Материалдар / Коучинг сабау жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг сабау жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2021
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Коучинг сабақтың жоспары

Дайындаған: Ж. Бакирова

Коучингтің құрылымы:

Коучингтің мазмұны

Тақырыбы:

Зерттеу сабақ барысында сұрақ қоюдың маңызы

Мақсаты:

Мақсаты: Мұғалімдер зерттеу туралы біледі, сұрақтың түрлерін біледі, сұрақ қоюдың тиімділігін анықтайды. Ашық, жабық сұрақтар және блум таксаномиясы арқылы сұрақтар құрастыруды үйренеді

Оқу нәтижелері

Мұғалімдер зерттеу туралы біледі, сұрақтың түрлерін біледі, сұрақ қоюдың тиімділігін анықтайды. Ашық, жабық сұрақтар және блум таксаномиясы арқылы сұрақтар құрастыруды үйренеді

Түйінді идеялар

Мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл

Ресурстар мен жабдықтар

презентация, бейнежазба, маркерлер, интербелсенді тақта, стикерлер, таратпа тапсырмалар мен материалдар.

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал. 5 мин «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке - жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!


Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.

5 минут

Топтарға біріктіру «Кельт дөңгелегі» Ежелгі кельт аңызы бойынша барлық адамдар төрт бұрышқа бөлінеді.

Солтүстіктің адамдары- қозғалыстың адамдары. Жұмыс жасайтын көсбасшылар. Мақсатына жету үшін кез-келген жолды таңдап, алды-артына да қарамайды.

БShape1

Оңтүстік Солтүстік



Батыс Шығыс

атыстың адамдары-кесте бойынша, тәртіппен, дәлдікпен жүретін адам.

Шығыстың адамы - шығармашылықтың адамы. Көптеген жаңа ойлары бар, бірақ оны жүзеге асырумен айналыспайды.

Оңтүстің адамы- жылы қарым- қатынас пен жайлылықтың адамы. Алға жылжып, мақсатқа жету үшін топтағы көңіл күй маңызды.

Зерттеу деген не? Ол не үшін қажет?


Тыңдаушылар стикерлерге жазылған оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс сөздері бойынша 4 топқа біріктірледі.


Кіріспе. 10 минут

Тәжірибені жақсарту және жетілдіру.

Зерттеу деген не? Ол не үшін қажет?

НЕГЕ? Біз неге оқытудың әдістерін оқып үйренуіміз керек? ҚАЛАЙ? Қалай біз оны істейміз?

НЕ? Біз сыныпта не істейміз?

Сабақты зерттеу- сабақтағы іс- әрекетті зерттеу негізінде мұғалім тәжірибесіне тиімді әрекеттерді талдау. Тәжірибеге өзгеріс енгізе отырып білім беруді жетілдіру арқылы сапалы білімді қалыптастыруға бағытталған ерекше педагогикалық тәсіл болып табылады. Бұл әрекет ХIХ ғасырдың 70- жылдарында Жапонияда «Lesson study» әдісі болып бастау алып, қазір бізге келіп жетті


Сабақты зерттеу бойынша топтар өз ойларын айтады

1-топ: Зерттеу деген не? Ол не үшін қажет?

2-топ: НЕГЕ? Біз неге оқытудың әдістерін оқып үйренуіміз керек?

3-топ: ҚАЛАЙ? Қалай біз оны істейміз?

4-топ: НЕ? Біз сыныпта не істейміз? Сұрақтарына жауап береді.

Топта талқылайды





Топтық талқылау 20 минут

«Зерттеу сабақтарының тақырыбын қалай анықтайсыз?

Зерттеу барысында топ құруда неге мән беру қажет?

Зерттеу барысында «Оқушы үні» қандай рол атқарады?

Сіздер өз зерттеу жүргізу циклдерін қалай жүргізесіздер? Сауалнама. (ОҚУШЫҒА)

Оқуды қалай жақсартуға болады?

«Нашар оқитын оқушы» - деген болады ма?

«Нашар оқитын оқушы» болмау үшін мұғалім не істеу керек? Сабақта мұғалім қалай оқытса «нашар оқитын оқушы» болмайды деп ойлайсыз?

«Нашар оқитын оқушы» оқуын жақсарту үшін қандай ақыл берере едіңіз?

Сіздің жауапкершілігіңіздің деңгейі” (МҰҒАЛІМГЕ) ( “Ия” немесе “жоқ” деп жауап бересіз)

1. Сіз қызметтік кездесулерге уақтылы келесіз бе?

2. Сізге сенуге бола ма?

3. Сізде үнемі кездейсоқ жағдайларда қажетті болатын қаржы бола ма?  4. Достарыңыз заңсыз іспен айналысып жатқанын білсеңіз, ол туралы милицияға хабар бересіз бе?

5. Табиғат аясында демалып, соңынан қалған қоқысты жинайсыз ба?  6. Сіз жүйелі түрде дене шынықтыру жаттығуларын жасайсыз ба?  7. Сіздің денсаулығыңызға кері әсер беретін тағамдарды қолданбауға әрекет жасайсыз ба?  8. Сіздің ойыңызша, жұмысыңыз, қызметіңіз бірінші кезекте тұру керек пе?

9. Сайлауға үнемі қатысасыз ба?  10. Алынған хаттарға 2-3 күн барысында жауап бересіз бе?

11.Не істесеңде, оны жақсы істеу керек деген пікірмен келісесіз бе?  12.Мазаңыз болмай, өзіңізді нашар сезінсеңіз қызметтік кездесуге келесіз бе?  13.Сізде милицияға байланысты келеңсіз жағдайлар болған ба?  14.Сізді өзін-өзі басқару органдарына сайлаған ба?  15.Бала кезіңізде үй шаруашылығында тұрақты көмектескесіз бе?

Топтық талқылау

  1. топ: Зерттеу тақырыбын анықтайды

  2. топ: Зерттеу тобын құрады, олардың жоспарын жасайды

  3. топ: Оқушылардан сауалнама алады

  4. топ: Зерттеу жүргізу бойынша жұмыс циклін жүргізеді.

10 минут Тапсырмаларды қорытындылау.

Әр топқа екі түрлі сұрақ беремін. Топ бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді
І топ Берілген сұрақтарға толық жауап беріңіз.
1. Сіз сабақта оқушыларға сұрақ қоясыз ба?
2.
Сіз сабақта оқушыларға қандай сұрақтар қоясыз?
ІІ топ
Берілген сұрақтарға толық жауап беріңіз.
1.
Оқушылардың білімін тексеру үшін сұрақтар қоясыз ба?
2.
Сұрақтың жауабы кең болуы үшін қандай сұрақтар қоясыз?

ІІІ топ Берілген сұрақтарға толық жауап беріңіз.
1.
Сабақта сұрау әдісін қолданасыз ба?
2. 
Оқушыларға сұрақты қандай мақсатпен қоясыз?


Топ мүшелері орындалған тапсырма бойынша кері байланыс береді.


5 минут Қорытынды бөлімінде «Р.Дилтс пирамидасы» әдісі бойынша жұмыс жүргізіледі

«Р.Дилтс пирамидасы» әдісі бойынша тақырып бойынша түйінді идеяларын жеткізеді.

5 минут Кері байланыс. ««Мен үшін бүгін ... құнды болды, себебі...» әдісі


Стикерлерге бүгінгі өткен коучингке қатысты пікірлерін жазады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!