Коучинг. Жаңартылган білім - бастауыш сыныпта

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг. Жаңартылган білім - бастауыш сыныпта

Материал туралы қысқаша түсінік
Мугалимдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг сабағының жоспары

Тақырыбы

«Жаңартылған білім бастауыш сыныпта»

Мақсаты

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы тиімді әдіс-тәсілдер туралы түсінік беру. Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту. Өзінің тәжірбиесі туралы ойлану.

Күтілетін нәтижесі

Мұғалімдер түрлі қолжетімді ресурстар арқылы тиімді әдіс-тәсілдермен таныса отырып, тәжірибелерінде қолданады.

Түйінді сөз

Тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға,оны өз практикасында қолдана білуге үйрету.Оқытуды ынталандыру және жетілдіруде ОүБ ажырамас бөлігі екеніне көз жеткізу

Қолданған модульдер мен әдіс-тәсілдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық жұмыс; диалогтық оқыту

Ресурстар

маркер, стикерлер, А4 парақтары, презентация.


Ұйымдастыру кезеңі

(5 мин)

Жағымды эмоционалдық орта қалыптастыру.

Музыкалық сергіту «Раушан гүлдер»

Бірінші тапсырма: қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан гулдер жасау ұсынылады, сол гүлге бір- бір тілектен жазылып бір-біріне сыйлайды.


Топтық жұмыс

(8-10 мин)

«Жалғасын тап» әдісі.

Екінші тапсырма: аяқталмаған мақал-мәтелдер жазылған қима қағаздар тарқатылады, сол бойынша жалғасын тауып, топқа бірігеді.

  1. Ынтымақ – бұзылмайтын қорған,

Қосылып еккен ағаш – орман.

  1. Жұрт келгендей жиын болсын,

Жұмылған қолдай ұйым болсын.

  1. Жас – жастың тілегі бір,

Ынтымақтың білегі бір.

  • Әр топ аяқталған мақал-мәтелдерді оқып берсеңіздер.

  • Мақал-мәтелдердің негізгі идеясы неде?

  • Бүгінгі коучинг сабағымызға қалай байланыстырсақ болады?

Осы мақал- мәтелдердің түйінді идеясын постерға түсіріп,қорытынды сөзін бүгінгі сабағымызға байланысты білдірсеңіздер.


Сергіту сәті

(1-3 мин)

Топтық тапсырма

1-топ «Математика» Математика пәнінің бағдарламасын талдау.

2-топ «Қазақ тілі» Қазақ тілі пәнінің бағдарламасын талдау.

3-топ «Әдебиеттік оқу» Әдебиеттік оқу пәнінің бағдарламасын талдау.



ІІ. Мәтінді барлық топтарға тарату

Баяғы заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең әдемі болыпты. Іші толған-алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Қарны ашқан бай кедейге:

- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, -дейді.

Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын,-деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.

Алтынымның жартысын берейін,-дейді ол бұл жолы.

Жоқ, бере алмаймын,-деп бұл жолы да келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс-тас екен, арпа, бидай-ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.

Топқа тапсырма:

1 топ: Мәтінді рөлге бөліп сахналайсыздар

2-топ:Мәтінді ым-ишара яғни мимика арқылы көрсетесіздер

3-топ: Мәтінге сүйеніп, сурет салу.

Бұл әдіс қай пәнге тиімді?

Сабақтың қай кезеңінде тиімді?


Берілген әдіс-тәсілдерді кай пәнге кандай тапсырмаға қолданатынын айтып мысал келтіру.

«Броундық қозғалыс»

Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

«Білімдарлар»

Ең алдымен, ойынның басында «білгірлер» анықталады, олар өздеріне топ құрады. Ойынға қатысушылар топтары бойынша парта басына отырады. Бір топ тақта жанында қалады. Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен). Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.

«Егер ..., онда не болар еді?»

Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы,

«Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?»

«Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...»

«Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда»














Қорытынды

(8-10 мин)



  • Бүгінгі сабақта бағалау туралы не білдіңіздер?

  • Бұл ақпарат сізге көмектесе алды ма? Неге?


Рефлексия «Бес саусақ»

Бұл қадамда сіз көзіңізбен көріп,ой елегінен өткізіп, санаңызға түйгендеріңізді бес саусаққа

  • Бүгін мен не үйрендім?

  • Маған не қызық болды?

  • Сұрағым бар..

  • Менің басқаларға қандай көмегім тиді? .

  • Менің тілегім..... секілді аяқталмаған сөйлемдерді толтыру арқылы бағалайсыз.

-Сонымен, бүгінгі кочинг сабағымыздың мақсатына жеттік деп ойлаймын. Өмірдегі шынайы ғажайып, адамзатқа маңызды дүние бүгінгі алдымызда отырған жастарымыздың қолында, ал сол оқушыларымыздың тағдыры біздің қолымызда екенін ұмытпайық.

Бес саусағын- бақытың,

Сонда жұртым, бар құтың.

Бес саусағын біріксе,

Текке кетпес уақытың- дей отырып , балаларымыздың

білімің шынайы, нақты,әділ бағалануына

ынтымақтаса отырып, бірге қадам жасайық.

« Б. Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебі»

мемлекеттік мекемесі














Коучинг сабақтың тақырыбы: «Жаңартылған білім бастауыш сыныпта»









Өткізген: Сұлтангереева Ә.Е.

Сағынова Ж.Қ.

бастауыш сынып мұғалімдері














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.06.2018
1267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі