1. "Мақсатты
тұжырымдау. Сабақтарға SMART мақсат қою"
(интербелсенді тақтадан
слайдтар
көрсетіледі)
Стронг "Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім" деген болатын. Алайда, тамыры
тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау
қабілетін шектеуі мүмкін. Сондықтан жаңашыл идеяларды танудан және
тәжірибе жасаудан жалықпағанымыз абзал. Осы орайда, мұғалімнің
жұмысы дұрыс мақсат қоюдан басталатынын айтқым келеді. Мақсат
дегеніміз не, ол не үшін қажет? Көптеген ғалымдардың берген
анықтамалары бойынша мақсат дегеніміз:
·
белгілі бір анықталған күш-қайрат жұмсалатын және
ұйымдастырылған
іс әрекет талап етілетін күтілетін нәтижелер
жиынтығы
· бұл индивидумның өз күштерімен
қол
жеткізе алатын келешектегі шындықты
суреттеуі
Видео
тамашалау
SMART мақсаттар мен
міндеттер
SMART – оқыту мақсаты мен міндеттерін
анықтауда
қолданылатын, 1981 жылы Джордж
Доран енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART аббревиатурасының
құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер
қамтылған. «Smart» сөзін ағылшын тілінен
қазақшалағанда ақылды деген мағынаны
білдіреді. Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы
SMART ол сөз емес. Ол – 1954 жылы Питер Друкер айналымға
енгізген аббревиатура.
Specific – арнайы,
нақты;
Measurable – өлшеуге болатын,
шектеулі талап етушілік;
Attainable –
қолжетімділік;
Realistic – шындыққа сай,
қысқа да нұсқа берілуі;
Timed – белгілі бір уақыт
арлығымен шектелген деген ұғымдарды
білдіреді.
1. Specific.
Мақсат нақты болу керек деген
алға қойылған мақсат екіұшты емес, айқын болу керек дегенді
білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз»
деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды
мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша уақыт
(сағат,тәулік, ай,жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз
нақтылануы керек.
2. Мақсат өлшенетін болу
керек. Мысалы, «Жақсы адам
болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына
түсемін» деген мақсатты өлшеуге
болады.
3. Мақсат қолдан келерлік болу
керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті
жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап, «Мен биыл
жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат – қолдан келмейтін
нәрсе.
4. Мақсат шынайы болу
керек. Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай
мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң, «Мен
космонавт (турист емес) болам» деген мақсат – бұл жаста қол
жетпейтін жағдай.
5. Мақсаттың мерзімі анықталған болу
керек. Мақсат қоюды қарапайым өмірден алынған мысалмен
түсіндіріп көрелік. Сыртта аяз, үйдің іші салқын болса, мен
«Отынмен үйді жылытуым керек» деген мақсат қоямын. Осы қойылған
мақсат дұрыс па? Жоқ, себебі мақсат нақты емес, немен жылытуым
керек екенін білмеймін. Ал SMART бойынша
жүйелесек:
Сергіту сәті «Бейнелер
»
Мақсат: Ағашпен үйді
жылыту.
Міндет:
1.Ағашты кесу.
2.Үйге әкелу.
3.Отты тұтату, жағу.
Нәтиже:Үй жылынды.
Міне, осылайша біз мақсат қойған кезде оның SMART
мақсат бойынша сипаттарына жауап берсек, жұмысымыз да соғұрлым
нәтижелі болмақ.
Дәстүрлі сабакка максат қою
мен SMART максатты қоюды
салыстыру
|