Материалдар / Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп жазу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп жазу

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп жазу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2021
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алтынбаева Жанар Елжановна мұғалім портфолиосы В1 есебі

1 топ 2-деңгей

Қостанай қаласы


В1есебі

Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есептер


1Коучингсессиясының жоспары


Кезеңдері

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Сабақтың тақырыбы:


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Жалпымақсаты:



Бағалау түрлерімен таныстыру. Өзін-өзі бағалау және сыныптастары бағалауға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді анықтау. Бағалау үдерісін жақсарту.

Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

  • бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;

  • бағалау түрлерінің мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;

  • жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдаланудың тиімділігін анықтауға;

  • әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын және жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.

Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин

Коучинг сабағының тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Кері байланыстың қорытындысы. «Ағашқа өрмелеу»

Топқа бөлу:

1 мин

Коучинг сабағына алты адам қатысқандықтан, оларды алманың қызыл- жасыл түстерімен үш-үштен 2 топқа бөлдім. Топ мүшелерімен таныстырып, топ мүшелерін сайлаттым.

Жаттығу:

Топпен жұмыс:

10мин

Постермен жұмыс істеудегі бағалау критерийлерін құрғыздым. Топ ережесін құрды. Постермен ережені қорғаттым.

Бір-бірін бағалау:

1мин

Екі топ бір-біріне бағалау критерийлері бойынша баға берді. «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» берді.

Сұрақтар:

5мин

-Сіздер постермен жұмыс жасағаннан кейін бір-бірлеріңізді не істедіңіздер? (бағаладық)

-Бағалау дегеніміз не?

-Оқу үдерісінде бағалау керек пе?

-Сіздер сабақта нені бағалайсыздар?

-Сабақ ахуалын жақсарту үшін қандай бағалау пайдаланасыздар? (тиімді)

Жеке тапсырма:

  1. мин

Қиындық туғызатын бала туралы суретін салу. Суреттерді көрсетпей бағалау. Алдымен өзін-өзі бағалау. Бағасын жапсырып, келесі қатысушыға береді. Екіншіде суреттерге талдау жасап, баға береді

Рефлексия:

5 мин





Коуч сұрағы:

- Сіз неге... (Алмас, ...) алғаны түсінікті ме?

-Ал сізге (...) неге қойды?

-Сіз қасыңыздағы қатысушыға баға қойғанда, неге назар аудардыңыз?

Жұмысты бағалау қиын болды ма?

Біздің баға қою жүйеміз қандай қолайсыздық туғызады?

Біздің оқушыларымыз неге және не үшін баға алғанын түсінеді ме?

Әр оқушы сабақ сайын бағаланады ма?

Видеоролик көрсету:

3мин

Қандай баға алғанды ұнатасың?

Не үшін саған 5, 4, 3, 2 қояды?

Саған әділ баға қоя ма? деген тақырыпқа сауалнама немесе интервью алынады.

Суретті бағалау:

5 мин


Қиындық туғызатын баланың суретін бағалау критерийлері беріледі. Әр қатысушы өзін-өзі бағалайды.

Рефлексия:

5 мин


Қай бағалау сіздер үшін тиімді болды? Неге? Осындай бағалауды қалай атауға болады? Бағалау керек, бірақ ол қандай? Бағалаудың қандай түрлерін сіздер ұсынар едіңіздер? Заманауи бағалау туралы не білгілерің келеді?

Теориялық материал:

5 мин

Презентация. Бағалау деген не? Бағалау түрлері. Бағалаудың мақсаттары.

Сергіту сәті:

2 мин

«Қара жорға» биі

Жұппен жұмыс:

15 мин

Бағалаудың көмегімен оқуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс, бір қарағанда қарапайым болып көрінетін 5 түйінді факторға байланысты екен:

1.Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2.Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін –өзі бағалауға қатыстырады.

3.Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқуды түрлендіру.

4.Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

5.Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Бір сабақ үзіндісінің үлгісінде ОҮБ маңыздылығын көрсетіңіздер.

Кері байланыс:

2 мин

2 жұлдыз, 1 ұсыныс

Бағалау парағын толтыру:


Коучинг сессиясын бағалаулары


Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының екінші деңгейге арналған бағдарламасыныңбірінші бетпе-бет кезеңінен біліктілігімді арттырып, өзімнің еңбек етіп жүрген «Мемлекеттік тілде білім беретін Қашар орта мектебіне» мектептегі тәжірибеден өтуге келдім. Курстағы бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін әкімшіліктен директордың оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі-Кощугулова Мағжан Нұржанқызымен кездестім. Мағжан Нұржанқызына екінші деңгей бағдарламасынан алған біліктілігімді және мектепте іс-тәжірибе кезеңінде орындауға берілген тапсырмалар туралы әңгімелестім. Одан кейін мектеп ұжымындағы әріптестермен кездесу ұйымдастырылып, 7 модуль бойынша оқыту туралы мәлімет бердім. Осы кездесуде коучинг сессиясы туралы айтып өтіп, оған кімдер қатысқысы келетінін сұрадым. Коучинг сессиясына бастауыш сыныптың барлық мұғалімдері ұсыныс берді. Олар: 1 «а» сынып мұғалімі-Бержанова Ж. Г., 1 «ә» сынып мұғалімі-Хужамуратова Г. Б., 2 «ә» сынып мұғалімі-Медетова Д. Ж., 3 «а» сынып мұғалімі-Баймбетова М. Е., 3 «ә» сынып мұғалімі-Жусипова К. А., 4 сынып мұғалімі-Бекетаева Н. Ө. болды. Коучинг сессиясына кім қатысатынын анықтап алғаннан кейін, олардан қандай модуль туралы мәлімет алғылары келетінін сұрадым. Коучинг сессиясына қатысатын әріптестер «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбын алуға ұсыныс білдірді. Тақырыбы анықталғаннан кейін сессияға дайындық жасадым. Өзімізге қолайлы уақытты таңдап алып, №1 коучинг сессиясын өткіздім.

1 коучинг сессиясының тақырыбы: «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» деп алынған еді.

Оқу нәтижелері:

Мұғалімдер:

  • бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;

  • бағалау түрлерінің мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;

  • жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдаланудың тиімділігін анықтауға;

әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын және жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.

Осы сессияға мен мынадай жоспар дайындап әкелдім:

(жоспар)

Бұл берілген тақырып бойынша мұғалімдер 5 балдық жүйеде бағалайтынын және (жиынтық және қалыптастырушы баға) бағалайтынын, ауызша мадақтап отыратынын, мадақтаулар беретінін,жарыс сабақтарында әділқазылар алқасы мұғалімдер сайланып, сол мұғалімдер бағалап отыратынын айтып өтті. Оқушыларды берген жауабына байланысты әр түрлі көрнекіліктер: мысалы, фишкалар, жемістер, пішіндер, кәмпиттер және тағы басқалар арқылы бағалайтынын айтты.

Бұл тақырыпты әріптестер өздері таңдағаннан кейін, мен де олармен келісе кеттім. Себебі, біздің мектептен бұл бағдарлама бойынша біліктілігін көтерген мұғалім жоқ. Екіншіден, олар бұл деңгейден өтпегендіктен, бағалаудың түрлерін білмейді. Неге білмейді деп отырмын, себебі, ол мұғалімдердің сабақтарынан жаңа бағалаудың түрлерін көрген жоқпын. Сондықтан осы тақырыпты мұғалімдер таңдаған кезде, мен де олармен келісе кеттім.

Бұл жұмыстың түрлеріне көңіл аударуымның себебі, мен үшін өте маңызды.Оқыту мен оқудың бұл жұмыс түрлеріне көңіл аударуымның себебі:

-оқытудың қиындықтарын анықтау;

-өзіндік түзетулер енгізу;

-дұрыс орындалмаған жағдайда жұмысты қайта өткізу;

-проблемаларды анықтау;

Ал, мектебім үшін маңыздылығы:

-кері байланысты қамтамасыз ету;

-оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, өзін-өзі бағалауға қатыстыру;

-бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру;

-бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына ықпал ету;

-оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

-мектепте оқыту сапасын жоғарылату үшін;

ектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру үшін;

Осы маңыздылықтарды ескере отырып, таңдап алған мұғалімдерменсессияда жұмыс істеуді ұйғарған себебім, біріншіден, олар өздері коучинг сессиясына қатысып, жаңа ақпарат алуға ұсыныс білдірді. Екіншіден, мен бұл мұғалімдермен бір салада еңбек етемін. Сондықтан, осы мұғалімдер таңдалып алынды.

Менің бірінші коучинг сессиясына таңдап алған тақырыбымды айтып кететін болсам: «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау». Өткізген тақырып бойынша әріптестеріме бағалаудың түрлері туралы білу және оны тәжірибесінде қолдану қажеттіліктері зор екені айтылды. Олар оқушылардың білімін осы күнге дейін 5 балдық баға жүйесімен ғана бағалап келді. Менің өзімнің сыныбымда өткізген сабақтарда балаларға бағалаудың жаңа жүйесі ұнайтынын байқадым. Мен бағалаудың түрлерін өзімнің іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу сабақтарымдаоқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалау, көшбасшының бағалауында қолдандырдым. Бұл бағалау жүйесі оқушылардың қызығушылығын арттырады, қызығушылықтың арқасында бір-бірін бағалап үйренеді. Сараптама жүргізеді, өзін-өзі бағалауды біледі. Қасындағы жолдастарынан қалыспауға тырысып, күнделікті үй тапсырмасын оқып, орындап жүреді. Сабаққа деген ынтасы артады, білімге деген құштарлығы дамиды, белсенділігі артады. Енді, осы сессиядан берілген тақырып бойынша тыңдап, көріп, үйренгеннен кейін, олар да бір сабақтың көлемінде түрлі бағалау түрін өткізеді деген сенімдемін. Мысалы:

-өзін-өзі бағалау

-бір-бірін бағалау

-көшбасшының бағалауы

-мадақтау

-кері байланыс

Коучинг сабағына арналған оқыту мақсаттары:Бағалау түрлерімен таныстыру. Өзін-өзі бағалау және әріптестерін бағалауға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді анықтау. Бағалау үдерісін жақсарту.

Оқыту нәтижелерімен таныстырдым.

Мұғалімдер:

  • бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;

  • бағалау түрлерінің мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;

  • жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдаланудың тиімділігін анықтауға;

  • әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын және жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.

Сессияның алдында «Ағашқа өрмелеу» суреті бойынша кері байланыс алынды.

Коучинг сабағына алты адам қатысқандықтан, оларды алманың қызыл-жасылтүстерімен үш-үштен 2 топқа бөлдім.Топ мүшелерімен таныстырып, топ мүшелерін сайлаттым:көшбасшы, бақылаушы, баяндамашы, хатшы, уақытты үнемдеуші. Постермен жұмыс істер алдында бағалау критерийлерін құрғыздым. Постерге топ ережесін құрды. Постермен ережені қорғаттым. Екі топ бір-біріне бағалау критерийлері бойынша баға берді. «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» берді.

Бағалау туралы сұрақ-жауап алдым.

Қиындық туғызатын бала туралы сурет салғыздым. Суреттерді көрсетпей бағалаттым. Алдымен өзін-өзі бағалады. Бағасын жапсырып, келесі қатысушыға берді. Екіншіде суреттерге талдау жасап, баға берді.

-Сіз қасыңыздағы қатысушыға баға қойғанда, неге назар аудардыңыз?

-Жұмысты бағалау қиын болды ма?

-Біздің баға қою жүйеміз қандай қолайсыздық туғызады?

-Біздің оқушыларымыз неге және не үшін баға алғанын түсінеді ме?

-Әр оқушы сабақ сайын бағаланады ма?деген сұрақтар арқылы бағалау туралы рефлексия жүргіздім.

-Қандай баға алғанды ұнатасың?

-Не үшін саған 5, 4, 3, 2 қояды?

-Саған әділ баға қоя ма? деген тақырыпқа интервью алынған видеоролик көрсеттім.

Қиындық туғызатын баланың суретін бағалау критерийлері арқылы әр қатысушы өзін-өзі бағалады.

-Қай бағалау сіздер үшін тиімді болды? Неге?

-Осындай бағалауды қалай атауға болады?

-Бағалау керек, бірақ ол қандай?

-Бағалаудың қандай түрлерін сіздер ұсынар едіңіздер?

-Заманауи бағалау туралы не білгілерің келеді? деген рефлексия жүргіздім.

Бағалау мен бағалау түрлері және бағалаудың мақсаттары туралыпрезентация көрсеттім.

Сергіту сәтіне «Қара жорға» биін жүргіздім.

Бір сабақ үзіндісінің үлгісінде ОҮБ маңыздылығын көрсетуге жеке жұмыс бердім.

Кері байланыс ретінде «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» сұрадым.

Коучинг сессиясының бағалау парағын толтыртқыздым.

Әріптестер осы сессияда топқа бөлінген кезде, менің айтқанымды жақсы ұғып, топқа бірден дұрыс бөлініп кетті. Топқа бөлінгеннен кейін әркім өз міндеттерін дұрыс атқара алды. Топ ережесін құра алды. Постермен жасайтын жұмысты жақсы атқарды.Қиындық тудырған баланың бейнесінемұғалімдер өз-өзін бағалай алмады, бағалау түрін білмейді, бірінші рет танысып жатыр. Бағалаудың түрлерін қалай жүргізетінін айтуға қиналды.

Коучинг сабағының нәтижесінде әріптестер бағалау түрлерін білді. Өзін-өзі және әріптесін бағалауды, оқушылардың сабақ үдерісінде қалай өзін-өзі және сыныптасын бағалауды үйренді. Топқа бөлінуді, топ мүшелерінің қатарында кімдер болатынын білді. Әр топ мүшелері өз міндеттерін қалай атқаратындығымен танысты. Оқушыларға сабақта берілген тақырып болса, оны постермен қалай қорғау керектігін білді. Постерді, суретті бағалауды қалай жүргізуге болатынын үйренді. Сабақтың соңында кері байланыс жасауға үйренді. Бір-біріне «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» беруді білді.Бағалау мен бағалау түрлері және бағалаудың мақсаттарымен танысты. Сессия барысында жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топпен жұмыстың түрлерімен жұмыс жасауға үйренді.


Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі №1 коучинг сессиясындағы әріптестердің «Ағашқа өрмелеу» кері байланыстары(өзгерту керек)


Бекетаева Н.Ө. Медетова Д.Ж. Жусипова К.А. Бержанова Ж.Г.

«Ағашқа өрмелеу» кері байланысын жасап жатыр.


Жеке жұмыс:Қиындық туғызатын бала туралы талдаулары.

Жусипова К.А. Бержанова Ж.Г.

«2 жұлдыз, 1ұсыныс» жазып жатыр.


Топпен жұмыс: 2 топ постермен жұмыс жасап жатыр.

Топ ережесін құруда.


Жусипова К.А. Бержанова Ж.Г.

Топ баяндамашылары постерлерін қорғауда.


Екі топтың дайындаған постерлері.



(Сауалнамаларды саламын)

Сессияның соңында әріптестерден алынған сауалнама салынады


Әріптестердің маған берген кері байланыстарын кіргізу керек





Мен коучинг сессиясын жүргізу нәтижесінде жоспарқұруды, жоспар бойынша коучинг сессиясын өткізуді, мәселелерді шешудіүйрендім. Ынтымақтастық пен бірлестікте әріптестерді жұмыс істетуге,мұғалімдерге мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға үйреттім. Коуч ретінде проблемаларды шешу жолдарын қарастыруды, шығармашылықпен жұмыс істеуді үйрендім. Мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектестім. Мектебімдегі әріптестерімді қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмек бердім. Оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отырдым.

Коучинг - (ағылш. coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау,

жаттықтыру. Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампазөзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіпойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізіндеекінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешімқабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.

Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен өзара байланысты: коучинг тәлім алушыныңмүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған кәсіби қолдау көрсетуге арналған.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!