Материалдар / Коучинг "Сын тұрғысынан ойлаудың оқушы белсенділігіне ықпалы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг "Сын тұрғысынан ойлаудың оқушы белсенділігіне ықпалы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал коучинг өтетін мұғалімге көмегі тиер деген оймен жүктеп отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Сын тұрғысынан ойлаудың оқушы белсенділігіне ықпалы

Коучинг-сабақ мақсаты:

Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлау туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал ете отырып, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттырудың әдістері мен тиімділігі туралы өзіндік тұжырым жасауларына түрткі болу


Коучинг-сабақ нәтижелері:

Сыни тұрғыдан ойлауды игеруге ынтасы артады, ойлау қабілеттерін арттырады, бағалау түрлерін біліп, критерий жасай алады. Тәлім алушыларды ынталандырады, топтық жұмыстың маңыздылығын сезінеді.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауды игеруге ынтасы артады, ойлау қабілеттерін арттырады, бағалау түрлерін біліп, критерий жасай алады. Тәлім алушыларды ынталандырады, топтық жұмыстың маңыздылығын сезінеді.


Коучинг өткізушінің жазбалары мен тапсырмаға Берілетін уақыт


Тапсырмалар сипаттамасы мен коучинг өткізушінің әрекеті


Қолданылатын әдістер


Бағалау

Коучинг қатысушыларына жағымды ахуал құру


10 мин

Коуч нұсқауы: «Танысу» жаттығуы

- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек - кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.


Коуч тұжырымы:

1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады?

2. Несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?

3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты?

4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?

5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті?


«Танысу» тренингі


«Танысу» тренингі арқылы бір-бірін құрметтеу,өзара сыйластықтары артты.

фотосурет

Топқа біріктіру


25 мин

«Кемпірқосақ» әдісі арқылы мұғалімдерді топқа біріктіру. Алдымен жүргізуші төрт немесе топта қанша адам еткісі келетіне қарай түсті қағаздарды қатысушылардың алдына таратады.

Нұсқау: Сендердің алдарыңа тапсырма берілген сол тапсырманы оқып, талдаңдар. Тапсырма мазмұнын әр қатысушы терең білуі шарт. Оған 10 минут беріледі. Сосын өзіңе берілген қағаз түс бойынша бірдей қағаз түстер бірігіп әркім өз тақырыбын қалған серіктеріне түсіндіреді. Оған 10 минут беріледі.

«Кемпірқосақ» әдісі



1.Тапсырма.

Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап Базарбай апанның тар аузын сипалап тапты да,отырып өлтірді де,екі кішкенесін тірі қалдырды,Бірінен соң бірін үш күшікті қойнына салып,кетерде бесеуінің тірсегін қиып қалдырды да,алды да ең соңғы төртінші күшікті желкесінен,екінші біреуін-ең кенжесін алып жүріп кетті.Уыстаған күйі сыртқа алып шықты................Үстіне Базарбай келгенде Аққұртқа әлі тірі екен. Ал жанында кеудесін оқ тескен, көзі бір ашып, бір жұмылуы бала тіл тартпай кетті......................

Енді осы оқиғаға байланысты топтарға тапсырма беремін.

-Авторы кім?Мәтіннің тақырыбы?

- Базарбай күшіктерді не істеді?

- Аққұртқа мен баланың оқиғасы баяндаңыз?

Оқиға желісін өз ойларыңызбен аяқтаңыз...









Дескриптор :


-Мәтіннің авторын және тақырыбын дұрыс тапты;

-Базарбайдың күшікті не істегенін талдай алды;

-Аққұртқа мен баланың оқиғасын әңгіме желісімен аяқтай алады;

Оқиға желісін өз ойымен аяқтады.






«Карусель» әдісі




Негізгі бөлім


25 мин

«Карусель» әдісі арқылы теориямен таныстыру

Нұсқау: Сендердің алдарыңа тапсырма берілген сол тапсырманы оқып, талдаңдар. Тапсырма мазмұнын әр қатысушы терең білуі шарт. Оған 10 минут беріледі. Сосын әр топқа бір түсті фламастерлер беріледі. Бір топқа сары, бір топқа қызыл, бір топқа күлгін т.с.с.Содан кейін әр топқа тақырыпшалар алдын ала беріледі. (Ал тақырыпша мазмұны сендердің алдыңғы топта қарастырған тапсырмаңыз болып табылады). Сосын топтар сағат тілі бойынша әр топ жылжиды. Алдымен алдыңғы топтың жазғанын мұқият көріп сосын өздерінің жазады. Ой қайталанбауы тиіс. Барған тобындағы тақырыпшаға өз түйінді ойларын берген түсті фламастермен жазады. Әр топтағы тоқтау уақытына 10 минут беріледі.Сосын өз тобына келгенде тоқтап, ойларымызды тиянақтаймыз.


Сын тұрғысынан ойлау

Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады.сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан:олар тиімділік,нақтылық пенлогикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды.Осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі Джон Дьюи білім бағдарламасының оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталуы тек оқушылар үшін ғана емес,қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болытынын мойындады.Эдвард Глейзер(1941)сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді:

1.Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау үдерісін жүзеге асыру.

2. Логикалық зерттеу мен пайымдау әдістерін білу.

3. Осы әдістегі қолданудағы тәжірибелік дағдылар.


Сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар мен топтар:

. Қадағалау жолымен алынған деректерге;

. мәнмәтінге

. барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге

. ой-пікір,пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге

. алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық құрылғыларға тиісті көңіл бөледі.



Теориялық сұрақтар:

1.Сыни тұрғысынан ойлау дағдысы қандай бөлшектерден тұрады?

2. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі қандай үш элементтен тұрады?

3. Сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар неге көңіл бөледі?

4. Сыни тұрғысынан ойлау үдерісі бастапқы деңгейде нені қайта қарауды қамтиды?


«Карусель» әдісі

























Дескриптор :


1.Сыни тұрғысынан ойлау дағдысы қандай бөлшектерден тұратынын түсінді;

2. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі қандай үш элементтен тұратынын біледі;

3. Сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар неге көңіл бөлетінін талдай алды;

4. Сыни тұрғысынан ойлау үдерісі бастапқы деңгейде нені қайта қарауды қамтитынын айтып өтті.


Сергіту сәті

3 мин

«Aram sam sam» сергіту сәті.


Gasca Zurli - A ram sam sam - YouTube

https://www.youtube.com/watch





Қорытынды


20 мин

Коуч нұсқауы: Енді сіздерге тапсырма беремін: алдарыңызда жатқан параққа үй салу үшін не қажет және оның қандай болғанын қалайсыз? Нақты мақсат қоя отырып,критерий құрыңыз. Құрған критерийлерін келесі топ ескере отырып жасап шығасыздар. Жасалған жұмыс барысын топ мүшелері өздері құрған критерийлері арқылы бағалайды.


Оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстыру

Мақсаты -оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Өз сабақтарыңызда осыны қандай дәрежеде және қаншалықты жиі жүргізесіз?


Сіз бізге осыны жүргізген кезден мысал келтіріп немесе әдетте Сіздің сабақтарыңыз қалай басталатынын айтып бере аласыз ба?


Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыруда Сізге қандай кедергілер кездеседі?






Сауалнама парақшалары



Өзін-өзі бағалау,

Топты бағалау

- Өз сабақтарыңызда осыны қандай дәрежеде және қаншалықты жиі жүргізесіз?

- Сіз бізге осыны жүргізген кезден мысал келтіріп немесе әдетте Сіздің сабақтарыңыз қалай басталатынын айтып бере аласыз ба?

- Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыруда Сізге қандай кедергілер кездеседі?


Кері байланыс


7 мин

«Қиынды плакат» әдісі


Нұсқау: Сіздер бір плакаттан алып, оны ортасынан бас сиятындай етіп қырқып, көйлек ретінде киіңіз.Топта талдаған тақырыпқа сәйкес ойларыңызды жазыңыз, музыка біткенше әріптесіңізбен талқылап жазасыз.

«Қиынды плакат» әдісі

Плакат

Маркерлер

Стикер

Саралау

1.Топтық жұмысты бақылаймын.

2.Пікір алмасуын қадағалаймын.

3.Сұрақтар қоямын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!