Коучинг "Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болады"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг "Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг қатысушыларымен «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау) яғни, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін сабақтан бейне көрініс және бірлескен жұмыс арқылы қарастыру болып табылады. Бұл жоспар мұғалімдерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аудандық семинар барысындағы коучинг сабағының қысқа мерзімді жоспары

Күні: 19.01.2018ж.

Өтетін орны:

Талдықорған қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы

Коучинг  тақырыбы:

Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болады

Мақсаты:

Коучинг қатысушыларымен «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау) яғни, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін сабақтан бейне көрініс және бірлескен жұмыс арқылы қарастыру.

Оқыту нәтижесі:

Коуч сессия қатысушылары қалыптастырушы бағалаудың (формативті бағалау) күнделікті сабақта пайдалану арқылы  оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу

Сілтемелер:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, слайдтар, ғаламтор материалдары.

Негізгі идеялар:

Қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, критериалды бағалау, критерий, дискрептор

Қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, компьютер, бейнематериалдар, постер, маркер, слайдтар

Өту формасы, технологиясы,  әдістері:

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, бағалау парақтары,

Коучинг кезеңдері

Коучтың  іс-әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал туғызу: «Жүректен-жүрекке» танысу, әркім өз есімін айтып, бүгінгі іс-шараға сәттілік тілейді.

І. Сабақтан көрініс – «сабақтың басындағы бағалау» көрсетіледі және осы бағалау бойынша тарих пәні мұғалімі, А.Ы. Меңдиярова талқылайды.

ІІ. Сабақтан көрініс – «сабақ ортасындағы бағалау» көрсетіледі және осы бағалау бойынша тарих пәні мұғалімі, А.Хуанган баяндайды.

Талқылау

Тақырыпты ашу.

Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?

Сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.

Түсіну

Топпен жұмыс. Сабақтың соңы яғни сабақты бекітуді қалай бағалайсыз, қалыптастырушы бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз деген тапсырма ұсынылады.

Топ болып тапсырманы орындайды, қорғайды.

Топтық бағалау. Екі жұлдық, бір тілек арқылы топтар бір-бірлерін бағалайды.

Сергіту сәті.

Көңілді әуенмен билеу. 

Талдау

Бағалау сіздерге түсінікті болды ма? Қандай бағалауды қолдандық?

Бағалау туралы презентация көрсету.

Пікірлерін айтады, талдайды.

Жинақтау

Кері байланыс : Стикерлерге ұсыныс, тілектерін жазып, тау суретіне жапсырады.

Қорытынды

Қалыптастырушы бағалау  кері байланыс арқылы оқудың нәтижелі болуына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, ол оқушыға білім мен түсінуді жақсартуға, білім алуға түрткі болуға, өзін-өзі бағалау қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті сынып жұмысы үрдісінде ағымдағы білімі мен қабілеттерді меңгеру денгейін анықтауға арналған. Бұл мұғалімдер мен оқушыларға оңтайлы жұмыс істеуіне қолайлы.

 Оқушыларды қорытынды бағалауға дайындау мақсатында ағымдық жұмыстардың тапсырмалары,  мазмұны, құрылымы мен формасы қалыптастырушы бағалауға бағытталады. Тоқсандық баға қойғанда тек қорытынды бақылау жұмысының нәтижесі  ғана емес, қалыптастырушы жұмыс та ескеріледі. Орта мектепте қолданылмайтын критерий мен рубрикалар тоқсандық баға қоюда есептелінбейді.Үй жұмысы да қалыптастырушы жұмыс ретінде қолданылуы мүмкін.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2018
3145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі