеріп кетуге жетелеудің жолдарын ортаға
салу.Коучинг өткізу кезінде күтілетін нәтиже: дұрыс сабақ жоспарын
құру арқылы оқыту мен оқу тәжірибесін дамытуда тиімді жолдарын
қарастыру.Психологиялық ахуал тудыру мақсатында тренинг
өткіземін.Тренингтің жүру барысымен таныстырамын:Каучингке
қатысатын әриптестер өзінен кейінгі адамға бойындағы жақсы бір
қасиетін бір сөйлеммен айтады, мен әріптестеріме жұмыстарына
сәттілік тілеймін.
Коучингке қатысушы
мұғалімдерді қалам, қарандаш,қойын дәптер таратып, сол арқылы 3
топқа бөлемін. Қатысушы ұстаздарды сергіту
мақсатында «Бес саусақтың маңызы» тақырыбында өз ойларын ортаға
салуды сұраймын.
Қатысушы
әріптестер сергіту сәтінің мағынасын ашып
талқылайды, саусақтың ерекшелігі туралы
мәліметтер жинақтайды.Түйінді идеяларды жан-жақты
талдау жолында бейнежазбалардың
таныстырылымын пайдалану арқылы коучингке топтық жұмыс кезінде
жаңаша сабақта модульдерді тиімді пайдалану жолдарын талқылауды
жоспарлаудамын. Коучинг кезінде пайдаланатын
ресурстарға:видео үзінді(1
сабақтан) түрлі-түсті қағаздар, постер,
бейнежазба, слайд, маркер. Тақырыпты ашу мақсатында 7 модульдің
бірнеше түрі кіріктірілген бейнежазбадағы сабақ үлгісін көруді
жоспарлап отырмын.Осы көрген сабақ бойынша топ мүшелерінің
пікірлерін білу мақсатында сұрақтар
ұйымдастырамын.
1.Көрген бейнебаянда сабақта
модульдің қандай түрлері
көрсетілді?
2.Сабақты меңгертудегі
әдіс-тәсілдер тиімді қолданылған
ба?
3.Оқушылардың белсенділігін
арттыру жолында қандай жаңашылдықты
пайдаланғандығын
байқадыңыздар?
Топтарға қысқа мерзімді сабақ
жоспары кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы
баяндау мақсатында постер қорғауға тапсырма беремін.Постердің
эстетикалық талғамға сай,мағынаны ашуға бағытталған ұтымды да
тиімді жолдармен дайындалуына бағыт беремін. Модульді сабақтың
қандай бөлімдеріне, қалай пайдаланудың тиімді жолдарын сипаттау
керек екендігіне нұсқау беремін.Постерді топтарға
бірін-бірі басбармақ арқылы
бағалатамын.Басбармақ жоғары қарап тұрғаны- мен
түсіндім. Басбармақ көлденең - Мен
түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай - Мен түсінбедім деген
мағынаны береді.Коучингте кері байланыс жасау
үшін: Білемін;Үйрендім;Үйренгім келеді кестесіне стикерлер
жапсырады.Стикерлердегі пікірлерді оқып, танысып
қорытындылаймын.
Қосымша-2
Коучинг
жоспары:
Коуч: Сарсенгалиева Г.М. Биология пәні
мұғалімі
Коучинг
тақырыбы:
|
Дұрыс құрылған жоспар-
мақсатқа жетудің кепілі.
|
Сілтеме
|
Мұғалімге арналған
нұсқаулық.
Үлестірме материалдар
1апта
|
Жалпы
мақсатым:
|
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын
құруда сабақ құрылымын ұтымды ұйымдастырып,жаңа әдіс-тәсілдерін
меңгерту,оқушылардың сол тақырыпты толық меңгеріп кетуге жетелеудің
жолдарын ортаға салу.
|
Күтілетін
нәтиже:
|
Дұрыс сабақ жоспарын құру
арқылы оқыту мен оқу тәжірибесін дамытуда тиімді жолдарын
қарастыру.
|
Түйінді
идеялар:
|
Тақырыпты анықтау үшін
бейнежазбалардың таныстырылымын пайдалану. Топтық жұмыс. Топпен осы
өтілген сабақты талдау.
|
Ресурстар:
|
видео үзінді(1
сабақтан)
Түрлі-түсті қағаздар, постер,
бейнежазба, слайд, маркер.
|
Сабаққа
қатысатындар
|
Пән мұғалімдері,15
адам
|
Өтілу кезеңдері ,
ондағы тәсілдер
|
Сергіту,бағалау,рефлекция.
|
Сергіту
сәті
|
Бес саусақтың
ерекшелігі
|
Мұғалімдердің
жұмысы
|
Бейнежазбадағы сабақ
көрсетіледі.
Сұрақтарға жауаптар
алынады
|
Бағалау
|
Теңге
арқылы
|
Рефлекция
|
Екі жұлдыз, бір
тілек
|
Мерзімі
|
Тапсырма
|
Коучтің
іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің
іс-әрекеті
|
3 мин
|
Психологиялық ахуал
туғызу
|
Тренинг
Коучингке қатысатын әріптер
өзінен кейінгі адамға бойындағы жақсы бір қасиеттерін
айтады.
Мадақтау
айтамын.
|
Мұғалімдер жақсы көңіл-күймен
коучинг сессиясын бастайды.
|
5 мин
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Топқа
бөлу:Қатысушы мұғалімдерге:
қалам,қарандаш,қойын дәптер таратып,сол арқылы топқа
бөлемін.
Мұғалімдерге сәттілік
тілеймін
|
Қатысушы мұғалімдер топқа
бөлініп отырады.
|
10
мин
|
Қызығушылықты ояту
кезеңі
|
Сергіту
сәті:
Бес саусақтың
ерекшелігі.
|
Сергіту сәтінің мағынасын ашып
талқылайды.
|
(15 мин)
|
Мағынаны ашу
кезеңі
|
Бейне жазба
көрсету.
Н.Назарбаев зияткерлік
мектебіндегі:орыс тілі сабағы.
Сұрақтар:
1.Көрген бейнебаянда сабақта
модульдің қандай түрлері көрсетілді?
2.Сабақты меңгертудегі
әдіс-тәсілдер тиімді қолданылған ба? 3.Оқушылардың белсенділігін
арттыру жолында қандай жаңашылдықты
пайдаланғандығын
байқадыңыздар?
|
Сабақта қандай әдіс-тәсілдер
қолданғандығы туралы талқылау.
|
(9
мин)
|
Ой
толғаныс
|
Қысқа мерзімді сабақ
жоспарында қолданатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы постер
қорғау.
Бағалау: басбармақ арқылы
бағалау. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен
түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен
түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен
түсінбедім.
|
Постер
қорғау:
Сабақ жоспарын құру кезінде
модульдерді тиімді пайдалану.
|
(3
мин)
|
Кері
байланыс
|
Стикерлер
арқылы
|
Білемін;Үйрендім; Үйренгім
келеді.
|