Коучинг-сабақ арқылы
әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық
есеп
Адам баласы білімінің
дәрежесіне қарамастан, өзінің қол жеткізген үздік нәтижелерін, өз
бетінше ұстап тұру, оңайға соқпайды. Сол үшін адамзат баласы
ізденіс үстінде болуы керек. Осыған байланысты « Педагогикалық
қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы мұғалімдерге
әріптестерімен бірге коучинг арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу
үшін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша
үйренгеніміз коучингті өткізу керектігі жөніндегі теория түрлі
тақырыптағы коучингті жоспарлауға біршама көмегін тигізді. Бұл
тұрғыда теория жүзінде түсінгенім жайында МАН-тан қарастырсақ:
Коучинг сөзбе-сөз аудармасы- дайындау, жаттықтыру. Әріптестердің
құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі.Коучинг —
өте икемді, өмірдің кез-келген саласында қолдануға мүмкіндік
береді, өте тиімді, коучингті қолдану арқылы уақытты да, қолдануға
болады. Коучинг барысында идеялармен алмасу,коуч тарапынан
рефлексиялық диалогқа тарту негізінде басқа мұғалімдер өз жұмысының
жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым
жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім
қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен
тәжірибесін жетілдіреді.(Вильямс 2007). Қарапайым тілмен айтқанда,
коучинг – сабақ, коуч сабақты жүргізуші адам.Коуч сабақты тек бір
үйренуші-мұғаліммен де, бес-алты немесе көп мұғаліммен де өткізе
алады.Коучинг тікелей үйретуге емес, өз бетінше үйренуіне
көмектесуге бағдарланады.
Осы орайда
мен коучинг-сабақ арқылы
әріптестерімнің тәжірибесіне қандай өзгеріс енгіземін? Нені
енгіземін? Қалай енгіземін? Ол үшіне не
істеймін?
Коучингті жоспарлағанда, бұрын
мектепте қатысқан коучинктердегі сәтсіз тұстарды, кемшіліктерді
басшылыққа ала отырып, бір шешімге келіп, «Сұрақтар –
қарым-қатынастың негізгі нысаны» тақырыбын
таңдадым.
Коучингтің жоспарын құру үшін,
оның құрылымын жасадым. Әр құрылымды уақытқа белгіледім. Менің
жоспарлаған коучинг сабағымның негізгі
мақсаты: Мұғалімдер оқушылардың сыни
ойлауын дамытады. Сабақта сыныи тұрғыдан оқыту мен оқудың әдісін
қолданады. Сабақта пайдаланудың тиімді жолдарын анықтайды,
қарастырады, түсінеді. Мұғалімдерге түрлі әдіс-тәсілдер,
сұрақ-жауап, пікірлесу, постер қорғау, кері байланыс арқылы
өтілетін тақырыптарға сыни ой қозғалтамын деп жоспарладым.
Нәтижесінде мұғалімдер сұрақ қою әдісін түсінеді, меңгереді.
Сабақта жаңарту бағытындағы әдістерді тиімді пайдалана
алады. Коучтың нұсқаулығы арқылы
мұғалімдерге сергіту сәті арқылы мұғалімдердің эмоционалдық
көңіл-күйі көтеріледі Осылайша өздеріне ахуал туғызады. Салған
суреттеріне өз пікірлерін айтады.Топқа бөлу кезінде мұғалімдер
оқушылардың өз қабілеттеріне қарай берілген тапсырманы орындауын,
топтағы өзге мүшелермен ықпалдасуын бақылаймын. Себебі, топпен
қалай жұмыс жасау керек, топтың құрамында қанша адам болады, топ
ережесі,топ мүшелерінің рөлі, топ басшысын сайлап алу сияқты
өзгерістермен танысады.Әріптестер өз ойларын
білдіреді.
Коучинг өтілу барысында
әріптестерім сыныпта психологиялық ахуал туғызуды қалай өткізуге
болатынын білетін болады. Сабақтың тақырыбын бірден айтпай,
бейнеролик арқылы әріптестеріме сыни тұрғыдан ойландыра алатын
түрткі сұрақтар қоямын. Мұғалімдер видеороликті тамашалау арқылы
оның негізгі идеясына назар аударады,
өздеріне керекті тұстарды
қағазға жазып отырады. Мұғалімдердің алдарына «Сұрақ түрлері»
туралы мәлімет таратылады. Мұғалімдер алдарындағы мәліметті
алғаннан кейін, сол мәлімет бойынша әріптестер көрген
видеороликтегі негізгі идеяны табады. Ондағы түйіннін шешімін
іздестіреді.Әр берілген тапсырмаға байланысты постер
қорғайды.
Бұл жерде коуч сөйлемейді,
бағыт береді, ал коучингке қатысушы әріптестер арасында диалогтық
қарым-қатынас пайда болады. Мерсердің зертеуіне сәйкес, әңгіменің
үш түрінің зеттеушілік барысында әркім ақылға қонымды мәлімет
ұсынады, әркімнің пікірі құнды идея ретінде бағаланады, қатысушылар
бірбіріне сұрақ қояды, өз пікірлерін негіздейді, өзерттеушілік
әңгіме өз пікірін дәлелдеуге негізделеді.Топ бір-бірін бағдаршам
арқылы бағалайды. Әрбір топ мүшелері А4 форматты қағазына қолдың
суретін салып, саусақтар арқылы бүгінгі жұмысты бағалайды. Кері
байланыс «Сэнгвич» әдісімен өтеді.
Жұмысымды қорытындылай
келе, коучинг бүкіл проблеманың
жалғыз да тиімді шешімі болмайды, дегенмен, сол проблемаларды
барынша тиімді шешуге орасан зор мүмкіндік беретін керемет
технология!