Материалдар / Коучинг жоспары. Тақырыбы:Сабақта оқыту үшін бағалауды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг жоспары. Тақырыбы:Сабақта оқыту үшін бағалауды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағалаудың түрлерін ажырата білу, қалыптастырушы бағалаудың оқытуда маңыздылығын ұғыну. Жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуде әріптестерге көмек көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2022
468
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Коучинг жоспары


Коучингтің тақырыбы:

Сабақта оқыту үшін бағалауды пайдалану

Мақсаты

Бағалаудың түрлерін ажырата білу, қалыптастырушы бағалаудың оқытуда маңыздылығын ұғыну. Жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуде әріптестерге көмек көрсету.

Табыс критерийі:

1.Мұғалімдер оқыту үшін бағалау үдерісінің мағынасын анықтайды.

2.Мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз тәжірибесіне

енгізеді.

3.Мәтінмен жұмысты жетілдірудегі қалыптастырушы бағалаудың әдіс-

тәсілдері арқылы кедергілердің шешу жолдарын табады.

Күтілетін нәтиже:

1.Мұғалімдер оқыту үшін бағалау үдерісінің мағынасын түсінеді.

2.Мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз тәжірибесіне

қолданады.

  1. 3.Мәтінмен жұмысты жетілдіруде қалыптастырушы бағалаудың әдіс-

  2. тәсілдерін үйренеді.

Түйінді идеялар

Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын одан әрі қалыптастырады.

Мерзімі:


Барысы:

Коучтың әрекеті

Қатысушылардың әрекеті

Дерек көздер


Мұғалімдерді шеңберге тұрғызады.





Сәлемдесу

Топқа бөлу




1.Шабыттандыру





2.Ендіру

Ой қозғау






3.Баурап алу

Теориялық материал




4. Шеберлік кезеңі































Рефлексия



Кері байланыс


Мұғалімдер шеңбер жасап тұрады. Әр мұғалім өз есімінің алғашқы әріпінен басталатын өзінің жағымды қасиетін айту керек.

Коучинг тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Топқа бөлу

1.Бағалау дегеніміз не? Бағалау не үшін қажет?

2.Бағалаудың қандай

түрлерін білесіздер?

3.Сіз сабақта нені

бағалайсыз?

4. Сыныпта бағалауды қалай жүзеге асырып жүрсіздер?


5. Оқуды бағалаудың мақсаты неде деп ойлайсыздар?

Презентация слайд көрсетіледі



Бес түрлі-түсті қағазды қолдана отырып, гүл жасауды ұсынады.


Топтық бағалау: коуч бағалау критерийлерін жасауды ұсынады.



6. Әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарту үшін не істеу керек?





7. Баға қою үшін оқушылардың нені білетіндігін, не істей алатындығын, сонымен қатар, олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін қалай анықтар едіңіздер?


8. Сіз атаған кедергілерді қалай шешуге болады?



Критерийлерді тексеру




Формативті және жиынтық бағалаудың айырмашылығы неде?


Тыңдайды


Түстерді таңдау арқылы топқа бөліну.

Әр топ ойланып жауап беруі тиіс

Бағалаудың мәні туралы және не үшін қажет екенін ауызша айтып өтеді.

Мұғалімдер топта бағалауды талқылайды.

Әр топ өз ойларын постер бойынша қорғайды




Таныстырылымды тыңдайды. Үлестірмелі материалды оқиды, талдайды.

Топтар бірлесе отырып бірінші критерилерге сүйене отырып, топтық бағалауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар өзін-өзі бағалау кестесінде ұпай жинай отырып, соңында жиналған ұпайларын санап өзін-өзі бағалайды.


Оқыту мен оқу сапасын жақсарту үшін пән мұғалімдері өз ойларын ортаға салады.

Әр топ 2 жұлдызша, 1 тілек әдісі бойынша өзге топтың жұмысына баға беру.


Қадағалау, алынған мәліметтердің қызығушылық тудыруынан және іс-әрекетті анықтау арқылы мұғалімдер өз шешімдерін айтады.











Ақ параққа өз қолдарын салып, әр саусаққа бүгінгі коучинг туралы өз ойларын жазады.

Бүгін мен не білдім?

Не үйрендім?

Ұсыныстар
















«Сабақта оқыту үшін бағалауды пайдалану» тақырыбында өткізілген коучингтің рефлексивтік есебі


Оқыту мен оқудың озық тәсілдерін меңгермей, оқушыға сапалы білім беру мүмкін еместігі дәлелденуде.Үйренсем, білсем, қолдансам деген мақсат тек оқушыда ғана емес, ұстаздарда да болу керек. Ұдайы оқу болмаса жан-жақты, сапалы маман болу мүмкін емес. Табыстың жоғары деңгейіне ойлау арқылы жетуге болады. Біздегі оқыту ойланудан гөрі механикалық жаттауға, өзіндік пайымдалмаған дайын жауаптар берумен шектеледі. Бұл бағыттан өзгеру үшін мұғалімдерден үздіксіз оқуын жалғастыруы талап етілуде. Оқушыдан да жауап беру барысында  ойлануды, пайымдауды күту керек. Неге үйретсек, нені талап етсек соны көре білуге дағдылану қажет деп ойлаймын. Мұғалімдермен жүргізілген коучингті 2021 жылдың 3 қарашасында «Сабақта оқыту үшін бағалауды пайдалану» тақырыбында өткіздім.

Педагогикалық әрекеттердің негізгі қағидасы – оқушылардың дамуына мүмкіндік беру. Баланың оқуы және дамуы әрдайым өзгеру үдерісінде жүреді. Оқушының оқу дербестігінe, жігерлігінe және жауапкершілігіне қол жеткізу үшін баланың өзінің және өз сыныптастарының әрекетін бағалау және бақылау қажет, оқу барысында пайда болған қиыншылықтардың себебін айқындау және жою икемділігіне ие болу маңызды болып саналады. Бұл икемділікті, формативті бағалауды, күнделікті тәжірибеде қалыптастырып жүйелі түрде қолдану біздің міндетіміз екенін өз әріптестеріме жеткізгім келді.

Коучинг сабағымды өткізу үшін алдыма мақсат қойдым: Бағалаудың түрлерін ажырата білу, қалыптастырушы бағалаудың оқытуда маңыздылығын ұғыну. Жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуде әріптестерге көмек көрсету.

Оның  нәтижесінде: күнделікті өздері қолданатын бағалаудың қаншалықты дұрыс екендігін саралай отырып, бағалауға негізделген критерий жасауды үйренеді, әрі болашақта сабақта қолдануға бейімделеді.Тапсырмаларды орындау барысында бағалау түрлерін, бағалау критерийлерін, өзін- өзі бағалау және өзара бағалау әдістемесін түсінеді.

Коучинг сабағымды жағымды психологиялық  ахуалды  қалыптастыру мақсатында тренингін өткіздім. Мұғалімдер шеңбер жасап тұрады. Әр мұғалім өз есімінің алғашқы әрпінен басталатын өзінің жағымды қасиетін, жақсы жақтарын айтып, көңілін көтереді.

Әріптестеріме бүгінгі жүргізілетін жұмысымызда аталған мәселелерді назарға алып, сол проблемалардың шешу жолдарын қарастыруға бағыттыйық деп үш топқа «Гүлдің» суретін салу тапсырмасын  ұсындым.  Топтар бірден жұмысқа кірісті. Берілген уақытта топтар тапсырманы орындады, өздерін шығармашылық жақтан мықты екендерін көрсете білді. 

Топтарға өздерін бағалауын сұрадым, содан кейін топтар жұмыстарымен ауысып бір-бірін бағалауын сұрадым.  Топтар жұмыстарымен ауысып, бірін-бірі бағалады.  Жоғары дәрежелі сұрақтарды қойып, әріптестерімді әңгімеге тарттым:

1.Cіздерге  бұндай баға қойғаны түсінікті ме? Неге?

2. Бағаны неге сүйеніп қойдыңыздыр?

3. Бағалау қиын болды ма?

4.Қазіргі бағалау жүйесі қандай аспектілерді қамтиды?

5.Оқушыларға  қойған бағаны өзіңізге немесе оқушыларға түсіндіріп  бере аласыз ба?

Оқыту үшін бағалау үдерісі туралы мұғалімдерге кері байланысты «Бес саусақ» тәсілін қолдандым. Алақанның бес саусағына жақсы тілек-ұсыныс білдіруін ұсындым. Қатысушылар коучингтен алған әсерлері мен ұсыныстарын  жазып, тілек білдірді.

 Оқыту үшін бағалау идеясына қатысты кездесетін мәселелер туралы  ойлануға мүмкіндік бердім. Мұғалімдер  критериалды оқытудың мұғалім үшін, оқушы үшін және ата-ана үшін өте маңызды екенін шештік. Оқушы берілген бағалау критерийлерін түсінеді, жұмысын бағалай біледі. Ал ата-ана өз баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалай алады .


Кері байланыс Бағалаудың түрлі  тәсілдерін сабақта қолданамыз, бағалау туралы көп ойланамыз, талдаймыз, кейде қиындықтар болады. Бірақ мен өз тәжірибемнен мынадай нәрселеге көз жеткіздім:

·        оқушыларға әр кезде жұмыстың мақсаты мен критерийлерін айтып отыру немесе естеріне салу;

·        өзін-өзі бағалауға уақытты жоспарлау;

·         оқушылардың мақсатқа жету жолдарын нақты көру үшін сабақтаң мақсатын, бағалау критерийлерін тақтаға немесе стендтерге көрсетіп қою тиіс!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!